Қысқаша тірек конспект
|
Өлшеу дәлдігі аспаптың сезгіштігіне және өлшеу жүргізетін адамның дағдысына тәуелді. Физикада өлшеулер кезіндегі нәтиженің дәл болмауы өлшеу қателігі деп аталады. Өлшеу қателігі аспаптың бөлік құнынан үлкен болмайды. Бөлік құны аз болса, өлшеу дәлдігі жоғары болады. Өлшеу дәлдігі - өлшеу аспабын дұрыс қолдануға, өлшеуді мұқият жүргізуге де тәуелді. Өлшеу аспаптарының кемшіліктері және біздің сезім мүшелеріміздегі кемшіліктердің салдарынан өлшеу жүргізген кезде өлшенетін шаманың дәл мәнінен артық немесе кем болатын жуық мәнін ғана аламыз. Зертханалық жұмыс немесе жай өлшеулер кезінде қарастырылуы тиіс:
Өлшеу қателігі аспап шкаласының бөлік құнының жартысына тең.
Абсолют дәл өлшеу мүмкін емес!
Мысалы: Қарындаш ұзындығын өлшеп, оның мәнін аспап қателігін ескеріп жазамыз.
Аспап қателігін ескере отырып, физикалық шаманы келесі формула арқылы өрнектейміз:
L = l + ∆l
L – өлшенетін шама
l – өлшеу нәтижесі
∆l – өлшеу қателігі
Өлшеу қателігі – деп өлшем нәтижесінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуын айтады.
Абсолюттік қателік x– физикалық шаманың шын мәні мен өлшенген мәнінің айырмасын айтады.
Анықтау формуласы: x =
Аспап шкаласындағы бөлік құны - өлшенетін шаманың шкаладағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу.
Өлшеулердің ең үлкен жаңылысы – аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған аспап бөлігі құнының жартысына тең.
Өлшеу тәсілдері: тура және жанама тәсілдер.
Стандартты жазу – математикада үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.
Сандарды стандартты жазу – сандарды екі көбейткіш түрінде дәрежесі бар 10 санын пайдаланып жазу.
Физика мен астраномияда аса үлкен және кіші сандар жиі қолданылады. Мысалы, Жер мен Күннің арақашықтығы 150 000 000 км, жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с, сутегі молекуласының өлшемі 0, 000 000 023 см. Мұндай сандар математикалық есептеулерде біршама қиындықтар туғызады. Сондықтан өте үлкен немесе кіші санды ықшамдап жазу үшін оны екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазу қолданылады. Әдетте, бірінші көбейткіш - бір таңбалы немесе үтірлі екі таңбалы сан, ал екінші көбейткіш-дәреже көрсеткіші бар 10 саны болып келеді.
1500000000 =1,5•109 км
300000000 = 3•108 м/с
0.000000023 = 2.3•10-8 см
10 санының дәреже көрсеткішінің натурал сан болуы есептеу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдарын орындауды жеңілдетеді.
10m•10n = 10m+n
10m:10n = 10m-n
(10m)n = 10m•n
100 = 1
|