Ақтөбе обл,Байғанин ауданы,Байғанин орта мектебі. Татабай Маншук Математикадан ашық сабақ 5 класс - Ондық бөлшектерге
- амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру және жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру тақырыптары бойынша қорытындылау және білім дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың есте сақтау,логикалық ойлануын,өз бетінше қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
- Оқушыларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Ондық бөлшектің дұрыс жазылуын көрсетіңіз: - а) 0 бүтін жүзден 5
- 0,5 - 0,05 – 0,005 –
- б) 40 бүтін мыңнан 9
- 4,009 - 40,09 - 40,009 –
- в) 3 бүтін он мыңнан 17
- 3,1700 - 3, 0170 - 3,0017 -
- Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін не істейміз…
Мына ондық бөлшектердің қайсысы «жәшіктегі» жай бөлшектің қайсыларына сәйкес келетінін орналастыр. - Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?
- Ондық бөлшектерді салыстырыңдар:
- 2,1 1,998 4.506 4,51
- 0,15 0,157 43,004 43
- 18,67 18,670 2,065 20,65
Ондық бөлшектерді қосу қалай орындалады? - Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек.
- Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай(үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек.
- Разрядтары бойынша қосып,қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.
- Ондық бөлшектерді қосыңдар:
- 4,67 + 5,3 =
- 43,006 + 23,34 =
- 15 + 7,438 =
- 0,765 + 10,5 =
- 4,67 + 5,3 = 9,97
- 43,006 + 23,34 = 66,346
- 15 + 7,438 = 22,438
- 0,765 + 10,5 = 11,265
Ондық бөлшектерді азайтуды қалай орындаймыз: - Азайғыш және азайтқыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек.
- Ондағы аттас разрядтар бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек.
- Разрядтар бойынша азайтып, айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы үтірлерге тура келтіріп қою керек.
Азайтуды орындаңдар: - 6,87 – 3,12 =
- 56,42 – 23,114 =
- 13,08 – 7,5 =
- 35 – 11,24 =
- 57,6 – 35,718 =
- 6,87 – 3,12 = 3,75
- 56,42 – 23,114 = 33,306
- 13,08 – 7,5 = 5,58
- 35 – 11,24 = 23,76
- 57,6 – 35,718 = 21,882
Сергіту сәті Үйге тапсырма - Сабақты қорытындылау
- Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |