Сабақ 5-сынып "Төрт түлік жырлары"



Дата26.08.2017
өлшемі63,19 Kb.
#29179
түріСабақ
Орыс сыныптарына қазақ тілінен ашық сабақ 5-сынып

"Төрт түлік жырлары"

Сабақтың тақырыбы : Төрт түлік жырлары

Мақсаты:

Білімділік:Төрт түлік мал туралы білімдерін тереңдету, жинақтау. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу;

Тәрбиелік:Төрт түлікті қадірлей отырып,оқушыларды еңбекқорлыққа,алғырлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп,сабақ барысында сөздік қорын молайту ;

Сабақ көрнекіліктері:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері

Ашық сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Сәлеметсіңдер ме !

Қуаныш шеңбері «Армысың балалар»(1 слайд)

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Армысың, мейірімді Жер ана!

Армысың, достарым!

Сендерді көріп, қуанам.


  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қыс айлары? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

  • Қазір қандай ай?(желтоқсан)

  • Бүгін аптаның қай күні?




  1. Үй тапсырмасын тексеру (2 слайд)

Мұғалім: Қане , балалар үйге сүйікті ертегімнің кейіпкері тақырыбына сурет салып келу керек еді. (көрме ұйымдастыру, тақтаға өз суреттерін ілгізу және 1-2 баладан сурет арқылы сөйлету)
Мұғалім:(Оқушылардан интерактивті тақта арқылы ертегінің түрлерін сұрап, қайталату)
Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.

(Оқушыларды интерактивтітақтадан схема арқылы сөйлету)



Ертегінің түрлері: (3 слайд)

  1. Хайуанаттар туралы ертегілер

  2. Қиял-ғажайып ертегілер

  3. Шыншыл ертегілер

  4. Тұрмыс-салт ертегілер


Ертегінің кейіпкерлері:

  1. Хайуанаттар – аң, құс, үй жануарлары

  2. Қиял-ғажайып – жалмауыз, жезтырнақ, жалмауыз кемпір

  3. Шыншыл – бай, молда, хан

  4. Тұрмыс-салт - қойшы, малшы


3. Жаңа сабақ:

Мұғалім: (6 слайд)

  • Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Төрт түлік жырлары ».

  • Қане, төрт түлік жайлы не білеміз?

  • Төрт түлікке не жатады?

  • Қане төрт түлік жайында не білеміз?

  • Олардың бізге беретін пайдасы қандай?

Бүгін осылар жайлы толық мағлұмат аламыз.

(балалардан сұрап білу)

  • Балалар төрт түлікке не жатады? (олар өз ойларын айтады)

  • Енді тақтаға назар аударып, қараңдар.



  1. Интерактивті тақтадан төрт түліктің суретін көрсету арқылы, таныстыру (7 слайд)




  1. Төрт түліктің төлдерін , мал пірлерін атау  (сурет арқылы оқу)
    Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата. (8 слайд)
    Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара(9 слайд)
    Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата(10 слайд)
    Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата(11 слайд) 
    Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата(12 слайд)




  1. Төрт түліктің пайдасы туралы слайд арқылы айтып кету

(13 слайд)

- Дұрыс, олардың сүтін, етін, жүнін, терісін, күшін т. б. заттарын пайдаланатын болғандықтан төрт түлік деп атайды. Енді соны көзімізбен қарап, қолымызбен ұстап көрейік.

  1. Балалар төрт түлік қалай дыбыстайды білеміз бе?

(дыбыстарын тыңдату) (14 слайд)


  1. Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару (15 слайд)


Төрт түлік жырлары
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдардың пірлері бар.

Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыпты жазамыз. Енді қаламымызды қойып, жаңа сөзбен танысайық.




  1. Сөздік жұмысы: сөздер оқылады, аударылады, қайталанады. 

(16 слайд)

төрт түлік мал – четыре вида скота тері - шкура

қой – овца, баран ежелден - испокон веков

ешкі – коза мал шаруашылығы - скотоводство

сиыр – корова пірі - покровитель

түйе – верблюд жүн - пух

жылқы – лошадь мүйіз - рога

(Сөздік дәптерлеріне жазғызу)




  1. Сергіту сәті - психологиялық көңіл-күй сыйлау.

Қорыққанда:«ой» дейміз,

таң қалғанда: «ах» дейміз,

Шаршағанда:«Уф» дейміз

Кейігенде«Ей-е»дейміз

Біліп алып«Е-Е »дейміз

Қуанғанда : Ха-ха дейміз



  1. «Үнсіз қимыл» ойыны. Ойынның шарты : екі командаға бөлініп ойналады. Командадан бір адам шығады, сосын оған карточкадан сурет көрсетіледі. Соны өз қимылымен өз командасына көрсетеді, ал олар табулары керек.



  1. Ата бабаларымыз балаларын еркелеткенде құлыншағым, ботам, қозым деп төрт түлікпен байланыстырып отырған. Балалар малдар да төлдерін еркелетіп жақсы көреді екен.


Малдың баласын сүюі
(халық ауыз әдебиеті)

  • Қой сүйеді баласын “қонырым” – деп,

  • Ештеңені білмейтін момыным!”-деп.

  • Сиыр сүйеді баласын “торпағым” – деп,

  • Қараңгыда баспаған қорқағым!” – деп.

  • Түйе сүйеді баласын “боташым” – деп,

  • Жаудыраған көзіңнен тоташым!” – деп.

  • Ешкі сүйеді баласын “лағым” – деп,

  • Тастан-тасқа секірген шұнағым!” – деп.

  • Жылқы сүйеді баласын “құлыным” – деп,

  • Тұлпар болып жүгірген жұлыным!” – деп.




  1. Сабақты тест арқылы қортындылау:

1.Төрт түлік мал.

а) түлкі, қасқыр, қоян, аю

ә) бұзау, құлын, бота, лақ

б) жылқы, сиыр, түйе, қой және ешкі

2.Қой атасыкім?

а) Қамбарата



ә) Шопаната

б) Ойсылқара



3.Құлыншақ қай малдың төлі?

а) түйе


ә) сиыр

б) жылқы

4.Сиырдың пайдасы не?

а) қымыз, ет



ә) сүт, ірімшік, құрт

б) шұбат, көлік



5. Малдың баласын сүюі

а) ақылдым, тәртіптім



ә) құлыным, боташым

б) сүйіктім, тәттім


Мұғалімнің сабақты қортындылауы:

- Ендеше менің қолымдағы жүрекше арқылы бір-бірімізді еркелетейік.



Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, малдың баласын сүюі оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет