13 сабақ 5а сынып
Күні _______
Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру, тәжірибелік жұмыс жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Сұрақтар:
1. Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан ?
2. Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз ?
3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады ?
4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер ?
5. Программаны қалай іске қосамыз ?
Практикалық жұмыс
1-тапсырма
Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар
Кез-келген сурет салыңдар
Салған суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар
Осы файл үшін жарлық құрыңдар
Жарлықты жұмыс үстеліне орналастырыңдар
2-тапсырма
Компьютердегі дискілерден «информатика» сөзі бар атауларды табыңдар
Осы файлдарды Информатика бумасына сақтаңдар
1-2 пунктерді әдебиет және математика пәндерінің файлы үшін қайталаңдар
Файлдардың біреуін қолданып жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар
Сабақты бекіту:
Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады ?
Дискідегі файлды қалай табуға болады ?
Ақпаратты компьютерге қалай сақтайды ?
Сақтау және Қалй сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде ?
Ақпаратты дискіден қалай оқимыз ?
Жүйелік бумаларда файл ізделе ма ?
Үйге тапсырма: § 13 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру
бағалау
2 сабақ 5а сынып
Күні _______
Сабақтың тақырыбы : Информатика және ақпарат
Сабақтың мақсаты : оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
Информатика дегеніміз не ?
Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар ?
Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?
Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар ?
Ақпараттың қандай қасеиттерін білесіңдер ?
Жаңа сабақ
Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.
Ақпарат- сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата – аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни ақпарат көзі және оны қабылдауыш бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 %–ын көру арқылы, 10 %– ын – есту, 4 %– ын –иіскеу, 3% – ын –дәм сезу және 2 %– ын сезу арқылы аламыз .
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді. Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың саны 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады . Яғни ақпарат тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандақ, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін.
Ақпаратты бейнелеу
Ақпараттың қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналаған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егере сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз ?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.
Сабақты бекіту:
Бүгінгі сабақта нені білдік ?
Информатика дегеніміз не ?
Ақпарат дегеніміз ?
Ақпаратты қабылдау түрлері
Ақпаратты ұсыну түрлері
Ақпараттың қасиеттері
Үйге тапсырма § 2 оқу, сұрақтарға жауап беру, 7-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.
бағалау
3 сабақ 5а сынып
Күні _______
Сабақтың тақырыбы : Ақпараттың алуан түрлілігі және өңдеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты : тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Сұрақтар:
Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдер
Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма ?
Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер ? Мысал келтіріңдер
Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады ?
Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды ?
Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ? Мысал келтіріңдер
Жаңа сабақ
Ақпаратты жөнелту
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады .
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Компьютермен жұмыс
Оқулықтағы тәжірибелік жұмыстарды орындатамын.
Сабақты бекіту:
Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады ?
Адам ақпаратты қалай сақтайды ?
Ақпаратты қайда сақтауға болады ?
Ақпаратты жөнелту арналары деген не ? Мысал келтіріңдер .
Адама ақпаратты қалай өңдейді ?
Үйге тапсырма: § 3 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап
бағала
4 сабақ 5а сынып
Күні _______
Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .
Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
АҚПАРАТ
«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб
100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
Мәтін беттері 50000
Түрлі түсті слайдтар 150
Музыкалық фрагмент 10 минут
Фильм 15 секунд
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. Пуск, Компьютер батырмаларын таңдаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар
2. Документы бумасын ашыңдар
3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Қорытынды
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.
2. БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?
3. 1 байтта неше бит бар ?
4. « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?
Үйге тапсырма § 4 тақырыптарын оқу. Тестке жауап жазу
бағалау
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : § 5 Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .
Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы :
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.
Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.болуы мүмкін. Компьютер тек программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б.ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде –дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан , жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан компьютері.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып- біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері» ).
С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
Қорытынды
1. Компьютер деген не ?
2. Компьютер қандай функцияларды орындайды ?
3. Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма ?
4. Қандай компьютерлік программаларды білесің ?
5. Компьютер қайда және қалай қолданылады ?
6. Компьютердің қандай түрлері болады ?
7. Дербес компьютердің түрлерін атаңдар
Үйге тапсырма ІІ тарау § 5 тақырыбын оқу , тестке жауап жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |