Сабақ №6 (1 сағ.) Сабақ тақырыбы. Таспа құрттардың өкілі ретінде сиыр цепенінің (Taeniarhynchus saginatus) дене құрылысы


-сурет. Жылқы ішексорғысының көлденең кесіндісі



бет12/13
Дата07.02.2022
өлшемі137,05 Kb.
#84739
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Зертханалық сабақ 6

28-сурет. Жылқы ішексорғысының көлденең кесіндісі:
1-кутикула, 2-гиподерма, 3-арқа гиподерма білігі, 4-құрсақ гиподерма білігі, 5-бүйір гиподерма білігі, 6-бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары, 7-бұлшықет жасушаларының плазмалық өсінділері, 8-арқа нерв бағанасы, 9-құрсақ нерв бағанасы, 10-бір қабатты эпителий, 11-ішек, 12-зәр шығару жүйесінің каналы, 13-жұмыртқа безі, 14-жұмыртқа жолы.

Жылқы ішексорғысының көлденең кесіндісінің микропрепаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қарап, оның микроскопиялық анатомиясымен танысуға болады.


Жылқы ішексорғысының денесін көп қабатты қалың кутикула қабығы қаптайды. Оны көп ядролы гиподерма және бұлшықет қабаттары астарлап жатады. Олар бірігіп, тері-бұлшықет қапшығын түзеді. Оның арасында төрт гиподерма білігі орналасқан. Гиподерманың бүйір біліктерінен зәр шығару каналдары өтеді, ал арқа және құрсақ біліктерінен арқа және құрсақ нерв бағаналары кетеді (28-сурет).
Ішексорғының тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасында дененің алғашқы қуысы жатады. Бұл қуыстың өзіне меншікті қабырғасы болмайды.
Жылқы ішексорғысының микроскопиялық анатомиясымен толығымен танысқаннан кейін оның көлденең кесіндісінің суретін салу керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет