Сабақ 6 а -сынып Пәні: Физикалық география Тақырыбы: §27. Атмосфераның құрамы және құрылысы



Дата18.02.2017
өлшемі98,98 Kb.
#10311
32 І.Ж. Қабылов атындағы орта мектеп


Ашық сабақ

6а-сынып


Пәні: Физикалық география

Тақырыбы: §27. Атмосфераның құрамы және құрылысы
Дайындаған: №32 орта мектептің география пәні мұғалімі

Жамансариева Тұрсынай Әмірқызы







Бекітемін:________ Сыныбы__6а_ Күні___17.02.14ж._
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы және құрылысы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға таулар, атмосфераның құрамы, құрылысы, қасиеттері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.



Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.



V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап. Оқушылар слайд арқылы жауап береді.

1. Гидросфера деген не?

2. Гидросфера құрамыны нелер кіреді?

3. Дүниежүзілік су айналымын сурет арқылы оқушылар өз ойларын айту.

4. Ішкі теңіздер деген не? Сыртқы теңіздер деген не?

5. Греландия аралы, Қара теңіз,Мексика шығанағы, Мадагаскар аралы, Жерорта теңізі, Дрейк бұғазын картадан тауып көрсет.

«Кім жылдам» (тест сұрақтары)
1. Дүниежүзілік балық аулаудың 40% -ы тиесілі мұхит

А) Атлант В) солтүстік Мұзды С) Тынық Д) Үнді


2. Қазақстан Республикасы орналасқан материк.

а) Евразия ә) Африка б) Антарктида в) Солтүстік Америка


3. 1 литр теңіз суының құрамында неше грамм тұз болады?

а) 66 грамм ә) 53 грамм б) 35 грамм в) 2 грамм


4. Жеке жұлдыздардың тобын қалай атайды?

а) Құсжолы ә) Галактика б) Күн жүйесі



5. Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі

а) Климат ә) Табиғат зонасы б) Ауа райы




ІІІ. Жаңа сабақ.

Жұмбақ

Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

(Ауа)


Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Атмосфераның құрамы және құрылысы.
Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.

Ол –Жердің ең сыртқы қабығы.

Ауа-дегеніміз –әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізгісі азот пен оттегі алады.Құрғақ ауа көлемінің 78%-ын азот, 21%-ын оттегі құрайды.

Ауада азот көп болғанымен , тіршілік үшін ең маңыздысы –оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Оттегі жануды қолдайды. Азот тыныс алуға қатынаспайды. Ол кез-келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат.

Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы –көмірқышқыл газы. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзіледі. Ауаның құрамында газдардан басқа су буы, түрлі шаң-тозаң кіреді.

Атмосфера қабаттары. Атмосфералық ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т.б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді.

Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі.

Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты –тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс). Тропосфераның қалыңдығы орта есеппен 11км. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80%-ы тиеді. Тропосферада бұлт үйіріліп, , жауын-шашын жауады, жел тұрады, ауа райы түзіледі.

Тропосфераның үстінде стратосфера (грекше стратум-қабатталған ) қабаты жатады.

Стратосферадағы озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Бұл қабат күннен таралатын «әсірекүлгін» деп аталатын сәулелерді ұстап қалады. Әсірекүлгін сәулелер тірі организмдерге . соның ішінде адамның өміріне өте қауіпті. Олар өте көп молшерде түсетін болса, адамның денесін күйдіріп, адамды рак ауруына шалдықтырар еді, көптеген пайдалы бактериялар қырылып қалар еді.

Стратосферадағы ауа өте құрғақ болумен ерекшеленеді. Атмосфераның бұл қабаты 50-55 км биіктікке дейін барады.



Атмосфераның маңызы. Жер бетіне өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Ауа қабығы болмаса, Жер бетінің температурасы айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді. Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер беті өте қатты қызып кетпейді. Оның есесіне түнде ауа қабаты жылуды ұстап тұрады да, жер бетін қатты салқындаудан сақтайды.

Атмосфераны зерттеу жолдары. XIX ғасырдың бас кезінен атмосфераны аэростаттардың көмегімен зерттеу жұмыстары басталды. Көп ұзамай-ақ атмосфераның жер бетінен ондаған километр биік қабаттары туралы шар-зонд арқылы мәлімет алына бастады.

Французша зонд-«байқау» деген сөз. Бұл тәсіл бойынша өзі жазатын метеорологиялық құралдар шарға тіркеледі. Шар біраз биікке барғаннан кейін жарылады да, құралдар жерге құлайды. Бірақ оларды іздестіріп тауып алу қиынға түседі. Шар-зондты радиозондпен ауыстыру қажеттігін тудырды.

Атмосфераның биік қабаттарын зерттеуге радиозонд қолданылады. Бұл тәсіл бойынша арнаулы аспаптар жеңіл газ толтырылған әуе шарының көмегімен едәуір биікке-көбінесе стротосфераның орта тұсына дейін көтеріледі. Олар өрлеп бара жатқан жолында түрлі биіктіктегі ауаның температурасын, ылғалдығынжәне қысымын өлшейді. Алынған мәліметтерді радиотартқыштар жерге хабарлап отырады. Радиозондтардың шарықтау биіктігі 35-40 км. Ал метеорологиялық зымырандар одан 3-4 есе артық биіктікке ұшырылады.
«Табиғат бала көзімен» эссе жазу
Географиялық диктант (дәптермен жеке жұмыс)

Географиялық диктант


  1. Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы__________________________________

  2. Құрғақ ауа көлемінің___________________________________________________ алады.

  3. Тропосфераның үстінде__________________________________________________жатады

  4. Жер шарын жан-жағынан____________________________________________қоршап жатыр.

  5. Тропосферада ____________________________________________________ауа райы түзіледі.

Қорытындылау.

Рефлексия

Бүгінгі сабағымыздан не ұнады? Оқушылар стикке жазып тақтаға іледі.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ауа дегеніміз не?

2. Атмосфераның құрамы.

3. Атмосфера қабаттары.

4. Атмосфераның маңызы.

5. Атмосфераны зерттеу жолдары.


V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Атмосфераның құрамы және құрылысы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет