Сабақ 6 а сынып Тақырыбы: Өткізген музыка пәнінің мұғалімі: Мешелов С. С



Дата08.09.2017
өлшемі139,5 Kb.
#30861
түріСабақ
Лозовое мектеп – бақшасы
Ашық сабақ

6а сынып


Тақырыбы:




Өткізген музыка пәнінің мұғалімі:Мешелов С.С.

2012 ж.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен әндері


Сабақ мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен таныстыру; әндерінің сырын сезініп құрметтеуге, ардақтай білуге үйрету; эстетикалық талғамын арттыру, әнді орындауды және тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (үй тапсырмасын сұрау, бағалау)


1. Жаттығулар жасау
«Бра – Бре – Бри – Бро – Бру»

«Ма – Ме – Ми – Мо – Му»


2. Үй тапсырмасы: Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы
3.«Үй тапсырмасын пысықтау» қосымша ізденіс жұмыстары.
(мәнжазба, сөзжұмбақтар т.б)
ІІ.Жаңа сабақ: Шәмші Қалдаяқов өмірі мен әндері
1.Шәмшінің өмірі туралы.(1 слайд)
Әйгілі сазгер Ш.Қалдаяқовтың әкесінің аты Әнапия екен. Оның аяғындағы үлкен қалды көріп жеңгелері оны Қалдаяқ деп атап кеткен. Татарлардың гармоны, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді. Ол Шәмші болатын. Шамшид деген ат алған сол бала жылдар өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, өнермен өмірін өрнектеген. Шәмшінің есімін кедейшіліктен сіңірі тартылып, тағдыр кешкен әкесі «Мың бір түндегі» ақылды хан есімі «Шәмшид» деп азан шақыртып атын қояды.

Туған жері Қызылқұм өңірі Арыс өңірінің жағасында кіндік бауы кесілген.


2.Шәмшінің әндері. (2 слайд)
Сазгердің шығармашылық өміріндегі әрбір әндері тарихқа толы. Алтынның сынығы жерде қалмайды, таланттар, дарын жарыққа шықпай қоймайды. Вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың көзі тірісінде оның еңбектері бағаланбаған болатын. Ендігі жерде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Шәмші әндерін санамызға сіңіріп, жадымызда сақтау өскелең ұрпақ мына біздердің міндетіміз!
Шәмші ағамыздың бірнеше тақырыпта арнаған әндері өте көп. Олар: Арыс жағасында, Қайдасың,Қайықта, Кешікпей келем деп ең, Бақыт құшағында, Шынарым, Әнім сен едің, т.б
3.Әндерінің шығу тарихы (3слайд)
«Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихы былай болатын. Сол кездегі өкімет басындағылар Ш.Қалдаяқовқа коммунистік партияны мақтап ән жаз деп тапсырма береді. Сонда Шәмші ағамыз Жұмекен Нәжімеденов екеуі бірігіп «Менің Қазақстанымды» жазып апарып береді. Әнді дайындап апарған кезде «мынау өлеңіңнің ішінде партия туралы бір де бір сөз жоқ қой, мынаны қабылдамаймыз, кейбір сөздерін өзгертіп партияны кіргіз» деп өлеңін лақтырып жібереді. Сонда Шәмші ағамыз «менің әндерім халқыма ұнаса болды, партияға ұнамаса қойсын» депті де бір сөзін де өзгертпестен қалдырыпты. Тіпті ол өте көрегендікпен «Бұл ән қазақтың әнұраны болады» деп айтыпты. «Менің Қазақстанымды» жаттамаған бала жоқ, айтпаған қазақ жоқ! Халық оны өзі әнұран қылып алды. Ал, 2006 жылдың қаңтар айында халық қалауы болған «Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған қазақтың ұлы сазгері, ән падишасы, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқов. «Менің Қазақстаным» орындалады.
Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көрген әкесі қайтыс болғанда бейітінің басына үлкен кесене салдырды. Ал, өзін ақ сүтімен асыраған анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол – «Ана туралы жыр» әні еді.
Композитор трагедияға толы қылшылдаған 40 жасында 1970 жылдары 3-4 ай өмірін сығандардың арасында өткізген. Сыған арасында жүріп бір сыған қызы Изольдаға арнап «Сыған серенадасы» шығарды.
4. Шәмші әндерін орындау.
Ақ бантик

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Сөзі М.Шахановтікі
Балауса қыз едің бір кезде,

Шашыңа ақ бантик байлаған.

Өзгеріп кетіпсің бұл күнде,

Көркіңе көз тастап ойланам.

Қайырмасы:

Нұрлы бейнен қандай жарқын,

Арманымсың қандай жанның.

Шынарым-ай,

Сен мөлдірсің, еркем,

Тау бұлағындай.


Жол жатыр шақырып алдында,

Өмір тұр ұсынып шаттығын.

Білмеймін ер жетіп қалдың ба,

Шашында ақ бантик жоқ бүгін.


(Оқушылар Шәмші әндерін айтады)
5. Сарғайған суреттер сыры. ( сазгердін суреттері)
Шәмші Қалдаяқовқа 1991 жылы 29 желтоқсанда ҚР халық әртісі атағы берілді.Сонымен қатар сазгердің атында Алматыда концерт залы, Шымкентте облыстық филармония, Таразда, Шымкентте мектептері бар.
ІІІ. Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Ш.Қалдаяқов туралы түсінік.

Шәмшінің әндерін орындау.


Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет