Сабақтың тақырыбы
|
Тік төртбұрыш және оның қасиеті.
|
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
|
Төртбұрыштар. Төртбұрыштар туралы түсінік. Ішкі бұрыштарының қосындысы
Тік төртбұрыштың өзіндік ерекше қасиеттерін оқып үйрену
Өтілген теорияны есептер шығаруда қолдану арқылы, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
|
Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже
|
Параллелограммның ерекше түрі-тік төртбұрыш қасиеттерін білу, есеп шығаруда қолдана алу;
Тапсырмаларды орыындау кезінде білім мен біліктерді қолдана білу дағдылары жетіледі.
|
Математикалық тілдерін дамыту міндеттері
|
Осы тақырып бойынша терминологияларды (параллелограмм, тік төртбұрыш) жақсы меңгереді, терминдердің этимологиясын біледі.
|
|
|
Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер
|
Салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу , диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.
|
Ресурстар (дереккөздер)
|
1.Шыныбеков Ә.Н. Геометрия -8 сынып (Атамұра)
2.Шыныбеков Ә.Н. Геометрия -8, Дидактикалық материалдар (Атамұра)
3.Шыныбеков Ә.Н. Геометрия -8, Оқыту әдістемесі (Атамұра)
4.Ж.Юсупов Геометрия -8, Оқыту әдістемесі (Мектеп)
5.К.О. Бүкүбаева, А.Т.Миразова Геометрия -8, Оқыту әдістемесі (Жазушы)
|
Сабақтың типі
|
Жаңа сабақ
|
Сабақтың түрі
|
Дамыта,саралап, деңгейлеп оқыту
|
Сабақтың эпиграфы
|
Жақсы басталған іс-жартысы біткен іс.
Платон
|
Оқытудағы әдістемелік нұсқау
|
Қолданылатын көрнекіліктер: Әр түрлі тік төртбұрыш.
|
Сабақ жоспары
|
Сабақтың этаптары
|
Оқыту материалының мазмұны
|
|
1. Сабақты ұйымдастыру
|
сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару;
бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау;
оқушылардың көңіл-күйін анықтау.
|
2. Өтілген материалдар бойынша оқушы білімін
жан-жақты тексеру
|
Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша теориялық білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтарын қоямыз.
Сұрақтар: 1. Параллелограмм анықтамасын тұжырымдаңдар.
2. Параллелограмм қасиеттерін айтып шығыңдар.
3. Параллелограмм белгілерін атаңдар.
4. Параллелограмм белгілерінің оның қасиеттерінен айырмашылығы неде?
5. Параллелограмның биіктігінің анықтамасын тұжырымдаңдар?
6. Параллелограмның бір төбесінен қабырғаларына жүргізілген биіктіктері тең бола ма?
|
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
|
Анықтама: Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш деп атайды.
Анықтамадан тіктөртбұрыш параллелограмның дербес жағдайы екені белгілі, олай болса параллелограмның барлық қасиеттері тіктөртбұрыштың қасиеттері болады. Онда «параллелограмм» сөзінің орнына «тіктөртбұрыш» деп қойып қасиеттерін айтып шығыңдар. (Оқушылардан сұралады)
1-қасиет: Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең
2-қасиет: Диагональдары оны тең екі үшбұрышқа бөледі
3-қасиет: Диагональдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінеді.
4-қасиет: Бір бұрышының биссектрисасы тең бүйір үшбұрыш түзеді.
Осы қасиеттерден басқа тіктөртбұрышқа тән қасиеттер:
«Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады.»
В С Берілген:
АВСД- тіктөртбұрыш
Д/К: АС=ВД
Дәлелдеу: ΔВАД мен ΔСДА
қарастырамыз.
А Д
Бұл тік бұрышты үшбұрыштарды <А=<Д=900
АВ=ДС. АД-ортақ. Екі катеті бойынша ΔВАД мен ΔСДА. Онда оның қалған элементтері де тең, гипотенузалары ВД=АС: бізге дәлелдеу керегі де осы еді.
Тік төртбұрыштың белгілері:
1 белгісі: Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
Берілгені: АВСД параллелограмм
АС=ВД
Дәлелдеу керек: А=В=С==900
Дәлеледеу: АС= - шарт бойынша, параллелограмм қасиеттері бойынша АО=ОС, ВО=, АО=ОС=ВО. ΔВОС, ΔАОВ- теңбүйірлі үшбұрыштар, бұдан <2=<4. <1=<3. Ал ΔАВС- ның ішкі бұрыштарының қосындысы
<3+<1+<2+<4=1800
2 (<1+<2)=1800
<1+<2=900 <АВС=900
Онда А=В=С==900 теорема дәлелденді.
2 белгісі: Егер параллелограмның бір бұрышы тік болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
3 белгісі: Егер төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, онда ол тік төртбұрыш болады.
Тіктөртбұрыштың төбелері арқылы өтетін шеңбер болады. Оның центрі диагоналдардың қиылысу нүктесі болады.
R= АС=ВД Р=2 (АВ+АД)
|
4. Практикалық кезең
№77-№78
|
№77 №78
№80
Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600болатынын қолдану.
№90
АВСД тік төртбұрыш
ВД
Д.к. тең бүйірлі
АО тең бүйірлі ВО тең бүйірлі
2)
СД СД
№109
Ж:450
|
5.Үйге тапсырма
|
1. №79,№87,№91.
2.Өтілген материалдардың теориясын (формуласын) қайталап отыру керек.
|
6. Сабақты қорыту
|
1. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.
2. Әр оқушының сабақтағы жетістігін мадақтау.
|