Жұмыстың орындалуы.
Сынауыққа 1,5-2 мл сірке қышқылын құйып алып, оған сонша мөлшерде этанол құйыңдар. Үстіне абайлап 1 мл-дей концентрлі күкірт қышқылын қосыңдар. Сынауықты салқындатқыш ұзын түтігі бар тығынмен жауып, абайлап қызыдрыңдар. Қыздыруды тоқтатып, сынауықтағы қоспаны натрий хлоридінің қанық ерітіндісі бар ыдысқа құйыңдар. Алынған қоспаның тығыздығына, түсіне, иісіне көңіл аударыңдар.
10-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Тамақ өнімдерін талдау»
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғыға орнатылған сынауық, пышақ, тасызғыш, сүзгі қағазы, кәрленнен жасалған келі, қысқыш, дәке (12*12см), спиртшам, сіріңке, таза бензин, 0,1%-тік йод ерітндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, мыс (II) сульфаты ерітіндісі, ұн, туралған ет, жаңғақ, стақанға құйылған су.
Достарыңызбен бөлісу: |