V. Бағалау -5 минут. VI. Үй тапсырмасы – 5 минут. 1. Дәріс материалы.
Дәріс беруші: Инаятова О.Б
Әдіскер:
4.Лекция
Тірек-қимыл аппаратының анатомиясы мен физиологиясы
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.Бүкіл қозғалыс аппаратын пассивті(қаңқа және оның қосылыстары) және активті (бұлшықеттер) бөлігі деп ажыратуға болады. Негізінде, тірек-қимыл аппараты үш жүйеден: сүйектерден, олардың қосылыстарынан және бұлшықеттерден тұрады. Остеология-анатомияның адамның сүйек қаңқаларын зерттейтін бөлімі. Остеология тәсілдері антропологияда өте жиі қолданылады. Сүйектердің өзара байланысын анықтай отырып, нәсіліне қарай сүйек пропорцияларына, жынысы мен жас айырмашылықтарына сипаттама береді. Адам сүйектерін остеология арқылы зерттеу оның тірі кезіндегі салмағы мен пропорциясын анықтауға мүмкіндік береді
Сүйектің құрылысы мен құрамы.Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек ұлпаларынан құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар. Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.