Бүгінгі таңда осындай бейбіт өмірде бақытты болғаның үшін кімге алғыс білдіресің?
Рахмет Алғыс айтамын
61
31 – сабақ. Отан отбасынан басталады. Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады. Ата-ананың ақылымен қарым –қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым-қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып-сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы – адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған-туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР – ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.