Сабақ Ақылшым- анашым



Дата28.01.2018
өлшемі24,6 Kb.
#35059
Ақылшым - анашым туралы қазақша ашық сабақ

Ақылшым- анашым.



Сабақтың мақсаты: Балалардың аналарына деген сүйіспеншілігін ояту. Ана еңбегін ардақтауға,үмітін ақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалардың өнерге деген талабын көпшілікке таныту. Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер,суреттер,қоржын,тест сұрақтары. Сабақтың барысы: Кіріспе Тәрбие сағатының өтілу жоспары. 1. Кіріспе 2. Таныстыру 3. Тестпен жұмыс (аналарға) Гүл жасау (қыздарға) 4. Салт-дәстүріңді білесің бе? 5. Өнер сайысы. 6. Сұрақ-жауап (аналарға) Мақал-мәтелдер айту (қыздарға) Кіріспе. Наурыз айының басында бізің елдің көптеген қалаларында, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады. Бірақ көңілізмізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Ана! Мама! Бұл сөздер әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де, бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді болып жылы естіледі. Ана дегеніміз – елімнің жан дүниесі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен тараған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі апайлар бүгінгі ,,Ақылшым анашым’’ атты сайысымызды бастаймыз. Уа халайық,халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі ананың Аналар сайысын бастайық! Уа халайық, халайық, Бастамас бұрын сайысты Ақсақалынан ауылдың Аталы бата алайық, Ешқашан артық болмайды Атадан үлкен бата алған. Бата. А, құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Бастарыңа бақ сыйлап, Қыдыр бабаң қолдасын! Бүгінгі мынау сынақта, Тұғырдан таймас қыран бол! Ел жұртыңа ұлан бол! Атымтайдай жомарт бол! Айбаты асқан ұлан бол! Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып. Аруларым сөз айтар-дей отырып, мәнерлеп тақпақ айтқызамын. ,,Анашым’’! Т.Молдағалиевтің өлеңі. Айтсаң болды тіл алам, Әйбат мамам, Ай, мамам. Сені көрсем қуанам! Сен керексің қайда да. Жүре берем қасыңда, Әйбат мамам, Ай, мамам. Ботам деген даусыңнан, Мен мәз болам оянам. Кір түсірмей жағама Шашымды да тарайсын. Мектебіме барарда Мейірлене қарайсың. Тау қопарып,тас үйіп, Тұрғыздың сен не қала? Саған қандай жаңалық Жасай алам мен Ана? 1-бөлім:Сайыскерлеріміз өзін-өзі таныстыру. 1. 2. 3. 4. 5. 2-бөлім: Тестпен жұмыс. (аналарға) Қағаздан мерекелік гүл жасау. (қыздарға) 3-бөлім: Аналарға, қыздарға байланысты мақал-мәтелдер сайысы. (аналарға) Тірек сызбамен жұмыс (қыздарға) 4-бөлім: Салт-дәстүріңді білесің бе? Аналарым асыл менен ақылды. Ажыратар алы пенен жақынды Үйретеді салт-дәстүрді аналар-дей отырып, ,,салт- дәстүрді білесің бе? – сайысын көресіздер. 1. Бесікке салу туралы түсінік айт. 2. Шілдехана той туралы айт. 3. Тұсау кесер туралы айт. 4. Наурыз тойы туралы айт. 5. Сүндет той туралы айт. Сұрақ-жауап. (қыздарға) 1. Жол анасы, сөз анасы, су анасы деген не? 2. Үш қуат. Олар қандай? 3. Бес асыл мен бес дұшпанды толық айтып бер. 4. Жеті жетім туралы айт. 5. Үш арсыз. Олар қандай? 5-бөлім: Өнер сайысы. Қазақ жұрты киелі. Өнерліні сүйеді. Сіздерді сонша ақсап ел Би билеп, ән салып-деп, сонымен Өнер сайысын тамашалап көңіл сергітейік. Аналар бөлек, қыздар бөлек өнер көрсетеді. 6-бөлім: ,, Біреу білмегенді біреу білер’’-дей отырып, сайыскерлер сұраққа жауап береді. 1. Қазақтың келіндерге байланысты ырым мен тыйымдарын айт. 2. Әр әйелдің бойынан табылатын тиісті қасиетті атаңыз? 1.Іскерлігі 2.Өнерлігі 3. Икемдігі. 3. Қонақтың түрлерін атаңыз. 4. Аналарға қандай құрметті атақ беріледі? 5. Жаңа түскен келінді қалай тәрбиелейсіз? Қыздар мақал-мәтелдер айтады. 1. Оқу туралы 2. Еңбек туралы 3. Батырлар туралы. 4. Ынтымақ-бірлік туралы. 5. Достық-жолдастық туралы. 7-бөлім: Ойыннан жарыс. Тест сұрақтары. 1. Әйелдердің бас киімі? а) жаулық ә) бөрік б) қалпақ 2. Тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтарды тап. а) иінағаш ә)трактор б)ағаш 3. Ұлтабар және жүрек салынған табақты қалай атайды? а) күйеу табақ ә) сый табақ б) келін табақ 4. Уыз қанша түрге бөлінеді? а) 3 ә) 4 б)2 5. Сүзбе қанша түрге бөлінеді? а) 2 ә)3 б)5 Әділ қазылар шешіп болғанша концерттік бағғдарламаны көресіздер. Өзгере бер, көркейе бер, өсе бер. Өмір жолы еңбекпенен шешілер. Шыңға шығар шынар болып шынайы Кездеспесін ешқашанда кесірлер. Барыны риза болсын көрермендер, Үйреттім білгенімше білмегенін Осымн бұл қызықты тәмәмдасақ Тағы да үйретерміз аман болсақ. ,,Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығады’’-дей келе бүгінгі сайысымызды қорытындысын білеміз.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет