8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!



Дата21.05.2022
өлшемі16,85 Mb.
#144311
Байланысты:
8 наурыз ТӘРБИЕ САҒАТЫ
PLTEJRAXLEFE18102022115534, Қонақжай студенттерге, ПААТФИИЗ

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін. Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана - өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
"Ассоциация әдісі"
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Мақал-мәтел
Адасқан әріптер
Т К Е Ө К М
КӨКТЕМ
ы з у а н р
НАУРЫЗ
е к р е м е
МЕРЕКЕ
а қ а н с т з а қ
ҚАЗАҚСТАН
к р с і ү т а н т
ТҮРКІСТАН
ы р а б с
БАРЫС
ұ ғ і м а л м
МҰҒАЛІМ
Д А Ғ А Л Ы З Қ Қ
ҚЫЗҒАЛДАҚ
Кетті қысқы ызғар, Еріп жатыр мұздар. Мерекеңіз бүгін, Қызғалдақтай қыздар! Болса да өзге жүрек, Адамға адам – тірек. Сіздерге айтар мынау, Мерекелік тілек: Карау жүрсін қашық, Алшы тұрсын асық. Берекесін берсін, Сіздер еткен кәсіп! Әр таңдарың атқан, Бақыт берсін батпан. Кұрастырсын құдай, Табысынды тапқан
Бүгін Наурыздың сегізі, Сұлулықтың егізі. Әдемі сөз анамның, Анаға айтар лебізі. Мәпелейсің мені анам Қолыңдағы құсыңдай Құлпыра өсіп дем алам Құшағыңда қысылмай
Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
Сөзжұмбақ
«БИ»
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық
Өмірдің көктемі де гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан балалар.
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген- тіршіліктің тірегі
Армысыздар, ұстаз аналар!
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиған қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай.
Он бес пен он сегізде жасыменен.
«КЕЛІНШЕК»
Құттықтаймыз аналарды,қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер
Құрметтейік ,о адамдар ,аналарды
Бізді өмірге әкелген аналарды.
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет