Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі



бет1/5
Дата22.10.2022
өлшемі148,92 Kb.
#154637
  1   2   3   4   5
Байланысты:
PLTEJRAXLEFE18102022115534
8 наурыз ТӘРБИЕ САҒАТЫ, Қонақжай студенттерге, ПААТФИИЗ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ



Орындаған:Закиров Қ
Қабылдаған:Оспанова А
Тобы:МДШ-111
Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі - Қазақстанжәне көршілес аймақтардың ортағасырлық этностық тарихы түркілердің тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркі тектес, түркі тілдес тайпалардың көне заманда да болған. Бірақ нағыз түркілердің этностық тарихы б.з. V ғасырынан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: "Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?" деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. Б.з. V—VIII ғасырларының арасы түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобынажататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған.
Көне түріктердің шығуыӨңдеу
Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ)аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағыхандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азияжеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті.
Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле. Олар қазіргі Моңғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген.
Түріктер өзінің шығу тегін ашын тайпасымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет