Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі



бет4/5
Дата22.10.2022
өлшемі148,92 Kb.
#154637
1   2   3   4   5
Байланысты:
PLTEJRAXLEFE18102022115534

НаймандарӨңдеу
Толық мақаласы: Найман

Наймандардың XIII ғасырда орналасқан жері.
Орта ғасырларда өзінің мемлекеттігін қүрған қазақ тайпаларының бірі. Наймандардың VIII ғасырдыңорта шенінде мекендеген аймағы Моңғолияның орталығындағы Хангай тауынан Тарбағатай, Алтайға дейінгі аралықты алып жатты.
Наймандар кейін қазақ құрамына кірген тайпалармен тығыз қарым-қатынаста болған. Наймандар мен қаңлылардың тіпті VII ғасырдың екінші жартысында қатар өмір сүрген туыстас тайпалар екендігін үйғыр саяхатшылары жазып кеткен. Наймандар, керейлер, жалайырлармен тығыз этникалық, мәдени, саяси қатынаста болған. Кейін XII ғасырда наймандар өз мемлекетін құрғанда, оның ұлысы құрамына қаңлылар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар, т.б. кірген. Наймандар бірлестігінің құрамында да болашақ қазақ халқының тілдік, рухани, материалдық, мәдени, саяси ортақтастығы қалыптасып келе жатты.
КерейлерӨңдеу
Толық мақаласы: Керей
Керейлер туралы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады. Олар наймандармен көрші, кейде тіпті аралас орналасқан. Шыңғыс хан үлкен мемлекет құрғанға дейін керейттер (керейлер) қазіргі Моңғолия жеріне түгелдей және Алтай аумағында үстемдік еткен. Монғолдар да солардың қол астында болған. XII ғасырдакерейлер де өзінің ұлыстық мемлекетін құрады.
Керейлердің тілі, шыққан тегі жөнінде та ласты пікірлер бар. Кейбір зерттеушілер оларды монғолдан шыққан, монғол тілдес болған дейді. Кейінгі кезде керейлердің түркітектес, түркітілдесекендігін көпшілік ғалымдар мойындайды. Жалпы бұл жерде мына бір жағдайға мән беру керек. Керейлердің де наймандар сияқты тілінде, ел басқару жүйесінде белгілі бір монғолдық нышандар болған. Бірақ бұл кейін, олардың монғол империясы ықпалына, қол астына кіргешіен кейін ғана пайда болған қасиеттер.
Моңғол шапқыншылығы заманында керейлердің бір тобы Еділ бойына дейін барған. Керейтэтнонимі тіпті Қара теңіз өңірі далаларындағы жер атауларында да кездеседі. Керейлердің бір үлкен тобы Солтүстік Қазақстан жерінде орнығып қалды. Туыстас халықтар өзбектер мен қырғыздардың арасында да керейт атауы кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет