Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Оқушыларға көз гимнастикасын жасау ұсынылады



Дата24.04.2017
өлшемі45,62 Kb.
#15047
түріСабақ

БЕКІТЕМІН




ПӘНІ

Биология

КЛАСЫ

8

Күні

ТАҚЫРЫП

Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі.

МАҚСАТЫ

Тепе-теңдік, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу анализаторларының маңызын, өзара әрекетін үйрену.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Тепе-теңдік, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттайды; қызметтерін ажырата алады; өзара әрекетіне баға береді.

КЕЗЕҢДЕРІ

РЕСУРСТАР

САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ

ДИФФЕРЕНЦИА

ЦИЯ

БАҒАЛАУ

Кіріспе

(1+10 минут)



Биология оқулығы


Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Оқушыларға көз гимнастикасын жасау ұсынылады.

Үй тапсырмасын тексеру «Стикердегі диалог» әдісі арқылы жүзеге асады.



Сыныпты жоспарлау.Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет.

Жұмыс алгоритмі.Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық:қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар

оларды оқып,стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады.



Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе

ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды.Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін / эмоцияларын білдіре алады


Ашық пікірталас жүргізу арқылы

визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілері дамиды.

Талқылауға арналған маңызды тақырып «Есту мүшесі».


Оқушылар бір-бірін топта бағалайды. Топ басшысы ортақ жиынтық баға шығарады.



Тұсаукесер

(3 минут)



Биолог анықта

малығы



Мұғалім тарапынан сабақ тақырыбы таныстырылады. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты айқындалады.

«5 жолды өлең»




Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады

Стикер арқылы бағалау

Негізгі бөлім

(20 минут)





Биология оқулығы




«Брейнрайтинг» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. Алдымен оқушылар мәтінмен танысады.

1. Әрбір оқушы өз идеялары мен ойларын жазу үшін бір парақ қағаз алады.
2. Оқушылар ойларына келген мәліметтерді бірнеше минут ішінде ешкіммен бөліспей, талқыламай қағазға түсіреді.
3. Ойлар жазылған қағаздар көршілес отырған оқушыларға кезекпен дөңгелетіле беріледі.
4. Көршісінен алған қағаздан оқушы жазбаны оқып, сол жазбадағы ойлардың негізінде жаңа ойлар туындатады. Осылайша, топтағы оқушылар бір-бірінің пікірін толықтырады және жаңа идеялар туындатуда ынталандырушы рөл атқарады. 5. Жаңа идеялар алынған қағаздарға да жазылады.

6. Әрі қарай қағаздар дөңгелентіп басқаларға беріледі. Әрбір алынған қағаздағы жазбалар алдымен оқылады. Ол жазбалар негізінде жаңа идеялар туындайды.

7.Ең соңында жазба автордың өзіне оралады. Әрбір кезеңнен өтуді шапалақтау арқылы ұйымдастырамын.

Кеңейтілген тапсырмалар:



Көрсетілім:Белгісіз заттардың иісін анықтау тәсілдері. Осы көрсетілім негізінде жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қойылады.

Бұл әдіс көмегімен оқушылар миға шабуыл әдісіндегідей жеке ойланады. Еркін өз ойларын білдіруге мүмкіндік алады. Топта жұмыстану дағдыларын меңгереді.

Үш шапалақ

мадақтау


Қорытынды(5 минут)




«Жуан және жіңішке сұрақтар» құрастырып бір-біріне қояды.

Оқушылар сұрақтарға ойланады.




Рефлексия

(5 минут)






«Оқушы күнделігі» әдісі қолданылады. Сезім мүшелері бойынша не білді, не туралы әлі де білігіс келеді деген сұрақтарға жауап жазады.

Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау

Өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма

(1 минут)






§22.

Күнделіктеріне жазады.




М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі, Кембридж бағдарламасы бойынша базалық ІІІ деңгейлі сертификат иегері К.А. Мусина дайындаған қысқа мерзімді жоспар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет