|
Сабақ Қамқорлық 3 "В" сынып
|
Дата | 24.05.2017 | өлшемі | 7,39 Kb. | | #16806 |
| - «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-
- Ашық сабақ
- Қамқорлық
- 3 “В” сынып
- Сынып жетекшісі: Мамыртаева Д
- Сабақтың мақсаты:
- 1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, мазмұнын түсіндіру.
- 2.Ой-өрістерін кеңейту,сөздік қорын молайту,жан-жақты ойлауға дағдыландыру.
- 3.Қоршаған ортаны қорғауға, әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
- Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,суреттеу.
- Көрнекілігі:Б. Соқпақбаевтың суреті,Қожа,торғай
- Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
- а) Психологиялық дайындық
- Табиғат,торғай,бүркіт суретін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.Құралған сурет бойынша мәлімет береді.
- 2.Үй тапсырмасын тексеру
- Гайдар бүркіттің соқыр екенін қайдан білді?
- Жолаушыларды қарт қайда шақырды?
- Жақсылықты ұмытпауды үйрен дегенді қалай түсінесің?
- Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?
- Әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған деп ойлайсыңдар?
- 1824-1922
- Алматы обл
- Нарынқол ауданы
- Қостөбе ауылында
- дүниеге келген
- “Балалық шаққа саяхат”,
- “Менің атым Қожа”
- повестерін жазды
- 4.Жаңа сабақты меңгерту.Мағынаны ашу.
- Бағыттап оқу стратегиясын пайдалану.
- а) мәтінді түсіндіре отырып оқу.
- ә) сөздік жұмысын жүргізу
- Аша ағаш -рогатка
- Шарбақ- ағаштан жасалған қоршау
- Жан далбаса- жан ұшыра немесе есі кетіп
- Әккі –дәніккен
- Бейқам-алаңсыз
- Дуал –қоршау
- Безбүйрек-тасжүрек
- Топшысынан-қанатының кеудеге жалғасқан жері
- Пәтер-ұя
- 5.Сергіту сәті.
- б) Оқушыларға тізбектей оқыту.Әр бөлімге ат қояды.
- 1 бөлім- “Сотқар Жантас”
- 2-бөлім- “Қожаның қамқорлығы”
- 3-бөлім- “Торғайдың жаңа пәтері”
- Осы бөлімдер бойынша білімдерін, түсінгенін ортаға салады
- 1-топ Қожаға мінездеме береді
- 2-топ Жантасқа мінездеме береді
- 3-топ Мақал-мәтелдер айтады
- 6.Ой қозғау
- “Құстарға көмек” ойыны
- 1.Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?
- 2. Торғай неден шошып кетті?
- 3. Жазушы Жантастың жағымсыз әрекетін іс-әрекетін қалай суреттеген?
- 4. Балапанның аман қалуына кім себепші болды және не істеді?
- 5. Қожаны қандай кейіпкердің қатарына жатқызасың?
- 6. Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
- 7. Балапан торғай жазылды ма екен? Сен қалай ойлайсың?
- 8 Мәтінге тағы қандай ат қояр едің?
- Сабақтың түйіні.
- Күшті болсаң,әлсіздерге қамқор бол,
- Үлкен болсаң, кішілерге қамқор бол.
- Азамат боп атқа мінер шағыңда,
- Ата-анаңдай кісілерге қамқор бол!
- 8.Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу,мақалдар жинау.
- Бағалау
- Көңіл қойып
- тыңдағандарыңызға
- көп рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|