Сабақ Қан кету. Қан тоқтату. Асқынулар Сабақтың мақсаттары Білімділігі: Қан кету туралы түсінік. Классфикация. Клиникалық белгілері Қан тоқтату әдістері Асқынулар


Жедел қан жоғалтудың негізгі емдеу принциптері



бет2/2
Дата08.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#195880
түріСабақ
1   2
Байланысты:
4 лек.каз
stud.kz-63832 2, кр гидрат, S O, obyayavlenie-3-2021, Мадалиева З.Б. Мектепке дейін (презентация) (1), Жаһандық құзіреттілік 10-11сынып
Жедел қан жоғалтудың негізгі емдеу принциптері
Қан жоғалту өмірге қауіп туғзатың жағдай. Сондықтан, уақытымен және қажетті түрінде қан тоқтату шараларының орындалуы тиіс. Жедел қан жоғалту кезінде көрсетлетін емнін негізгі принциптері келесі:
-бір жолата қанды тоқтату;
-гиповолемия жағдаймен күресі(қан орның толтыру);
-микроциркуляция бұзылыстарың қалыпқа келтіру;
-қанның оттектілігін көтеру;
-ұлпалық алмасуды реттеу;
-өмірге қажетті жүйерердін қызметін қадағалау;
-қанның коагуляциялық қасиетін қалыптастыру.
Қан жоғалтудың емі ерте басталып толық және кешенді түрде өткізлуі қажет. Геморрагиялық шокты және ДВС синдромың алдын алу мақсатында қан ағу көзін тезарада анықтап жою қажет. Қан кету көзі жойылмаса қалған шаралардың нәтижелері жоққа шығады.Қаншама қан ерте тоқтатылса,соншама науқастың өмірінін болжамы оң болады.


Геморрагиялық шок
Қан кету тоқтатылмаса геморрагиялық шок пайда болу қаупі артады. Жалпы циркуляциядағы қанның 30 % жоғалса геморрагиялық шок дамиды. Шоктың клиникалық белгілері: Артериялық қысымның күрт төмендеуі, төменгі диастолылық мм сын.бағ дейін, ал жоғары систолылық қысым сын бағ дейін.Тіндердің оттегіге ашығуы артады және циркуляциядағы қан көлемі төмендейді. Мидың оттегімен қанықпауы салдарынан науқас талып,есінен танады.Егер осы сәтте тиісті көмек көрсетілмесе,ми қабаты астындағы автоматизм орталықтары күйрейді,тыныс орталығы қиналады,ол пульстің және тыныстың бәсеңдеуіне себептер болып табылады.Тынысы үзілмелі,тарылады,дем алу мен дем шығару арасында ұзақ үзіліс дамиды «Чейн Стокс тынысы» сияқты. Беті бозарған,мұрын ерін қатпарында цианоз пайда болады,көз алмасы жоғарыға айналады.Тілде паралич дамуына байланысты,өліммен аяқталатын механикалық асфиксия дамуы мүмкін.Тыныс алу орталығын қоздыратын дәрілерді шұғыл жіберу керек, цитотон немесе лобелин,жүрек дәрілері- норадреналин немесе адреналин. Маска арқылы ылғалданған оттегі беріледі немесе трахеостомиялық түтікше енгізіледі,содан кейін қан тоқтатуға және жоғалған қанның көлемін толтыруға кіріседі.
Шок
Шок сөзіне нақты түсінік беру қиын. Себебі, медицинада бұл термин арқылы әр түрлі жағдайларда, әр түрлі себептерден келіп шығатын өзгерістер түсіндіріледі. Шок – бұл кездейсоқ жағдайларда жауап реакциясы ретінде пайда болатын патологиялық құбылыс. Шок жүйке жүйесінің, қан айналымының, тыныс алудың, зат алмасудың және басқа да ағза үшін маңызды функциялардың бұзылуымен сипатталады. Яғни, бұл зақымдалуға жауап ретінде компенсаторлы реакциялардың жұмысының бұзылуы. Қысқаша айтқанда, шок – ағзаның барлық функцияларының бұзылуы.
Геморрагия
Геморрагия ( haemorrhagia – қан + жырту) - қан кету, геморрагия. Қан ағу (геморрагия) дегеніміз: қанның жүрек қуысынан немесе қан тамырынан сыртқа шығып тіндерге жинақталуы. Қан кетудің үш басты себептері болады: І. Жүрек не тамыр қабырғасының жыртылуы; 2. Тамыр қабырғасының мүжілуі (аррозия); 3. Диапедез.
Қан тамырының жарылуы (жарақат, хирургиялық операция), атеросклероздық аневризма, артериялық гипертония ауруында артериолалардың фибринойдты некрозы да себеп болады. Ал массивті қан кету көбінесе, жүктілік кезінде кездеседі. Бұл қанның тұтқырлығының бұзылуынан болады. Және де аборт, дұрыс емес жүктілік те себеп бола алады.
Мұнда қан кетудің жылдамдығы мен көлемі үлкен мәнге ие. Мысалы, баяу қан кету барысында, тіпті үлкен көлемдегі қан ағудың өзі (1000-1500мл) аса қауіп тудыра қоймайды. Бұл жағдайда ағзада компенсаторлық механизмдер қосылады, гемодинамикалық бұзылыстар біртіндеп пайда болады және онша қауіпті болмайды. Керісінше, қарқынды қан ағу кезінде, тіпті аз көлемдегі қан кету бірден гемодинамикалық бұзылыстарға, артынша геморрагиялық шокқа алып келеді.
Қан шығынына қарсы адам ағзасындағы реакция екі түрлі: физиологиялық және патологиялық. Физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5% (250-350 мл) болып есептеледі. Мұндай қан шығыны кезінде адам ағзасында ешқандай өзгерістер болмайды. Егер адамда анемия болса физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3% құрайды.
Ал патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-0,8% аралығында. Бұл мөлшердегі қан шығынында ағза әр түрлі реакциялар береді. Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді.
Компенсациялы қан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан көлемінің (ҚК) 10% (450-500 мл) болып есептелінеді. Адам ағзасы бұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен жөндейді.
Негізгі бейімдеуші қабілеттері:
1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет ағзада қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.
2. Ұлпалардағы, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр көк еттері, т.б.) қандар және ұлпааралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.
3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.
4. Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері күшейеді.
Осы жоғарыда айтылған бейімдеуші қабілеттері ағзаның гомеостазын сақтап қалады. Сонымен компенсаторлық қан шығынында адам ағзасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қан қысымы, тамыр соғысы өзгермейді.
Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10% артық болса, оны декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда ағза өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды. Ағзада әр түрлі патологиялық құбылыстар, сонымен қатар геморрагиялық шоқтың белгілері пайда болады.

Геморрагиялық шок
Жиі жағдайларда геморрагия, яғни қан жоғалту геморрагиялық шокқа алып келеді. Геморрагиялық шок – жедел және массивті қан кетудің әсерінен болады. Адамның 1 литрден астам қан жоғалтуы осы геморрагиялық шокқа алып келеді.
Адам ағзасында қан шығынына қарсы пайда болған патологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс қан көлемінің кенет азаюынан, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі себебінің бірі – қан көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі. Басқа да себептері бар: жарақаттар; суицидті жағдайларда (тамырларды кесу); жатырдан тыс жүктілік, жатыр түтігінің жыртылуымен асқынған; көкбауырдың жыртылуы; асқазан жара ауруы кезінде қан кету және т.б. көп жағдайларда шоктың патогенезі қан жоғалтудың жылдамдығына байланысты болады. Клиникасы айқын, пульсі жіп тәрізді жиілейді, жүрек тондары әлсірейді, артериялық қан қысымы төмендейді, олигурия болады.
Геморрагиялық шоктың негізгі симптомдары: тері жабынының және шырышты қабықтардың бозаруы, тахикардия және артериалды гипотония.
Геморрагиялық шок төрт сатыдан тұрады, олардың белгілері төмендегі кестеде көрсетілген.

Саты-лары

Клиникалық белгілері

Қан шығыны, айналымдағы қанның көлемі, %

І

Ағзаның жалпы жағдайы өзгермейді. Қан қысымы с.б.б. 100 астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғысы минутына 80-90.

15% дейін ( 750 мл)

ІІ

Ағзаның жалпы жағдайы орташа, басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері бозарады. Қан қысымы с.б.б. 80-90 мм. Тамыр соғысы минутына 110-120.

25% дейін (1200 мл)

ІІІ

Ағзаның жалпы жағдайы өте ауыр, есінен танып, дене терілері өте қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы с.б.б. 60-70 мм. Тамыр соғысы минутына 130-140 дейін әлсірейді. Зәрі азаяды (олигурия).

30-40% дейін (1200-2000 мл)

ІҮ

Адам ес-түсінен айырылады. Қан қысымы, тамыр соғысы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, дем алуы төмендейді. Зәрі тоқталады (анурия).

40% артық (2000 мл артық)

Ағзаның жағдайын анықтауда «шокты индекс» көмектеседі. «Шокты индекс» – тамыр соғуының систолалық қан қысымына қатысы. Әдетте, тамыр соғысы бір минутта 60, ал систолалық қан қысымы с.б.б. 120 мм болады, ал шокты индекс 0,5-ке тең. ҚҚ 20-30% болған жағдайда шоктік индекс 1,0 тең. Егер ҚҚ 30-35% жетсе, шоқты индекс – 1,5 тең болады.
Геморрагиялық шок диагностикасы
-пульс жиілігін тексеру;
-артериялық қан қысымын тексеру;
-жоғалтқан қан мөлшерін анықтау;
-науқастың жағдайын бақылау.
Геморрагиялық шоктың алдын-алу
-қан кету кезінде шұғыл әрі дұрыс көмек көрсету;
-қан ауруларымен ауырғанда дәрігердің тағайындауларын орындау.
Инфузиялық терапия

Геморрагиялық шок кезіндегі шұғыл көмек.
Геморрагиялық шок кезінде алдымен жедел жәрдем шақыру керек. Жедел жәрдем көлігі жетіп келгенге дейін қан кетіп жатқан жерді анықтап, қанды тоқтату керек. Мүмкін болса, науқастың аяғын жоғары көтеру керек – қан миға және жүрекке көбірек құйылуы үшін. Содан кейін, ағзадағы сусыздықтың алдын-алу үшін кристаллоидтар мен коллоидтар енгізу қажет (реопоглюкин, полиглюкин, трисоль). Және де тыныс алудың және жүрек жетіспеушілігінің алдын-алуға әрекет жасау керек. Науқас есінен танбаған болса, тәтті шай ішкізіп тұру керек.
Бақылау сұрақтар:
1. Қан құрамының ерекшелігін атаңыз?
2. Қан кету дегеніміз не?
3. Қан кету дәрежелері қалай анықталады?
4. Қан кету асқынуларына не жатады?
5. Қан тоқтатудың уақытша әдістерін атаңыз?
6. Қан тоқтатудың түпкілікті тоқтату әдістеріне жатады
7. Шоковый индекс Альговера деген не?
7. 3 тапсырманы жауабымен жасаныз.(мысалы;кроссворд, графдиктант,диаграмма және т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет