Сабақ: А.Құнанбаев
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
|
Мектеп: Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп
|
Күні : 02.10. 2015ж.
|
Мұғалімнің есімі : Тажибаева Жангул Абдрахманқызы
|
Сынып : 7
|
Қатысқандар саны :21
|
Қатыспағандар саны : -
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты ( мақсаттары )
|
Оқушыларға өлеңнің мағынасын терең меңгерту.
Халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Б )Барлық оқушылар :
мәнерлеп оқи алады;
автор туралы біледі.
|
Ә) Оқушылардың басым бөлігі :
Өлең мазмұнын түсінеді;
Өлең құрылысына талдайды.
|
А) Кейбір оқушылар :
Өлең құрылысына талдайды;
Автор туралы толық біледі;
Өлеңнен көркемдегіш құралдарды таба біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар :
Өлең мағынасын түсініп,өлеңнің құрылысына талдай алады;
Өлеңді мәнерлеп көңіл-күймен оқиды және автордың айтпақ ойын жеткізе алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:Қансонар-жаңа жауған қардағы із. Ғанибет - қызық, тамаша, көңіл көтеру. Томаға - бүркіттің бас қабы. Қаса-арабтың «хас» айрықша, ерекше деген сөзінен сіңіскен.
|
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер :
Өлеңдегі аңшы, қағушы, оның достарының көңіл күйі, сезімі қай жолдар арқылы беріледі.
|
Талқылауға арналған тармақтар :
Қыран мен түлкінің кезігуін сипаттайтын қандай көркем суреттерді аңғардыңдар?
Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар :
Мәтіннен синоним сөздерді тауып жазу. Сөздік жұмыс.
|
Алдыңғы оқу
|
Махамбет Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Оқу үшін бағалау
(қалыптастырушы бағалау)
|
Басталуы
|
3мин
3мин
|
Сыныппен сәлемдесу. Шеңберге тұрып бір-біріне тілек айту.
Мақсаты :Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу: Қыран құстың түрлеріне қарай топқа бөлінеді, бүркіт, қаршыға,лашын, сұңқар.
Үй тапсырмасын сұрау:
«Серпілген сауал» әдісі (сұрақ-жауап) Мақсаты : білімдерін пысықтау
-Махамбет Өтемісұлы қай жылы, қандай облыста дүниеге келді?
-«Тарланым» өлеңіндегі басты кейіпкер кім?
-«Тарланым» өлеңі батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыстарға ұқсастығы бар ма?
-Ақынның арманын, өкінішін қай жолдардан байқауға болады?
Махамбеттің өмірі туралы не білесің?
|
Қол шапалақтау "смайликпен "бағалау
|
Ортасы
|
5мин
7мин
17мин
|
(«Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты бейнебаян көрсетіледі)
Мақсаты: Жаңа тақырыпты ашып алу.
Бейнебаянды қарап болғасын түрткі болу сұрақтары арқылы жаңа сабаққа түсемін.
-Бұл бейнебаяннан нені көрдіңдер?
-Немен таныстыңыздар?
-Қазақтың қандай өнері туралы сөз қозғалды?
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін үнтаспадан тыңдау.
(Халқымыздың құсбегілік өнері туралы бейнебаян көрсетіледі)
Жеке жұмыс.
Бейнебаяннан алған әсерлері мен Абай атамыздың шеберлігін ұштастыра отырып эссе жазу.
«Абайы бар қазақ бақытты!»
Дәптермен жұмыс ( Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді жазу )
Топтық жұмыс.
Мақсаты : Жаңа сабақты бір -біріне түсіндіру
1-топ: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу;
Автор туралы мағлұмат беру.
(постер қорғау)
2-топ: Өлеңді композициялық құрылымына талдау;
3-топ: Өлең үзіндісін өлең құрылысына талдау;
4-топ: Өлең мазмұнына байланысты маңызды мәселелерді талқылау (гауһарлар иерархиясы бойынша)
Қазіргі өмірмен байланыстыру.
|
Ынталандыру мақсатында
смайликтер пайдалану.
Бас бармақты көрсету.
Қол шапалақтау
|
Аяқталуы
|
5мин
|
«Блум түймедағы» әдісі
Мақсаты : Сабақты қорытуға байланысты сұрақтар беру.
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбайұлы туралы қосымша қандай мәлімет білесіздер?
Абайдың туған жылы?
Абайдың қандай әндері бар?
Қыран құстың қандай түрлерін білесің?
Қазіргі кездегі атбегілік, құсбегілік кәсібінің маңызы бар деп ойлайсың ба?
Қыран құсқа сипаттама бер.
Өлеңде айшықты сөз өрнектері бар ма?
Үйге тапсырма:
Ақын туралы мағлұмат жинау;
Өлеңнің ішінен ұнаған бөлігін жатқа айту.
|
«Бір медаль- бір миссия»әдісі
Сабақтың сәтті шыққан бір тұсын, сәтсіз шыққан бір тұсын жазады.
|
Қосымша ақпарат
Ғаламтор материалдары
|
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Б: өлеңді мәнерлеп оқу, ақын туралы мағлұмат білу;
Ә: мазмұнын талдау,мәнерлеп оқу, ақын туралы мағлұмат білу;
А: өлең құрылысына талдау,идеясын ашу.
|
|
Бағалау –Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз ?
|
5мин
|
Табыс критериі
1.Үй тапсырмасын орындауы — 2балл
2. Сабақтағы белсенділігі- 1балл
3.Шығармашылық қабілеті- 2балл
4.Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2балл
5. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2балл
6.Өтілген тақырыптан ой – түюі — 2балл
7. Көшбасшылығы – 1балл
8. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2балл
(Тақтаға көрсетіп қою)
13-14 ұпай – «5»;
10-12 ұпай – «4»;
5-10 ұпай – «3».
|
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс . Құндылықтардығы байланыс
|
Биология, Қазақ тілі, Тарих
Мультимедиялық проектор,
интербелсенді тақта.
Ғаламтор желілерін пайдалану.
Оқулық
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
www.45минут kz.
|
|
Рефлексия
|
Сабақ / оқу мақсаттар шынайы ма ?
Бүгінгі оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай
болды ?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе ?
Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен ?
|
Бүгінігі сабағым, жоспардағы бірінші сабағым болғандықтан оқушылар реттелмей жатты. Саралау тапсырмаларын тиімді пайдалана білдім.
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )?
|
1: «Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жоғары дәрежелі сұрақ қоюға үйренді.
|
2: Кейбір оқушылар эссе жазуда шығармашылық қабілеттерімен таныла білді
|
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )
|
1:Топтық жұмыс сабаққа оң әсерін берді.
|
2:Критерий арқылы бір-бірін бағалау да оқушылар белсене қатысты.
|
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|
|
|
|