Ой шақыру
3-4минут
Мағынаны тану
5-6минут
12- минут
2-минут
7-минут
4-минут
Сабақтың соңы
2-3минут
|
«Қызыл жәшік» әдісі . Жәшіктен сұрақтар алып өткен тақырып бойынша еске түсіріп алып, сабақта атмосфера орнатады.
1. Қазақстанның климаты- (щұғыл континентті)
2.Қазақстанның климатын түзуші факторлар: (күн радиациясы, атмосфералық циркулация және жердің беткі төсеніш қабаты.)
3.Күннің жылуы мен жарығы қалай аталады? (күн радиациясы)
4.Күн радиациясының түрлері ( шашыранды, тура, жұтылған, шағылысқан)
5.Қазақстанда күн сәулесінің түсу ұзақтығы жоғары және ол жылына неше сағатты құрайды? (2000-3000 сағат)
6. Радиацияны әлсіз шағылыстырады- (құм, шөптесін өсімдіктер, орман ағаштары мен қара топырақ)
7.Күн сәулесінің шағылысуы жаңа жауған қарда неше % - (85%-дан астам)
8. Жиынтық радиацияны құрайды? (тура және шашыранды радиация)
9.Күн сәулесін неге тура радиация деп атаймыз? (себебі жер бетіне кедергісіз жетеді)
10.Климат пен Күн радиациясының деңгейі .....тәуелді болады? (жергілікті жердің географиялық орнына)
Ендеше, балалар бүгінгі тақырыбымыз: «Қазақстан аумағындағы ауа температурасының таралуы»
Кейін видеороликке назар аударады.
Тақырып бойынша мәліметтер схема түрінде түсіндіріліп өтіледі. Әр топқа мәтіндер таратылады. Мәтінді оқуға уақыт беріледі. Мәтін бойынша әр топқа түрлі топтық тапсырмалар беріледі. А3 қағаздарына тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелері өз жұмыстарын өздері таңдаған формада (кластер, постер, тірек-сызба, т.б.) презентациялайды, қорғайды.
|