Сабақ Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы


Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады



бет3/4
Дата20.04.2022
өлшемі118,86 Kb.
#140097
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
docx1541756815 (1)

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

Сабақтың ортасы
3 минут
10 минут

9 минут


7 минут



Топтық жұмыс
Оқылымалды тапсырмасы топқа бесік туралы пікірлер таратылып, астарлы мағынасын табуға жұмыстандыру.
1-топ. Ел болам десең, бесігіңді түзе! Мұхтар Әуезов
2-топ. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ғылым үйрену мұсылманға парыз» (Хадис)
3- топ. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?»
Оқылым тапсырмасы
Топтарға ғаламтор желісінен алынған мәтін таратылады. Мәтінді оқып, топпен талдап, маңызды 3 маңызды ақпаратты анықтайды.
1-топ.
Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады.
Баланың жылаған дауысына қарай өздігінен тербелетін, 12 вольттық батарейкамен-ақ қозғала беретін бесік ойлап тапқан астаналық жас өнертапқыш көпшілік жас қазақ отбасыларының мұқтаждығын дөп басқандай.
23 жастағы Серікбол Шәймардан – Қытайдың Алтай өлкесінің тумасы. Қазақстанға 2007 жылы көшіп келген. Орта мектепті Өскемен қаласында бітіріп, 2009 жылы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түседі. Қазір осы оқу орнында магистратурада оқиды. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Өзінің айтуынша, Қытайда оқып жүргенде физикадан мектепаралық өнертапқыштар жарысы өтіп, жасап апарған бесігінің алғашқы нұсқасы үшін жүлделі орын алады.


2- топ.
«Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 сантиметр болатын, стандарт бесіктің сыртына кигізілетін қалып немесе бесікті орнататын жиналмалы тұғыр. Қалыпқа арнайы Қытайда тапсырыспен жасалған қондырғы қойылады. Ал бесіктің өзіне магнит орналастырылады. Соның арқасында бесік 5 режим бойынша ақырын я жылдам тербеледі. Тербетілу уақытын 90 минутқа дейін созуға болады» деп сипаттады ол құрылғысын Азаттық тілшісіне.
Серікболдың бесігінде баланың күйінен хабар беретін бірнеше құрылғы бар екені байқалады. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жөргектің ылғалдығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбысты ескерту айтылады. Бесік тербетілгенде қондырғыға енгізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады.



3- топ.
«Smart Бесік ата-анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы болса деймін. Алдағы уақытта қондырғы жадындағы «Бесік жырларының» санын арттыруды ойлап жүрмін. Ол үшін бірнеше әншінің келісімін алдым» дейді өнертапқыш.
Серікболдың айтуынша, қазірдің өзінде Smart Бесікке жер-жерден тапсырыстар түсіп жатыр. «Smart Бесік» жобасына ат қоюға көмектескен және тұтынушы ретінде қызығушылық танытқандардың бірі – ақтаулық блогер Тимур Бектұр.
«Өзім IT маман ретінде жаңашылдық атаулыға қатты қызығамын. Серікболдың Smart Бесік құрастырып жатқанын білемін. Оның үстіне, бесікке жататын 5 айлық балам бар. Осы бесікке баламды жатқызып сынап көрсем деймін. Егер балам жатқысы келмесе, онысын айтармыз. Менің ойым – жаңашылдықты қолданып көру» - дейді блогер.
Серікбол Қытайда өнертапқыш ретінде Smart Бесікке қатысты авторлық құқығын бекітетін патент алған. Енді осындай куәлікті алу үшін Қазақстанның әділет министрлігіне құжаттарын өткізіп қойған.
Өнертапқыш болашақта Smart Бесік-1 және Smart Бесік-2 деген атаумен жобасын жетілдіре бергісі келетінін жеткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет