Ашық сабақ. Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі
Сабақтың білімділік мақсаты: Сөз таптары тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау. Етістіктің жекеше және көпше жіктелуі туралы түсінік беру . Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін бекіту. Сөздік қорын молайту.
Дамытушылығы: Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық тапсырмалар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау, жаттай білу қабілетін жетілдіру. Оқушылардың бір-бірін бағалауын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,, адамгершілік қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі табиғатты сүюге ынталандыру.
Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы)
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, өзін-өзінтану пәні
Сабақтың көрнекілігі:
а) «Сыйқырлы текше» тапсырмалары ( слайдта көрсетілген.)
ә) «Құндыз- бағалы аң» тақырыбындағы ғаламтор материалы
б) Әр оқушыға арналған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру ( өзін таныстыру, сабақтың мақсатын айту)
2. Қызығушылығын ояту ( текше туралы білетіндерін естеріне түсіру)
(Математика пәнімен байланыстыру)
- Мынау қандай фигура?
- Текше (куб)
- Оның неше жағы бар?
3. Өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру
«Сыйқырлы текше» бойынша (баладағы бар ақпаратты алу)
Слайд №1 ( текшенің І жағының тапсырмасы)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
- Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.
- Етістік неше жақта жіктеледі?
- Етістік үш жақта жіктеледі.
-Жіктік жалғаулы етістіктер қандай сөйлем мүшесі болады?
- Баяндауыш
Қорытындылау
ІІІ Жаңа сабақ. ( күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу)
Слайд №2 (текшенгің ІІ жағы)
13-жаттығудың (ауызша)
Мақсаты:
а) етістікті табу
ә) қай жақта тұрғанын айту
б) 1-ші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру ( жекеше, көпше түрде жіктелетіндігін айту)
д) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі
Айтылуына қарай қандай сөйлемдер?
а) сөйлем мүшелеріне талдату арқылы жай сөйлем, жалаң сөйлем екеніне көз жеткізу
ә ) жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратын дығын ескерту
б) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі
Слайд № 3 (Текшенің үшінші жағы)
14-жаттығу Дәптермен жұмыс Жаңылтпашты жатқа жазу
( жазу каллиграфиясына көңіл бөлу, есте сақтау қабілетін жетілдіру)
Үш егізбіз, үш егізбіз,
Асты бірге ішеміз біз.
Тапсырмасы: жіктелген етістікті табу, астын сызу, етістікті сөз құрамына талдау, ішеміз-көпше түрде 3-жақта жіктелген, егізбіз - 3 -ші жақта жіктелген зат есімдер
Егіз дегеніміз не? Үш егізді тағы қалай атауға болады?
( туыстық қарым- қатынас туралы, адамгершілік туралы мағұлматтар беру)
Сергіту сәті: Отбасы мүшелері бір- бірінің қимыл-қозғалысынан, бет әлпетіндегі ым- жымынан еркін түсініседі. Олай болса ,
« Пантамимикалық » ойын ( оқушының зеректігін жетілдіру)
Ойынның шарты: (әр қатардан 1 оқушы шығып бетшеге жазылған тапсырманы іштей оқып, оны қимымен көрсетеді, қалған оқушылар қимылды мұқият қайталап, кімнің?ненің? қимылы екенін тауып айтады.)
Құс аспандап ұшты. Бала доп ойнады. Жүргізуші көлікті жүргізді.
Слайд № 4 (Текшенің ІҮ жағы)
15-жаттығу (ауызша)
Мақсаты: Берілген сөздерге сөйлем құрау, жіктік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметін атқаратындығына көз жеткізу.
Тазалаймын, үйренесің, біледі.
Слайд № 5 (Текшенің Ү жағы )
16-жаттығу Әр бағандарды салыстыру ( ВЕНН диаграммасы)
1-ші жақта жіктелген етістіктер: 2-жақта жіктелген етістіктер:
Етістіктің жіктелуі
(оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту)
17- жаттығу Мәтінді түсініп оқу.Ат қою. Мәтін туралы білімдерін толықтыру. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу.
Дүниетану пәнімен байланыстыру
Грамматикалық талдау (Мәтіндегі 1-ші сөйлемді сөз құрамына талдау)
Құндыз-ақылды жануар.
Теориялық білінің маңыздылығы (Ғаламтор материалдары)
«Құндыз – бағалы аң» (қоршаған орта мен табиғатты сүюге тәрбиелеу)
Слайд № 6 (Текшенің ҮІ жағы) Жинақтау әдісі.
Семантикалық карта
Тапсырманың түрі
|
Даладан
|
Жүрдің
|
Оқушымын
|
Зат есімнің септелуі
|
|
|
|
Зат есімнің жіктелуі
|
|
|
|
Етістіктің жіктелуі
|
|
|
|
( Бірін-бірін бағалау әдісі арқылы жауаптарды тексеру)
4.Қорыту
5.Бағалау («Жүректен жүрекке» тәсілі бойынша оқушыларды тілек жазылған текшелер беру арқылы бағалап,оқушылардың болашақтарына жақсы ғұмыр тілеу)
Өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру
6.Үйге тапсырма беру
Достарыңызбен бөлісу: |