Мухсинова А.М., Закен Қ.Б.,
«№23 ЖББОМ» КММ
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы
Қазақтың ұлттық киімдері мен ою-өрнектері
интеграцияланған ашық сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі, көркем еңбек
СЫНЫП: 5 «Ә»
|
Cабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Тақырып маңыздылығын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап беру.
Қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.
|
Cабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Қазақтың ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер туындыларының ерекшеліктерін түсінеді.
|
Кейбір оқушылар:
|
Қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық ою-өрнектері туралы өз пікірлерін білдіреді.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: ою-өрнек, композиция, ұлттық киімдер: тымақ, сәукеле, жақы, шекпен, күпі, жарғақ, етік, симметрия, ою-өрнектің түрлері, зооморфты, космогониялық, геометриялық, өсімдіктектес.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Қандай ұлттық киімдер ұнайды?
Қазақтың ұлттық киімдері несімен ерекшеленеді?
Сіз болашақта дизайнер болсаңыз қандай киім үлгісін жасар едіңіз?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Киім атауларын, оның ішінде, әйелдер мен ерлер киімдерін, ою-өрнектің түрлерін топтастырады, түсіндіреді.
|
Құндылықтар
|
Ұлттық мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа құрметпен қарауға және сыйлай білуге үйрету.
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, көркем еңбек, ағылшын тілі
|
жоспар
|
жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар)
|
РЕСУРСТАР
|
Басы
2 минут
|
Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Қолдарымен қимыл жасау арқылы көрсетіп хормен айтады:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау- менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Топтастыру. Ұлттық оюдың суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді: «Аққу» оюы, «Қошқар мүйіз» оюы, «Құс қанаты» оюы.
|
Қима қағаздардағы оюдың түрлі түсті суреттері
|
5 минут
Ой қозғау
5 минут
|
Үй тапсырмасына шолу (қазақ тілі)
Оқылым мәтіні бойынша қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлеметтер айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |