- Ал сіздер қаншалықты жануарларды жақсы білесіздер? (5-6 жұмбақ шешу)
Сабақтың тақырыбын болжау.
Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
https://www.youtube.com/watch?v=ToueETPS7ns (2 мин 30 сек) http://balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/53
Сабақтың ортасы
35 минут
Мағынаны тану
Тыңдалымалды тапсырмасы:
Берілген жануарлардың, аңдардың, құстардың төлдерінің суреттері, тірек сөздер бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасату.
Топтасу. Ортаға үш оқушы шығады. Тілімше қағаз суыру арқылы топ аты анықталады. (Мысалы: «Қонжық», «Бота», «Мөлдір»). Олар кезекпен бір-бірден өз тобына «төл» жинайды.
Топтық жұмыс.Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмалары таратылады.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы
Тапсырма. Суреттерде берілген жануарлар мен аңдар, құстар туралы зерттеу кестесін толтырыңыздар. Берілген тірек сөздерді пайдаланыңыздар: үй жануарлары, түз тағысы, жыртқыш, төл атаулары - абылай, алан, бөлтірік, марғау, көгілдір, баршын, құралай, еңлік.
Бағалау критерийі:
Сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолданады.
«2 жұлдыз, 1 тілек» стратегиясы арқылы топ арасында бағалау.
Тыңдалым тапсырмасы
«Жануарлар мен аңдардың төл атаулары» видеомәтінін тыңдай отырып, зерттеу кестесіне өзгеріс енгізіңіздер. Жұмыс барысында екі түсті қалам қолданыңыздар.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Құстардың біріне төлқұжат дайындаңыздар. Таңдаған аң мен жануарға немесе құсқа ат қойып, шағын сипаттама беріңіздер.
Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Бөлтірікті анасы мен атасы кішкене кезінен өз тамағын тауып жеуге баулиды. Түрі көкшулан, көзі сұр түсті болады.
Грамматикалық тапсырмаға келесі жұмыс ұсынылады:
1. Тыңдалымнан кейінгі тапсырмаға сүйеніп, зат есімнің мағыналық түрлері және олардың жалғаулар арқылы түрленуіне түсінік беріңіздер. /тірек кестелерді қолдану арқылы/
2. Тыңдалған мәтіннен заттардың атауы болатын зат есім сөздерді табыңыздар.
3. Заттарды жаппай атаудан бөліп, жеке атаулармен атаңыздар.
4. Әр төлге бір есім беріп, осыдан жалқы есім туралы ереже қорытып шығарыңыздар.
Жазылым тапсырмасы (жеке жұмыс)
Жануарлардың төлдеріне ат беріп, «Менің құралайым» немесе «Бөлтірік пен Аланның достығы» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып жазыңыз.
АКТ-мен байланыс: интерактивтік тақтадан таныстырылым, бейнематериал, кесте
Құндылықтармен байланыс: қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық көрсету.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?