Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Алматы қаласы хбб назарбаев Зияткерлік мектебі



Дата11.04.2023
өлшемі217,22 Kb.
#174144
түріСабақ
Байланысты:
9Т2 2-апта 3-4-сабақ, 9 Т2 БАҚ-тың жастарға әсері
21.1 diffraction interference-cie ial physics-qp theory, Документ Microsoft Word (2), Документ Microsoft Word (2), белсенді және пассивті тасымалдаудың мағынасын сипаттау, описание энергий цели Души низ матрицы, ҚБ, Қосымша 1, дидактикалық материалдар 1-2 сабақ 9 сынып Улы металдар 4 апта 2020-2021 оқу жылы, Документ, 8c 5 2-3 2022, 2022 10 22 17 54 Office Lens, СОР 2 (1), 2.02.2022 10с, реферат

Бекітемін: ӘБ жетекшісі Искакова Р.А.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Алматы қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: .04.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Курбанбаева Ш.Б.

КДМ

Оқылым мәтініндегі мәліметтер арқылы оқушылардың қорытынды шығару дағдысын дамыту

Сынып: 9Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Жастар және БАҚ



Сабақтың тақырыбы

БАҚ-тың жастарға әсері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.О1. Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау.
Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау.
Эссе құрылымы ен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсіну;

  • Перифраз түрінде сұрақ құрастыру;

  • Сұраққа толық жауап беру;

  • Тақырыпқа сай қажетті мәліметті анықтау;

  • Эссе құрылымын біледі;

  • Тақырыпқа сай жаза алу;

  • Мәселенің шешу жолын көрсете алу




Дифференциация

Топтық саралау
Тапсырма бойынша саралау

Құндылықтар

 Білім;
 Ынтымақтастық;
 Жауапкершілік;
 Сыйласымдық;
 Ұлы тұлғаларға құрмет

Пәнаралық байланыс

Өнер, журналистика, қоғам, баспасөз қызметі

Тілдік мақсаттар

Құлшыныс, еңбек, мәңгілік ел, «Серпін-2050», жастар



Осыған дейін меңгерілген білім

Қазіргі жастар философиясы

Дереккөздер:  https://e-history.kz/kz/contents/view/1840

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс
іс-әрекеттер

Қосымша тапсырма, ескертпе

Сабақтың басы
5 минут

Кіріспе.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Үй тапсырмасын қайталау.
Қызығушылықты ояту:
Жастар туралы сөздермен 3 топқа бөлу
Сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.



Топтық саралау



Сабақтың ортасы
10 минут

15 минут
5 минут


5 минут

5 минут
20 минут


10 минут


Оқылымалды тапсырма:



Дескриптор

  • Сөзлің синонимін табады;

  • Сөйлемдерге перифраз жасай алады

Сөздікпен жұмыс
Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып көрсетіңіз
Күйзеліс-
Жаулап алу-
Күш-қайрат –
Белгісі –
Тыйым –
Теледидар –
Өтірік -
Қалыптастырушы бағалау
Оқылым тапсырмасы
Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді

  • Тақырыпқа сай қажетті мәліметті анықтай алады

  • Перифраз түрінде сұрақ құрастырады

  • Сұраққа толық жауап береді

Мәтінмен танысып, мәліметтерді анықтап, 4 сұрақ құрастырыңыз. Өз топтарыңызға берілген сұраққа жауап беріп, қорытынды ой шығарыңыздар.


Мәліметтер/ақпарат/

Сұрақ

Сұраққа жауап

Қорытынды ой


























Оқылымнан кейінгі тапсырма
Венн диаграммасы арқылы БАҚ-тың адам өміріндегі пайдалы және зиянды жақтарын салыстырып жазу


Пайдалы Зиян

Жазылымалды тапсырма



Жазылым тапсырмасы
Қалыптастырушы бағалау
Дескриптор:

  • Эссе құрылымын сақтайды;

  • Тақырыпқа сай жаза алады;

  • Мәселенің шешу жолын көрсете алады

  • Сөз санын сақтайды

Оқушылар оқылым материалын негізге ала отырып, «Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмаудың қандай амалдары бар?» тақырыбында кемі 2 ұсыныс көрсетілген, құрылымы сақталған 150-200 сөздік эссе жазады.


Жазылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылардың жазған эссесін оқытып, бөлісу, тыңдау, бірлесіп бағалау


Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия
Мен түсіндім.......
Мен түсінбедім..........

8 – әрекет.Бағалау
9 – әрекет.Үй тапсырмасы:
Қазақстандық телеарналар мен радио туралы мәліметтер жинап келу

Таратпа, слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация:
Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары, орта, төмен оқушыларға қандай тапсырма бердіңіз?



Бағалау: Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Құндылықтар қалай жүзеге асты?

Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асты ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Пәнаралық байланыс:



Сабақты бірге жоспарлау тиімді болды ма?

БАҚ-тың жастарға әсері


Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улап та жататыны бар. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар.
Бүгінде БАҚ адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат уақытын БАҚ-пен байланысқа (теледидар, газет, журнал, ғаламтор) арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиасыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. БАҚ-пен тығыз байланыстың болуын біржақты жақсы деп қабылдауға болмайды. Оның оң әрі теріс жақтары да бар.
Жастарға әсеріне байланысты Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді. Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды, «геройлары» қуанса қуанып, мұңайса мұңайып жүреді. Зерттеулер нәтижесінде анықталғанындай, күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен «сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да мойындағысы келмейді. «Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың депрессияға ұшырауы, тұйықталуы – осының нышаны.
БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды саналатын бағдарламаларға тосқауыл қою керек. Ондай мысалдарды дамыған елдердің тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың дамуына кері әсерін тигізетін хабарлар қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар жеткіншектердің тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру тікелей мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет