Сабақ: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел»



Дата29.01.2017
өлшемі13,99 Kb.
#8247
түріСабақ

Қазақ тілінен панорамлық сабақ: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел »

  • Ақсай қаласының ЖББ №3 мектебінің қазақ тілі мұғалімі Жумаева А. С.
  • Мақсаттары
  • 1
  • Мұғалімнің
  • Жұмысы
  • 5
  • Сабақтың
  • Жоспары
  • 8
  • Сабақтың
  • барысы
  • Сабақтың
  • Ережелері
  • 7
  • Оқушысың
  • Жұмысы
  • 6
  • Пәнаралық
  • Байланыс
  • 4
  • Әдістері
  • 3
  • Формалары
  • 2
  • Модуль №8
  • III – Модуль
  • Қазақстан Республикасы –
  • Тәуелсіз.
  • 5 – сабақ.
  • Менің елім – менің жерім
  • Шығу

Етістіктің жасалуы

  • 1 сабақ Менің Қазақстаным.
  • 2 сабақ Қазақстан Республикасының рәміздері.
  • 3 сабақ Қазақстан жетістіктері.
  • 4 сабақ Тәуелсіз Қазақстан.
  • 5 сабақ Менің елім – менің жерім.
  • 6 сабақ Нәтиже сабақ.

Пәнаралық байланыс

  • География;
  • Әдебиет;
  • Қазақстан тарихи;
  • Ән күй.

Сабақтың ережелері

  • Шығарма жаза білу.
  • Мәтін тыңдау.
  • Топпен жұмысты.

Формалары

  • Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
  • Оқытудың формалары: жеке, топпен, жұппен жұмыс.
  • Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, теледидар, электронды бейнематериалдар
  • Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, ән-күй.

Әдістері

  • Сабақтың әдістері: ынталандыру әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәтінмен, көрнекілікпен жұмыс.

Сабақтағы мұғалімнің жұмысы:

  • Қазақстан туралы эпиграфтің , мәтіннің мазмұнымен таныстыру.
  • Үлестірмелі карточкалар дайындау.
  • Тақтаға сабақтың жүйесін жасау.
  • Топпен жұмыс істеуді бағыттау.
  • Мәтінді түсініп, өз ойларын айтып беруге бағыттап отыру.
  • Сабақтың мақсатына жетуге тырысу.

Сабақтағы оқушылардың жұмысы:

  • Эссе жазу.
  • Мұғалімді ұқыпты тыңдау.
  • Өткенді қайталау.
  • Оқулықпен жұмыс істей білу.
  • Топпен жұмыс істей білу.
  • Өз көзқарастарын айта білу.
  • Тұжырым жасай білу.

Сабақтың жоспары

  • I. Қызығушылығын ояту.
  • II. Мағынаны тану.
  • III. Толғаныс.

Сабақтың барысы

  • I. Балалардың қызығушылығын ояту.
  • « Астана – жас қала» сахат-эссе шығарма.
  • Ақмола облысы Республикамыздың орталық бөлігінде орналасқан. Ол 1937 жылы Ақмола жерінің аумағы 121,7 шаршы километр. Ірі өзені – Есіл. Көптеген көлдері бар, оның 94-і тұшы. Ұлан-байтақ , кең даласында астық өндіріледі. 1998 жылдан бастап Ақмоланың облыс орталығы Республикамыздың астанасы болды.
  • 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. Ол киелі Сарыарқа даласының Есіл бойында орналасқан. Астана өсіп, өркендеп келе жатқан жас қала. Астанада қысы-жазы әдемі болып Республика даңғылы созылып жатыр. Алтын Орда, жастар сарайы, ислам орталығы, «Думан» ойын-сауық орталықтарына барып демалуға болады.Астана—бүкіл әлемді таңғалдырған жас қала. Егеменді елімнің осындай астанасын мақтан етемін.
  • Сабақтың барысында таблицаны толтырып тұрамыз.
  • Не білемін
  • Не білдім
  • Не білгім келеді

Сабақтың барысы

  • II Мағынаны тану
  • Оқулықтағы сызбалар бойынша жұмыс
  • 1 топ:
  • 1. Қазақстан туралы мәтін құрастырыңдар.
  • тәуелсіз
  • а) Қазақстан егеменді мемлекет.
  • еркін
  • мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
  • б) Қазақстанның тұңғыш президенті (Н.Ә.Назарбаев)
  • рәміздері (ту,елтаңба, әнұран)
  • 2 топ:
  • Қазақстан (тәуелсіздікті) 1991 жылдың 16 желтоқсанында алды.
  • Қазақстан (елбасы) 1991 жылдың 1 желтоқсанында сайланды.
  • Қазақстан (рәміздері) 1992 жылы Жоғарғы кеңеспен қабылданды.
  • Қазақстан (Ата заңы) 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Сабақтың барысы

  • Тәуелсіз Қазақстан.
  • Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
  • Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
  • Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
  • 1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтереді.
  • Туған жерімізде талай- талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату- тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.
  • Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
  • Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тындап жүрміз.

Сабақтың барысы

  • Жұппен жұмыс : Қазақстанның презентациясын жаса.
  • Слайд: Егеменді Қазақстан мемлекеті ( сурет)
  • Слайд: Көп ұлтты мемлекет. Мемлекеттік тілі- қазақ тілі, ресми тілі- орыс тілі. Халықаралық тілі- ағылшын тілі.
  • Слайд: Қазақстанның жер көлемі 2724,9 –ның шаршы км. 16 млн. халқы бар.
  • Слайд: Қаз- ның 186 қаласы, 14 облысы бар.
  • Слайд: Қазақстан Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түркменстанмен, Қытаймен шекаралас.
  • Қай жұптың презентациясы жақсы?

Сабақтың барысы

  • Халқы көп. Табиғаты қатты, өзендері көп, көлдері көп.Жас қала
  • Жас қала
  • Топпен жұмыс .
  • ІІІ Толғаныс :« Эйллер Венна» шеңберлерін құру.
  • Халқы аз. Табиғаты жұмсақ, өзені аз, көлдері жоқ.
  • 1 - топ
  • Астана
  • 2 - топ
  • Аксай

Сабақтың барысы

  • Қортындылау . Тест сұрақтары.
  • 1. Қазақстан астанасы қандай қала?
  • а) Ақмола
  • ә) Қызылорда
  • б) Астана
  • 2. Қазақстанда неше облыс бар?
  • а) 15
  • ә) 7
  • б) 14
  • 3. Қазақстанның мемлекеттік тілі?
  • а) орыс тілі
  • ә) қазақ тілі
  • б) ағылшын тілі

Сабақтың барысы

  • Қортындылау . Тест сұрақтары.
  • 4. Қазақстанның рәміздері
  • а) тіл, астана
  • ә) халық, қала
  • б) әнұран, ту, елтаңба
  • 5. Қазақстанның президенті қашан сайланды?
  • а) 1994 ж
  • ә) 1989 ж
  • б) 1991 ж
  • 6. Қазақстанның рәміздерінде қандай түстер бар?
  • а) ақ, қызыл
  • ә) жасыл, көк
  • б) сары, көк

Сабақтың барысы

  • Қортындылау . Тест сұрақтары.
  • 7. Қазақстанның алғашқы ғарышкері
  • а) Т. Мұсабаев
  • ә) Т.Әубәкіров
  • б) М. Сарсенов
  • 8. Ата заң күні
  • а) 25 тамыз
  • ә) 21 қыркүйек
  • б) 30 тамыз
  • 9 . Қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқан жылы
  • а) 1989 ж
  • ә) 1991 ж
  • б) 2000 ж

Сабақтың барысы

  • Қортындылау . Тест сұрақтары.
  • 10. Қ Р –ның тәуелсіздік күні
  • а) 25 қазан
  • ә) 30 тамыз
  • б) 16 желтоқсан

Сабақтың барысы

  • Бағалау
  • Үй тапсырмасы « Қазақстанның болашағы » атты шығарма жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет