Азық түлік дүкені (Grocery Store)
Сөздік (Vocabulary)
жатақхананң қасында – near a hostel
нан – bread
айран – kefir
ірімшік – cottage cheese
ет – meat
күріш – rice
картоп – potato
алма – apple
сиыр – cow
жылқы – horse
тауық – hen
ет жеме(у) – to not eat meat
азық-түлік бағасы – prices for food
дүкеннің сатушылары – sellers
қазақша – in Kazakh
бірақ – but
|
азық-түлік дүкені – grocery
сүт – milk
қант – sugar
макарон – macaroni
жұмыртқа – egg
шұжық – sausage
балық – fish
сәбіз – carrot
қой – sheep
шошқа – pig
сатып ал – to buy
көп пайдалан(у) – to use for a long time
онша қымбат емес – not so high
қызмет көрсет(у) – to serve
қазақша сұраймыз – ask in Kazakh
әзірше – as long as
|
Біздің жатақхананың қасында азық-түлік дүкені бар. Біз дүкеннен нан, сүт, айран, ірімшік, ет, жұмыртқа, қант, күріш, макарон, шұжық, балық, картоп, сәбіз, алма сатып аламыз. Үндістаннан келген студенттердің көпшілігі ет жемейді. Олар тауық етін сатып алады. Дүкенде сиыр, қой, жылқы және шошқа еттері сатылады. Қазақстандықтар етті көп пайдаланады.
Біздің дүкендегі азық-түлік бағасы онша қымбат емес. Дүкеннің сатушылары бізге жақсы қызмет көрсетеді. Біз дүкенде сатушылармен қазақша сөйлесеміз. Біз олардан азық-түліктердің бағасын қазақша сұраймыз. Олар бізге қазақша жауап береді. Біз олардың айтқандарын түсінеміз, бірақ әзірше қазақша өте жақсы сөйлей алмаймыз (We understand their speech, but we speak Kazakh not so well).
Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер (Answer the questions on the text)
Азық-түлік дүкені қай жерде?
Сендер дүкеннен не сатып аласыңдар?
Қай елден келген студенттер ет жемейді? (What country students don’t eat meat?)
Қазақстандықтар нені көп пайдаланады? (What is mostly used in Kazakhstan?)
Сендердің дүкендеріңдегі азық-түлік бағасы қандай? (What are the prices in your shop?)
Сендерге сатушылар қалай қызмет көрсетеді?
Сендер сатушылармен қай тілде сөйлесесіңдер? (What language do you speak with the sellers?)
Сендер қазақша жақсы сөйлейсіңдер ме?
Достарыңызбен бөлісу: |