Сабақ. Азық түлік дүкені (Grocery store) -тапсырма. Find the answers to the questions in the nd column



бет3/3
Дата21.05.2020
өлшемі22,78 Kb.
#70343
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11-апта Азық-түлік дүкені
10 lession kazak, 24 сабак, 3-4 lesson, 3-4 lesson, 3-4 lesson
4-тапсырма. Translate this dialogue into English (Диалогты ағылшын тіліне аударыңыздар).

  • Сәлеметсіз бе.

  • Сәлеметсіз бе.

  • Сіздерде тауық еті бар ма? (Is there chicken in your store?)

  • Иә, бар.

  • Тауық еті қанша тұрады? (Тауық етінің бағасы қанша?) (What is the price of chiken?)

  • Жеті жүз елу теңге.

  • Маған бір тауық беріңізші.

  • Мың екі жүз теңге болды.

  • Жақсы. Ақшасын алыңыз.

  • Рахмет. Сау болыңыз.

  • Сау болыңыз.


5-тапсырма. Find the answers to the questions in the 2nd column (Екінші бағаннан бірінші бағандағы сұрақтардың жауабын табыңыздар).

1.Азық-түлік дүкені қай жерде?

2.Сендер дүкеннен не сатып аласыңдар?

3.Сіздерде тауық еті бар ма?
4.Тауық етінің бағасы қанша?

5.Сендердің дүкендеріңдегі азық-түлік бағасы қандай?

6.Сен қой етін сатып алдың ба?
7.Сендер жылқы етін жейсіңдер ме?
8.Сүт тағамдары қай жерде сатылады?

9.Маған балық керек еді. Балық қайда сатылатынын көрсете аласыз ба?

10.Барлығы қанша болды?


1.Иә, тауық еті бар.

2. Біздің дүкендегі азық-түлік бағасы онша қымбат емес.

3.Жоқ мен қой етін емес, тауық етін сатып алдым.

4.Жоқ, біз жылқы етін жемейміз.

5.Тауық етінің бағасы жеті жүз елу теңге.

6.Барлығы мың сегіз жүз жетпіс бес теңге болды.

7.Иә, көрсете аламын. Менімен бірге жүріңіз.

8.Азық-түлік дүкені біздің жатақхананың қасында.

9.Сүт тағамдары екінші бөлімде сатылады.

10.Біз дүкеннен нан, сүт, қант сатып аламыз.




6-тапсырма. Remember these word-combinations (Мына сөз тіркестерін естеріңізге сақатаңыздар):

Нанның бағасы (price of bread), (сүттің (milk), айранның (kefir), ірімшіктің (cheese), еттің (meat), жұмыртқаның (egg), қанттың (sugar), күріштің (rice), макаронның (macaroni), шұжықтың (sausage), балықтың (fish), картоптың (potato), сәбіздің (carrot), алманың (apple) бағасы, сиыр етінің бағасы, (қой етінің, жылқы етінің, тауық етінің бағасы (of beaf, mutton, chicken, horse meat).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет