Сабақ «Қазіргі заманғы сәндік өнер. Қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері»



бет1/5
Дата05.06.2017
өлшемі0,5 Mb.
#17588
түріСабақ
  1   2   3   4   5
КММ «Күншалған орта мектебі»

Ашық сабақ

«Қазіргі заманғы сәндік өнер.

Қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері»

6 «А» сынып

Өткізген: Хамитова А.К.

2016-17 оқу жылы

Күні: 03.03.2017 ж.

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Қазіргі заманғы сәндік өнер. Қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері.

Мақсаты: Жаңа сәндік қолданбалы өнер түрімен таныстыру.
• Оқушыларға батик өнерінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;
• Оқушыларды мата бетіне сурет салу техникасымен таныстыру, үйрету және тәжірибеде пайдалана білу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
• Мата үстіне сурет салу кезінде құрал - жабдықтарды қолдануын үйрету;
• «суық» батик тәсілінің әдістері, принциптері техникалық тәсілдерді меңгеру;
Дамытушылық:
• Шығармашылық қабілеттерді: ырғақ, түс, сезімді дамыту;
Тәрбиелік:
• Шеберлер өнеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас, шығармашылық сабақ.
Әдіс - тәсілдері:
Баяндау, сұрақ - жауап, тәжірибелік.

Пәнаралық байланыс:
Тарих, технология.
Ресурстар: түрлі бояулар (акварель, гуашь, акрил, майлы бояу, батик), әуендер, интербелсенді тақта, презентация, балауыз, керілген мата. Стикерлер, маркер, ватман.

Сабақтың барысы.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа сабақ.

4. Топтық жұмыс. Постер құру, қорғау.

5. Сергіту сәті

6. Практикалық жұмыс

7. Бекіту

8. Рефлексия


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық «сыммен сурет салу».



Оқушылардың фантазияларын дамыту үшін мұғалім сымнан әртүрлі фигураларды, мысалы, шар, зигзаг т.с.с. жасап, оқушылардан бұл фигуралар неге ұқсайтынын сұрайды.

Ал енді тақтаға назар аударайық. Видео тамашалау. (гүлдер). Балалар, видеодан не байқадық? Дұрыс, гүлдерді көрдік, яғни, біздің бүгінгі сабағымызға гүлдердің қатысы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет