Бактериялар барлық тіршілік ортасын игерген. Олар атмосферада, литосферада, гидросферада, адам, жануар және өсімдік ағзаларында кездеседі.Олардың жасушалары 0,1-10 мкм-ге дейін, өте ұсақ.Олардың әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан тұрады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы муреина нәруызынан және полисахаридтен тұрады. Оқшауланған ядросы болмағанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. ДНҚ молекуласы шектеулі кеңістікте (нуклеодта) орналасып, сақина түрінде тұйық болады. Митохондриялар, хлоропластар болмайды.
Бактерияда қор заттары – полисахаридтер,
майлар, күкірт, полифосфаттар болады.
Бактериялардың пішіндері
Коккалар
стрептококкалар
Стафилоккалар
Диплококкалар
Сарциналар
Бациллалар
Диплобациллалар
cтрептобациллалар
Оралмалар
Вибриондар
Спирохеттер
Бактериялардың түрлері
Шіріту
бактериялары
Түйнек
бактериясы
Сүтқышқылы
бактериялары
Ауру тудыратын
бактериялар
Топырақ
бактериялары
Көректену әдісі бойынша
бактериялардың түрлері
Автотрофтар - өздері көректенетін, органикалық заттарды фотосинтездейді
Гетеротрофтар – дайын органикалық заттармен көректенеді
Фотосинтетиктер – жасыл, қара қошқыл, күкірт бактериялары
Паразиттер – тырысқақ вибрионы, сіреспе таяқшасы
Хемосинтетиктер – темір бактери-ялары, күкірт бактериялары, нитрификациялаушы бактериялар
Сапрофиттер – шіріту бактериялары және ашыту бактериялары
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
БАКТЕРИЯЛАР
АЭРОБТЫ -
тыныс алғанда
оттегін пайдаланады
АНАЭРОБТЫ -
оттегі жоқ жерде
тіршілік етеді
ФАКУЛЬТАТИВТІ -
оттегі бар жерде де,
оттегі жоқ жерде де
тірішілік етеді
Бактериялар
құрылысының
сызбанұсқасы
Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын шырышты қабықпенқапталған
Бактерияларда қозғалу органоидтерінің қызметін атқаратын талшықтары мен бүрлері бар
Бактерия цитоплазмасының айналмалы ДНҚ бар
Митохондриялары мен пластидтері жоқ, арнайы жасуша түзінділері қызмет атқарады. Жарықсүйгіш (фототрофты) бактерияларда фотосинтез олардың хлорофилі бір қабықшасында жүреді
ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАР
Жіп тәрізді Oscillatoria цианобактериясы азотты жарықта анаэробты жағдайда ғана сіңіреді, ал ортада оттегі пайда болған кезде азотфиксация тоқтайды да, фотосинтез басталады.
"Сен білесің бе?"
Судағы жарық: Қара теңіз бен Балтық теңіздерінің және Солтүстік теңізінің әр жерінен кешке қарай көгілдір оттардың жарқ-жұрқ етіп сәуле шашқанын көруге болады. Бұл жарық шығарушы бактериялар.
Тұздан қорықпайтын бактериялар: Басшұнақ пен Сакс көлдерінен микробиологтар қызғылт түсті тұз тапқан. Бұл микрококк, серратия ,галлофил, салинария деп аталатын тұз сүйгіш бактериялар екен.
Антрактиданың 1г мұзынан 100 –ге дейін бактерия табылған.
1г топырақта 1 млирд-тан 20 млирд микро ағзалар бар.
сапалы сүтте 500 мыңға дейін бактериялар бар .
Терминдер
1.Микробиология- көзге көрінбейтін ұсақ ағзалардың құрлысын, қасиетін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым
2.Цианобактериялар – бактериялардың фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті өкілдері.