Әлемге белгілі патшалар мен саясатшылар: Александр Македонский, Юлий Цезарь, Ұлы Карл, Наполен Банопарт, Петр І, Жанна д׳Арк, Виктория патшайым, Елизавета патшайым, Ханзада Уильям, Фидель Кастро, Гарри Трумен, Уинстон Черчилль, Ганди, Жеймс Коллаген, Горацио Нельсон, сондай-ақ, Американың үш президенті Рональд Рейган, Джордж Буш (үлкені), Билл Клинтон;
Ғалым, философтар: Исаак Ньютон, Чарлз Дарвин, Иван Павлов, Альберт Эйнштейн, Герман Гольмгольц, Аристотель, Ницще Фридрих;
Әлемнің ең бай адамдары: Билл Гейс, Николь Кидман, Генри Форд, Жон Рокфеллер.
Суретшілер мен спортшылар: Микеланджело Буанаротти, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Рубенс, Пикассо, Жон Макинрой, Пит Сампрас, Моника Селеш, Мартина Навратилова, Диего Марадона;
Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиев, сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш спорт журналшысы болған Сейдахмет Бердіқұлов, танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова тағы басқалар.
2.Тері, қимыл, иіс пен дәм сезу және вестибулярлық сенсорлық жүйелердің қызметтерінің оқушылардағы ерекшеліктері.
1-сурет.Мұрынның құрылысы.
1– миға баратын иіс сезу жүйкесі; 2 – иіс сезу баданасы; 3 – жүйке талшықтары; 4 – мұрын қуысы (кеңсірік); 5– мұрын қалқандары (раковины)
Иіс сезу – заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа (15–20 мкм) өсінділер мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі кілегейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10–12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының кілегейлі қабығының беткі жағында болады.
Бұл молекулалар мұрынның кілегейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысында болатын мидың иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.
Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.
2-сурет. Тілдің құрылысы
1.Көмекей қақпақшасы (бөбешігі) 2.Тіл бадамша без (миндалина) 3.Тәтті 4.Ащы 5.Қышқыл 6.Тұзды
Дәм сезу ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің кілегейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40–50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.
Сипап сезу арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды. Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында, алақан мен саусақ ұшында болады. Тері арқылы суықты, жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты ұстап саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы қозу миға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |