Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Түрі: танымдық ойын
Мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар,слайдтар
Сабақ барысы:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.
Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. Дода (сұрақтарға жауап беру)
3. Білімді мыңды жығады... (мәтін аудару)
4. Кім жылдам? (берілген сөздерден 3 сөйлем құрастыру)
5. Мәнерлеп оқу (кез келген тақырыпта өлең оқу)
6. Капитандар сайысы (өз отбасы туралы айту)
7. Кім тапқыр? (1 сөзден 5 сөз табу)
8. ПАЗЛ құрастыру (кесілген суреттерден жыл мезгілінің суретін тауып айту)
9. «Өнерпаз болсаң ...» әр сыныптан бір музыкалық номер көрсету
Әр сайысқа 10 ұпайдан және капитандар сайысына да 10 ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай – 10, ең төменгі ұпай – 2.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп, сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Директордың оқу ісі жөнінде орынбасары - Бужукова Роза Русланқызы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Байжанисова Әлия Абдықасқызы
Бектасова Корлан Мәжітқызы
І кезең. Таныстыру
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
1-топ 2-топ 3-топ
ІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
1-топқа.
Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
Қыста не жауады? (қар)
ҚР-ның мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)
Қазір қай ай? (қаңтар)
Бір аптада неше күн бар? (7)
Күздің бірінші айы (қыркүйек)
Алматы қала ма? (иә,қала)
«Әпке» сөзінің аудармасы (сестра)
2-топқа.
Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
Бір айда неше күн бар? (30-31)
Біздің мектептің аты? (Вихрев)
Қыс айларын атаңдар (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Сағаттың ұзын тілі нені көрсетеді? (минутты)
Астана өзен бе? (жоқ, Астана қала)
«День рождение» сөз тіркесінің аудармасы (туған күн)
Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)
Жазда қар жауа ма? (жоқ)
Бір аптада неше күн бар? (7)
3-топқа
«Ә» дауысты дыбыс па? (ия)
ҚР-ның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
Алма тәтті ме? (ия)
Бүгін қай күн? (сәрсенбі)
Күздің бірінші айы (қыркүйек)
Қыста не жауады? (қар)
«Мектеп» сөзінде неше буын бар? (2)
Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
«ата» сөзінің айдармасы (дедушка)
Сағаттың қысқа тілі нені көрсетеді? (сағатты)
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-деп,
3-кезеңді бастайық. Бұл кезеңде әр топқа қазақ тілінде мәтін беріледі. Топ мүшелері сол мәтінді орыс тіліне аударуы керек. Бұл кезеңгеде мәтін дұрыс аударылса 10 ұпай қойылады.
3 «А» сыныптар музыкалық пауза
4-кезең - Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде топтар берілген сөздерден 3 сөйлем құрастырады.
1-топқа.
Бөлмемде, бар, терезе, үлкен, менің.
Қысқа, көрсетеді, сағаттың, сағатты, тілі.
Үлкен, қала, әдемі, Астана.
2-топқа.
Кең, қонақ, және, бөлмесі, жарық.
Сағат, тұрамын, мен, жетіде.
Жері, Қазақстан, үлкен, Республикасының.
3-топқа.
Ілулі тұр, қабырғада, кітап, сөресі.
Көрсетеді, сағаттың, ұзын, минутты, тілі.
Ұйықтаймын, сағат, онда, мен.
5-кезең-Мәнерлеп оқу. Әр топтан 1 оқушы кез келген тақырыпта өлең оқуы тиіс. Бұл кезеңды 10 ұпаймен бағалаймыз.
6-кезең- «Капитандар сайысы» деп аталады. Әр топтың капитаны өз отбасы туралы айтып беруі керек. 10 ұпаймен бағалаймыз.
3 «Б» сыныптан музыкалық пауза
7-кезең-«Кім тапқыр?» деп аталады. Бұл кезеңде топтарға 1 сөз беріледі де, ол сөзден 5 сөз тауып айтуы керек. Әрбір дұрыс сөзге 2 ұпайдан беріледі.
1-топқа – Құттықтаймыз.
2-топқа – Тазалық
3-топқа - Желтоқсан
8-кезең - ПАЗЛ құрастыру . Бұл кезеңде топтар кесілген суреттерден жыл мезгілінің суретін тауып айтады.
3 «В» сыныптан музыкалық пауза
-«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
Топтарды марапаттау.
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.
Сау болыңыздар!
Вихрев П.Б. атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Қазақшаңыз қалай?»
Дайындаған:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Мансурова Надира Марипжанқызы
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |