1) Картамен жұмыс. Оқушылар физикалық картадан орманды дала, дала зоналарының шекарасын көрсетіп, олардың алып жатқан аумағы жөнінде мәлімет беруі керек.
2) Географиялық диктант. Бұл бөлімде интерактивті тақтада орманды дала және дала зоналарына қатысты мәліметтер, суреттер, жануарлар мен өсімдіктер көрсетіледі. Оқушылар олардың қай зонаға жататынын анықтау керек.
3) Кестемен жұмыс. Орманды дала және дала зоналары туралы мәлімет беретін кестені оқушылар ауызша толтырады.