Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі



Дата25.01.2017
өлшемі59,4 Kb.
#8095
түріСабақ
Шығыс Қазақстан Облысы,

Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы

Қ.Билялов атындағы гимназияның

Тарих және география пәнінің мұғалімі

Мұхтарбеков Нұрлыбек Әділбекұлы

6 сынып


Тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұндар мемлекетінің қалыптасуы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының бір тармағы, ежелден өмір сүріп келе жатқан түркі тайпаларының негізін құраушы ғұндар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тарихи материалдарды оқу барысында алған білімдерін бір жүйеге келтіруге, басқа да білім құралдарынан өздеріне керектілерін тауып ала білуге дағдыландыру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін сұрақ-жауап арқылы ізденіске жетелеп сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз еліне, халқына деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке баулу. Отанға деген адалдығы мен сүйіспеншілігі, батырлығы және тапқырлығы, қаһармандығы, адамгершілігі, ержүректілігі, білімділігінен олардың әділ жақтарын қорғайтын тәрбиелігіне мән беру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, карта, схемалар, оқулық суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Баяндау, ізденіс, топқа бөлу.
Пән аралық байланыс: География, әдебиет пәндері
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Балаларды 3 топқа бөлу.

1 топ Үйсіндер, 2 топ Сақтар, 3 топ Қаңлылар.
Әр топтан оқушылар шығып берілген мемлекеттері жайлы мынандай сұрақтар бойынша айтады:

1. Тарихи жазба деректері

2. Орналасқан мекені

3. Қоғамдық құрылысы

4. Басқару ісі

5. Әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы.

6. Мәдениеті, салт-дәстүрі мен діни нанымдары
Толықтыру 1 топқа:

1. Темір дәуірі .... неше кезеңге бөлінеді?



  1. Қазақстанның оңтүстігі ... облыстан тұрады?

  2. Тасмола ескерткіштеріне ... обалар жатады?

  3. Парсылармен одақтасып Гректерге қарсы соғысқан ..... тайпасы.

  4. Тиграхауда сақтары .... мекендеді.

  5. Гректер сақтарды .... деп атаған.

7.Солтүстік және Шығыс Қазақстанды мекендеген сақтарда .... белгілер көбірек байқалған
Жауабы: 1-2, 2 - 4, 3 - мұртты, 4 - сақтар, 5 - Жетісу, 6 - Азиялық скифтер.

7-монғолоидтық

Сәйкестендіру 2 топқа


  1. Б.з.б.VІІ ғ. А) тарихшы

  2. Гиркан Ә) Үйсіндер астанасы

  3. Парадарайя Б) Сақ тайпасы

  4. Геродот В) Каспий атауы

  5. Чигучен Г) Сақ жауынгері

  6. Шырақ Д) Ежелгі Ирандықтар кітабы

7. Авеста Е) Темір дәуірінің басталуы
Жауабы:1- Е, 2- В, 3-Б, 4-А, 5-Ә, 6-Г.7-Д
Салыстыру 3топқа

  1. Аңдық стиль б.з.б.VІІІ ғ. пайда болды. Иә, Жоқ

  2. Парсылар сақтарды құдіретті еркектер деді. Иә, Жоқ

  3. Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағы 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгері болған. Иә, Жоқ

  4. Егіншілікпен Үйсіндер, Қаңлылар айналысты. Иә, Жоқ

  5. Дайлар, аргиппейлер, иседондар үйсін тайпалары. Иә, Жоқ

  6. Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысын қамтыды Иә, Жоқ

  7. Хаомо суын дайындайтын сақтар Сырдария өзені бойында өмір сүрді

Иә, Жоқ
Жауабы: 1.Жоқ, 2. Иә, 3. Иә, 4. Иә, 5. Жоқ. 6. Иә,7. Жоқ

ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру

Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Жоспар

1.Ғұндар тарихының ерте кезеңі

2.Ғұн мемлекетінің құрылымы

3. Ғұн тайпалар бірлестігі.




  1. Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі орталық Азияның кең байтақ кеңістігінен әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атауларымен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған.

Ғұндар Енисейдің жағалауында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған. Қытайды алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Ол жыл сайын көшпенділерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған.


  1. Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық, оң қанатқа бөлінген. Мемлекеттің Шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болды. Түменбасылар мыңбасылар мен жүзбасыларын сайлап бекіткен. Ғұндар 24 руға бөлініп, әр руды ақсақалдар басқарған. 24 түменбасын шаньюй тағайындаған. Олардың әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған.


Басқару аппараты.

Шаньюй (билеуші)


Түменбасы (князь)


Мыңбасы

Жүзбасы

Онбасы



  1. Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. 4 және3 ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан ордосқа дейінгі аралықты мекендеген Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Олар өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары 300 жылдан астам уақытқа созылған.

Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салады. Қорған 4000 шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезеңі – б.з.б. 2 ғасыр мен 1 ғасыр аралығында құдіретті Мөде (б.з.б.228-174 ж.ж.) билік жүргізген мезгіл. Батысында үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстік Саян-Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдың Хань әулетін жеңеді.


Қытай билеушісі Мөдемен «Тыныштық пен татулық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрады.
Б.з.б. 55 жылы ғұн одағы екіге бөлінеді. Оңтүстік бөлігін Хань империясына бағынышты болады. Билеушісі – Хуханье шаньюй.

Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлі маңыны ордаларын орнатты. Билеушісі – Чжи-Чжи шаньюй. Өзара қырқыстан кейін Чжи-Чжи басқарған солтүстік ғұндар Солтүстік Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударады. Оңтүстік қазақстандағы қаңлы тайпасының жеріне жетеді, олармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің шығыс жағында көшіп қонуға мүмкіндік алады.

Қазақстанның оңтүстік-батысы мен арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. 1ғ. басталды. Олар жылжи отырып Дунай арқылы Батыс еуропаға дейін жетті. Сонымен, ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.
Мағжан Жұмабаевтің «Пайғамбар» өлеңі

Ерте күнде отты күннен ғұн туған,

Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.

Жүзімді де, қысқа қара көзімді,

Туа сала жалынменен мен жуғам.

ІV Қорытынды,бағалау, әр топ бір-бірін бағалап, бағалау парағын мұғалімге өткізеді, мұғалім қорытынды бағаны қояды.


V Үйге тапсырма беру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет