Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру



Дата06.01.2022
өлшемі27,21 Kb.
#109790
түріСабақ
Байланысты:
Бала құқығы


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бала құқығы жайлы Конвенция туралы не білемін?»
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды  мынандай сұрақпен бастағым келіп отыр:
— Балалар  «Есім алуға» құқықтарың бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

  1. «Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтайық.Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін.

  • Ал жақсы,сендердің есімдерің бар және таныстырып шықтық,сендердің есімдерің солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіңдер?

  • Дұрыс, балалар!

  • Туу туралы куәлік – бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі?

  • Онда,сендер Қазақстан Республикасының азаматы екендерің жазылған.

  • Яғни, адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді.

  • Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?

  • Дұрыс айтасыңдар,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым» деп аталады.

  • Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін.

  1.  Шағын – дәріс «Сендердің құқықтарың туралы Конвенция»
   20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні « Балалар

құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған.

Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы»

Конвенцияда жазылған.Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды.Бұл

ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс

миллиондаған адамдардың өмірін қиды,яғни,олардың өмір сүру құқығын шектеді.Сол

себепті осындай соғыстардың болдырмау мақсатында  барлық  дүниежүзіндегі

халықтар БҰҰ-на бірікті.

   Өкінішке орай, дүние жүзінде  әлі де қауіп-қатерлер  жиі болып тұрады.Мысалы: соғыстар,терактілер,қылмыстар,апаттар,аштық,аурулар…Тіпті үлкен, мықты  адамдардың өзі  осындай қатерлерге қарсы тұра алмай жатады. Сондықтан ең қорғансыз болып табылатын балалар.Олар тіпті күнделікті өмірде үлкендердің  қолдауы мен қарауын   қажет етеді.Сол себепті балаларды қорғау үшін «Балаларды қорғау туралы» Конвенция қабылданды.   Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.  Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.



  1. «Дауыстап оқиық және есте сақтайық» Тақтада жазылған құқықтармен танысады. Барлығымыз оқиық.

                Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Дүние мүлікке

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

Қоғамдық жұмыстарға араласуға  Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек.
                            Не  істеуге  міндеттіміз?

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

  1. Ойын «Менің құқытарым мен міндеттерім» деп аталады.Мен міндеттер мен құқықтарды оқимын, сендер табуларың керек. Егер жауап құқық болса,қолдарыңды жоғары көтересіңдер,ал егер міндет болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер түсінікті болса, бастайық.

  2. Конкурстар мен жаррыстарға қатысу. (Қ)

  3. Жолда жүру ережелерін сақтау. (М)

  4. Жеке бас тазалығын сақтау.(М)

  5. Тегін оқу. (Қ)

  6. Мектеп мүлкіне дұрыс қарау (М)

  7. Табиғатты қорғау және күту.(М)

  8. Демалу. (Қ)

  9. Мектеп ережесін сақтау (М)

  10. Жақсы оқу. (М)

  11. Ата-анаға көмектесу. (М)

  12. Басқа оқушылардың ар-намысын,абыройын құрметтеу (М)

  13. Тегін кітапхананы пайдалану (Қ)
Қорытынды:  Өте жақсы балалар, рахмет. Барлығымыз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді ажырата білдік.

Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Бала құқығы жайлы Конвенция туралы не білемін?

Қарағанды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет