Тақырыбы: «Туған жер» Ақұштап Бақтыгереева 10-сабақ
Мақсаты. Оқушыларға өздері оқып, танысқан Ақұштап өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан — жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны жан — жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, ақын туралы естеліктер.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі,
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өмірбаяны мен шығармашылығы
Жерлесіміз Ақжайықтың «Ақ шағаласы»атанған
Ақұштап Бақтыгереева «Туған жер, Ақ жайығым»қайда жүрсем де көңілімнің төрінде тұрады.Менің өлеңімінің алтын арқауы, бүкіл тамыры осы туған жер . Туған жерін сүймеген, жырға қоспаған адамнан шын ақын шықпайды»,- дейді өз сөзінде белгілі қаламгер.
Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен сейфуллин атындағы№11 мектепті жақсы аяқтап, Таудай талап арқалап, Алматыға арман қуып,қиял жетегінде кете барады.Ақ Жайықтан түлеп ұшқан талабы таудай талапкер С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің студенті атанады. Осы қара шаңырақтан талай тарландардың тұсауын кескен Қарашаңырақтан Ақұштап апа да үлкен өмірге қадам басады.
«Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған ақын апамыз қыздар тәрбиесіне көңіл бөлу керектігін ескерте отырып, қай жерде болмасын, қыз баланың өмірі бір екенін айтқан еді. «Қыз баланың миссиясы ана болу, ұрпақ тәрбиелеу екенін анық айтып отырған!
Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр.
Сен жайлы ақбесікте күй тыңдадым,
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді әнін
Мен сенде сұлулыққа ғашық болып,
Гүліңе саусақ жайып ұмтылғанмын.
Мен де бір гүлің едім қырқада өскен,
Өзің деп арманым жоқ шырқап өтсем,
Көркіңе көктемдерде сән қосатын
Қырыңа өз қолымнан бір тал ексем.
О, менің ардақты әкем, асыл анам,
Қызыңмын пәк үмітпен асыраған
Өзің деп қобалжыған жүрегімнің,
Дүрсілін сенен қалай жасыра алам?!
Балалар! Біздер бүгін кімнің қандай еңбегімен таныстық. Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығымен таныс болдық. Ол Жайықтың Ақ шағаласы атанған .Оның қандай өлеңдерін білеміз?
— «Ойладым.», «Мені еске ал», «Сіңіліге сыр»т.б өлеңдерімен таныстық .
Ақынның әр өлеңдері рухты, ақын лирикасынан туған ел мен жерге деген шексіз махаббат, тазалық пен пәктікті байқайдық.
Ақұштап Бақтыгереева –тума талант,халқымыздың құрметі мен махаббатына бөленген еркебұлан қыз ақындарымыздың бірегейі..
Үйге тапсырма.Өлеңді жаттап алу.
Достарыңызбен бөлісу: |