1-сабақ. Мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Шиеленістің алдын-алу.
Сабақ барысы Жаттығу: "Сәлем!" Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.
Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Кейбір жағдайларда жұмырлана домалақталған шарфты пайдалануға болады. Мұғалімі көз қарасымен бірінің бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.
Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.