Жаттығу барысы. Психолог адамның көңіл-күй түрлері белгілі бір түске сәйкес келуі мүмкін:
қызыл түс - сүйсінуге сәйкес келеді;
қызғылт сары –қуаныш, көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді;
сары – ашық, жағымды көңіл-күйге сай;
жасыл – тыныш, сабырлы жағдай;
көк – уайым, сенімсіздік жағдай;
күлгін – үрейлі жағдай;
қара – құлазу, қайғыруға сай;
ақ – қорқыныш.
Әрі қарай балалар мимикамен көңіл-күй түстерін бейнелейді.
Жаттығу «Менің мектептегі көңіл-күйім»
Мақсаты: баланың мектепке бейімделу кезеңіндегі уайымы және оқу мотивациясының деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар.
Жаттығу барысы.Психолог балаларға «Менің мектептегі көңіл-күйім» деген тақырыпта сурет салуларын ұсынады. Салып болған соң оқушылар, өздерінің қандай көңіл-күйді бейнелегендіктерін айтып береді. Суреттер бойынша көрме ұйымдастырылады.