Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.



Дата20.06.2018
өлшемі17,72 Kb.
#43568
түріСабақ
Тақырып: Мейірімділік асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: бақыт, сыпайлылық, мейірімділік, кішіпейілділік, қайырымдылық
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жақсы сөз арқылы, жақсы ой, сезім арқылы сүйіспеншілік құндылығын жүректерінен оята отырып, мейірімділікке, сыпайылық пен қамқорлық жасау керек екендігін ұғындыру.

Міндеттері:


- жақсы сөз, мейірімділік, сыпайлылық, қайырымдылық дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;
- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- жақсы сөз айтуға, мейірімділікке, сыпайлылыққа тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(қазақша релаксация 2-мин)

2. Ойын «Жақсы- жаман» Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.


Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз.
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.

Оқушыларды екі топқа бөлу (адамның жақсы –жаман қасиеттері бойынша)



Дәйексөз: (Белсенді тақтада)

Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады, 3тен парақ таратылады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)

«Болады-болмайды» тренингі

(мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйлығы)
Сыйқырлы сөз
Мультфильм «Просто так» видео

- мультфильмде қандай кейіпкерлерді көрдік?


- баланың жүзі қандай еді?
- бала есекке не сыйлады?
- есек күшікке гүлін ұсынғанда қандай сезімде болды?
- гүл алған күшіктің жүзіне не ұялады?
- қонжықтың әркеті қандай?
- қонжық жемісін түсіріп алғанда қандай көңіл күйде болды?
- қонжық тиынға гүлді қалай сыйлады?
- мультфильмдегі кейіпкерлердің орынанда адамдар болса, олар бір-біріне жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болады?

Ойын.
1. Ойын «Жалғастыр»


Оқушылардың дүниетанымдық қызығушылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту үшін қолданылады.
1 Топ:«Не істеуге болмайды?» Осы сөз тақтаға үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Балалар кезекпен-кезек интерактивті тақтаға жалғасын жазады.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
2 Топ: «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзі «Мейірімділікті анадан үйрен» ендеше ана туралы бір ән орындайық.



Шығармашылық тапсырма: аналарыңа немесе айналаңдағы мейірімді жандарға арнап гүл жасайық.

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.



Соңғы тыныштық сәті:
Каталог: uploads -> doc -> 07e7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07e7 -> Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов. Сабақтың мақсаты: Білімділік
07e7 -> Сабақтың тақырыбы Мақсаты Оқушы нені үйрену керек Сағат саны Үйге тапсырма Уақыты
07e7 -> Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет