Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі


Әріп және буын деңгейіндегі қателер



бет3/9
Дата08.11.2019
өлшемі411,73 Kb.
#51310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00000509-502be695

Әріп және буын деңгейіндегі қателер

  1. Бастауыш сынып оқушыларының жазуында жиі кездесетін қателер әріпті немесе буынды тастап кету (түсіп қалуы). Мысалы, қармақ-қрмақ; балапан-бапан, тырна-трна. Сөздегі екі немесе одан да көп әріптердің түсіп қалуы дыбыстық талдаудың күрделі түрде бұзылуының салдарынан болады да, сөздің құрамын мүлдем бұзылуынана әкеліп соғады. Мысалы, қант-қт, қуыршақ-қуырша.

  2. Әріптер мен буындардың орнын ауыстыру сөздегі дыбыс кезектілігін анықтап талдау қиыншылықтарының салдарынан болады. Сөздің буындық құрамы сақталуы мүмкін ( пенал-пелан, кран-канр).

  3. Әріптерді қосып жазу (артық әріп қосу). Мысалы, шалбар-шыалбар, шалбыар, бақшада-бақшыада, құрт-құырт. Мұндай қателер жазу кезіндегі сөзді іштен жәй айтып отырған кезде қосымша дыбыстар естілуінің салдарынан байқалады. Мысалы, бала «бақшаға» сөзін жазу кезінде сөздегі әріптерді іштен айтып отырып жазады, және әріптерді баяу айтады, сонда «Ш» әрпін жазғанда «ШЫ» бірнеше рет айтып қайталайды. Жазуда жиі кездесіп жүрген қателер сөздегі әріптердің қайталанып жазылуы. Мысалы, (Аарман, Шшана, Оорман). Мұндай қателер бірінші сыныпта сауат ашу кезеңіндегі балалардың графомоторикалық дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде байқалуы мүмкін. Егер де қосып жазуда кездесетін қателерді (қуырт, бақшы, аға, Аарман) салыстырып қараса олардың себептері әр түрлі екенін байқауға болады, соған байланысты түзету жұмысының бағытында өзгеше болу тиіс. Жазуда кездесетін жиі қателер-әріптерді алмастыру болып табылады. Оқушы сөз құрамындағы дыбыстарды бөліп айта алғанымен, оны белгілейтін керекті әріпті таңдап сәйкестендіре алмайды. Ондай қателер төмендегідей жағдайларда байқалуы мүмкін:

  • фонема мен графиканы сәйкестендіре алмаған жағдайда;

  • акустикалық-артикуляциялық жағынан ұқсас дыбыстарды анық ажырата алмаған жағдайда;

  • жазылу ұқсастығы бойынша ұқсас әріптерді ажырата алмаған жағдайда.

Бір әріпті екінші әріппен тұрақты алмастыруы сирек кездеседі. Көбінесе әріптерді шатастыру жиі байқалады, онда жазуда бір әріп бірде дұрыс, бірде қате белгіленеді. Шатастырудың үш түрі байқалады:

  • акустикалық-артикуляциялық

  • оптикалық

  • кинестетикалық ұқсастық бойынша шатастыру


Ң дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады.




43-сурет. Ң фонемасының артикуляциялық кескіні

Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет).

Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу

кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің (Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң» дыбысын «Н» дыбысымен алмастырып айту жиі кездеседі. Мысалы, аң-ан, қоңырау-қонырау, менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады. Сирек болса да кездесетін кемшіліктер «Ә» дыбысы «А» дыбысымен ү-ү, қ-ғ-к дыбыстарын өзара шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып сөйлеуде шатастыруы байқалады.




Түзету тәсілдері

Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстардың бұзылысын түзету жұмысында Қ.Қ. Өмірбекованың ұсынған төмендегідей тәсілдерін қолдануға болады.

Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл - қозғалыстарына көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы, «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «Н» дыбысын созып айтуын өтінеміз.

Осы кезде, логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен, тілді жұмсақ таңдайға дейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. Балаға М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы, ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, үн-ұң.

Ұқсас бұындарды кезекпен айтқызу әдісімен, басқа да дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыруға болады. Мысалы,


қа-ға


та-тә


қо-ғо

па-пә

қу-гу

ба-бэ

қы-ғы

са-сэ

то-те

ты-ті

бо-бе

бы-бі

ко-ке

сы-сі

со-се

мы-мі

мо-ме

ны-ні

Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқан кезде, тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айтуға машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы:

әт тэ


эл лэ

әс сә


әз зә
Л және Л дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

Л және Л' дыбыстарын айту кемшіліктері ламбдацизм деп аталады.



Олардың басқа дыбыстармен алмасу кемшіліктері параламбдацизм деп аталады. Л дыбыстың жасалу механизмі мынадай /28-сурет/.


28-сурет. Л фонемасының артикуляциялық көрінісі



Ерін қалпы іргелес, көбіне кейінгі дыбыстарға байланысты, мысалы: ла, ло, лу, буындарын салыстырғанда байқалады. Төменгі, жоғарғы күрек тістер жақын орналасады. Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе қызыл иекке тіреледі. Тіл буйірлері азуға тимейді, содан дем шығатын қуыс қалады. Ол көбінесе бір жақты, әсіресе сол жақта болады. Тіл түбі көтеріледі, сондықтан тіл ер пішінді болады.

Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері жабылып, тербеледі. Жұмсақ Л' артикуляциясының қатаң түрден айырмасы-көтерілетін тіл түбірі емес, оның алдыңғы-орта тұсы, қызыл иекке тиетін тіл ұшы ғана емес, алдыңғы үстінің біраз бөлігі альвеолға тиеді. Кейде Л дыбысы тіпті тіл ұшы төмен түскен, тілдің алдыңғы альвеолға тиген жағдайда айтылады.

Л және Л' дыбыстарын қатар камтитын ламбдацизм өте сирек кездеседі, әдетте оған қатты Л ұшырайды, бұл қатты Л артикуляциялық күрделігіне байланысты.

Л дыбысын айтудың түрлі кемшілігі кездеседі, оның көпшілігі ротацизмге /параротацизмге/ сәйкес келеді. Оған жататындар сөз құрамында осы дыбыстың ұзартылған іргелес дауысты түрінде кездеседі/ «лақ», «қала» орнына «аақ», «қаааа»/. Ы түріндегі қысқа дауысты болып айтылуы /ыақ, қаыа/, фрикативті Г болып айтылуы /уақ, қуа/, жіңішке Л немесе жартылай дыбысымен алмасуы /ляқ, қаля/, Н дыбысымен алмасуы /нақ, қана/ кездеседі.

Ламбдацизмнің ең көп тараған түрі Л дыбысының қос еріндік сонантасы түрінде айту. Бұл дыбыс В немесе У дыбысын еске салады, жақын орналасқан еріндерге шығатын демнің үйкелуінен туатын дауысты жеңіл шу арқылы пайда болады. Дауысты У дыбысындағы сияқты тіл ауыз артына қарай тартылады. Ламбдацизмге алғы шарт болатын сөйлеу, аппаратының кұрылысындағы анатомиялық аномалия ретінде тіл астының желбезегінің қысқа жалғасын атауға болады.

Ламбдацизм түрлерін түзетудің тәсілдерінде белгілі ерекшеліктері болғанмен, алайда бірыңғай болып келеді.

Кемшіліктер еліктеу арқылы түзетуге дыбысты логопедтің анық айтуын тыңдап қабылдау /а, л, а/ тіл қалпын көріп қабылдау /ауызды ашып/, жиі жылы демді қолмен сезіну енеді.

Алайда ламбдацизмді еліктеу арқылы түзету сирек нәтиже береді. Оның үстіне-ламбдацизмді басқа әдістермен түзету кезінде логопедтің үйреншікті қате артикуляция қайталанбауы үшін одан бас тартуына тура келеді.

Лабдацизмді түзетудің арнаулы әдістері мынадай: балаға айна алдында тілді шығарып, оны тіс арасына қысу, сосын А немесе Ы дыбыстарын созып айту ұсынылады. Логопед нұсқаулар береді, айна алдында артикуляцияны дауыстамай көрсетеді. Сөйлеу аппаратының осы қалпында созыла Л пайда болады, бірақ баланы жаңылдырмау үшін оған назарын аудартпайды.

Осы жаттығуды әуелі сыбырлап айтып, ауыздың бүйір қуысынан шыққан ауаны бақылай отырып екпінді дем алу да пайдалы. Егер тіл бүйірлері арқылы дем шығаруда қиындық кездессе, сонымен қатар Л дыбысын қатаң айту үшін қажет болатын, ауыз формасын сақтау керек болса, мынадай жаттығу жасау керек: бала тілді тіс арасына кеңінен сұғып, демімен ұртын толтырады. Содан соң дыбыс шығарса шу аралас Л дыбысы пайда болады, қосымша шу буын мен сөздер айтқанда біртіндей азаяды. Артикуляцияны бекітуге арналған алғашқы жаттығуларда әуелі жабық буында, кейін ашық буында А дауыстысы қосып айтылады /ол-а/ ең соңында ашық /ла/ қолданылады. Одан әрі ы, о, у дауыстылар пайдаланылады /ала, алы, алу/.

Бүйірлік қуыстар жасау өте қиын болғанда, әсіресе Л дыбысы Н дыбысымен алмасатын парасигматизмде № 4 зонд қолданылады. Ол тілге көлденең қойылып, бүйірлерін қысады да тіл ұшы жоғарғы тістерге тіреледі. Сонда дем ауасы тіл бүйірлері мен жоғарғы тіс арасындағы қуысқа ұмтылады. Зондтың орнына дөңгелек пластмасса таяқшаны пайдалануға болады оны ауызға бүйірден енгізеді, тілдің бүйір шетін бір жағынан /оңқай-оңнан, солақай-солдан/ төмен қысып, бүйірлік ауаға жол ашады. Содан кейін дауыстағанда бүйірлік сонант шығуға тиіс.

Егер тілдің икемсіздігінен аталған тіл қалпын орнықтыру мүмкін болмаса артикуляциялық жаттығулар жасау керек. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағыттауы керек. Жаттығу мыналарды, қамтиды, тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстау.

Егер еріндердің тарылуымен байланысты ламбдацизмде еріннің артикуляциясын түзеу қиын болса, тісті қасқита отырып ерінді ашып жабу пайдалы.

Ламбдацизм Л дыбысымен қатар Л' дыбысына да қатысы болса, біріншісін түзету екіншісіне негіз болады. Ол алдыңғы қатар дауыстылары бар /ли, ле/ ашық буындарды айту арқылы, сосын Л және Л' дыбысты басқа буындарды салыстыру /ла-ля, ло-ле/ арқылы жүзеге асады.
Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс

кезеңдері.
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф. Ф. Рау екі кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. Ф. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

Дайындық кезеңі

Дыбысты қою кезеңі

Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі

Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.

Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары:

- баланы түзету жұмысына ынталандыру,

- саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету,

- зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту,

- артикуляцияны дұрыс калыптастыру,

- дыбысты қабылдау, ажырату жатады.

Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар колданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:

- «Күрекше» жалпақ тілді шығарып астынғы ерінге ұстап тұру


керек.

- «Инеше» ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп


шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

- «Төбешік» Ауызды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін


жоғарғы азу тістерге жабыстырып, тілдің ұшын астынғы тіске тіреп
ұстау.

- «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, тілдің бүйір


жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

- «Ожау». Ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғарғы тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

- «Сағат». Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

- «Саңырауқұлақ». Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

- «Алтыбақан». Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

- «Тәтті тосап». Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

- «Сылақшы». Ауызды кең ашып тұрып тілдің ұшын жоғарғы таңдайға тигізіп алға артқа қозғалту. /10 рет қайталау/.

- «Тоқылдақ». Ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы


альвеолаға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау
керек.

- «Ат шауып келеді». Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-


айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр
дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
Дыбыстарды қою кезеңі.
Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.

Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көру арқылы кабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/ ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін.

Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның жеке элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде, тілдің дұрыс формасы мен позициясы игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимылының баяулығы немесе катар басқарылу қиындықтары кейде дайындық жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, арнайы артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр етеді.



Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы, қозғалысы қалыптастырылады.

Сөйлеу органдарының белгілі бір қалпымен немесе қимылымен байланысты кинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.

Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе-механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай келмеуі мүмкін. Мәселең, Қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы бөлігі шпательмен басып қойылады. «Та» буынын ұмытпаған бала оны -тя түрінде, ал шпательмен тілді артқа ақырын жылжытып итерген жагдайда -кя, сосын -ка түрінде айта бастайды.

Үшінші - аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл меңгеруге көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс сигматизмін түзетуді қараңыз/, тілдің ұшын астыңғы тістін артқы жағына түсіріп тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады.



Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тектестігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын - Д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал - Л дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл-таңдай түбі қатысында айтылатын - Г дыбысын қалыптастыруға негіз болады.

Көптеген жағдайда дыбыс тектестігін екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, - Ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолмен сипатталатын - Р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше - Р дыбысы да Ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет