Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі


Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі



бет2/19
Дата07.02.2022
өлшемі424,79 Kb.
#84456
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ЖСТД дыбыстарды түзету

Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

Тақырыбы__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________


Құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Мақсатын баяндау.
3.Артикуляциялық гимнастика.
4.Дыбысты қою.
5.Жеке дыбыстың айтылуын бекіту.
6.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.
7.Дыбыспен таңбаны сәйкестеу.
8.Үйге тапсырма.
9.Сабақ қорытындысы.


ДЫБЫС АЙТУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ



    1. Балалардың дыбыс айту бұзылыстарының таралуына сипаттама бер.

    2. Функциональді және органикалық (механикалық) дислалияға анықтама

бер.

    1. Мономорфты және полиморфты дислалияға анықтама бер.

    2. Ызың, ысқырық, сонор, таңдай арқылы айтылатын дыбыстардың

бұзылыстарына, түзету тәсілдеріне сипаттама бер.

    1. Дыбыс айту бұзылыстарының артикуляциялық аппараттың жағдайына

байланысты екенін негізде.

    1. Дыбыс айту бұзылыстарының кейбір жағдайларында фонематикалық

түсініктерінің деңгейін айқындау қажеттілігін негізде.

    1. Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезеңділігін айтып бер.



Тәжірибелік тапсырмалар

  1. Ысқырық (С, З, Ц), ызың (Ш, Ж, Щ, Ч), сонор (Р, Л), таңдай арқылы

айтылатын (К, Қ, Г, Ғ) дыбыстардың артикуляциясын салу.

  1. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы

айырмашылықтарды атау.

  1. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы

айырмашылық пен ұқсастықты атау.

  1. Дислалияның түрлерін және олардың себептерін салыстыру:



3-кесте.- Дислалия түрлері.



Дислалия түрі

Ұсақ артикуляторлық қимылдардың жетілмеуі

Артикуляция мүшелерінің ақаулықтары

*Ұсақ естіп ажыратуының әлсіздігі

Нейродинамикалық процесстердің функциональді бұзылыстары

Механикалық дислалия













Сенсорлы функциональді дислалия













Моторлы функциональді дислалия













5.Тексеру барысында бала дыбыстарды айтуда «С» дыбысын «Ф»


дыбысына, «З» дыбысын «В» дыбысына ауыстырып айтатыны айқындалды.
Артикуляциялық аппаратта ауытқушылық жоқ. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы бұзылмаған.
Міндет: берілген мағлұматтарды талдап, сөйлеу тілінің қорытындысын шығару.
6. Бала дыбыстарды айту кезінде «С» дыбысын «Т», «З» дыбысын «Д»-ға
ауыстырып айтады. Артикуляция мүшелерінің құрылымы және қимылдары бұзылмаған. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы қалыптыға сай.
Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, жұмыс жоспарын құрастыру, бұзылған дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін белгілеу.
7. Бала ысқырық дыбыстарды ызыңдарға ауыстырып айтады. Тексеру барысында сөйлеу тілінің лексикалық жағы, грамматикалық құрылымы бұзылмаған; артикуляция мүшелерінде ауытқу жоқ; фонематикалық түсініктері қалыптаспағаны айқындалды.
8. Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, жұмыс жоспарын құру, ысқырық (С, З, Ц) дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін белгілеу.
9. Дыбыс айту бұзылыстарының түрлерін себепкер факторлармен сәйкестендіру:


3-кесте. Ызың-ысқырық дыбыстардың айтылу бұзылыстарының түрлері



Себепкер факторлар

Дыбыс айту бұзылыстарының түрі




Еріндік-тістік

Тісаралық

Тіс-төңіректік

Бүйірлік

Мұрындық

Прогения
















Терең жабық тістену
















Алдыңғы ашық тістену
















Бүйірлік ашық тістену
















Алдыңғы тістері жоқ
















Тіл асты желбезегінің қысқа болуы
















Қатты таңдай жарықшақтығы
















9. Жұмыстың дайындық кезеңінде логопед балаға артикуляциялық жаттығуларды жасауын өтінеді: ерінге – «Жымию», «жалпақ тілді астыңғы ерінге салу», «науа», «түтікше», тілдің ұшына үрлеу.


Логопед баланың артикуляциялық аппаратын қай дыбысты қоюға дайындап жатыр?
10. Баланың ызың дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Логопед келесі артикуляциялық жаттығуларды жасатты: ерінге – «Түтікше», тілге – «кесе», «Дәмді қаймақ», «науа», «серуен».
Жаттығулар кешені дұрыс алынды ма? Дәлелде.
11. Баланың тіл арты дыбыстары бұзылған. Дайындық артикуляциялық жаттығулар кешенін іріктеп алу.
12. Балада «Р», және «Л» дыбыстарының бұзылуы болса, қандай артикуляциялық жаттығуларды алуымыз керек?
13. «Тіл арты дыбыстарды қою тәсілдері» таблицасын толтыру


14-тапсырма
Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай ойын жарамды:

  1. «Төртінші артық»

  2. «Керісінше айт: мен бір затты айтамын, сен көп зат болса қалай дейсің?» ойыны

  3. «Дыбыстың сөздегі орнын тап»

  4. «Қатарды есіңе сақта да, ата»

  5. «Киім тігетін адамды қалай атаймыз?»

13-тапсырма
Талдаудың қарапайым түрін айқындауға қай тапсырманы алуға болады:

  1. «Схемаға сәйкес суретті тап»

  2. «Ошақ» сөзінде «ш» дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

  3. «Берілген әріптерден сөз құра: (ш,а,р)»

  4. «Ш» дыбысы бар сөз естісең, қолыңды көтер»

  5. «Ш» дыбысы бар сөз ойла



6-тапсырма
Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге арналған тапсырма:

  1. «Кімге не керек?»

  2. «Жануарлардың төлдерін ата»

  3. «Берілген сөздерден сөйлем құра»

  4. «Қай сурет туралы мен айтқанымды тап ( суретте көк...)»

  5. «Бала иттің артынан жүгіріп бара жатыр. Кім алдыда?»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет