Сабақтың мақсаты: білімділік-Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір жолы туралы түсінік бере отырып, шығармашылығын меңгерту, ақындық жолдағы жаңалығын және өлеңдерінің қоғаммен байланыстылығын меңгеруіне ықпал ету; тәрбиелік-жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру, көркем сөздің табиғатын, сөз өрнегінің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу; дамытушылық-оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, өз бетімен іздене білуге, қосымша материалдарды сұрыптай алуына, ойларын жүйелі етіп жеткізуге дағдыландыру.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: дәстүрлі емес (модульдік технология негізіне құрылған).
Әдісі: ой қозғау, «Аквариум» әдісі, жинақтау, талдау, сұрақ-жауап, Блум таксономиясы, «Бағдаршам» әдісі.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, плакат,таратпа қағаздар, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалар жинағы.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Модульдік технологияның «Аквариум» әдісі арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. І топ-«А» тобы, ІІ топ-«Ә» тобы, ІІІ топ-«Б» тобы, ІҮ топ-«Сарапшылар» тобы.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ. Жаңа сабақты оқушылар сындарлы оқыту технологиясы (өздігінен білім алу) арқылы меңгереді. «Бағдаршам» әдісі арқылы қай топтың дайын екендігін байқауға болады. Жасыл түс-толық дайын, сары түс-жартылай дайын, қызыл түс-мүлдем дайын емес.
Білу. Жеке тапсырма. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын білу.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы өңірдің Найзатас деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алған. 1870 жылдары Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұқарадағы Мірараб медресесінде білім алған.
Ақын өз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, рухани-мәдени өсу деңгейін, кем-кетік тұстарын кеңінен толғады.
Түсіну. Жұптық жұмыс. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дастандарының мазмұнын, сюжетін түсіну.
Ақын Шығыс қисса-дастандарының, мысал-өлеңдерінің інжу-маржандарынан үлгі алды. Өзі де соған еліктеп «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Баяннама», т.б. дастандар мен өлеңдерін жазды.
«Гүлшат-Шеризат» дастанының тілі мен құрылымы ақынның шығыстық сюжеттерін қайталамай, өзінше жаңғыртып, қазақша нұсқасын жасағанын аңғартады.
Қолдану. Топтық тапсырма. 1.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінен көркемдеуіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора, анафора, эпифора, т.б.) табу, дәптерге жазу.
2.Абайдың 29-қарасөзінде мақалдарды сынауы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өз шығармаларында мақалдар жайлы жазған пікірлерін өзара салыстыру.
Топтау. Топтық тапсырма. Мәшһүр Жүсіп-көсемсөзші, фольклортанушы.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-жазушылық еңбегімен қатар ұлттық ауыз әдебиетінің мұралары мен тарихи мәліметтерді, әдет-ғұрыптарымызға байланысты деректерді жинаумен, оны зерттеумен айналысқан фольклортанушы-этнограф қаламгер. Оның қолымен қағаз бетіне түсірілген әңгімелер, ертегілер, айтыстар, жыр-дастандар бүгінгі мәдениетіміздің алтын қорынан берік орын алған.
Бекіту. Сабақты баламалы тестіге жауап алу аріту. Сабақты баламалы тестіге жауап алуалтын қорынан берік орын алған.ызға байланыстықазақша нұсқасын жасағанын аңғартады.тарқылы бекіту (иә, жоқ).
Достарыңызбен бөлісу: |