Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет5/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,12 Mb.
#5008
1   2   3   4   5

ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ






Тақырыбы

Балл

Апта

Жұмыс түрі

1

Натураны бақылау.

1.Бейнеленетін заттардың перспективалық өгерістері.

2.Суретті натурамен салыстыру.











2

Кескіндемедегі колорит.

1.Кескіндемедегі тон. Жарық және суық түстердегі контрастылық.

2.Кескіндемедегі жарық пен түстің өзара іс - әрекеті


3,0

8 апта

Эссе

3

Пластикалық анатомияның негіздері . 1.Адамның дене бітімін мүсіндеу.

2.Бастауыш мектептегі мүсіндеудің әдістері мен тәсілдері.












4

Оюлардың конструкциясы.

1.Оюлардың түсі мне фонын таңдау.

2.Ою-өрнекті композицияларды орындаудың заңдылықтары.


3,0

9 апта

Глоссарий

5

Акварельді және гуашты бояулар мен жұмыста білік пен дағдыларын қалыптастыру.

1.Компазиция негіздері, сызықтық және ауа перспективаларының негіздер іжайлы бастапқы білімдері.

2.Наткураға қарап сурет салуда, тақырыптық композициялар мен пейзаж салуда бастауыш оқушыларының байқампаздығын, қиялын және бейнелік ойлауын дамыту.











6

Интерьер және экстерьерді салуда бастапқы білімі дері мен біліктері.

1.Мүсіндеу кезінде қолдың ұсақ моторикасы мен дағдысын дамыту.

2.Форма, пластика және пропорция туралы ұғымдар. Бастауыш сыныптағеы мүсіндеу әдістері.


4,0

10 апта

Реферат

7

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің туындылары бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсат ымен міндеттері. Қарындашпен және басқа графикалық материалдар мен жұмыс істеуде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру. 2.Бастауыш сынып оқушыларының жас , психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.












8

Өнер туындыларын эстетикалық қабылдау

1.Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру.

Репродуктивті материалды таңдау


3,0

11 апта

Тест

9

Сабаққа қажетті көрнекі және дидактикалық материалдарды дайындау

1.Көреккі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі

2.Оқулықпен жұмыс жасау.











10

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында көренккі және дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі

1.Көрнекі құралдардың түрлері

2.Дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі


4,0

12 апта

Презентация

11

Бастауыш мектептегі оқушылардың практикалық жұмыстарын ұйымдастыру

1. Оқушылардың практикалық жұмыстары. 2.Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалау критерийлері. Қорытынды жасау.












12

Бастауыш мектептегі сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

1.Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері.

2.Кіші мектеп жасындағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жалпы жүйесінде бейнелеу өнері бойынша жүргізілетін сабақтан және мектептен тыс жұмыстардың орны мен ролі.


3,0

13 апта

Бақылау жұмысы

13

Өнер туындылары мен таныстыру әдістемесі.

1.Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру.

2.Репродуктивті материалды таңдау











14

Бейнелеу өнері сабақтарын құрал жабдықтары.

1.Сабақтағы уақытты жоспарлау.

2.Көрнекі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі


2,0

14 апта

Коллоквиум

15

Оқушылардың практикалық жұмыстары

1.Оқушылардың практикалық жұмыстарының түрлері

2.Практикалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі











16

Балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.

1.Өнер мұражайларына, көрме залдарына, суретшілердің шеберханасына және т.б экскурсиялар жасау.






15 апта

Тапсырма




II аралық







22 балл




Барлығы







44 балл

8 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Натураны бақылау.


1.Бейнеленетін заттардың перспективалық өгерістері.

2.Суретті натурамен салыстыру.


Натрюморт – бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет XVII ғасырда Голландияға және Испанияда пайда болған.

XVII ғасырда голланд тілінде бұл жанр “stillever” деп аталды.

Бейнелеу өнерінде натрюморт – тақырыптық натюморт, сәндік натрюморт және оқу натрюморты болып үш топқа бөлінеді.

Тақырыптық натрюморттардың композициясы қарапайым, шынайы, яғни ол заттарды иесі жаңа ғана пайдаланып, белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей, ол заттар арқылы туындыдан тыс болып жатқан уақиғаны немесе сол заттрдың иесінің мамандығын, мінез – құлқын, әлеуметтік жағдайын білуге болатындай әсер қалдырады.

Негізінен натрюмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натрюморттың тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін.

Қазақ бейнелеу өнерінің шебері А. Ғалымбаеваның “Дастархан” атты натрюмортында әсем өрнектелген кілем, қоржын фонында ұлттық тағамдарға, әсем ыдыс – аяқтарға толы дастархан бейнелнген.

Бұл көріністер қазақ халқына тән қонақжайлылықты, өнерпаздықты, сонымен қатар, бейнеден тыс болып жатқан көңілді іс – қимылды байқтады. “Көктем мен Күз” натрюмортында айқара ашылған терезе алдында өткен жылғы күз өнімдері алмаларға жаңа басиіп сырласып тұрғндай тіршіліктің әсем жалғастығын суретші шебер көрсете білген.

Сәндік натрюморттарда заттар әдемі пішініне, үйлесімді түстік шешеіміне қарай әсем композиция құрайды. Онда суретші әдейі ойластырылып қойылған гүл шоқтарын, жеміс – жидектерді, ыдыс – аяқтарды тұрмыстық тұрғыдан емес, эстетикалық тұрғыдан бейнелеуді мақсат етті.

Сәндік натрюморттар белгілі бір адаммен немесе сюжеттік тақырыппен байланыспай – ақ заттар тк өздері туралы баяндайды. Мұндай натюморттр бөлме ішін, қонақ үйлерді, асхана бөлмелерн, көрме залдарын безендіру үшін қолданылады.

Оқу натрюмортын суретшінің өзіндік зертханасы деп атауға болады, өйткені оқу натрюмортты орындау арқылы суретші әртүрлі кәсіби іскерлік дағдыларын, шеберлігін, өзіндік қолтаңбасын шындап қалыптастырады.

Оқу натрюмортымен жұмыс істеудің ерекшілігі, оны әртүрлі бағытта, жарыққа қарсы немес көз деңгейінен төмен немесе жоғары қойып, жасанды жарықта немесе жарықта, табиғат аясында орындауға болады.

Мектеп жағдайында оқу натюморты оқушылардың жас ерекшілігіне байланысты қойылады. Төменгі сыныптарда көлемі күрделі емес бір немесе екі нәрседен тұратын натрюморттар қойған жөн. Оқу натрюмортын орындау барысында оқушылардың кеңістік туралы түсініктері қалыптасады, сурет салудың ереже заңдылықтарын меңгереді.

8 апта. 3,0 балл

Сабақтың тақырыбы:

Кескіндемедегі колорит.



СТУДЕНТТІҢ САБАҚТА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ТАҚЫРЫП ЖӨНІНДЕ ӨЗ ОЙЛАРЫН ТҮСІНІКТЕРІН, ИДЕЯЛАРЫ МЕН ПАЙЫМДАУЛАРЫН КЕЛТІРЕТІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛІ) ЭССЕДЕ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ СТУДЕНТТІҢ “МЕН” ДЕП АЙТУЫ КӨРІНІП ТҰРУЫ КЕРЕК. ЭССЕ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУШЫ СТУДЕНТТІҢ ОЙЛАУ ДЕҢГЕЙІ МЕН САБАҚТА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАҒАНДЫҒЫН БАҒАЛАЙДЫ. ЭССЕ – АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ.

1.Кескіндемедегі тон. Жарық және суық түстердегі контрастылық.

2..Кескіндемедегі жарық пен түстің өзара іс - әрекеті

3.Шала көлеңкені түсіру әдістері.


4.Меншікті көлеңкені бейнелеу.
5.Түспе көлеңкені бейнелеу.

9 апта.


Сабақтың тақырыбы.

Пластикалық анатомияның негіздері .


1.Адамның дене бітімін мүсіндеу.

2.Бастауыш мектептегі мүсіндеудің әдістері мен тәсілдері.


Адамның тұлғасын салып үйрену жұмыстарында алғашқыда салбыратып қойылған жіпті пайдаланған жөн, ол үшін бір қолыңызға жіпті алыңыз, жіп ұстған қолыңызды ілгері қарай созып, бір көзіңізді қысып, тұрыңыз да, адам тұлғасына қарай бағыттаңыз. Сол кезде сіздің суретіңіздегі екі иықты қуа түскен сызықтаған нүкте табанды көлденеңдеп, түскен сызықтағы нүктемен түйіссе, онда тік тұрған адамның суреті дұрыс салынып жатқандығы болып есептелінеді, егер ауытқушылықтар болса, оларды сол сәтте жөндеп, суретті адам тұлғасының өзіне ұқсастыру керек. Сонымен қарсы тұрған адам тұлғасын салып үйренгеннен кейін, оны ту сыртынан да, қырынан да т. б. жағдайда салып үйрену керек.

Адамның бойының биіктігі әдетте сегіз бастың биіктігіне тең классикалық пропорция болады. Сондықтан да өзіміз белгілеген тік сызықтың кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегіз бөлікке бөлеміз. Бірінші сызық бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екіншісі – иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшіншісі – төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі – кіндіктен шаптың, сызығына дейін және бесінші бөлігі – жамбас сүйек пен аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болуға тиіс.

Сонымен бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылды. Иықтың ені екі бастың биіктігіне тең. Бірақ бұл пропорциялар сәйкес келмей, ауытқи береді, көбінесе кем болып шығады. Адам суретінің жарық пен көлеңкесінен айырғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгілеп, анықтап алып, соден кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгелдей, біржола анықтауға кірісу керек.

Әдетте, отырған адамды суретке салу анағұрлым қиынға соғады. Себебі отырған адамның мүшелері қалыптағыдан өзгеіп көзге көрінеді.


9 апта. 3,0 балл.

Сабақтың тақырыбы:

Оюлардың конструкциясы.




    1. Зергер

    2. Икебана

    3. Кенеп

    4. Кесте

    5. Коллаж

    6. Абдыра

    7. Қол өнер

    8. Абажа

    9. Адалбақан

10.Басқұр

11.Бастырма

12. Геометриялық мәнер

Documents

10 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Акварельді және гуашты бояулар мен жұмыста білік пен дағдыларын қалыптастыру.

1.Компазиция негіздері, сызықтық және ауа перспективаларының негіздер іжайлы бастапқы білімдері.

2.Наткураға қарап сурет салуда, тақырыптық композициялар мен пейзаж салуда бастауыш оқушыларының байқампаздығын, қиялын және бейнелік ойлауын дамыту.

Акварель деген атау латынның адия су деген сөзінен шыққан бұл сөз суға езілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды білдіреді . Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады . Мөлдір жағылғандықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады.

Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын – оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады.

Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын шек, кереғары айырмашылық болмайды олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білім бей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады. Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері.

Акварель бояуында жұмыс жасау. Техникасында ақ тусті қолданылмайды. өйткені оның орнына қағазды өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материальы – пигмент жабыстырушы зат.Акварель бояуларының плитка тәрізді қаттысы да фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, тюбик етіп қойған жұмсығыда болады. Акварель бояуларымен жұмыс жасағанда пигментті еріту үщін су пайдалынады. Акварель бояулары магазиндерде метериалдан және пласмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Лененградтағы “ черная речка ” фабрикасы жасаған бал ар алас акварель бояуы ең жақсы сортты бояу болып табылады. Акварель болу үшін әдетте беті будырмақ (ватман немесе жартылай ватман ) қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне – пергаментне салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздың барлық түрі де таза зығырдан жасалған болу керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда беті будырмақ (ватман немесе жылтыр ватман) қағаздарға акварель бояулары жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдарды сапасы да әсер етюді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасаған қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға кріп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдерін ыңғайлы болуы үщін қағаздың жиектері тақтайдан үш-төрт сантиметр асып тұруы керек.

Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін он алдымен сулаған щеткамен немесе дымқыл гупкамен сүртеді, содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да қағаздың әлгі артқы шеттерін қайырып жапсырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.

Акварельмен жұмыс жасаған кезде күзеннің немесе тиынның түгінен жасаған қаламдар пайдаланады. Акварельне арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі қалыңдатып жағуға мүмкіндік береді.

Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды ал кішкене қылқаламдармен шығарманың ұсақ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4, және одан да көп сандар қойылған . Бұл сандар неғұрлым жоғарлаған сайын қылқалам да соғұрлым үлкен болады.

Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылшықтары ұзын, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. Бояуды біркелкі жағып болған соң қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.

Акварель бояуымен сурет салғанда жарық пен көлеңкені айырып көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн.Өшіргіш өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Обьектінің суретін салған да оның жарық, көлеңке, түстік рецктерін дұрыс айырып, дәл нұсқасын жазып алу керен.

Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте – бірте жағып отыру керек , егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберу мүмкін.

Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру, немесе түстерді табу үшін палітра (тақтайша) немесе оның орнына кішкене жалпақ тарелка тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланады. Акварель бояулармен сурет салып отырған кезде тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеуін жағын жиі қадағалап отыру керек. Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр даяр тұруы үшін тарелканы жуып, он кептіріп қою қажет. Ал қыл - қаламдарды да суға жақсылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басон жоғары қаратып, кішкентай вазаның ішіне салып қойған дұрыс.

10 апта. 4,0 балл.

Сабақтың тақырыбы:

Интерьер және экстерьерді салуда бастапқы білімдері мен біліктері.




Интерьер жанры.

Жоспар:


1.Мүсіндеу кезінде қолдың ұсақ моторикасы мен дағдысын дамыту.

2.Форма, пластика және пропорция туралы ұғымдар.

3.Бастауыш сыныптағы мүсіндеу әдістері.

Интерьерді бейнелеу жолдары.

Жоспар:


  1. Интерьерді қарама – қарсы бейнелеу

  2. Интерьерді бұрыштық перспективада бейнелеу.



Әдебиеттер
1.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Жалпыға бастауыш білім. А., 2003

2.Бағдарламалар. Бейнелеу өнері. 1-4 сыныптар. А., 2003

3.«Бейнелеу өнері» оқулықтары. 1,2,3,4 сыныптар. А., 200-2003

4.Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М., 1993

5.В.С.Кузин, Э.И.Кубышкина. Изобразительного искусство в начальной школе. Ч.1,2 М., 1993

6.Островская О.В. Уроки изобразительного искусство в начального искусства в школе. 1-4 классы. М., 2003

7.Маргулан А.Х Казахское народное прикладное искусство. Тт1, т2, т 3. А.,1994

8.Ибраева Казахский орнамент. А., 1994

9.Джанибеков У. Эхо... А., 1990

10.Жарықбаев Қ. «Жас ерекшелік және педаггикалық психология» А., 1995

11.Л.МЗюбин. Психология воспитания. М., 1991

12.В.В.Давыдов. Психическое развитие младших школьников.М., 1990

13.А.ММихайлов. Искуство акварели.М., 1995

14.Луиза Гордан. Рисунок. М., 2001

15.Иванов В.И.. О тоне и жиповиси. М.,2001

16.Речел Вулф. Основы техники изображения природы акварелью:, 2003

17.Платонва Н.И.Синюков В.Д. Энциклопедичекий славарь юного художника. М:, 1991

18.Сергеев С.История мировой культуры.

19.Юферова И.П. Изобразительное искусство советского Казахстана. А., 1990
11 апта.

Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің туындылары бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсат ымен міндеттері. Қарындашпен және басқа графикалық материалдар мен жұмыс істеуде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

2.Бастауыш сынып оқушыларының жас , психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж т. б. Бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да қарастырады. Бұл жұмыстар оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық белсенділігін дамытумен қатар, олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын алатындығын дәлелдейді. Түрлі материалдардың көркемдік қасиеттерімен танысып, оларды өңдеу тәсілдерін меңгереді.

Бейнелеу сабақтрында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелу өнері туындыларының композициялық шешімін, түс ерекшеліктерін талдап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Бұл оқушыларды өнер танығыштыққа тәрбиелеп, коммуникативтік қабілетерін арттырады. Осыған орай қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламалары мен оқулықтарына батыс Еуропа; Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қол өнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнгелеу өнері, ұлттық қол өнер кеңінен орын алған. Ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талдап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөлінуне мүмкіндік жасайды.


11 апта. 3,0 балл.

Сабақтың тақырыбы:

Өнер туындыларын эстетикалық қабылдау.





  1. Өнер туралы әңгіме сабағында жаңа сабақты баяндауға қанша уақыт бөлінеді.

А) 15 – 20 мин

В) 35 – 40 мин

С) 5 – 7 мин


  1. Жылы түстерді көрсет:

А) күлгін, жасыл

В) ақ, сұр

С) қоңыр, қызыл


  1. Түрлі – түсті бояулармен орындалған көркем шығарма:

А) Графика

В) Кескіндеме

С) Дизайн


  1. Соғыс тақырыбына бейнеленген көркем шығарма:

А) Анималистік жанр

В) Маринистік жанр

С) Батальдық жанр


  1. Жануарлар бейнеленген көркем шығарма:

А) Тұрмыстық жанр

В) Анималистік жанр

С) Пейзаждық жанр


  1. Үйдің ішкі көрінісін бейнелейтін жанр:

А) Тұрмыстық жанр

В) Интерьер жанр

С) Батальдық жанр


  1. Қағазды көркем бүктеу арқылы бұйымдар жасау өнері:

А) Апликация

В) Оригами

С) Коллаж


  1. Суық түстерді көрсет:

А) сары, қоңыр

В) көк, күлгін

С) қызыл, қызғылт сары


  1. Ахроматикалық түстерді көрсет:

А) қызыл, сары, көк

В) жасыл, күлгін, қоңыр

С) ақ, сұр, қараша


  1. Теріден жасалған бұйым:

А) қоржын

В) торсық

С) теген


  1. Металдан сәндік бұйымдар жасайтын шебер:

А) Зергер

В) Ісмер


С) Ұста

  1. Жансыз қозғалмайтын заттардан тұратын көркем бейне

А) Натрюморт жанры

В) Пейзаж жанры

С) Интерьер жанры

Documents

11 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Өнер туындыларын эстетикалық қабылдау.





  1. Акрополь

  2. Акцент

  3. Амфора

  4. Архитектура

  5. Батальды жанр

  6. Вернисаж

  7. Витраж

  8. Гобелен

  9. Готика

10.Гризайль

11.Дизайн

1Documents2.Икона

12 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Сабаққа қажетті көрнекі және дидактикалық материалдарды дайындау.


1.Көреккі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі

2.Оқулықпен жұмыс жасау.


Сабақтың көрнекілігі. Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс істеу ереже заңдылықтарын оңай меңгертуде, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда көрнекіліктердің рөлі зор. Көрнекіліктер жазық, көлемді және экрандық бейнелі, дыбыстық болып бөлінеді. Жазық көрнекіліктерге суретшілер шығармаларының репродукциялары, сурет салу кезеңдерінің иллюстрациялары, технологиялық карталар т. б. Көлемді көрнекіліктерге бейнлеуге арналған заттар немесе көркем құрастырылған бұйымдар үлгілері жатады.

Экрандық бейнелі көрнекіліктерге диафильм, кинофильм, компьютермен көрсетілген бейнелер жатады. Сабақ жоспарында сол сабақта көрсетілген көрнекіліктер тізімі жазылып көрсетіледі.

Сабақтың міндеттері білім, даму, тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастыроайық.


    1. Сабақтың дидактикалық мақсаттарының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз – жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты – жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

    2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын тңдап лу.

    3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып тәрбиелеудің мәні – тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру болып тбылады. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту барысында шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс - әрекетінің нәтижесіне байланысты.

    4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.

    5. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, компьютерлерді, слайдтарды, бейне фильмдерді қолдану.

13 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш мектептегі оқушылардың прктикалық жұмыстарын ұйымдастыру.



  1. Оқушылардың практикалық жұмыстары.

  2. Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалау кретерийлері. Қорытынды жасау.


Практикалық жұмыс – теориялық білмді белгілі бір іс - әрекетте жүзеге асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эксиздер және сабақ тақырыбы бойынша сурттер орынду, көркем жобалау жұмыстары болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып, саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс - әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.

Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру, қылқаламмен бояу жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Нобайлар, эскиздер орынду заттан қарап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.

Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады.

Машықтық әдісті сабақ барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады:



  1. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң, өз бетімен жұмыс істеу;

  2. Бейнелеу іс - әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке – жеке түсіндіру.

13 апта. 3,0 балл.

Сабақтың тақырыбы:
Бастауыш мектептегі сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарға жетекшілік ету үшін алдын – ала іс – шаралардың жоспарын, тақырыптарын белгіліп, құрып алу қажет.


Оқу жылы I тоқсанға арналған

сыныптан тыс іс – шаралар жоспары

Мектеп №

Бейнелеу өнерінің мұғалімі

Кү-ні

Уақыты

Іс – шаралардың атауы

Мақсаты және міндеті

Сынып




Сағат 13 – 15 дейін

Сурет және кескінгдеме

Бейнелеу өнері түрлерімен танысу

Ерікті қатысу














































14 апта.

Сабақтың тақырыбы:

Өнер туындылары мен таныстыру әдістемесі.


  1. Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру

  2. Репродуктивті материалды таңдау.


Репродуктивті әдіс

Іс - әрекеттің тәсілін Оқушылардың білім қорын

қайталау,еске түсіру тексеру, бақылау.


Өнер туындылары

Графика Мүсін

Жанды бейне Сәндік – қолданбалы

өнер

Сәулет өнері Дизайн

14 апта. 2,0 балл.

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнері сабақтарын құрал жабдықтары.






  1. Пастель:

А) Құрғақ бор

В) Қыл қалам

С) Бояу


  1. Плакат:

А) Жарнамалық сурет

В) Қағаз түрі

С) Ватман


  1. Пластелин:

А) Жұмсақ материал

В) Бояу


С) Бор

  1. Тушь:

А) Сұйық бояу

В) Бор


С) Баспа бояуы

  1. Темпера:

А) Сұйық бояу

В) Бор


С) Баспа бояуы

  1. Планшет:

А) Қағазды керіп бекітетін қондырғы

В) Көмір таяқша

С) График


  1. Сангина:

А) Жұмсақ қалам

В) Қыл қалам

С) Графикті қалам


  1. Акварель:

А) Суға ерітетін түрлі – түсті бояу

В) Майлы бояу

С) Фиксатор


  1. Аппликация:

А) Қағаздарды қиыстыру арқылы жапыстыру

В) Шығарма

С) Көркем шығрма


  1. Қыл қалам:

А) Сурет салуға арналған құрал

В) Бояу


С) Материал
Documents

15 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Оқушылардың практикалық жұмыстары.




  1. Оқушылардың практикалық жұмыстарының түрлері.

  2. Практикалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі.

Оқушылардың практикалық жұмыстарының түрлері: нақты суретпен жұмыс, затқа қарап салу т. б. тұрады. Сурет қарындашпен, пиормен, көмірмен, қыл қаламмен салынады. Олардың ішіндегі ең көп қолданылатын графиктік қарындаш. Сурет салу үшін сызу және сурет қағазы деп аталатын жартылай ватман қағазы қолданылады. Сурет салуға жылтыр, жұқа, жұмсақ, қалың, бедерлі қағаздар мүлдем жарамайды. Сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту қажет. Осылайша графикті қарындашпен сурет салынады.


Практикалық жұмыстардың

түрлері

Қарындашпен жұмыс



Көмірмен жұмыс Сангинамен жұмыс

Қыл қаламмен жұмыс Гуашь, тушпен жұмыс

Пастельмен жұмыс Акварельмен жұмыс

Майлы бояумен жұмыс Пиромен жұмыс Темперамен жұмыс


15 апта.


Сабақтың тақырыбы:

Балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.




Бейнелеу өнері үйірмесінің жоспары (үлгі).

Мектеп


Бейнелеу өнерінің үйірме жетекшісі


  1. Сабақтың тақырыбы:


2.Сабақтың мақсаты:

А) білімділігі

Ә) тәрбиелілігі

Б) дамытушылығы
3.Көрнекілігі:
4.Сабақтың барысы:

А) сабақты ұйымдастыру

Ә) жаңа сабақты түсіндіру

Б) машықтық жұмыс

В) қорытынды
Бейнелеу өнері мұғалімінің сыныптан тыс іс – шаралар жоспары:



күні

уақыты

Іс – шаралардың атауы

Мақсаты мен міндеті

сынып

1.




“Леонардо да Винчи” шығармашылығына арналған көрме

Ұлы итальян суретшілерінің шығармашылығымен танысу

4

2.




Оқушылардың жазғы жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру

Бейнелеу өнері үйірмесіне мүше болғандардың жетістктерін анықтау

1 – 4



1.Педагогикалық ғылымдардың жалпы жүйесінде қазіргі заманғы көркемдік білім берудің негіздері

2.Бейнелеу өнерінің функциялары мен міндеттері

3.Қазіргі заманғы көркемдік білім берудің негіздері.

4.ОӘК-ді зерттеу және талдау

5.Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарының ерекшеліктері.

6.Бейнелеу өнері сабақтарының типтері мен түрлері.

7.Бейнелеу өнерінің күнтізбелік –тақырыптық жоспары.

8.Сабақтың конспект жоспары.

9.Күнтізбелік –тақырыптық жоспар.

10.Сабаққа дайындық.

11.Сабақ үшін қажетті құралдарды дайындау

12.Сабақтағы уақытты жоспарлау.

13.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

14. Сурет – станокты, кітаптық , өнірістік, газет журналды, қолданбалы, оқу безендірмелік, плакаттық.

15..Сызық , штрих, топ – суреттің негізгі бейнелеуші және айшықты құралдары.

16. Сурет орындаудың материалдары мен техникасы.

17. Түп нұсқалы және баспа суреттер – гравюра (ксилография, линогравюра, офорт) және литография.

18.Бастауыш мектептегі сурет бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

19.Сурет бейнелеу өнерінің негізі ретінде .

20.Суреттің мақсат мен міндеттері.

21.Жазықтықта затты бейнелеу.

22.Суретте жарықта беру.

23. Суреттің құралдары.

24.Бастауыш мектептегі кескіндеме бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

25.Кескіндеменің жанрлық түрлері.

26.Түстану.

27.Түс спектрі, түстер шеңбері.

28.Хроматикалық және ахроматикалық түстер.

29.Түстің қасиеті.

30.Негізгі және қосымша түстер.

31.Бастауыш мектептегі мүсіндеу бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

32.Мүсіндеу құрылымдарының мақсаттары мен міндеттері.

33.Мүсіндеудің мазмұны.

34.Ежелгі дүние мүсіндері.

35.Бастауыш мектептегі сәндік қолданбалы өнер бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

36.Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері.

37.Кәсіптің түрлері: ағашты оюлар, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау, қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар.

38.Бейнелеу өнерінің жанрлары

39.Бейнелеу өнерінің жанрлары: діни мифтік, пейзаж (ауылдық, таулы, қалалық, морина), портрет (афтопортрет, топтық, отбасылық), натюрморт, тарихи (батальды), тұрмыстық, анимациялық және т.б.

40.Сурет теориясының негіздері

41.Тон туралы түсінік.

42.Суреттің матеориалдары.

43.Сызықтық перспективаның заңдылықтары.

44..Заттардың көлемді –жазықты формасы.

45. Суреттің тарихы.

46. Өнер шеберлері.

47. Сурет туралы.

48.Композиция.

49.Композицияның заңдылықтары.

50. Балалар суретіндегі композицияның ерекшеліктері.

51.Түстің балалардың психоэмоционалды дамуына әсері.

52.Кескіндеменің материалдары мен техникасы.

53.Өнер шеберлері.

54. Кескіндеме мен композиция жайлы.

56.Қазақстанның мүсін ескерткіштері.

57.Қазіргі заманғы мүсіндеу.

58.Мүсіндеудің айшықты құралдары – көлем, форма, пропорция , пластика.

59.Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері.

60..Кәсіптің түрлері: ағашты оюлар, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау, қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар.

61.Натураны бақылау.

62.Бейнеленетін заттардың перспективалық өгерістері.

63.Суретті натурамен салыстыру.

64.Кескіндемдегі колорит.

65.Кескіндемедегі тон.

66.Жарық және суық түстердегі контрастылық.

67.Кескіндемедегі жарық пен түстің өзара іс - әрекеті.

68.Пластикалық анатомияның негіздері .

69.Адамның дене бітімін мүсіндеу.

70.Бастауыш мектептегі мүсіндеудің әдістері мен тәсілдері.

71.Оюлардың конструкциясы.

72.Оюлардың түсі мне фонын таңдау.

73.Ою-өрнекті композицияларды орындаудың заңдылықтары.

74.Акварельді және гуашты бояулар мен жұмыста білік пен дағдыларын қалыптастыру.

75.Компазиция негіздері, сызықтық және ауа перспективаларының негіздері жайлы бастапқы білімдері.

76.Наткураға қарап сурет салуда, тақырыптық композициялар мен пейзаж салуда бастауыш оқушыларының байқампаздығын, қиялын және бейнелік ойлауын дамыту.

77.Интерьер және экстерьерді салуда бастапқы білімі дері мен біліктері.

78.Мүсіндеу кезінде қолдың ұсақ моторикасы мен дағдысын дамыту.

79.Форма, пластика және пропорция туралы ұғымдар.

80.Бастауыш сыныптағеы мүсіндеу әдістері.

81.Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің туындылары бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

82.Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсат ымен міндеттері. 83.Қарындашпен және басқа графикалық материалдар мен жұмыс істеуде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

84.Бастауыш сынып оқушыларының жас , психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

85.Өнер туындыларын эстетикалық қабылдау

86..Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру.

87.Репродуктивті материалды таңдау

88.Сабаққа қажетті көрнекі және дидактикалық материалдарды дайындау

89..Көреккі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі

90.Оқулықпен жұмыс жасау.

91.Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында көренккі және дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі

92.Көрнекі құралдардың түрлері

93.Дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі.

94.Бастауыш мектептегі оқушылардың практикалық жұмыстарын ұйымдастыру

95. Оқушылардың практикалық жұмыстары.

96.Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалау критерийлері.

97.Бастауыш мектептегі сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

98.Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері.

99.Кіші мектеп жасындағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жалпы жүйесінде бейнелеу өнері бойынша жүргізілетін сабақтан және мектептен тыс жұмыстардың орны мен ролі.

100.Өнер туындылары мен таныстыру әдістемесі.

101.Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру.

102.Репродуктивті материалды таңдау.

103.Бейнелеу өнері сабақтарын құрал жабдықтары.

104.Сабақтағы уақытты жоспарлау.

105.Көрнекі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі.

106.Оқушылардың практикалық жұмыстары

107.Оқушылардың практикалық жұмыстарының түрлері

108.Практикалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі.

109.Балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.



110.Өнер мұражайларына, көрме залдарына, суретшілердің шеберханасына және т.б экскурсиялар жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет