1-жаттығу. Грамматикалық формасы бар сөздерді тауып, грамматикалық формалардың астын сызыңыз, олардың қандай қосымша екенін айтыңыз.
Мұстафаның ойы бір биені өзі алып, бір биені Мұқанға бермек екен. Керуеннің қара жолымен өлкені өрлеп бір арбалы келе жатыр. Енді жиналысты басқаратын адам сайлауларыңыз керек,-деді. Тобықтыдан келген жас қонақтарды бұл ауыл жақсы қарсы алды. Биыл Құнанбайдың өз ауылдары, жақын ағайындары да күземді елден ерекше ерте алды. Кәлен ақырын басқан ат үстінде қамшы ұстаған қолымен бүйірін таянып, тұнжырап келеді. Тыңдаушының ойға батқанын сезіп, әңгімесін түйіндеп, доғара бастады.
2-жаттығу. Тексті көшіріп, сөз құрамындағы лексикалық мағынаны білдіретін бөлшегінің астын бір, грамматикалық мағынаны білдіретін бөлшегінің астын екі сызыңыз.
Сәруар шанадан түскенде, денесінің тоңазығанын сезді. Қырын отырған әкесінің үлкен кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді. Тәңірберген атын тебініп, қамыс арасына кіре берді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Базаралы Абайға ырза боп, шын сүйсіне қарады. Бұл ауылдан іздгенін алған сияқты болып, көңілденіп кетті. Мен өз бауырыңыз, Нұрлан Тайманов дейтін партизан. Ат шабыс, көкпар, серке тарту,теңге алу, балуан күрестіру – баршасы да осы күні болып жатыр.
№3 ОБСӨЖ 1. ТАҚЫРЫБЫ: Негізгі грамматикалық ұғымдар
2. Жоспар:
Граматикалық мағына және грамматикалық форма
Грамматикалық категория
3. Теориялық мәлімет
Грамматика тілдегі грамматикалық еденицаларды және ол еденицалардың әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне жігінажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.
Грамматикалық негізгі еденицалар – морфема, сөз тіркесі және сөйлем.
Грамматикалық еденицалардың негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді.
Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Мысалы: жер жырттық, егін салдық, қайнады еңбек (Жамбыл) деген сөйлемдердегі жырттық, салдық деген сөздердің лексикалық мағыналарынан басқа бірнеше грамматикалық мағыналары бар: 1) іс - әрекеттің өткен мезгілге қатысты екендігін білдіреді (бұл шақтық мағына, соның ішінде жедел өткен шақ) іс - әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы істелгендігін білдіреді (бұл көптік мағына); 2) іс - әрекеттің бірінші топқа қатысты екендігін білдіреді (бұл – жақтық мағына).
Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар:
Афиксация тәсіл. Мысалы, Жолдас – тар.
Қосарлану тәсілі. Мысалы, Жан – жануар, алу – алпыс, көр – көре, қап – қара.
Көмекші сөздер тәсілі. Білу үшін, күн мен түн.
Интонация тәсілі. Ол – оқушы, қандай тамаша.
5. Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады. Сөздер орын тәртібіне мысалы, сағат қалта, қалта сағат.
Жоғарыда аталған грамматикалық тәсілдер грамматикалық мағыналарды сөз ішінде және сөз сыртында білдіру ыңғайына қарай синтетикалық тәіл және аналитикалық тәсіл болып табылады. Синтетикалық тәсілдер қатарына афориксация, ішкі флекция, екпін тәсілдері енеді де, аналитикалық тәсілдердің қатырына көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері жатады.
Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.
Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір – бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана, грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше, белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде, танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет. Мысалы, Тананың махаббаты деген тіркестегі ана сөзі білік септік формасында келіп, меншіктенуші мағына білдірсе, махаббат тәуелдік формада келіп, тәуелді мағынаны білдіреді.
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық катьегория туралы ұғым гармматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады. Олар мен әрқашан тығыз байланысты болады. Себебі, 1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланысссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді; 2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты, қандай бір грамматикалық категория болмасып, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт.
4. Бақылау сұрақтары
1. Грамматикалық мағына
2. Грамматикалық форма
Грамматикалық категория
Септік категориясы
Көптік категориясы
Тәуелдік категориясы
Жіктеу категориясы
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Грамматикалық мағынаның шылау сөздердің селбесуі арқылы жасалуы
2. Қосарланған сөздердің мағыналары мен формалары
3. Грамматикалық мағына жамайтын дәнекер сөздер
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Морфологиялық категория
2. Синтаксистік категория
3. Жалпы грамматикалық құбылыс
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№ 4 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Сөздің морфологиялық құрылымы
Коллоквиум тақырыптары
Морфема туралы түсінік
Түбір морфема
Қосымша морфема
Түбір морфеманың мағынасы
Түбір морфеманың сөз ретінде жұмсалуы
Қосымша морфемалардың түрлері
Жұрнақтар
Жалғаулар
Қосалқы сөздер
Жұрнақ, жалғау, құранды сөздердің қолданылуы
№5 ОБСӨЖ 1. ТАҚЫРЫБЫ: Түбір морфема мен негіз
2. Жоспар:
Түбір морфема мен негіздің айырмашылығы
Мофологиялық сіңісу процесі
3. Теориялық мәлімет
Түбір (немесе негізгі) морфема мен сөздің негіздері жайында кейбір ой.
Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика – грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де басты, басссыз деген сын есімдердің де, баста, бастап, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.
Ал негіздің (основа) түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі лексика – грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика – грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы жоғарыда аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де етістіктердің де – бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз – бастық ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне бірдей ортақ негіз – баста.
Басқара, басқарып, басқарғалы, басқарған деген етістік формаларының негізі басқар.Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема – сздердің қандай лексика – грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізі ұйытқы болатын элемент те, негіз – белгілі бір лексика – грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқы.
Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы: күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала т.б.
Негіз бір ғана морфологиялық элемент – таза түбірден де құрылуы мүмкін. Мұндайда жоғарыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді еденицалар бір – бірімен сәйкес келеді. Мысалы: өт, от, бел, без, тер, тел, тас, жаз т.б.
Туркологиялық әдебиеттерде лексикалық мағыналары бар, өз алдына дербес қолданылатын және тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, ары қарай бөлшектенбейтін негізгі морфемалар ғана (мысалы: ел, ор, от, ат, жол т.б.) түбір деп саналып жүр. Ал елтік, елттеме онемесе жөтел, жөткір тәрізді сөздердің құрамында ғана қолданылатын, қазірде өз алдына дербестігі жоқ ент-, төт- тәрізді морфемалар түбір ретінде танылмай, аталған сздер (ентік, ентесе, төтел, төткір) тұтас қалпында түбір делініп жүр. Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында (ент, төт) алғашында нақтылы лексикалық мағыналары бар дербес сөздер (немесе түбірлес) болғандығын ескерсек, оларды тарихи тұрғыдан алып қарағанда, түбір деп тануға болады. Мысалы: түркі тілдерден, соның ішінде қазақ тіліндег, көр (көру) мен көз, бүлік пен бүлік, семіз бен семір жақ пен жан тәрізді жұп – жұбымен келген сөздердің әр – бір жұбының түбірі бір екендігі аңғарылып тұрады. Көз бен көр деген сөздерпдің, тарихи шығу тегі тұрғысынан алғанда, түбір кө - болса, бүлік пен бүлім сөздерінің түбірі – бұл-. Қырғыз тіл білімі деген етістіктердің түбірі – та, ал жақ етістігінің құрамындағы –қ- сабақты етістік тудыратын жұрнақта, тап деген етістіктің құрамындағы – п салт етістік тудыратын жұрнақ деп қарайды. Осы тәріздес түбірлер мен аффикстердің бір – біріне кіріп кетіп, бір тұтас морфемаға айналу құбылысын кезінде, біртұтас морфемаға айналу құбылысын кезінде профессор В.А.Богородицкий сіңісу (опрощения) құбылысы деп аталған болатын. Жоғарыда аталған бүлік, бүлін сөздерінің бастапқы түбірі бүл – екеніне қарамастан, бұл сөздердің қазіргі тілде бүл-ік, бүл-іп болып мүшеленуін осы аталған сіңісу құбылысының нәтижесі деп қарауға болады.
Сөздердің құрылымдық элементтерінің мағыналары күнгірттенбей және олардың жігі көмеккіленбей тұрғанда, сөздердің морфемалық құрамы оңай ажыратылады. Бірақ бұл барлық уақытта осылай бола бермейді. Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалардың мағыналары мүлдем көмескіленіп, олардың бір – бірінен жігі ажырамайды да, соның нәтижесінде морфемаларға мүшеленбейтін қалыпқа жетеді. Көрнекті лингвист В.А.Богородицкий сөздердің морфологиялық құрылымдық өзгеруіне себепкер болатын грамматикалық процестердің қатарына сіңісу құбылысы мен жылысу құбылысын жатқызады.
Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жайылып, олардың бір – біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөздің морфемалық жігінің әбден күнгіртеліп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкеліп морфологиялық процес сіңісу құбылысы деп аталады. (сексен, тоқсан, жақ, жан, жалын, жарық т.б.)
Тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне ауысып, ол морфемалардың бұрыңғы тілі мен ара қатынастық өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады.
В.А.Богородинскийдің пікірінше, жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі (-ың, -ің) түрінде болған. Бұл бастапқы форма –ың -ің( менің, сенің, оның, соның есімдіктердің құрамында сақталған. Тілдің даму барысында морфологиялық жылысу процесінің нәтижесінде есімдіктердің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да, ілік септіктің жалғауы ұлғайып -ның, -нің түрінде айтылып қалыптасқан. Морфологиялық жылысу процесі түбір мен жалғаудың аралығында ғана емес, сонымен бірге түбір мен жұрнақтың аралығында да болуы мүмкін. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған негіздің соңғы дыбысы онан суып, жұрнақтың құрамына ауысады да, сөз бұрыңғысынан басқаша түрде мүшеленеді. Түбір мен жұрнақтың арасындағы морфологиялық жылысу процесін сарғай деген етістіктің құрамын талдаудан көруге болады. Аталған туынды етістік сары деген сын есімнің бастапқы дыбысталу түрі – сары фомасынан жасалған. Қазақ тіліндегі сары деген сын есім онымен туыстас қазіргі хакас тілінде сары, ұйғыр тілінде сериқ, өзбек тілінді сариқ түрінде дыбысталады. Генеологиялық тұрғыдан алғанда, сарғай деген туынды етістіктің құрамындағы сөз тудырушы жұрнақ –ғай емес, -ай жұрнағы. Мұны төмендегідей салыстырулар арқылы дәлелдеуге болады: мол, көп, аз, тың, мұң, күш деген түбірлерге –ай, -ей жұрнағы жалғану арқылы молай, көбей, азай, тыңай, мұңай күшей тәрізді туынды етістіктер жасалғаны сияқты, сарығ деген сөзге –ай жұрнағы жалғану арқылы сарғай деген туынды етістік жасалған. Алғашқы да сарығ түрінде дыбысталған сөздің тілдің даму барысында соңғы дыбысы түсіп қалғанда, бұл сөз қазақ тілінде сары түрінде дыбысталып болған.
Жаттығуды орындау
22-жаттығу. Негізгі түбір сөздерді тауып, астын сызып, көшіріңіздер.
Бұл ажарды көптеп сезген Құнанбай, түбінде орай келгенде, ендігі соңғы қимылды өз қолымен істеп көрмек боп, әлдеқашан байлаған. Әбіш биыл да жазғы демалысқа елге қайтқан. Өзі де шабытты, отты ақын Дәрмен ақындықтың ойда жоқ оқыстан, шапшаң тұтанып шыққан кезін, өз көзімен көруге әрдайым ынтығады. Жазғытұры ауыл қолдан түленкендей бір түрлі бір жас иіске, жас өмірге толы. Бүрсігүні Абай жүріп кетті. Қарамолдадан аман-есен қайтқан соң, Абай өз достарының бәріне жаздыгүні Павлов, Әбіштер айтқан өсиеттерді айтқан. Күннің көзі көкжиектен әрі асып, төмен түсіп, біржола батты.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№6 ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Аффикстер морфемалар
Пікірталас сұрақтары
Аффикстік морфемалардың қызметі
Аффикстердің мағынасы мен қызметі жағынан түрленуі
Көлшік сөзінің мағынасы
Деривациялық мағына
Сөз түрлендіруші аффикстер
Реляциялық мағына
Жұрнақ пен жалғаудың ерекшелігі
Жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған туынды сөз
№7 ОБСӨЖ 1. ТАҚЫРЫБЫ: Аффикстік морфемалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері
2. Жоспар:
Омонимдес аффикстер
Дара мағыналы және көп мағыналы аффикстер
Синонимдес аффикстер
Антонимдес аффикстер
3. Теориялық мәлімет
Қосымшалардың мағыналары бірдей емес. Бірі, сөзжасам қосымшасы екіншісі, мысалы, сөз түрлендіруші қосымшалары, грамматикалық немесе лексика – грамматикалық мағыналарды білдіреді, ал үшіншісі функциялық қосымшалар, контексттік лексика – гармматикалық мағыналарды білдіреді. Сонымен бірге сөзжасам қосымшаларының да, сөзтүрленім қосымшаларының да бір тобы бір ғана мағына білдіріп моносемиялық қосымша болып бөлінген, екінші бір тобы бірнеше мағына білдіріп, полисемиялы қосымша болып бөлінеді. Мысалы, белгілі бір елге, жерге, ру – тайпаға, халыққа т.б. нақтылы қатыстылықты білдіретін – ы, - і, және осы қосымша қалыптасқан алғашқы түрі кірме – и қосымшалары моносемиялы болып табылады: қазақ – ы (мал), қалмақ – ы (ер), араб – ы (кілем), тарих – и (оқиға), әдеб-и (тіл) т.б. Бұлардың қатарына –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, инабат-ты; -ыл, -іл, -л: тарсыл, діріл, гурсіл, т.б.; -ым, -ім, -м: ал-ым,ұғ-ым, байла-м, біл-ім т.б.; кірме қосымшалар: -кеш, -қой, -қор, -паз, -хана, -стан: арбакеш, білімпаз, асқана, жем-қор, түркістан, шымкент т.б. толып жатқан сөзжасам қосымшалары жатады. Ал, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: кісілік, достық, жақсылық т.б. Сондай-ақ, өсімдік, орындық, т.б. сондай-ақ, айлық, апталық, жылдық, т.б. бірлік, үштік т.б. орталық, қоғамдық, қалалық т.б. –сыз, -сіз; сусыз (жер), білімсіз (ел), мұңсыз (жұрт), үнсіз (тыңда), қозғалыссыз (отыр), сөзсіз (мойындау) т.б. –дай, - дей, -тай, -тей; таудай (кісі), ат-тай он жыл, үйдей (тас), жүздей (оқай), мыңдай (жылқы) т.б. өлер – дей (болу), жылардай (болу), баратыңдай сияқты, жастай кетті, ала жаздай еңбек етті т.б. толып жатқан сөз жасам қосымшалары полисемиялы болып табылады. Сондай-ақ –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н табыс септік талғауы (баланы оқытты, үйді құлатты, мектепті бітірд т.б.) тұра объектіні білдіріп, моносемиялы сөз тіркестері қосымшасы болып табылады. Сондай-ақ –ды, -ді, -ты, -ті жедел өткен шақ қосымшалары –ды, -ді, -ты, -ті көсемше тұлғасынан келіп жалғанатын 3 – жақ жіктік жалғауы т.б. – моносемиялы қосымшалар. Ал тәуелдік жалғау басқа бір заттық нелігінд екендігін білдіретін мағына, бұл үш топқа бірдей, яғни 1 – жақ, -ым, -ім, -м қосымшасы да –ын, -ін, -н, ыңыз, іңіз, ңыз, ңіз ІІ жақта –сы, -сі, -ы, -і, ІІІ жаққосымшасыда бір тәуелдік мағынаны білдіреді. Екіншіден, тәуелдік мағынаны қоса жақтық мағынаны, екінші жақта анайылық, сыпайылық мағынаны білдіреді, үшіншіден, солардың үстіне ІІ, ІІІ жақтар жекеше – көпше мағынаны да білдіреді: І –ым, -ім, -м, және –мыз, -міз, -ымыз, -іміз, ІІ жақ –ын, -ін, -ң т.б. солардың қатарына жатады.
Полисемиялы қосымшаларды омоним қосымшалардан айыра білу керек. Омоним қосымшалар тұр – тұлғасы бірдей я ұқсас болғанмен, мағыналары бүтіндей бөлек – бөлек, көбіне бір – бірімен ешбір байланыс болмайтын қосымшалар болып табылады. Сөзжасам қосымшалары өзінше бір – бірімен омонимдес бола береді. Мысалы, -ық, -ік, -қ, -к: қаз-дық, араб-ы, т.б. және өл-і, тол-ы, жыл-ы, т.б. және бай-ы, жер-і, жас-ы, тас-ы, т.б. Омонимдік сипат сөзжасам қосымшасы мен сөз түрленіп қосымшалары арасында да болады. Жоғарыда көрсетілген –қ, -к қосымшаларымен І жақ көпше түрде жіктік жалғауы (барды-қ, келді-к, келсе-к), -ы, -і қосымшалары мен тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы (кітаб-ы, дос-ы) омонимдес болып келеді.
Мағыналық жағынан қосымшалар мағыналас, жақын мағыналарды білдретін синоним қосымшаларда, мағыналары бір – бірне қарама – қарсы антоним қосымшалар да болады. Синоним қосымшалардың қатрына тәуелдік жалғау (үш жақтада) мен -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы, белгілі жағдайда –шаң, -шең (тершең, кіршең) қосымшасы мен –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (сенгіш, көнгіш, келегіш) қосымшасы, сондай-ақ –шыл, -шіл, және –қор (шайқор, тершл, ұйқышыл) қосымшалары, біріншіден, адамға қатысты, екіншіден, ол адамның бір іске бейімділігін, жақындығын білдіретін, атаулар. Ал оған керісінше –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшасы белгілі бір зеттық, құбылыстың барлығын, көптігін білдіретін сөз тудырса, -сыз, -сіз қосымшасы заттың, құбылыстың жоқтығын білдіретін қатысты мәндегі сөздер тудырып антонимдік сипатта қолданылады. Сондай –ақ барыс септік жалғауы белгілі бір затқа, объектіге, мекеңге қарай бағытталуды білдірсе, шығыс септік жалғауы керісінше қимылдың қайдан шыққанын яғни белгілі бір қаттап, объктіден, мекеннен шығуды білдріп, қарама – қайшы грамматикалық мағынада жұмсалады.
4. Бақылау сұрақтары:
Қосымшалардың мағыналары
Сөзжасам қосымшасы
Сөз түрлендіруші қосымшалары
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
Моносемиялық қосымша
Полисемиялы қосымша
Студенттің үй тапсырмасы
Омоним қосымшалар
Синоним қосымшалар
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№8 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі
Жаттығуды орындау
14-жаттығу. Сөз құрамын морфемаларға бөліңіз де, оларды схема бойынша талдап жазыңыз.
Жан, жақ, уақ, үлкен, үлкей, дымқыл, батырларындай, үйдегі, оқытатын, ақылдас, ұқтырған, ауыздықтан, сызат, толы, жем, тапсырма, ойпаттарға, дөңестер, арашалайды, жент, қайта, өндірістен, айлықты, білтелі, іле, басқа, қазақуар, көтеріңкілік, өзге, қырат, құлақшын, жерсінбеу, шалқай, алыстау, азайту, бүлдір, білемін, құлатпай, бүлін, ою, оймыш, айтыңқырайды, сенімдірек, шеткі, киіт, өкінгендіктен, сеніміміз, оқушымыздан, ойпаттарға, тысқары, батыр, жатыр, сарғай, ұлғай.
Негізгі түбір
|
Жұрнақ
|
Жалғау
|
тірі
|
өлі
|
есім
|
Етістік
|
Жақсыз
|
жақты
|
өнімді
|
өнімсіз
|
өнімді
|
өнімсіз
|
көптік
|
септік
|
тәуелдік
|
жіктік
|
№9 ОБСӨЖ 1. ТАҚЫРЫБЫ: Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі
2. Жоспар:
Сіңісу процесі
Жылысу процесі
Күрделену процесі
Декореляция процесі
Дифузия құбылысы
3. Теориялық мәлімет
Сөздердің құрылымдық элементтерінің мағыналары күңгірттенбей және олардың жігі көмескіленбей тұрғанда, сөздердің морфемалық құрамы оңай ажыратылады. Бірақ бұл барлық уақытта осылай бола бермейді. Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалардың мағыналары мүлдем көмескіленіп, олардың бір-бірінен жігі ажырамайды да, соның нәтижесінде морфемаларға мүшеленбейтін қалыпқа жетеді. Бұлай болудың сыры мынада: тілдің замандар бойындағы дамуы барысында сөздердің де құрылымында өзгеріс болады. Мұндай өзгеріс сөздердің және олардың құрылымдық элементтерінің (морфемалардың) ішкі (мағыналық) жағын да, сыртқы (дыбысталу) жағын да бірдей қамтуы, соның нәтижесінде олардың жігі көмескіленіп өзгеруі мүмкін. Сөздердің құрамындағы морфемалардың шегі ауысып, олардың морфологиялық құрылымының өзгеруі қалай болса, солай емес, белгілі бір граммтикалық процестердің әсерінен болады. Көрнекті лингвист В.А.Богородицский сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруіне себепкер болатын грамматикалық (морфологиялық) процестердің қатарына сіңісу (опрощение) құбылысы мен жылысу (переразложение) құбылысын жатқызады.
1. Сіңісу құбылысы. Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында мағыналарынан айрылады да, ондай сөздер морфемаларға ажыратылып, мүшеленбейтін сөздер ретінде ұғынылады.
Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде, сөздің морфемалық жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады.
Сіңісу процесінің нәтижесінде сөздің о баста түбір мен аффикске мүшеленген негізі қазіргі тілде морфемаларға ажыратылмайтын негізге айналады.
Морфологиялық сіңісу процесінің нәтижесінде құрамындағы бөлшектері бір-біріне сіңісіп кетіп, бұл күнде мүшеленбейтін сөздер түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де бар. Қазақ тіліндегі сексен, тоқсан деген сан есімдер түбірлердің бір-бірімен кірігіп, сіңісуіне мысал бола алады.
2. Жылысу құбылысы: Тілдің дамуының әр түрлі дәуірінде сөз құрамындағы морфемалардың бір-бірімен ара қатысы өзгеруі мүмкін. Мұндайда сөз құрамындағы морфемалардың бастапқы аралық шегі өзгеріп, соның нәтижесінде сөз морфемаларға бұрынғысынша емес, басқаша мүшеленетін болады. Екінші сөзбен айтқанда, сөз құрамындағы бір морфеманың элементі екінші морфемаға сусып отырады.
Сонымен, тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне аусыпы, ол морфемалардың бұрынғы жігі мен ара қатысының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады.
В.А.Богородицскийдің пікірінше, жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі -ың, (ің) түрінде болған. Бұл бастапқы форма (-ың, -ің) менің, сенің, оның, соның деген есімдіктердің құрамында сақталған. Тілдің даму барысында морфологиялық жылысу процесінің нәтижесінде есімдіктердің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да, ілік септіктің жалғауы ұлғайып, -ның (-нің) түрінде қалыптасқан.
Морфологиялық жылысу процесі мен сіңісу процесінің қатысуы нәтижесінде жасалған күрделі немесе құранды жұрнақтар мыналар:
–шылық (-шілік): тіршілік, адамшылық, кемшілік, таршылық, кеңшілік т.б.
–лас (-лес): ұялас, бәсекелес, араздас, пікірлес т.б.
–ңқы, (-ңкі), -ыңқы (-іңкі): шашыраңқы, түсіңкі, басыңқы, кебіңкі т.б.
–нды, (-нді), -ынды, (- інді): жаттанды, ерітінді, жыртынды т.б.
–қылықты, (ғылықты), -кілікті, (-гілікті): тыңғылықты, жергілікті, тұрғылықты, қызғылықты т.б.
–мпаз, (-ымпаз), -імпаз: жасампаз, кеңесімпаз, сұрампаз т.б.
–лан, (-лен), -дан, (-ден), -тан, (-тен): ашулан, жігерлен, таңдан, қайраттан, еңбектен т.б.
–сыра, (-сіре): жалғызсыра, етсіре, қансыра т.б.
–ңқыра , (-ңкіре), -ыңқыра, (-іңкіре): айтыңқыра, жүріңкіре т.б.
3. Сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруіне күрделену процесі де әсер етеді. Күрделену процесі бойынша, бастапқы туынды емес негіз туынды негізге айналып, осының нәтижесінде алғашында морфемаларға ажыратылмаған сөз морфемаларға мүшеленетін болады. Морфемаларға ажыратылмайтын кейбір сөздер морфемаларға мүшеленетін басқа бір сөздердің құрылымдық үлгісіне ұқсас келеді, аналогия бойынша морфемаларға мүшеленеді.
Күрделену құбылысы көбінесе төл сөздерде емес, кірме сөздердің морфемалық құрамында ұшырасады.
4. Сөздің морфемалық құрамына талдау жасауда ескеретін процестердің бірі – декорреляция процесі. Декорреляция процесі бойынша, сөздің о бастағы морфемалық құрамы да, морфемалардың ара қатысы да, саны да, орны да өзгермей, олардың сипаты мен мағынасы өзгереді. Декорреляция сөздің морфемалық құрамын өзгертпейді, сөз морфемаларға алғашында қалай мүшеленсе, қазірде де солай мүшеленетін болады. Сөздің құрамында оның жасалу кезінде сөзді құрастырушы морфемалардың сипаты мен мағынасы бұрынғысынан басқаша болып, бір-бірімен өзгеше байланысқа түседі.
Қазақ тілінде босқа, текке, бекерге, бірге, кешке деген үстеулердің морфемалық құрамы бос+қа, тек+ке, бекер+ге, бір+ге, кеш+ке түрінде морфемаларға мүшелене алады.
5. Сөз құрамындағы морфемалардың арасындағы біркелкі дауыстылардың немесе біркелкі дауыссыздардың өзгеріске ұшырауы, атап айтқанда, ондай дыбыстардың тұтасуы нәтижесінде морфемалардың даралану, ажыратылу мүмкіндігі әлсірейді. Мұндай құбылыс диффузия құбылысы немесе морфемалар диффузиясы деп аталады. Диффузия құбылысы сөздің морфемаларға мүшеленуінің бастапқы қалпын өзгертпейді, сөз морфемаларға бұрын қалай мүшеленсе, қазірде де солай мүшелене алады. Диффузия сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу жағынан көрініп, жазба түріне әсер етпеуі мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде қара ат, қара ала дегендер ауызекі тілде қарат, қарала түрінде айтылады.
4.Бақылау сұрақтары:
Сіңісу процесі
Жылысу процесі
Күрделі немесе құранды жұрнақтар
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. –шылық (-шілік) жұрнағы
2. –лас (-лес) жұрнағы
3. –ңқы, (-ңкі), -ыңқы (-іңкі) жұрнағы
4.–нды, (-нді), -ынды, (- інді) жұрнағы
5. –қылықты, (ғылықты), -кілікті, (-гілікті). жұрнағы
7. –мпаз, (-ымпаз), -імпаз жұрнағы
8. –лан, (-лен), -дан, (-ден), -тан, (-тен) жұрнағы
9. –сыра, (-сіре) жұрнағы
10. –ңқыра , (-ңкіре), -ыңқыра, (-іңкіре) жұрнағы
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Күрделену процесі
2. Декорреляция процесі
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№10 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қосымшалардың морфонологияға қатысы
Коллоквиум тапсырмалары
Морф және морфонеманың айырмасы
Морфема термині
Морф терминіне түсінік
Бодуэн де Куртененің пікірі
Морфтың морфологияға қатысы
Фонемалық қатар
№11 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Морфема жігіндегі диссимиляциялық құбылыстар
Жоспары:
1. Сөз соңындағы л-д-т дыбыстарының алмасып келуі.
2. н-д-т дыбыстарынан қосымшалардың қолданылуы.
3. Теориялық мәлімет
Қазақ тілінде сөз бен қосымша жігінде де диссимиляциялық құбылыстарды жиі байқауға болады. Бұл құбылыстар, негізінен, қосымшалардың өзі жалғанған сөздің соңғы дыбысына қарай вариантқа бөлінуінен аңғарылады. Сондықтан олардың ұқсас түрленетін мынадай топтарына назар салайық:
1. Қазақ тілінде жалғанған сөзінің соңғы дыбысына байланысты л-д-т дыбыстарымен алмасып келетін қосымшалар бар. Олар: -лар (-лер), -дер (-дер), -тар (-тер) көптік жалғауы, -ла (-ле), -да (-де), -та (-те) есім сөзден етістік тудыратын жұрнақ, -лы (-лі), -ды (-ді), -ты (-ті) сын есім тудыратын жұрнақ, -лық (-лік), -дық (-дік), -тық (-тік) зат есім жұрнақтары. Бұл жалғау, жұрнақтардың о бастағы нұсқасы (негізгі морф) л-ден басталтын түлері екенін еске ала отырып, д және т-дан басталатын морфтардың қалай пайда болғанына көңіл аударайық.
Д және т-дан басталатын варианттарға келсек, т-дан басталатындары қатаң дыбыстардан кейін пайда болады да, д-дан басталатындары ұяң және л, м, н, ң дыбыстарынан кейін жалғанатыны белгілі. Олай болса, т дыбысынан басталатын морфты ассимиляциялық құбылыс ретінде қалдырып (қатаң дыбыстың өзіне ұқсату жолымен), д-дан басталатындарына тоқталған дұрыс.
Д дыбысынан басталатын нұсқалардың да ұяңнан кейін келетіндерін ассимиляциялық құбылыс деп есептеп, диссимиляциялық құбылысты үнді дыбыстарынан біткен сөзге жалғанатын қосымшалардан іздейміз.
Л дыбысына аяқталған сөздерге аталған жұрнақтар жалғанғанда, алғашқы нұсқасы –лер, -лер, -ла, -ле, -лы, -лі, -лық, -лік болып жалғануы тиіс. Бірақ лл тіркесіні диссимиляцияланып лд-ға айналады. Мысалы, маллар – малдар, қоллар – қолдар, көллер –көлдер т.б.
М дыбысына аяқталған сөздерге д л-ден басталатын қосымшалар жалғанғанда, мл тіркесіп, шам-лар, жем-ле, құмлы болып дыбысталуы керек еді. Диссимиляцияның арқасында л-д алмасуы пайда болып шамдар, жемде, құмды түрінде айту нормаға айналады.
Н, ң дыбыстарына біткен сөздерге аталған жұрнақтық жалғаун тәртібі де жоғарыдағыдай. Барлық жұрнақтар тек д-дан басталатын нұсқаларымен жалғанады. Мысалы: күн-дер, дән-де, сән-ді, аң-дер, мең-ді т.б. Н дыбысынан кейін келген л дыбысын байқататын сөз қазақ тілінде кездесе бермейді. Бірақ айтуда редукцияланған дауысты дыбыстың екі жағындағы н және л дыбыстары тіркелді.
4.Бақылау сұрақтары:
Есім сөзден етістік тудыратын жұрнақтар
Диссимиляция құбылысы туралы
Ассимиляциялық құбылыс
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Сөз соңындағы л-д-т дыбыстарының алмасып келуі.
2. н-д-т дыбыстарынан қосымшалардың қолданылуы.
3. Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. м-л дыбыстарынан қосымшалардың қолданылуы
2. Сын есім тудыратын жұрнақтар
3. Жаттығумен жұмыс
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№12 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Сөз құрамының ұлғаюы
Коллоквиум тапсырмалары
1. Түбір морфема мен қосымша морфема
2.Сөз формасының лексикалық мағынасы
Сөз формасының грамматикалық мағынасы
Көздегенім деген сөз форманың мағынасы
Морфологиялық талдаудың мақсаты
Протеза, эпитеза, эпентеза
Дауысты дыбыстардың арасына қойылатын қыстырма дыбыстар
Сөз құрамының ұлғаюы
2.Фонетикалық ұлғаю процесі
Қыстырма дыбыстар (интерфикстер)
Қосарлы дыбыстар (геминаталар)
Селбеспелі дыбыстар (эпитеза немесе парагогия)
№13 ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Жұрнақтар өзге сөз таптарына жалғанғанда қойылатын қыстарма дыбыстар
Жоспары:
–паз жұрнағының жалғануы
–ым, -ім, -м жұрнағының жалғануы
–лы, -лі жұрнағының жалғануы
3. Теориялық мәлімет.
-Паз жұрнағы есім сөзге жалғанып, сын есім тудырады десе, -ымпаз, -імпазғ –мпаз жұрнақтары етістікке жалғанып есім тудырады делінген. Соңғы топтағы жұрнақтарды А. Ысқақов былай түсіндіреді. “-мпаз, -ымпаз, -імпаз жұрнағы ым және паз (м-паз) компонеттерінен құралған. Бұл форма сезімпаз, алымпаз, білімпаз, жағымпаз сияқтанған сөздерде бөлшектеуге келгенмен, жасампаз, кеңесімпаз, сұрампаз тәрізді сөздер де жеке – жеке бөлшектеуге, ажыратуға келмейді”.
Біздіңше, автор бұл жерде –ым және –паз компонеттерінен құралады дегенде, паз бен бірге м (-ым, -ім) жұрнаққа жатады деп есептеп отыр. Сондықтан ол компонеттерді бөлуге болатын және болмайтын жағдайларын көрсетеді. Біздің байқауымызша, паз жұрнақ та, қалғаны (-м, -ым, -ім) жұрнақ емес. Мысалы: сезім, алым, білім дегенде кәдімгі етістіктен еісм сөз жасайтын жұрнақтың қолданылып тұрғанын көреміз. Ал жағымпаз, кеңесімпаз, сұрампаз деген сөздердегі –м (-ым, -ім) ондай сөз жасамдық жүк көтеріп тұрған жоқ. Бірақ автор айтқандай екі жұрнақтың бөлінбестей болып бірігіп кетуі де емес. Бұл жерде –паз жұрнағы жалғану үшін етістік есім сөзге айналу керек не есім сөз сияқтанып барып жұрнақ қабылдау керек. Сондықтан жақ, кеңес, сұра, қыдыр сияқты етістіктер –паз жұрнағын қабылдау үшін етістіктен есім сөз тудыратын –м, -ым, -ім жұрнағының омонимдес тұлғасын қыстырма дыбыс ретінде қабылдай қояды. Бұларды жұрнақ демей омонимдес тұлға дейтін себебіміз, олар сөз жасай алмайды. Айталық, жоғарыда келтірілген етістіктердің –ым, -ім-, -м дыбыстары арқылы зат есім жасалған жоқ. Қыдырым, жағым, кеңесім т.б. сөздер зат есім бола алмайды. Сондықтан да А. Ысқақов түбір сөзбен бірге айтылмайтыны дұрыс көрсетіп отыр.
Егер А. Ысқақов айтқандай, екі жұрнақ бірігіп бөлінбестей тұтастанған болса, онда ым-паз жұрнағы күрделі жұрнаққа жатар еді де, оның берер мағынасы күрделенген болар еді. Бұл жерде –м, -ым, -ім дыбыстары сөз ішіндегі мағынасыз бөлшек қыстырма дыбыстарға жатады.
4.Бақылау сұрақтары:
Жұрнақ дегеніміз не?
Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ
Етістіктен есім сөз тудыратын жұрнақ
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. А.Ысқақовтың етістіктен есім сөз тудыратын жұрнақ туралы пікірі
2. Жақ, кеңес, сұра, қыдыр етістіктері
3. Омонимдес тұлға
6. Студенттің үй тапсырмасы
–паз жұрнағының жалғануы
–ым, -ім, -м жұрнағының жалғануы
–лы, -лі жұрнағының жалғануы
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№14 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Морфемалар құрамында түсіндірілуі қиын қыстырма дыбыстар
Коллоквиум тапсырмалары
Түбір мен қосымшаның арасындағы й қыстырма дыбысы.
–дырық, -дірік жұрнағының л дыбысы арқылы ұштасуы.
–ла қосымшасының алдына а дыбысының қойылып айтылуы.
Сыпыртқы, жұмыртқа, қабыртқа, омыртқа сөздерінің морфемаға жіктеу
Ер, зер сөздерінің жіктелуі
С.Н.Муратов –л, -ыл дыбысы туралы
№15 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Морфемалар құрамында қосарлы дыбыстар.
Жоспар:
Морфемалар жігіндегі қосарлы дыбыстардың пайда болуы.
Қосарлы дыбыстар жайлы ғалымдар пікірі.
3. Теориялық мәлімет
Қосарлы дауыссыздардың пайда болуы бұл жағынан алғанда қыстырма дыбыстың табиғатына өте жақын. Қазақ тілінде тот, от (шөп мағынасында) сөздеріне –ық жұрнағы жалғанып, тотық (темір тотықты дегенде) отық (отықты дегендегі) етістіктері жасалатыны белгілі. Осы сөздердің тілімізде тоттығу, оттығу болып айтылуы да жиі кездеседі. Мысалы, Қаптау металл бұйымдарды тоттығудан сақтайды. Даладан көк шөптерді жұлып әкеп, ақ шұнақ лақты оттықтырды.
Бұл мысалдардағы тоттығу, оттығу сөздерінде бір т дыбысының артуы қосарлы дауыссыз дыбыс пайда етумен бірге морфемаға бөлгенде тот, от түбір сөздеріне –ық қосымшасына жатпайтын –т дыбысы қалыптасады. Сондықтан қосарлы дауыссыз дыбыс пайда болғанда, оның біреуі қыстырма дыбыс ретінде мағынаға қатыссыз тұрғандығын еске алған жөн. Сонымен, қосарлы дауыссыз дыбыстардың пайда болуы қыстырма дабыстар сияқты сөйлеу кезінде ашық буынды нықтап айту мақсатымен тобық буынға айналдыру әрекетіне байланысты екен.
Қосарлы дауыссыз дыбыстар дегеніміз сөз ішінде бір дауыссыз дыбыстың созылыңқы айтылуы. Бірақ қазақ тілінде қатар келген бір дауыссыз дыбыстың біреуі диссимиляцияланып кететін жағдайы да бар. Мысалы: күллі – күлді, алла – алда, молла – молда, ыссы – ыстық т.б. Әрине бұл жағдай қазақ тілінде қосарлы дауыссыз дыбыстардың аз кездесуіне себеп болады да, ол баста артық дыбыстың қалай пайда болғаны белгісіз күйге түсед. Мысалы: илік, көндік, шалдық, бастығу сияқты сөздерден қосарлы дыбыс белгісін көру мүмкін емес. Сондықтан мұндай құбылыстардың жайы қазақ тіл білімінде ашылып түсіндіріле қойған жоқ.
Көнік – көндік, иік – илік сияқты жарыса қолданылатын сөздердің жасалуында өзгешелік барына көзі түскен А. Қалыбаева мынадай пікір айтады: “и-іл, и-лік” деген түбі рлес туынды түбір етістіктен соқ-тық, қақ-тық тәрізділерден өзгеше талдап, тануға келетін күрделі компонентті туынды түбірге ұқсайды. Бұлай деуге дәлел –и, -іл өздік етістігі. Ал көндікке келгенде, мұны айта алмаймыз. Өйткені көн етістігі, біріншіден, осы қалпында өздік те, ырықсыз да бола алмайды. Ол көн-дір болып өзгелікке өткен сң ғана көн-дір-гіз, көн-дір-іл, ал көн-іс туынды түбір есім немесе ортақ етіске айналады. Оның үстіне жұрнағының –дік түрінде қосылуы да жоғарыдағы бұл түбірлерге қосылып тұрған –лық, -лік, -дік, -тық, аффикстерін біртұтас деп тануға итермелейді. Сондықтан л дыбысының түсіріліп айтылу қабілетін ескеріп, -лық, -лік, -дік синтетикалық модельдерін –ық, -ік тердің ілкі түрі деп танимыз”.
Ғалымның –ық, -ік жұрнағы мен –лық, -лік, -дық, -дік жұрнақтары жалғанған сөзден жаңа сөз емес, мағыеасы бір сөз жасалуын аңғарып, олардың бөтен жұрнақ еместігін байқағанын көруге болады. Бірақ, -лық, -лік жұрнағы ықшамдалып, -ық, -ік түріне ауысқан деген болжамға күдікпен қарауға болады. Себебі, біріншіден, бұл жерде л дыбысының түсірілп айтылу қабілетін себеп етуге болмайды, өйткені қазақ тілінде л дыбысының түсірілуі шартты әңгіме болып отырған жағдайға тура келмейді. Л дыбысына біткен етістікке шартты рай жұрнағы жалғанғанда (келсе – келсе, болса - болса), көсемшенің –ып, -іп жұрнағы жалғанғанда (алып-ал, келіп – кел); болымсыз етістік жұрнағыжалғанса (болма – болса, келме - келсе), бұйрық райдың –сын, -сін жұрнағы жалғанса (алсын – асын, келсін - кесін), бұйрық райдың екінші жақ көпше түрі жалғанғанда (келіңдер – кеңдер, салыңдар - саңдар) л дыбысының түсетіні белгілі. Ал л дыбысынан басталатын сөздің не қосымшаның сөзбен тіркескенде, сол сөз не қосымша басындағы л-нің түсірілуі кездеспейді.
4. Бақылау сұрақтары:
1.Қосарлы дыбыстардың пайда болуы
2. Тоттығу, оттығу сөздерін талдау
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1.А.Қалыбаеваның жарыса қолданылатын сөздердің жасалуы туралы пікірі
2. Қосарлы дауыссыз дыбыстардың анықтамасы
6. Студенттің үй тапсырмасы
1.Жаттығумен жұмыс
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№16 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ тіліндегі қосымша морфемалар
Жаттығумен жұмыс
12-жаттығу. Сөйлемді көшіріп, сөз құрамы қандай морфемалардан тұрғанын таяқшалармен бөліп ажыратыңыз да, түбір морфемалардың астын сызыңыз.
Айналдыра иілген егін алтынмен қаптап қойғандай жалт-жұлт етеді. Шалқыған, көрнекті, мол дүниенің тірі пішінді белгісі сияқтанып Қарқара жәрмеңкесі қайнап жатқан. Жалғыз қызының қорлықта жүргенін есіткелі жүрегі нашарлап, басқа біреудің қасіретін көрсе, көңілін тоқтата алмай қалатын. Түріктің екінші Мұрат сұлтаны жел кемелерін енді тікелей Каффаға қарай беттеді. Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен. Аздан соң Абай бұларды тосып алып, енді үшеуі бірдей ұзақ-ұзақ жарысуға айналды. Тәңірберген үстіне киіп жатқан қасқыр ішігі иығынан түсіп, аңырып тұрып қалды. Мен үйге келсем, Әбдірахманның қаладан келгенін естіп, үйдің іші қуанып отыр екен. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы: бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын.
14-жаттығу. Сөз құрамын морфемаларға бөліңіз де, оларды схема бойынша талдап жазыңыз.
Жан, жақ, уақ, үлкен, үлкей, дымқыл, батырларындай, үйдегі, оқытатын, ақылдас, ұқтырған, ауыздықтан, сызат, толы, жем, тапсырма, ойпаттарға, дөңестер, арашалайды, жент, қайта, өндірістен, айлықты, білтелі, іле, басқа, қазақуар, көтеріңкілік, өзге, қырат, құлақшын, жерсінбеу, шалқай, алыстау, азайту, бүлдір, білемін, құлатпай, бүлін, ою, оймыш, айтыңқырайды, сенімдірек, шеткі, киіт, өкінгендіктен, сеніміміз, оқушымыздан, ойпаттарға, тысқары, батыр, жатыр, сарғай, ұлғай.
Негізгі түбір
|
Жұрнақ
|
Жалғау
|
тірі
|
өлі
|
есім
|
Етістік
|
Жақсыз
|
жақты
|
өнімді
|
өнімсіз
|
өнімді
|
өнімсіз
|
көптік
|
септік
|
тәуелдік
|
жіктік
|
№17 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Жұрнақтар
2. Жоспары:
1. Жұрнақтардың жалпы сипаттамасы
2. Жұрнақтардың құрамы
3. Теориялық мәлімет.
Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге жаңа лексикалық мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: ек, егін, егіндік, егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымен, олардың әрқайсысы басқа – басқа ұғымдарды білдіреді. Бірақ сол басқа – басқа мағына лексикалық та, грамматикалық та мағыналарды қоса қамтиды. Өйткені әрбір сөз мағыналық жақтан алғанда, қашан да болсын, лексикалық және грамматикалық мағыналардың бірлігінен құралады.
Сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзден лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз тудырады. Ондай әрбір жұрнақтың өзді - өзіне тән грамматикалық мағынасы, формасы және қызметі болуы күмәнсіз. Мысалы: Шын көңілімен айтар тілегі болса, шындықпен ғана жауап беру парыз. Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа. Дегендерден шын шын және шындықпен, жол және жолығуға сөздерінің өзара мағыналық та, формалық та айырмашылықтары айқын көрінеді. Мұндағы –дық жұрнағы арқылы жасалған шындық сөзінің де, -ық жұрнағы арқылы туған жолақ сөзінің де лексикалық мағыналары шын және жол сөздерінен әрине, басқа. Оның бер жағында –дық жұрнағы жалғанғаннан кейін, сын есім зат есімге айналады да, - ық жұрнағы жалғанғаннан соң, зат есім (жол) етістікке (жолық – жолықтым, жолықса) ауысады. Бұдан жұрнақтар сөзді таза лекситкалық жағынан ғана емес, лексика – грамматикалық тұрғыдан да өзгеретіні аңғарылады. Солай болса, жұрнақтра белгілі сөз табына және оның ішіндегі белгілі тобына телулі болады.
Егер көк және көкшіл, үй және үйшік сөздерін салыстырып қарасақ, мұндағы –шіл (көкшіл) және –шік (үйшік) қосымшалары да өздері жалғанған сөздерді басқа сөз табына айналдырмаған бұрынғы сын есім (көк) сол сын есім қалпында, зат есім (үй) бұрынғы зат есім қалпында қалғанда, тек боіріншіасіден көк деген сынның солғын я бәсен түрін білдіретін көкшіл формасы, үй деген заттың аса кішкене түтрін білдіретін үйшік формасы туеған.
Форма тудыратын жұрнақтарды мағыналары мен қызметтері жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, екеуініңд еерекшеліктеріне жуықтайтын, категория деп қарауға болады. Дегенмен форма тудыратын жұрнақтар сөз байланысттыратын қосымшаплардан гөрі сөз тудыратын қлосымшаларға жақынрақ.Бірақ ол жаңа мағына сол сөздің барлық формасына өзек болатын негізгі лексикалық мағынасын өзжгертпейді, оған нұқсан келтірмейді. Демек, форма жұрнақтар сөзден, өзі жалғанғаннан кейін де, сол сөздің негінзгі лексика – семантикалық қазыеғынан алшақ әкетпейді. Сол себептен де, бұл форма мен сол сөздің басқа формаларының аралығындағы беріек семантикалық байланыс үзілмейді де, бұзылмайды да. Мысалы келғ келме, келер, келмес, келген, келгенмен, келетін, келмейтін, келмек, келмекші, келіп, келгелі, келсе, келгей, келгім келеді, дегендердің бәрі де түбірдің негізгі лексикалық мағынасын бұзбай және сол мағынадан алшақтап та кетпей, оны беріек сақтап, бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары ретінде қызмет етеді. Дәл осы қанғиданы сұр, сұрғұлтым, сұрша, сұрлау, сұршалау, сұрырақ деген формаларға да қолдануға болады. Сол себептен ббұл сөздерді сұр сөзінің әр алуан формалары деп қараған ддұрыс.
Туынды сөздердің құрамындағы жұрнақтар белгілі бір жүйе бойынша, рет – ретімен жалғанады. Түбірге тете сөз тударатын жұрнақтар жалғанады да, олардан кейін форма тударатын жұрналқтар орналасады. Егер тікелей түбірге әуелі сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар жалғанғандай юболса, солардың бәрі тікелей түбірге де қосыла береді. Мысалы: егіншілерімізге, ұйымдастырушылардың, ұйымдастырамыз дегендердің морфемалық құрамдарын салыстырыңыздар.
Жұрнақтар дыбыстық құрамы жағынан бір дыбысты да, көп дыбысты да бола береді. Мысалы: тіле-к, сұра-қ, сұра-қ, таны-с, сын-а, мін-е дегендердегі –қ, -к, -с, -а, -е – жұрнақтары жалғыз – жалғыз дыбыстар ғана. Ал, ор-ақ, түс-ім, шеге-ле, сүз-бе, шап-қы, дегендердегі дас, қалалық, дегендерде үш дыбысты. Ашпалы үзінді, ұшқалақ, адамшылық, жергілікті дегендерде тлөрт дыбысты (палы, інді) бес дыбысты (-қалақ, -шылық) және жеті дыбыстцы (-гілікті) жұрнақтар бар.
Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң жұрнақтар және құранды жұрнақтар болып екі салаға бөлінеді.
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да, бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтамыз. Мысалы, білім, кеспе, малшы, ұшқыш, үйшік, әкелік, дегендердегі –ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік жұрнақтарының әрқайсысы – мағына жағынан да, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақтар.Мағына бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақтар болады. Мысалы, жайшылық, басыңқыв, тұрғылықты, құранды дегендердегі –шылық, -ыңқы, -ғылықты, -ынды жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан бір бүтін форма болғанымен құрамы жағынан әуелгі екі я үш жалаң жұрнақтардан бірігіп жасалған күрделі жұрнақтар. Мұнадағы –шылық жоұрнағы бастапқы –ша және –лық формаларынан, -ғылықты жұрнағы –ғы+лық+ты морфемаларынан құралып, біріккендіктері тұлғаларынан көрініп те тұр.
Құранды жұрнақтарға –ымды, -імді (ұнамды, сүйкімді) –ынды, -інді (асыранды, үйінді), -улы, -улі (байлаулы, елеулі), -малы, -мелі (жалғамалы, төгілмелі) жұрнақтарын және олардың өзге де дыбыстық варианттарын жатқызуғаболады. Бұл көрсетілген құранды жұрнақтардың бәрі де есімдерге тән.
4. Бақылау сұрақтары:
1.Жұрнақтың жалпы сипаттамасы
2.Жұрнақтың түрлері
3.Сөз тудыратын жұрнақтар
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1.Жұрнақтардың құрамы
2.Жалаң жұрнақтар
3.Құранды жұрнақтар
4. Төл жұрнақтар
5. Кірме жұрнақтар
6. Көне жұрнақтар
7. Жаңа жұрнақтар
8. Тірі және өлі жұрнақтар
9. Дара және көп мағыналы жұрнақтар
10. Құнарлы және құнарсыз
6. Студенттің үй тапсырмасы
1.Жұрнақтардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері
2.Жұрнақтағы синонимдік қасиет
3.Омонимдік жұрнақтар
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№18 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Жалғаулар
Коллоквиум тапсырмасы
Жалғаулар туралы түсінік
Жалғаулардың түрлері
Көптік жалғау
Лексикалық тәсіл
Синтаксистік тәсіл
Лексика-синтаксистік тәсіл
Морфологиялық тәсіл
Тәуелдік жалғау
Морфологиялық тәсіл (синтетикалық)
Синтаксистік тәсіл (аналитикалық)
Аралас (морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсіл)
Оңаша тәуелдеу
Септік жалғау
Жай және тәуелді септеу
Септік жалғаулардың қызметі және мағыналары
Жіктік жалғау
Жіктік жалғаудың жалғану жүйесі мен формалары
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары
Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
№19 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Тәуелдік жалғау
2. Жоспары:
1. Тәуелдік категориясы
2. Жекеше және көпше тәуелдеу
3. Теориялық мәлімет.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір затты басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін сөздеордің барлығына да жалғана береді. Мысалы: Әкем, дәптеріа деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді леген сөйлемдегі үлкені субстантивтеніп тұрған сын есімдер.
Жақ – жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:
Сөздің соңғы дыбысы
|
І жақ
|
ІІ жақ
|
ІІІ жақ
|
Дауысты болса одан кейін
|
-м
|
-ң (-ңыз, ңіз)
|
-сы, сі
|
Дауыссыз болса одан кейін
|
-ым, ім
|
-ың, ің (ыңыз, іңіз)
|
-ы, і
|
Бұл қосымшалар жалғанаған сөздер әдетте өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктерімен тікелей байланста болады. сол себептен тәуелдеуі сөздің жақ – жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтьарына сәйкес келіп отырады. Менің қаламым, сенің қаламың, сіздің қаламфыңыз, оның қаламы. Сөз жекеше түрде де тәуелденеді. Егер сөз жекеше түрде тәуелденіп тұрса бір зат бір ғана адамға тән екендігін білінеді ал сөз көпше түрде тәуелденіп тұрса көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. Мысалы, Қайратын мәлім, келмеді әлім, мақсат алыс, өмір шақ деген сөйлмедегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса сол сөйлемдердегі сөздердің қиялары кетіп олар өзара үлеспей қисындаспай тұрады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай
Жекеше
|
Көпше
|
Менің ата-м, қалам-ым
Сенің ата-ң, қалам-ың
|
Ата-лар-ым, қалам-дар-ым
Ата-лар-ың, қалам-дар-ың
|
Жақ – жаққа бөлініп, сараланып қолданылатын тәуелдік жалғау тек меншікті ғана емес, бір заттың басқа бір затқа қатынасы мен олардың арасындағы табиғи байланысты да білдіретіндіктен, ол жалғау жалғанған сөзбен байланысты ілік септіктегі жіктеу есімдіктері қабаттастырылып та, қабаттастврылмайда қолданыла береді. Сол себептен ілік септіктегі І, ІІ, ІІІ жақ жіктеу есімдіктерінің міндетті түрде қолданылатын да, қолданылмайтын да жағдайлары болды. Жіктеу есімдіктерінің я түсіріліп, я түсірілмей айтылуы стилистикалық талап пен талғамға, айналасындағы өзге сөздердің қолданылу ерекшеліктеріне және басқа да сол сияқты жағдайларға байланысты.
Мысалы: Ағайын бек көп,Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ деген сөйлемдегі сөзімді, елім деген сөздердің бәріде тәуелдіктің бірінші жағында жұмсалған. Тәуелдеулі сөздің әр қашан жіктеу есімдігімен болатынын ескерсек, олардың әрқайсысынан бұрын менің есімдігі қолданылуға тиісті еді. Бірақ бұл сөйлемдерге менің есімдігі өйткені, егерде менің есімдігі қабаттасса біріншіден, өлеңнің стилі бұлар еді, екіншіден, сөйлемдердің айтылуыда ауыр болар еді; үшіншіден, бұл сөйлемдердегі тәуелдеулі сөздер жіктеу есімдігінің көмегіне мұқтаж да емес.
Мен бір сенің басыңа да арнап айтпаймын деген сөйлемдердегі сенің басыңа деген тіркестерде жіктеу есімдіктері түсірілмей айтылған. Әрине, бұл да стильдік ерекшелікпен байланысты болғандықтан, басқа жаққа емес, екінші жаққа арнай, көрсете, сілтей айтылғандықтан, жіктеу есімдіктері түсірілмеген.
Көркем әдебиетте де, ауыз екі тілде де тәуелдік жалғаулардың қолданылуларында басқа да ерекшеліктер жоқ емес. мысалы, Өскемен жағыңыз, анау Көкпекті, Тарбағатайыңыз тағы да қосылғанның бірі дейді. Осындағы тәуелденіп тұрған жалқы есімдерді олардың мағыналық ерекшеліктерін сөз етпегеннің өзінде, мынадай үш нәрсеге назар аударған мақұл;
Тәуелдіктің бірінші, екінші жақтарынан гөрі үшінші жақтың өрісі әлдеқайда кең. Олай болатын себебі – тәуелдіктің бірінші, екінші жақтарының қосымшалары өздері жалғанған сөзді тек я бірінші, я екінші жаққа тәуелді етсе, үшінші жаққа ғана емес, жалпы бөгде жақтарға тәуелді етеді. Демек, тәуелдіктің үшінші жағындағы сөзден бұрын қолданылатын оның деген есімдіктің орнына тиісті заттың атын қойылып атыла береді. Мысалы, оның кітабы деудің орынан анықтанқырап кітаптың иесінің атын дәл атап, Бердібектің кітабы деп айта береміз. Осы себептен тәуелдіктің үшінші жағындағы сөз көбінесе оның деген есімдікпен ғана байланыспай, ілік септіктегі басқа кісінің, заттың аттарымен матасып келеді. мысалы, институттың кітапханасы, мектептің кітапханасы т.б. осы ерекшелікпен байланысты столдың үсті, ауылдың жаны, жұмыстың басы деген сияқты матасқан тізбектер күнделікті өмірде керегінше қолданыла береді.
Сөйтіп, тәуелдеулі сөз, бір жағынан, өзінен бұрынғы сөзді ілік септікте қолдануды керек етсе, екінші жағынан, керісінше кез келген ілік септіктегі өзінен кейінгі сөзді әрқашан тәуелдеулі формада қолдануды керек етеді. Мысалы, совхоздың директоры деген тіркестегі екі сөз жай ғана тіркесе салмаған, екеуі бір – біріне ілгешектене байланысқан. Осы себептен байланыстың бұл түрі матасу деп аталады.
Тәуелдеулі сөзден байланысқан ілік септіктегі сөдің қосымшасы кейде ашық айтылады да, кейде түсіріліп айтылады. Мысалы, «Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер; Е азығы – білім; Ер қанаты - ат» т.б.
Матасудың тәуелденіп та, тәуелсізденіп те келетін түр – түрінің тілімізде алатын орныда, атқарытн қызметі де аса зор. Матасқан тіркестердің кейбіреулерінде компонеттерінің араларына басқа сөзден қыстырлмай тіркессе, кейбіреулерінде олардың араларына басқа сөздер қыстырылып қолданылады.
Тәуелдеулі сөзден бұрын айтылатын ілік септік формасындағы І, ІІ жақ жіктеу есімдіктері түсіріліп те, түсірілмей де айтылатыны сияқты, ІІІ жақ жіктеу есімдігі де бірде түсіріліп, бірде түсірілмей айтыла береді. Мысалы: Жалынғаны күші болды, Баққаны адал ісі болды, Шоқпыт қатарлы кісі болды, дегендегі жалынғаны, күші сөздерінен бұрын оның деген есімдік қолданылмаған. Оған, біріншіден, өлеңнің стилі себеп болса, екіншіден, Шоқпыт деген сөздің қолданылуы демеу болады, өткені төрт сөзден бұрын оның деген есімдік я Шоқпыттың деген жалқы есім түсірілмей, төрт рет қайталанса, стильге де тіпті ауыр жүк болар еді. Сондай-ақ, Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы деген мақалдағы тәуелдіктің үшінші жағындағы заманына және заңы, тоғайына және аңы деген сөздерден бұрын оның деген есімдігі қолдануда артық болар еді. Солай болса, «тәуелдіктің жалғау меншік білдіреді» деген ұғым аса кең грамматикалық ұғым, ақиқат меншіктілік жайындағы ұғым сол кең грамматикалық ұғымның тек әредікте ғана кезедесетін бір көрінісі ғана. Ондай грамматикалық мағына мен грамматикалық қатынас үш я төрт компонеттен матасыр құралған тіркестерден өте айқын көрінеді. Мысалы, тіл білімі институты, алтын кен қоры, мал шаруашылығы кәсібі, қазақ орфографиясы заңы деген сияқты тіркестердегі сөздердің араларында тәуелдіктің әуелгі маңызы да, мәні де мейлінше солғындап, тәуелдік жалғау тек ондай сөздердің араларында ұдайы болатын қарым – қатынастың тым жалпы мағынасының көрсеткіші ретінде ғана қызмет ететін болған.
Тәуелдеулі есім сөйлемде бастауыш болса, баяндауыштың жалғауы онымен жақ жағынан қиыспайды. өйткені тәуелдеулі сөз қай жақта тұрса да, баяндауыштың жіктік жалғауы әрқашан үшінші жақта тұрады. Мысалы, әке келді, әкең келді, әкесі келдіт.б. Сонымен қатар, тәуелдеулі сөздердің ішінде өздері қай жақта тұрып бастауыш болса, баяндауыштың жіктік жалғауында сол жаққа қойып, жақ жағынан қиыстырып айтуды керек ететін формалар дабар. Олар: өздік есімдік, оның әр алуан формалары, жалпылау есімдіктері және жинақтық сан есімдер. Мысалы, өзім келдім, өзің келдің, өзіңіз келдіңіз, бәріміз келдік, біреуіміз осында болайық, т.б.
Тәуелдік жалғау септік жалғауында, жіктік жалғауынанда бұрын жалғанады. Мысалы, әкемні, әкемнен, әкеммен т.б. Бірақ тәуелдік жалғау түбір мен кейбір жұрнақтың және түбір мен кейбір көнеленген формалардың арасына да түсе береді. Мысалы, өзімше, өзіңше, өзіңізше, өзіңізше т.б.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Тәуелдік жалғау
2.Морфологиялық тәсіл (синтетикалық)
Синтаксистік тәсіл (аналитикалық)
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалар
Аралас (морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсіл)
Оңаша тәуелдеу
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Тәуелдік жалғауының қолданылуы
2. Тәуелдік жалғаулы сөздің басқа сөздермен байданысуы
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№20 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Септік жалғау
Пікірталас сұрақтары
Септік жалғауларына шолу
Жай септеу
Тәуелді септеу
Көпше формадағы сөздерге жалғанатын қосымшалар
Тәуелдеулі сөздерге жалғанатын септіктердің қосымшалары
Септік жалғаулардың қызметі және мағыналары
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
№21 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Септік жалғаулардың қызметі мен мағыналары
2. Жоспары:
1. Атау, ілік, барыс септіктері
2. Табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер
3. Теориялық мәлімет.
Септік жалғауларының беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерін кеңінен сипаттау үшін сөз тіркестерінің, олардың қандай формалардан жасалуымен атқаратын қызметтерінің сөйлем мүшелерінің байланысу тәсілдерінің, сөздердің меңгері мен меңгерілуінің мәселелерін талдау қажет болар еді. Бірақ, әдетте, бұлар, синтаксисте қаралатын мәселелер. Сол себептен төменде тек әр септікке қысқаша ғана сипаттама беріледі.
1. Атау септік. Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмайды. Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі формасы екінші жағынан ол тек белгілі бір затта атау үшін ғанан емес онан әлде қайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнай талдайтын негізігі форма ретінде қаралады. Осыған орай ол негізгі счерьік деп аталады.
Атау формадағы сөз кім? кімдер? Не? нелер? Деген сұрауларға жауап береді де көпше – жекеше және тәуелді түрлерде де қолдана береді.
Атау септікті сырттай формасы жағынан өзіне тән қосымшасы болмайтындықтан іштей мазмұны жағынан заттың белгісіздігін білдіретндіктен белгісіздік септік деп танып солайша талдап келе жатқан салт бар. Мысалы, мен кітапты оқыдым дегеннен тыңдаушы білмейтін әйтеуір бір кітапты оқығандық бағдарланады. Атау септік формасындағы сөздер әдетте септеулік шылаулармен жұмсалда береді. Ондай жағдайда атау формадағы есімнің мағынасы қызметі де елеулі өзгерістер енеді.
2. Ілік септік. Бұл септік меңгшеру я меңгерілу жағынан тікелей етісттіке қатыспайды. Әр қашан соңғы тәуелдеулі есім сөзбен я субъстантивтенген сөзбен байланысты болады. Осыған орай атау формадағы әр бір сөзге жалғанатын ілік септік қосымшасы я меншікті я басқа бір қатынасты білдіреді. Мысалы, оқушының дәптері дегенде дәптер оқушының меншігі екені білінеді.
Ілік септіктегі сөз өзінен солңғы тәуелдеулі сөзбен тіркесіп барып бір күрделі мүше болыпта қызмет атқаратыны жиі ұшырайды. Мысалы, Абай көшесі Алматыдағы көркем көшенің бірі.
3. Барыс септік. Бұл септік әрқашан етістік мүшемен тікелей жанайда байланысып негізінде қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, ол ертең Москваға жүреді. Барыс септіктегі сөз мағынасына қарай сөйлемде толықтауыш та, пысықтауышта болады. Мысалы, білгенге маржан, білмегенге арзан. Барыс септіктегі сөздер сөйлемнің біріңғай мүшелері болғанда олардың қосымшалары жай септеудеде тәуелді септеуде я бәріне де жалғанып я тек соңғысына қарай жалғанып та қолданылады. Мысалы, мен бұл сұрауды бүкіл ауылға оның адамдарына далаға бүкіл дүниеге қойғандай жан – жағыма қарады.
4. Табыс септік. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланыссып сөйлемде тұра толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы, түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып. Табыс септіктіктегі сөздер сөйлемде біріңғай мүше болғанда олардың қосымшалары жай септеуге тәуелді сеитеуде я бәріне бірдей қосылады, я басқаларынан түсіріліп, тек соңғысына ғана жалғанып айтылады. Мысалы, Қараман мен Қобыланның аяқ қолын тқұсады.
5. Жатыс септік. Бұл септіктегі сөздер негізінен көлемдік, меккндік мағына берді. Осыған сәйкес сөйлемді беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, мезгіл пысықтауыш та кейде орнына қарай қолданылады. Мысалы, жат қораны күзетпен қартаң шалда сана жоқ. Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің біріңғай мүшесі болғанда олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы, Оралда, Сібірде, Солтүстікте алтында, күмісте талай естіген өзгермейтін міз бақпайтын безерген дауыс.
6. Шығыс септік. Бұл септік іс – амал, қимыл - әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілік жәнге т.б. әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та кейде баяндауышта болады. мысалы, әкемнен әліпбиді үйде оқыдым.
Біріңғай мүшелер ретінде жұмсалғанда шығыс септіктің қосымшалары олардың бәріне бірдей жалғанып та тек соңғысына ғана жалғанып та қолданылады. Мысалы, ақ отау топырылады. Ахан түскен қалың жұрт кетті кернеп сырттан, іштен.
7. Көмектес септік. Бұл септік іс – амалдың құралы мен тәсілін, мекенін мен мезгілін ортақтасу, ұштасу сияқты жай – күй және басқа әр алуан мағыналарды білдіретід. Мысалы,
а) Таспен ұрғанды аспен ұр. Енді аспанға құс боп ұшқанда да көзімізбен көрдік.
Б) Оқығанды көңілген ықыласпен тоқылық. Құлагер құанышпен қосыпедім, алдына үмітпенен қосып едім.
Көмектес септік формасындағы сөздерде сөйлемнің біріңғай мүшелері ретінде жұмсалғанда қосымшасы олардың әрқайсысынада біріңғайларынан түсіріліп тек соңғысына да жалғанады. Мысалы, алмас қылым ақ сімсерт көк сүңгіме жалын жұтып тас шайнап жүргені анық.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалар
1. Жатыс септік
2.Шығыс септік
Көмектес септік
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Атау, ілік, барыс септіктері
2. Табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
№
|
Тақырыптар
|
Апталар реті
|
Ұпайлар
|
Бақылау түрі
|
1
|
Жіктік жалғау
|
8 - апта
|
3 б.
|
Коллоквиум
|
2
|
Жіктік жалғаудың қолданылуындағы кейбір ерекшеліктері
|
8 - апта
|
|
Семинар
|
3
|
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын және өзге жалғаулармен қабаттасуы
|
8 - апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
4
|
Сөз формалары
|
9 - апта
|
|
Семинар
|
5
|
Жалаң сөздер
|
9 – апта
|
2 б.
|
Жаттығумен жұмыс
|
6
|
Күрделі сөздер
|
9 - апта
|
|
Семинар
|
7
|
Күрделі сөздердің топтастырылуы
|
10 – апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
8
|
Біріккен, кіріккен сөздер
|
10 – апта
|
|
Жаттығумен жұмыс
|
9
|
Тілдің функциясы мен сөз таптарының сөз өзгерімі
|
10 – апта
|
2 б.
|
Жаттығумен жұмыс
|
10
|
Тілдің функциясы мен сөз таптарының сөзөзгерімі
|
11 – апта
|
|
Семинар
|
11
|
Синтетикалық есім сөзөзгерім
|
11 – апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
12
|
Етістіктің тұлғажасам қосымшалар
|
11 – апта
|
|
Семинар
|
13
|
Есімшенің тұлғажасам қосымшалары
|
12 – апта
|
2 б.
|
Жаттығумен жұмыс
|
14
|
Көсемшенің тұлғажасам қосымшалары
|
12 – апта
|
|
Семинар
|
15
|
Сөзбайлам қосымшалар
|
12 – апта
|
2 б.
|
Жаттығумен жұмыс
|
16
|
Аналитикалық сөзөзгерім
|
13 – апта
|
|
Семинар
|
17
|
Дәйек қосалқылар
|
13 – апта
|
2 б.
|
Жаттығумен жұмыс
|
18
|
Аяқ қосалқылар
|
13 – апта
|
|
Семинар
|
19
|
Есімдердің аналитикалық қосалқы морфема сөзөзгерімі
|
14 – апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
20
|
Көмекші етістіктердің аналитикалық қосалқы морфемалы сөзөзгерімі
|
14 – апта
|
|
Семинар
|
21
|
Көмекші етістіктердің аналитикалық форманттары
|
14 – апта
|
2 б.
|
Жаттығумен жұмыс
|
22
|
Септік қосалқы шылыаулар
|
15 – апта
|
|
Семинар
|
23
|
Септік шылаулардың мағынасы
|
15 – апта
|
|
Жаттығумен жұмыс
|
24
|
Демеулік қосалқы шылаулар
|
15 - апта
|
|
Семинар
|
ОБСӨЖ 23 ұпай
|
№22 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Жіктік жалғау
Коллоквиум тапсырмалары
1. Жіктік жалғауға жалпы шолу
2. Жіктік жалғаудың жалғану жүйесі мен формалары
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары
Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
Жіктік жалғау үлгілерінің салыстырма кестесі
Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында
Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолданылуы
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
Сөздің жасалу жолдары
№23 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Жіктік жалғаулардың қолданылуындағы кейбір ерекшеліктері
2. Жоспары:
Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында
Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолданылуы
3. Теориялық мәлімет.
Жоғарыдағы үлгілері бойынша жіктеліп баяндауын болатын сөздер мен формалардың қолданылуыларына арнайы айтарлықтай бір алуан ерекшеліктер бар.
Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында.
Қазіргі қазақ тілінде жіктік жалғаудың ықшамдалған кейбір формалары бар және олар толық формамен жарыса әдеби тілде де қоса – қабат қолданылып жүр.Ондай ықшамдалған форма екі тұлғада жиі ұшырайды.
Біріншіден,ондай ықшамдау құбылысы жоғарыдағы бірінші үлгіге тән – ған формалы есімшемен байланысты жиі кездесіп отырады. Мысалы: Мен дағы жаңа тапқан күйді тартқам.
Екіншіден осындай ықшмдалған форма екінші үлгіге тән –а, -е,-й формалы көсемшенің бірінші және үшінші жақтарында да жиі кездеседі.Мысалы:Қой, әке,қой, кейіме.
Сөйтіп, жіктік жалғаудың кейбір формаларының толық формалары мен қатар ықшамдалған түрлері де қолданылады. Әрине, ондай ықшамдалған формалар әсіресеауызекі сөзде және өлең сөзде жиі қолданылады. Бірақ олардың ықшамдалуына жіктік жалғауларының өзіне тән екпіні болмауы себеп те, негіз де болған сияқты.
Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолданылуы.
Екінші, үшінші, төртінші үлгілер бойынша жіктелетін етістіктердің қай –қайсысы болса да түбірге де болымсыхздық форманың –ма (ме, ба, бе, па, пе) қосымшасы тікелей қосылып жіктеле береді.
Бірінші үлгі бойынша жіктелетін есімшелер мен есмдердің болымсыз формада жіктелулерінде іштей ажырайтын мынадай айырмашылықтар бар:
А) Есімдердің бәріненде болымсыздық форма емес сөзі тіркесу арқылы жасалатындықтан, жіктік жалғау сол дәнекер сөзге жалғанады. Мысалы, Оралбай емеспін, елдің жазықсыз адамымын.
ә) Есімше формалардан болымсыздық формалардан синтетикалық тәсіл арқылы да, аналитикалық тәсіл арқылы да жасалатындықтан, олардың жіктелулері де сол екі тәсілдің ерекшеліктеріне байланысты болады. Демек, егер болымсыздық форма жұрнақ арқылы жасалған болса, етістік түбіріне әуелі болымсыздық жұрнақ, одан кейін тиісті формалар жалғанады да, соллардан кейін жіктік жалғауының тиісті жақ қосымшалары жалғанады мыс. Бармағанбыз, бармассың. Егер болымсыздық форма аналитикатлық тәсіл арқылы жасалған болса жіктік жалғаудың тиісті жақ қосымьшалары есімшенің өзіне емес, дәнекер жоқ я емес сөздеріне жалғ,анады, мюысалы: одан әрі шалмен көп кеңескен жоқпын.
Б) Жазуда да ауызекі тілде де екінші үлгі бойынша жіктеліп, өкінбеймін, аямаймын деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы формасының орнына өкінбе, аяман, жібінен деген форма қолданылады.
Бұл форма етістіктің жекеше түрінің болымсыз формасының бірінші жағының көрсеткіші ретінде жұмсалады, өзге жақтарда қолданылмайды, осындағы өкінбен, жібімен, жанылдырман дегендеродің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын дегендермен оқшауланарлықтай ешқандайда айырмашылық жоқ. Өткені олардың қолданылу я қолданылмауына қарай, сөйлемдегі сөздердің арасында ешқендай да өзгеріс тумайды, біраоқ бұл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, белгілі эмоциялық, экпрессивтік рай білдіру үшін жұмсалады.
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары.
Жіктік жалғау жалпы алғанда белгілі үлгілер бойынша жалғанып жұмсалғанымен, оның қолданылуында сол қағидалардан ауытқитын мынадай екі тлүрлі жайды ескерген мақұл:
А) Сөйлемнің бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылмаған жағдайда жіктік жалғау әрқашан қолданылады. Мысалы: Сорға біткен ғашығымсың, неге тым кеш сермедің (Абай).
Сөйлемнің бастауышы айтылған жағдайда жіктік жалғаудың қолданылмайтын кезі де болады. Мысалы: Мен сен емес, жас күнім жайнап тұрған.
Бұл сөйлемдегі мен сен емес дегендер есім баяндауыш, олардың жіктік жалғаулары қолданылмаған.
ә) Ауыспалы көсемшенің (-а, е, й формалары) ІІІ жағының жіктік жалғауы барлық басқа жағдайларда түсірілмегенімен де, сұраулық шылау тіркескеонед әдетте қолданылмайды. Мысалы: Көмірді де өзі қаза ма, біздің шахтаны ғана тексереме екен деген сөйлемдерді сұраулық шылаусыз қолдансақ көмірді де өзі қазады, біздің шахтаны ғана тексереді болар еді. Әрине бұл жағдайда жіктік жалғау еш уақытта да түсірілмейді.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Жіктік жалғауға жалпы шолу
2. Жіктік жалғаудың жалғану жүйесі мен формалары
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалар
1. Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы
2. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
3. Жіктік жалғау үлгілерінің салыстырма кестесі
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында
2.Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолданылуы
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№24 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Жіктік жалғаудың қолданылмайтын және өзге жалғаулармен қабаттасуы
Коллоквиум тапсырмалары
1. Жіктік жалғауға жалпы шолу
2.Жіктік жалғаудың жалғану жүйесі мен формалары
Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары
Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
Жіктік жалғау үлгілерінің салыстырма кестесі
Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері жайында
Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолданылуы
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
Сөздің жасалу жолдары
№25 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Сөз формалары
2. Жоспары:
Сөз формалары
Сөздің негізгі түрлері
3. Теориялық мәлімет.
Сөз-ең негізгі тілдік тұлға (еденица) болумен қатар, күллі грамматикалық ережелер мен заңдардың да кіндігі.
Сөз дегеніміз – белгілі формалардың жүйесі. Ол ұғымға сол сөздің барлық формалары енеді. Ендеше, кел, келші, келіңіз ... дегендердің бәрін де бір сөздің әр түрлі формалары деп таныған мақұл.
Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрамындағы бөлшектердің (морфемаларының), синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.
Ендеше, бұл анықтамаға қарағанда, сөз дегеніміз өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып шығады.
Тіліміздегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан біркелкі емес, әр түрлі. Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де (ат, ас, із, жап, ез, тер), жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер де (атақ, астық, ізде, жаппа, езгі, тершең) бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден біріккен сөздер де (бүгін, белбеу, алабота, әкел, сексен), екі түбірден қосарланып жасалған сөздер де (шыбын-шіркей, бала-шаға, көзбе-көз), бірнеше түбірдің тіркесуі арқылы жасалға құрама сөздер де (темір жол, темір қазы, ақ құба), бірнеше түбірден қысқарып құралған сөздер де (ҚазССР, ҚКП, облсовет) бар.
Сөздердің және олардың формаларының тұрпаттары жағынан осындай әр алуын болуы тіліміздегі сөз тудыратын негізгі морфологиялық және синтакисистік тәсілдердің ерекшеліктерімен байланысты. Осы тәсілдердің ерекшеліктерін айқын ашу үшін және әрқилы талдауларға практикалық жеңілдік жасау үшін сөздерді формалық нұсқаларына қарай жалаң сөздер және күрделі сөздер деп іштей екі салаға бөліп, жалаң сөздерге түбір сөздер мен туынды сөздерді, күрделі сөздерге біріккен сөздерді, қос сөздерді, құрама сөздерді және қысқарған сөздерді жатқызу керек.
Сонда жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз құрамында ең кемінде екі (я одан да көп) негізгі түбір бар сөзді айтамыз.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз формалары туралы түсінік
3. Синтетикалық тәсіл
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалар
1. Сөз жалғастыратын формалар
2. Сөз түрлендіретін формалар
3. Сөз тудыратын формалар
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Сөздің негізгі түрлері
2.Сөзжұмбақ
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№26 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Сөздің негізгі түрлері
Жаттығумен жұмыс
38-жаттығу. Жалаң сөздер мен күрделі сөздерді тауып, оларды бөлек-бөлек көшіріп жазыңыз.
Алыс жайлауға Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете алмай қалды. Бұл жолдардың бойында қоңырауы күңгірлеген кіре керуені де күні-түні үзілмей ағылатын болды. Күн кешкіріп қалғанын Жұман жұрт тарай бастаған соң сезді. Қасқа бастанып алған толық ай Ақбұйрат адырына көгілдір жарығын қадай төгіп тұр. Кінәсіз екі мейірбан, жазықсыз екі жан Бөжейге деген көз жастарын үйлерінде отырып төкті. Баян Тұлпаркөгін тебініп қап, қоршауда тұрған қыз-келіншекті бір шолып өтті. Жазғытұрымға сай-саланы қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары тарамданып, жан-жаққа қарай аттана бастады.
39-жаттығу. Негізгі сөздер мен көмекші сөздерді табыңыз. Негізгі сөздердің астын бір, көмекші сөздердің асытн екі сызыңыз.
Тұрғыға шығып, томағасын тартқан бүркіттей бүкіл дүние дөңгелеп көзінің алдына келетін сол бір шабытты шаққа парапар келетін не бар екен бұл әлемде? Есіктен он-он бірлер шамасында қыз бала көрінді. Қалың қызыл алтынның бетінде аз ғана ақ қылаң күміс сызықтаыр бар. Көкқасқа күнделікті тіршілігінде ылғи аузын ашық ұстайтын еді. Тасқара сол жақ қанатым үзіліп кетті ме деп қалды. Көк сұлуы көпке дейін ойынға қатынаспай қойды. Босқындар ауылдың сыртындағы шағын өзеннің тұсына тоқтады.
№27 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Күрделі сөздер
2. Жоспары:
Күрделі сөздер жайлы жалпы түсінік
Фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлар
3. Теориялық мәлімет.
Күрделі сөз деп кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, ритм, ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз. Мыс: бүгін, биыл, ағайын, қолғанат, бүгін-ертең, жалаң аяқ, айта отыр т.б.
Сөздің күрделену процесі бірден туа салатын және тез қалыптаса қоятын құбылыс емес, ұзақ сонар процестерді бастарынан кешіріп қалыптасатын тарихи құбылыс. Осындай процестер үстінде морфологиялық және синтаксистік тәсілдердің күрделі сөз тудырудағы ара қатынастарына әр алуан фонетикалық, лексика-семантикалық және грамматикалық факторлар да аса араласып, әрқайсысы өзінше әр қилы дәрежеде үлестерін қосып, сол қатынастарының дамуына жәрдем етеді. Олар:
Фонетикалық фактор. Күрделі сөздердің компонеттерінің әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауын фонетикалық фактор деп атаймыз. Мысалы: бүгін, биыл, ағайын, қайнаға, әкел, әпер, әкет т.б.
Ол өзгерістердің болуына ассимиляция, диссимиляция, үндесу (гармония), сіңісу, ықшамдалу, сусу, агармония, дауыс екпіні сияқты әр алуан заңдар қатынасқан.
Лексика-семантикалық фактор. Әуелгі жай сөз тіркестерінің идиомалану, делексикалану құбылыстарын лексика-семантикалық фактор деп атаймыз.
Егер де күрделі сөздің мағынасы өзінің құрамындағы компоненттерінің тура мағыналарынан құралмай, демек, олардың мағыналарының қосындысы болып шықпай, өзге тіпті басқа бір ұғымды білдіретіндей болса, ондай құбылыс, әдетте идиомалану деп аталады. Мысалы: қырғи қабақ болу, ат үсті қарау, қас пен көздің арасы деген тіркестердің әрқайсысының мағыналары құрамдарындағы жеке-жеке сөздердің мазмұндарынан тумайды, олардан өзге ұғымдарды білдіреді. Мұндай тіркестердің құрамдарындағы жеке сөздердің логикалық-семантикалық, грамматикалық байланыстары көмескіленіп, өздер іштей мүшеленбей тұрақты тіркеске айналады.
Бір грамматикалық категорияға тән екі басқа сөзді қосарлап жұмсап күрделі сөз жасалады. Мыс: азық-түлік, құрбы-құрдас, ата-ана, үлкен-кіші сияқты күрделі сөздер қосарлану арқылы жасалған. Бұл күрделі сөздердің мағыналары да жалпылау, жинақтау, болжалдау, мөлшерлеу сияқты тұтас ұғымдарды білдіреді, демек, бастапқы лексикалық мағыналары өзгермейді.
Сөйтіп, күрделі сөздердің лексикалық мағынасы өзгермей, тек қана грамматикалық мағынасы өзгерсе, ол процесс грамматикалану деп аталады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Күрделі сөздер жайында жалпы түсінік
2. Күрделі сөздердің жасалуы
3. Факторларға шолу
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалар
1. Фонетикалық фактор
2. Лексика-семантикалық фактор
3. Грамматикалық фактор
6. Студенттің үй тапсырмасы
1. Ассимиляция, диссимиляция
2. Үндесу, сіңісу
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№28 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Күрделі сөздердің топтастырылуы
Коллоквиум тапсырмалары
1. Күрделі сөздер жайлы жалпы түсінік
2.Фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлар
3. Күрделі сөздердің жасалуы
4. Факторларға шолу
5. Фонетикалық фактор
6. Лексика-семантикалық фактор
7. Грамматикалық фактор
8. Ассимиляция, диссимиляция
9. Үндесу, сіңісу
№29 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Біріккен және кіріккен сөздер
2. Жоспары:
Біріккен сөздер
Кіріккен сөздер
3. Теориялық мәлімет.
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің белгілі-белгілі сөз тіркестерінің заңдарына лайық жасалатындығы байқалады. Мысалы: қарақат (қара қат), білезік (білек жүзік), қарлығаш (қара ала құс)дегендер морфологиялық құрылысы жағынан басқұр, қара су, қол сақина, қара ала ат сияқты кәдімгі синтаксистік тіркестердің үлгілері бойынша жасалған.
Ал, ағайын, қолғанат сияқты біріккен сөздер салаласа құралған тіркестен шыққан, мысалы: алғашқысы аға және іні деген сөздерден, екіншісі, қол және қанат деген сөздерден біріккен.
Құрамдарын тек лингвистикалық талдау арқылы ғана анықтауға болатын бүгін, ендігәрі, биыл сияқты сөздерді біріккен сөздердің өзге топтарынан бөліп қараған дұрыс. Өйткені ондай сөздердің компоненттерінің бір-бірімен өзара үндесе, үйлесе кірігуі былай тұрсын, олардың мазмұндары да құрамындағы компонеттерінің мағыналарына сай келмейді. Демек, мұндай біріккен сөздердің мағыналары компоненттернің мағыналарының жиынтығы емес. Мысалы, білезік, қарлығаш, қызғыш, бүгін, биыл, әпер сияқты сөздердің мағыналарын бастапқы сөз тіркестерінің (білек жүзік, қара ала құс) мағыналарымен салыстырып қарасақ, оларды кіріккен сөздер деп атау қажет.
Жалпы алғанда, кіріккен сөз дің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттердің мағыналарының жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болады.
Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып (делексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол компонеттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.
Біріккен сөз деп компонеттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.
30-жаттығу. Бірікке сөздерді тауып, олардың біріккен, кіріккен түрлеріне қарай бөліп, көшіріңіз.
Соңғы шамы жылтырап Аякөзге қарай зымырап бара жатты. Бірталай үлкендер Зере мен Ұлжанға да көп алғыс айтады екен. Көкшеден Әмірді Ызғұтты алып жөнелгенде, Байтас Абайға кісі шаптырған. Қыстаубай шал мен Тасмағанбеттің басы піспей, жанжалды көбейтіп жіберді. Небәрі бір аптадан кейін Жұмагүл осында келін боп түсті. Біреуі – қазір, міне, он үшке келген – Бөрібасар, екіншісі бұдан да кіші кенжесі – ол әлі жас. Қызылордаға кешікпей Сәкен де келіп қалды. Қалың жұрттың арасын осылайша қақ жарған поезд Ақмешіт станциясына келіп тоқтады. Осыны айтқанда, Әлібек бар қанын ішіне тартып алған екен. Өзінің атағы бірсыпыра жерге жайылғанын да жаңа сезініп, көңілі көтеріңкі отыр. Омбыдағы санақ комиссиясы арыз беріп, Асқардың Итбай болысын таңдап алған себебі Ботакөзді іздеп табу еді. Сарытауқұмда ойпаң жер жеткілікті, онда жатқан түйе тұрғай, түрегеліп тұрғаны да көріне қоймайды. Жазушы ру басшыларының екі жүзділігін де әшкерелейді.
32-жаттығу. Біріккен сөздердің сыңарлары қай сөз таптары екендігін айтып, түсініксіз сыңарларына талдау жасаңыз.
Сексен, тоқсан, алпыс, жетпіс, күндіз, абжылан, абырой, сәресі, жексенбі, дүйсенбі, шаһзада, шалап, тілмар, биыл, сарбаз, самұрық, алаңғасар, есуас, қарақат, желғабыз, күндіз, шонжар, бекзада, қолғанат, әумесер, итемген, бозмаңқа, бойдақ, ашудас, алабота, ағайын, түрегел, атқамінер, жиеншар, желмая, есекмия, менменсу, мәссаған, күздігүні.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№30 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Тілдің функциясы мен сөз таптарының сөз өзгерімі
Жаттығумен жұмыс
41-жаттығу. Әрбір сөзді сөз таптарына ажыратыңыз, сөздерді таптастырудың қандай таптастырудың қандай принциптеріне сүйенгеніңізді айтыңыз. Таптастыру пирнципіне сәйкес келмейтін сөздерді атап, себебін түсіндіріңіз.
Шырғанақты тоғайдан көкек сұңқылдады. Араларында зор денелі, орта жастағы Дәркембай бар. Жоңғар жануарларының көпшілігі оңтүстіктегі қазақ жерінің жануарларына ұқсас. Құнанбай кесек мінезді, қатты адам болған. Ұрыстан кейін де дулыға басынан түскен емес. Ақын мірдің оғындай өткір тілмен әшкере етті. Базар жырау сол елдің ишан-қазіреттері отырған үйге тап болды. Батыр сабырлы күйде тыңдап болды да, өздерін дем алуға жіберді. Аққұба өңді, ботакөз келіншек есіктен басын сұқты да, жоқ болды. әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, Бар қалан! Ал жаңбыр толастар емес. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде. Тор бедеу күндегі әдеті бойынша әдемі жортаққа басты, екі құлағын қайшылап, шұлғып-шұлғып алады. Біздің үйде басқа елдікі деп аталатын бір-ақ нәрсе бар - айна ... оны «борансыз айнасы» дейміз.
№31 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Тілдің функциясы мен сөз таптарының сөз өзгерімі
2. Жоспары:
Тілдің функциялық сипаты
Сөз таптары мен сөзөзгерім
3. Теориялық мәлімет.
Тілдің функционалды сипаты – тіл білімінің лингвистика саласына қатысты мәселе, ал функционалды лингвистика структуралды лингвистиканың жеке саласына жатады. Оның басты қағидасы – тілді коммуникативті құрал деп тану. Ол тілдік материалдарды, тіл фактілерін бір-бірінен тығыз байланысты түрде қарайды. Демек, функционалды лингвистика үшін тілдік элементтердің өзіндік ерекшеліктері мен қызметтерін анықтау ең басты мәселе болып табылады.
Жалпы алғанда, тіл біліміндегі функция дегеніміз – тілдік тұлғалардың сөйлеу процесінде белгілі бір мақсатта жұмсалуы. Сонымен бірге функция тілдің барлық жүйесіндегі тілдік единицалардың бір-бріне тәуелділігі мен өзара қарым-қатынасын білдіреді. Тілдік единицалардың қызметі оның белгілі бір тілде атқаратын ролін анықтаумен тікелей байланысты. Мысалы, сөйлемнің коммуникативті және номинативті функциялары бар. Осыған байланысты тілдегі әрбір тілдік единицалардың басқа единицаларға қарағанда белгілі бір өзіндік мақсатта жұмсалатыны, яғни олардың белгілі бір функциялары болатыны байқалады. Тілдік единицалардың функциялары көп. Мысалы, деңгейлік функция тұрғысынан олар фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық т.б. деп бөлінеді. Сол сияқты тілдің әдеби тіл, ауызекі тіл, диалект, кәсіби тіл т.б. сияқты бөлінуі де осыған жатады.
Тілдің фукциясы дегенде, бәрінен бұрын қарым-қатынас құралы ретінде тілдің коммуникативтік жүйеде қалай пайдаланылатыны, коммуникативтік мақсаты сай қандай функция атқара алатыны және сол функцияның қалайша іске асырылатыны еске алынады. Функция деген ұғым екі түрлі аспектіге бөлінеді: мүмкіндік және мақсатты. Функция аспектісінің екінші түрі, ғылымда кең тараған түсінік бойынша, тілдік материалдың белгілі бір мақсатқа, ойға байланысты айтылатындығы. Ал мүмкіндік деген түрі – сол мақсатты тілдік единицалар арқылы қалай жүзеге асыра алатындығы. Былайша айтқанда, тілдік единицалардың функциясы дегенді тілдік единицалардың функциялану мүмкіндігі деп түсінуге болады
Сөз таптары мен сөзөзгерім.
Тіл білімінде сөздерді морфологиялық, синтаксистік және фонетикалық ерекшеліктеріне қарай сөз таптарына бөлу – бұрыннан қолданылып келе жатқан тәсіл. Бұл ретте сөз табына қатысты сөздердің бәріне ортақ бір белгісі негізге алынады. Мысалы, атауыш фонемалар “семантикалық” сипаттарына қарай топтастырылады. Бірақ қай сөз табына жататынына қарамай, сөзге тән, ортақ “жалпы-грамматикалық” немесе “категориялық” мағына, яғни топтастырушы грамматикалық мағына болады. Зат есімдер зат немесе заттық ұғымды білдіреді, етістік қимыл немесе іс-әрекетті, сан есім – сипат немесе сипаттылықты, үстеу қимыл мен іс-әрекеттің сипатын, сан есім нақты санды білдіреді.
Ал есімдер ерекше сөз табы. Олар бір ғана грамматикалық мағыналар арқылы емес, атауыш фонемалардың лексикалық мағыналары қарай бірігеді. Сол себепті есімдік тобына жататын сөздер ерекше семантикалық-функционалдық сипаты арқылы – заттар, сипаттар, іс-әрекет, сандарға меңзеу ерекшелігімен топтасады.
Бұл айтылғандарға қарағанда, әрбір сөз табының коммуникативтік қызметіне байланысты өзіне тән негізгі белгісі болады.
Сөзжасам (словообразование) деген ұғымды Н.А.Баскаков «лексикалық морфологияға» жатқызады және оны жаңадан сөз жасаудың тұлғалық көрсеткіштерінің жүйесі деп түсіндіреді. Сөзжасам мен сөзөзгерімді Баскаков тілдік механизмнің морфемалар жиынтығы, граммтикалық «көрсеткіштер жүйесі» деп таниды. Біздің жұмысымызда да сөзжасам мәселесі осы негізде: морфологияның құрылымдық деңгейінде емес, сөз қорын байытатын единицалар деңгейінде қаралады. Егер Н.А.Баскаковтың сөзөзгерім морфемалар жүйесі сөз тіркестері мен сөйлемдегі мүшелердің таза синтаксистік қатынасын білдіреді дегенін ескеретін болсақ, (ол аффикстер – көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулар), онда синтаксиситік қатынасты білдірмейтін етістіктің етіс, жақ, шырай т.б. категорияларын тудырушы морфемалар сияқты басқа да сан алуын аффикстер сөзжасам аффикстер қатарына қосылуы қажет болады.
Сөзөзгерімнің негізгі екі тәсілі бар: бірі – синтетикалық тәсіл, екіншісі – аналитикалық тәсіл
Синтетикалық тәсілге әр түрлі сөзтүрлем және сөзбайлам қосымшалар арқылы жасалған жалаң сөзтұлғалар жатады. Аналитикалық тәсілге неше түрлі қосалқы морфемалар арқылы жасалған қосалқы сөзтұлғалар жатады.
4. Бақылау сұрақтары:
Тілдің функциялық сипаты
Сөз таптары мен сөзөзгерім
Тіл дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Тілдік единицалардың қызметі
2. Тілдің фукциясы дегеніміз не?
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Функция деген ұғым туралы
2. «Сөзжасам» термині туралы
3. Сөзөзгерімнің негізгі екі тәсілі
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№32 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Синтетикалық есім сөзөзгерім
Коллоквиум тапсырмалары
Синтетикалық сөзөзгерімнің жіктелуі
Есім сөзөзгерімдер
Тұлғажасам қосымшалар
Сөзбайлам қосымшалар
Тұлғажасам қосымшалардың жасалуы
Функционалды-грамматикалық қосымшалар
Зат есімнің тұлғажасам қосымшаларының қолданылуы
–шық, -шік, және -шақ, - шек жұрнақтарының қолданылуы
Сөзбайлам қосымшалардың түрлері
Көптік жалғаулар
Септік жалғаулар
Тәуелдік жалғаулар
Жіктік жалғаулар
№33 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Етістіктің тұлғажасам қосымшалар
2. Жоспары:
Рай категориясының тұлғажасам қосымшалары
Етістіктің тұлғажасам қосымшалары
Етістіктердің сөз тіркесіндегі өзіндік сипаттары
3. Теориялық мәлімет.
Сөзөзгерім аффикстері барлық сөз таптарында бірдей емес. Сөз таптарының ішінде сөзөзгерім аффикстеріне ең байы – етістіктер. Басқа сөз таптарына қарағанда етістіктің сөз өзгерту қабілеті өте мол. Осы кезге дейінгі зерттеулерде, етістікке тән аффикстердің бәрі сөзжасам жұрнақтар, етістік тудырушы жұрнақтар деген жалпы атпен аталып келеді.
Біздің ойымызша, етістікке тән жұрнақтар іштей екі жікке, тіпті үш жікке бөлінуі қажет. Оның біріншісі, етістік түбірден жаңа етістік тудырушы – туынды етістік жасаушы, сол сияқты басқа да сөз таптарынан туынды етістік жасаушы сөзжасам жұрнақтар. Екіншісі, сөздің сөйлемде қай мақсатта қолданылуына байланысты, тек сөйлем құрамында сөзге жаңа тұлға беретін, бірақ жаңа сөз жасай алмайтын тұлғажасам жұрнақтар. Үшіншісі, осы уақытқа дейін сөз болмаған мәселе – сөзбайлам жұрнақтар.
Тұлғажасам қосымшалар. Етістікке тән жұрнақтардың ішінен тұлғажасам аффикстер қатарында мына сияқты грамматикалық категориялардың жұрнақтары жатады:
рай категориясының (- айын, - ейін; - ыңыз, -іңіз; -сын, -сін, - са, - се, -қай, - ғай);
Етіс категориясының (-н, -ін, -л, -ыл, -іл, -т, -тыр, -тір, -қыз, -ғыз, -с, -ыс, -іс);
Болымсыз (-ма, -ме) жұрнақтар
Етістікке тән тұлғажасам аффикстердің негізгі түрлері – есімше мен көсемше жұрнақтары. Мысалы, көсемшенің: -п, -ып, -іп, -а, -е, -й, -қалы, -ғалы, -ғанша, -генше; есімшенің –қан, -ған, -тын, -тін, -ар, -ер, -ір, -с жұрнақтары.
Рай категориясының тұлғажасам қосымшалары. Рай категориясы қимылдың объективтік шындыққа қарым-қатынасын білдіретін сөздердің басын құрайды. Рай категориясына тән қосымшалар өзі қосылған сөзінен жаңа туынды негіз жасай алмайды, олардың қызметі – сөзге жаңа түр-тұрпат беріп, жаңа тұлға жасау. Сол себептен де олар тұлғажасам қосымшалар қатарына жатады. Рай категориясына қатысты тұлғажасам қоысмшалардың қатарына бұйрық рай, шартты рай, қалау райларға тән аффикстер жатады.
1. Бұйрық рай іс-әрекеттің орындалуын бұйыра немесе сұрай айталатын бірінші жақтық –айын, -ейін, -йын, йін; -айық, -ейік (йық, -йік); екінші жақтық –ыңыз, -іңіз, (-ңыз, ңіз); -ыңдар, іңдер, (-ңдар, -ңдер); ыңыздар, - іңіздер (-ңыздар, - ңіздер) үшінші жақтық – сын, -сін аффикстері арқылы жасалады.
-айын, -ейін (-йын, -йін), -айық, - ейік (-йық, -йік) аффикстері бірінші жақ бұйрық мәнді грамматикалық мағына үстейді: қайтайын (қайт+айын), сөйлейін (сөйле+йін), келейік (кел+ейік). Ел жайын біліп қансаңыз. Айтайын құлақ салсаңыз. Қарағым, тамақ алайық. Сыр бойының шашпа палауы осындай, - дейді.
-ыңыз, -іңіз (-ңыз, -ңіз); -ыңдар, -іңдер аффикстері екінші жақ бұйрық мәнді грамматикалық мағына үстейді: айтыңыз, сөйлеңдер, келіңдер. Абай аға, құймақ жеңіз, алыңыз, - деп Дәмежан сыпайы қонағуарлық көрсетті.
-сын, -сін аффиксі үшінші жақтық бұйрық мәнді грамматикалық мағына үстейді: барсын, сөйлесін, келсін.
2. Шартты рай іс-әрекет, қитмылдың орындалу мүмкіншілігі басқа бір іс-әрекеттің орындалуына тығыз байланысты, іс-әрекеттің шартты болатынын білдіретін грамматикалық мағыналы сөздер. Шартты рай негізінде –са, -се тұлғажасам аффиксі арқылы жасалады: барса, сөйлесе, келсе.
3. Қалау рай – іс-әрекет, қимылды орындауға тілек, ниет білдіру, соны қалауды білдіретін грамматикалық мағынада айтылатын сөздер тобы. Қалау рай негізінде –қай, -ғай (кей, -гей) тұлғажасам аффиксі арқылы жасалады: барғай, сөйлегей, келгей. Қалмақтың бергей деп едім, Жалғыз-ақ өзің сазасын (Қамбар батыр).
Қалау рай кейде –са, -се аффиксті сөздер мен игі еді сөз тіркесінің бірлесе айтылуы арқылы да жасалады. Мысалы, барса игі еді, келсе игі еді.
Қалау райдың тұлғажасам қосымшаларының қатарына тағы бір аффиксті –шы, -ші аффиксін қосуға болады. Сөз құрамындағы –шы, -ші аффиксінің негізгі қызметі – жалпы алғанда өзі қосылып айтылған сөзге бұйрық және қалау мәнді грамматикалық мағына үстей болып табылады. Мысалы, баршы, сөйлеші, селші дегеннен, ең алдымен іс-әрекетті орындаудың бұйырылып тұрғаны аңғарылса, екіншіден, өтініп тұрғаны байқалады. Бұл екі жақты мағынаның алғашқысы түбір тұлғаның лексикалық мағынасымен байланысты болса, екіншісі –шы, -ші қосымшасына байланысты таза грамматикалық мағына. Мысалы, Сен бе едің Жамбыл ақын соның бірі. Домбыра қолындағы дию-пері. Көрейін қандай өзі берші бері (Айтыс).
Егер –шы, -ші аффиксі жіктік жалғаулы шартты рай тұлғаларынан соң айтылатын болса, сөзге не өкініш, не жалыныш, не өтініш мағыналарын үстейді. Мысалы, барсамшы, сөйлесеңші, келсеңші.
Етістіктің тұлғажасам қосымшалары. Етістіктер – іс-әрекет пен субъекті және объекті арасында болатын әр түрлі қарым-қатынасты білдіретін сөздер тобы. Етістер субъекті мен объектінің амалға қытысына байланысты мағыналық және тұлғалық құбылыстардан пайда болады. Осы сипатына қарай олар етістіктің басқа категорияларынан өзіндік мағыналары мен тұлғалық өзгешеліктері арқылы бөлекше топ құрайды.
Етістер түбір және туынды негіздерге тікелей қосылып айтылатын әр түрлі арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Етістердің жұрнақтары түбір тұлғаларға тікелей жалғанатынына байланысты. Етістердің аффикстері, тарихи тұрғыдан алғанда, бір кездерде сөзжасам аффикстер дәрежесінде қолданылған.
Мағыналық және тұлғалық ерекшеліктеріне, сол сияқты атқаратын қызметтеріне байланысты етістер іштей бірнеше түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Өздік етіс – етістіктің іс-әрекетті субъектінің өзі істейтіндігін білдіретін түрі. өздік етістің тұлғажасам аффикстері –ын, -ін, -н, -ыл, -іл, -л түрінде айтылады. Қолданылу ретіне қарай бұл аффикстер әр түрлі грамматикалық мағынаға ие болады. Мысалы, жуын, таран дегенде іс-әрекетті ешкімнің қатысынсыз субъектінің өзі ғана істейтіні аңғарылады.
Ырықсыз етіс – етістіктің іс-әрекеттің субъектіге емес, объектінің өзіне теңденгенін білдіретін түрі. Ырықсыз етіске іс-әрекетті объектінің өзі жасаған сияқты болып көрінеді де, субъект аталмай сырт қалып, амал өзінен-өзі істелінген тәрізді болады.
Ырықсыз етістің тұлғажасам аффикстері –ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н түрінде қолданылады. Мысалы, айтылды, бөлінді, саналды, алынды.
Бұл жұрнақтардың -ын, -ін, -н түрі өздік етістің жұрнағы деп танылады. Солай бола тұрса да, бұл жұрнақ л дывбысына біткен етістіктерге қосылып айтылғанда, ырықсыз етіске тән сөзтұлға жасау қызметін атқарады. Мысалы, ол жуынды дегендегі –ын мен еске алынды дегендегі –ын бірдей емес. Алғашқыда істің орындаушы субъектісі (ол) бар болса, екіншіде істі орындаушы субъекті жоқ, істі объектінің өзі істгене тәрізді болып көрінеді. Мысалы, Алданып арамзаның қу тіліне, Омалып енді жалғыз отырмысың. Орын жоқ, балалар толып қалды, енді бала алынбайды, - деді Сәлім.
Өзгеліс етіс – етістіктің іс-әрекетті субъектінің өзі істемей, басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін түрі. Өзгелік етістер етістердің басқа түріне қарағанда өте жиі қолданылады.
Өзгелік етістің тұлғажасам аффикстері –т, -ыт, -іт, -тыр, -тір, (-дыр, -дір), -қыз, -ғыз, (-кіз, -гіз) түрінде қолданылады. Мағыналық жағынан бұл аффикстердің өзара бөлініп жататын айтарлықтай ерекшеліктері жоқ. Бәрінің де өздері қосылып айтылған сөздеріне үстейтін грамматикалық мағыналары бірыңғай. Мысалы, таныт, кептір, айттыр, шақыртқыз, жинатқыз т.б.
Ортақ етіс – етістіктің іс-әрекеттің бір ғана субъект тарапынан істелмей, екі не бірнеше субъектінің ортақтасып істелетінін білдіретін түрі. Ортақ етістің тұлғажасам аффикстері –ыс, -іс, -с, -лас, -лес, (-дас, -дес, -тас, -тес) түрінде қолданылады. Мысалы, жанас, сөйлес, құшақтас, ақылдас, сәлемдес.
Аталмыш -лас, -лес, (-дас, -дес, -тас, -тес) аффикстері тарихи тұрғыдан –да және –с аффикстерінен құралған күрделі күрделі жұрнақ. Бұл аффикстердің қарындас, туыстас сөздерінің құрамындағы туынды зат есім , сын есім жасайтын омонимдік түрлері де кездеседі.
Етістіктің тұлғажасам қосымшаларының басқа түрлерінен етіс категориясына тән қосымшалдардың айтарлықтай өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Олар бірінің үстіне бірі қосылып, екі-үш үстемелі жұрнақты болып айтыла береді. Мысалы,
өздік етіс жұрнақтарынан соң өзгелік етіс қосымшалары жиі қолданылады: жуындыр (жу+ын+дыр), көңілдендір (көңіл+ден+дір);
Өздік етіс жұрнақтарынан соң ортақ етіс аффикстері де қосылып айтыла береді: желпініс (желпі+н+іс), көрініс (көр+ін+іс);
ортақ етіс жұрнақтарынан соң өзгелік етіс аффикстері де айталады: айтысты (айт+ыс+тыр), сөйлестік (сөйле+с+тір);
өзгелік етіс жұрнақтарының біріне соң бірпі жалғасып айталатын реттері мол кездеседі: тоқтатқыз (тоқта+т+қыз), тұздатқыз (тұзда+т+қыз).
Етістердің сөз тіркесіндегі өзіндік сипаттары. Етістердің сөз тіркесіндегі ерекше қызметі негізінде салт және сабақты етістіктермен тығыз байланысты. Етістердің осындай қызметін анықтау мақсатында әрбір етіске жекелеп тоқтайтын болсақ, мынадай заңдылықтарды аңғаруға болады.
Өздік етістің жұрнақтары сабақты етістіктерге жалғанғанда оларды саль етістікке айналдырып жібереді. Мысалы, көрін (көр+ін), таран (тара+н) дегенде, көр, тара сөздері бұрынғы табыс септікті қажет ету қабілетінен айрылып, салт етістік дәрежесіне ауысып тұр.
Сол сияқты сабақты етістерге –ыл, -іл, -л аффикстері қосылып айтылғанда, ондай сөздер салт етіске айналады да, барыс жалғаулы сөздің тіркесін қажет етеді. Мысалы, алысқа таралды, көзге көрінді, қолға алынды, тәртіпке түсірілді т.б.
Ырықсыз етіс жұрнақтарыныңсөз тіркесіндегі басты қызметі – сабақты етістікті салт етіске айналдыру. Мысалы, кітапты алды, адамды көрді дегенмен кітап (сатылып) алынды, адам көрінді дегенді салыстырып қараңыз. Сөз тіркесінде ырықсыз етістер көбіне барыс жалғаулы сөздерді қажет етеді. Мысалы, арзанға сатылды, ретіне келтірілді, шетке ығыстырылды т.б.
Ортақ етістердің жұрнақтары тек сабақты етістіктерге жалғанады деп айтуға болады. Мысалы, алыс, айтыс, тартыс, көріс. Дегенмен, ортақ етістердіңтұлғажасам жұрнақтарының салт етістіктерге қосылып айтылатын реттері де бар. Бірақ бұл амал - өте сирек кездесетін құбылыс. Мысалы, отырыс, келіс, барыс, күліс т.б.
Өзгелік етістердің меңгеру жүйесі етіс категориясының ішінде ерекше тұрады. Оның негізгі себебі - өзгелік етіс тұлғалы етістіктердің бәрі де меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құраудың негізгі ұйтқысы болуында.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Рай категориясының (- айын, - ейін; - ыңыз, -іңіз; -сын, -сін, - са, - се, -қай, - ғай); жұрнақтары
2. Етіс категориясының (-н, -ін, -л, -ыл, -іл, -т, -тыр, -тір, -қыз, -ғыз, -с, -ыс, -іс) жұрнақтары
3. Болымсыз (-ма, -ме) жұрнақтар
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Рай категориясының тұлғажасам қосымшалары
2. Бұйрық рай
3. Шартты рай
4. Қалау рай
5. Етістіктің тұлғажасам қосымшалары
6. Өздік етіс
7. Ырықсыз етіс
8. Өзгеліс етіс
9. Ортақ етіс
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Етістердің сөз тіркесіндегі өзіндік сипаттары
2. Жаттығумен жұмыс
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№34 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Есімшенің тұлғажасам қосымшалары
Жаттығумен жұмыс
Есімшелер – етістік пен сын есім аралығындағы, іс-әрекеттің мәнін сапалық белгіге айналдыра айтылып, әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын, соған орай әрі етістікше, әрі есімдерше түрленетін сөздер тобы.
Есімшенің тұлғажасам аффикстері: -қан, -ған, (-кен, -ген), -ар, -ер, -р; -тын, -тін, -с түрінде қолданылады.
111-жаттығу. Есімшелерді тауып, жұрнақтарының астын сызыңыз.
Омар Қодардың ең малды ағайыны болатын. Маған жеке ат арба әзірлеңдер,-деді де, Әбіштермен бірге жөнелетін болды. Бірақ қашанғы әдеті бойынша қабағын бір қағып қөалды да, еш нәрсе айтқан жоқ. Еріншектің ертеңі бітпес. Кіп-кішкене қыздың жабырқау жүзінен тереңде жатқан жазылмас мұңды бағыныштылықты байқайтын. Онда бұл қалай, өте ұяң, жасқаншақ, ұялшақ адам болғаны ма? Өзі істемеген озбырлықты Игіліктен көретін әдеті бойынша Жұмекең де бетін ешқандай аударған жоқ. Ойлаған мақсатына жақындаған сайын, белгісі алыстан сезіледі. Және бұған жылы жауап айтқаны Ұлжан, Айғызға да жалына бастағаны тәрізді. Бірақ, дәл осы бүгінгі кеште, әуелі ән айтқысы келмей іркілгені шын еді.
№35 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Көсемшенің тұлғажасам қосымшалар
2. Жоспары:
1. –ып, -іп, -п аффикстері
2. – а, -е, -й аффикстері
3. Теориялық мәлімет.
Көсемшелер - мағынасы мен сөз құрамындағы атқаратын қызметіне қарай етістіктер мен үстеулерді өзара ұштастыра айтып, өзінен соңғы негізгі іс-әркеттің мезгілі мен мақсатын, сын-сипат, себеп-салдарын, тағы басқа да сапалық құбылу амалдарын білдіретін сөздер тобы.
Көсемшенің тұлғажасам аффикстері: -ып, -іп, -а, -е, -й, -қалы, -ғалы, -келі, -гелі, -қанша, -кенше, -ғанша, -генше, -мастан, -местен түрінде айтылады. Бұлардың әрқайсысы негіз сөзге әр түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы:
–ып, -іп, -п аффиксі қатарынан бірінен соң бірі немесе бір сәтте, бір мезгілде өтіп жатқан іс-әрекетті, сол сияқты іс-әрекеттің син-сипатын, амалын, амалын білдіретін грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады. Таза күріш беріп, асыраған тауықтар көп ұзамай беріш ауруына шалдығатыны анықталды.
–а, -е, -й аффиксі өзінен соңғы сөздегі іс-әрекеттің амалын, мезгілін, мақсаты мен себеп-салдарын білдіретін грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады: тайсалмай сөйледі, көре сала, тұра ұмтылды, араға күн салмай.
–қалы, -ғалы, (-келі, -гелі) аффиксі іс-әрекеттің мақсаты мен мезгілін, амалы мен себебін білдіретін грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады. Бұл аффикстің негізгі мағынасы мақсаттық мағына, сол себепті осы тұлғалы көсемшені мақсат көсемше деп айтады. Мысалы, Біздің мектепте Бектұрсынова бірінші рет сабақ бергелі отыр .
–қанша, -кенше, (-ғанша, -генше) аффиксі негізінде іс-әрекеттің мезгілі мен шартын бірдіретін грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады. Сондықтан ондай сөздерді мезгіл көсемше деп те атайды. Мысалы, Терезеден таң саз бергенше Орынбек өзімен-өзі арпалысып жатты.
–мастан, -местен (-пастан, -пестен) аффиксі іс-әркеттің, қимылдың амалы мен мезгілін, шарты мен қалпын білдіретін грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады. Мысалы, Ол төргі бөлмеден күні бойы бас алмастан жұмыс істегендіктен көп көріне бермейді.
–майынша, -мейінше аффиксі іс-әрекеттің, амалдың орындалуының шарттылығын білдіретін грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады: бармайынша, келмейінше.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Көсемшенің тұлғажасам аффикстері
2. –ып, -іп, -п аффиксі
3. –а, -е, -й аффиксі
4. –қалы, -ғалы, (-келі, -гелі) аффиксі
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. –қанша, -кенше, (-ғанша, -генше) аффиксі
2. –мастан, -местен (-пастан, -пестен) аффиксі
3. –майынша, -мейінше аффиксі
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Жаттығумен жұмыс
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№36 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Сөзбайлам қосымшалар
Жаттығумен жұмыс
136-жаттығу. Жіктік жалғаулы сөздерді тауып, жіктік жалғауының астын сызыңыз, қай сөз табының қай категориясы жіктеліп тұрғанын айтыңыз.
Үлгі: тұрмай-ды – етістіктің –й формалы түрі жіктеліп, ІІІ жақта тұр (-ды).
Ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмайды. Кейде ақсақал орамалымен бұлдыраған көзін сүртіп, алыстай түскен туған жердің кеңжазира даласына, тауларына ұзақ тұрып қарайды. Өңі қуқыл тартып, боп-боз боп сұрланып кетіпті. Көп жасаған адамнан сұрама, Көп көрген адамнан сұра. - Ә, біз сізді танығанбыз. Артыңдағы елдің үмітін ақтасаң, өстіп ақтарсың. Сүйсіндірсең, осылай сүйсіндірерсің. Ырзамын. – Уа, қарияның кешегі сөзін де, бүгінгі сөзін де естідік. Бермейміз дедік. Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, шамырқансам, шатынап сынар болатпын.
137-жаттығу. Жіктік жалғауын тауып, оны онымен формалас омомним қосымшалардан ажыратыңыз, айырмасын түсіндіріңіз.
Үлгі: Үдгісі боп табылады дегендегі –ды жіктік жалғау жақтық мағынаны білдіреді, ал бота берді, серпіңкіреп жіберді дегендегі –ді-лер алдыңғыға формасы жағынан ғана ұқсас – жақ формасы ІІІ өткен шақтық мағына білдіреді.
- Осы қарашығыма әкесінің осы ит мінезін бере көрме... Тасбауырлығын бере көрме... Я, жасаған! – деп, құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді. Қара сұр шал қолтықтап келе жатқан жігіттерді серпіңкіреп жіберді. Сіздердің тамаша коллективтеріңіз адамдар арасындағы туысқандыққатынастардың үлгісі болып табылады. Ылғи кедейміз ғой, шырыш бұзатын жалқау бар еді, әрі-бері түзелер деп қарадық та, болмағасын шығарып жібердік. Көштен бұрылып, Мәдібек бәріміз Сейдуалидің үйіне түстік.
№37 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Аналитикалық сөзөзгерімдер
2. Жоспары:
1. Аналитикалық сөзөзгерімнің негізгі белгілері
2. Дәйек қосалқылар мен аяқ қосалқылар
3. Теориялық мәлімет.
Сөзөзгерімнің аналитикалық тәсілі сөзді (сөзтұлғаны) негізгі және қосымша морфема деп екі жікке бөлгендегі қосымша морфеманың қосалқы морфемалар деп аталатын түріне жатады. Қосалқы морфемалар іштей дәйек қосалқылар және аяқ қосалқылар деп екі топқа бөлінеді. Қосалқылардың бұл түрлері өз ішінде тағы да бірнеше ұғымдарға бөлініп жатады.
Жалпы алғанда, қосалқылардың сипаты мынадай болып келеді.
Қосалқылар – лексикалық мағынасы солғындап, не жоғалып кеткен, дербестігі жоқ, тек негізгі сөздермен бірге айтылып, қосалқы дәрежеде қызмет атқаратын тұлғалар мен сөздер. Қосалқылар жөнінде алғаш рет пікір айтқан Қ.Жұбанов болатын. Бірақ осы пікір соңғы жылдарға дейін мүлде ұмыт болып келді де, етістіктің аналитикалық формасының екінші компоненті ретінде Н.Оралбаеваның зерттеулерінен орын алды. Ал Қ.Жұбанов қосалқы сөздерді іштей дәйек қосалқы және аяқ қосалқы деп екі жікке бөледі. Бәйек қосалқыларға тым, өте, қас деген сөздерді жатқызады да, аяқ қосалқыларға шейін, дейін, ақ, ғой сияқты септеуліктер, демеулік шылау сөздерді жатқызған. Мұндай сөздер кейінгі зерттеулерде сөз таптарының тұсында ғана аталып, олардың қосалқы морфемалық қасиеттері ескерілмей келді. Қ.Жұбанов қосалқылар қосылып айтылған сөзтұлғаны бүтіндей тіркесімен алып, «қосалқы сөз» деп атаған. А.Ысқақов та сөзтұлғалар күрделі етістіктер тобында сөз етілген. Н.Оралбаева «көмекші сөз» деп аталған. Біздің ойымызша, Қ.Жұбановтың атауын негізге алып, сөздің мұндай түрлерін «қосалқылы сөзтұлға» деп атаған жөн. Бұлай деп атау қосалқылы сөзтұлғаны «жалаң сөзтұлғадан» бөліп алу үшін өте қажет. Жалаң сөзтұлға тобына түпкі түбірлер мен түбір негіздер, туынды негіздер жатады да, қосалқылы сөзтұлғаның тобына дәйек және аяқ қосалқылы сөздер жатады.
Дәйек қосалқылар – негізгі сөздің алдында айтылып, оған әр түрлі үдетпе немесе күшейтпе мән үстейтін сөздер мен буындар. Дәйек қосалқылардың мағынасы біркелкі күшейте мәнді болып келеді де, іштей күшейтпе сөздер, күшейтпе буындар болып екі жікке бөлінеді. Күшейтпе сөзді дәйек қосалқылар - негізгі сөздердің алдында айтылатын өте, тым, ең, аса сияқты сөздер. Мысалы, Өте жақсы, тым жаман т.б. Күшейтпе буынды дәйек қосалқылар қатарына қап-ұара, сап-сары, қып-қызыл деген қос сөздердің алдыңғы компоненті ретінде айтылатын кап, сап, қып сияқты күшейтпе мәнді буын – морфемалар жатады.
Аяқ қосалқылар – негізгі сөзден кейін айтылып, оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейтін қосымша тұлғалар мен көмекші сөздер. Аяқ қосалқылар іштей шектемелер және көмекшілер болып екі топқа бөлінеді. Шектемелер негізгі сөздің мағынасын солғындатып, бәсеңдетіп көрсетеді. Шектемелер екіге бөлінеді: 1) Демеуліктер: ғана, түгіл, ақ, екеш т.б. 2) Ұқсамалар: нан-пан, ет-пет, қазы-мазы т.б.
Көмекшілер төрт түрге бөлінеді:
Көмекші есімдер: қасы, үсті, іші т.б.
Көмекші етістіктер: бол, қал, сал т.б.
Септік шылаулар: дейін, шейін, гөрі т.б.
Демеулік шылаулар: -ақ, -ау, ғой т.б.
Қосымша морфемалардың бұл түрі бұрынғы зерттеулерде қосымша морфема болып танылмаған.
Сөздер (сөзтұлғалар) морфемдік құрама тұрғысынан күрделі екі топқа бөлінеді: негізгі морфемалы сөздер және қосымша морфемалы сөздер. Негізгі морфемалы сөздер қатарына түпкі түбірлер мен түбір негіздер және туынды негіздер жатады. Қосымша морфемалы сөздер қатарына қосымша морфемалы және қосалқы морфемалы сөздер жатады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Сөзөзгерімнің аналитикалық тәсілі
2. Негізгі және қосымша морфема
3. Қосалқы морфеманың түрлері
4. Дәйек қосалқылар және аяқ қосалқылар
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Қосалқылар туралы мәлімет
2. Қосалқылар жөнінде алғашқы пікірлер
3. Дәйек қосалқылардың мағынасы
4. Күшейтпе сөзді дәйек қосалқылар
5. Шектемелер, олардың түрлері
6. Көмекшілер, олардың түрлері
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Н.Оралбаеваның зерттеулері
2. Қосалқылы сөзтұлға туралы
3. Жалаң сөзтұлға жайлы
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№38 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Дәйек қосалқылар
Жаттығумен жұмыс
69-жаттығу.
Ең болмағанда өзі секілді оның жылда бір рет мінез көрсете алмаған ұлының ынжықтығына сақ-сақ күліп, мазақ еткен Қызылқұм ақ жүрек, әрі қара қылды қақ жарған адал шопанның отарын ала қашқаны рас еді. Жалтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсті. – Ең тәтті, ең үлкен қарбызды мен өсірдім, нанбасаң көтеріп көр,-деді Ғабиден досына дәу қара қарбызды құлақтата беріп... Шалабай дөп-дөңгелек мөлдір көлдің жағасына төрт үй тіктіріпті. Қап-қараңғы көгілдір үңгір. Су ете түскен тап-таза, мөп-мөлдір салқын ауа самолет ішіне көлеңкелеп ұстаған күтімді бөлменің реңін береді. Жұп-жуан қара бұрымдай, Артына тіп-тік жал тастап. Оның сүмбілдей сұп-сұр денесі, жай теңселген шолақ көк толқындармен бірде тұтас көміліп, бірде тұтас көрініп, суға қара қоңыр сәуле түсіреді. Нұрыш тым қатты қуаныш үстінде жүріп, әкесінің қабағын түйіп, даусын көтергенін де ұмытып кетті. Аса жағымсыз айқайды естіген бала отқа жеткізбей-ақ, жөней берді. Көрші бөлмеден тап-таза болып киінген үш бала шықты, состиып бізге қарап тұрып қалды. Үй іші де мұнтаздай тап-таза екен.
№39 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Аяқ қосалқылар
2. Жоспары:
1. Шектемелер
2. Көмекшілер
3. Теориялық мәлімет.
Аяқ қосалқылар қосарланып айтылған сөздер құрамы мен тіркесі қолданылған сөздердің соңғы сыңары түрінде айтылады. Мағына жағынан олар іштей шектемелер және көмекшілер деген екі топқа бөлінеді.
Шектемелер. Шектемелер өзі тіркесіп айтылған немесе қосарланып айтылған сөздердің мағынасын шектеу қызметін атқарады. Шектемелер өз ішінде демеуліктер және ұқсамалар болып екіге бөлінеді.
Демеуліктер - өзі тіркесетін негізгі сөзге қосымша мағына үлкейтіп шылау сөздер қатарына жатады. Демеуліктердің бірнеше түрі бар. Солардың ішінде шектемелер қатарына тек тежеу мағынасында, болымсыздық және қомсыну мағынасында айталатын шылау сөздер ғана жатады.
Тежеу мағыналы шектемелер (қана, ғана, -ай) белгілі бір нәрсеге, іс-әрекет, қимыл, сын-сипат, мезгілге т.б. шек қоя тұжырымдап айту мақсатында қолданылады. Ондай шектеме демеуліктердің өзіндік мынадай қасиеттері бар:
Қана (ғана) тежеу демеулігі әдетте атау тұлғадағы есім, сын есім және үстеу сөздерге, етістіктерге тіркесіп қолданылады да, сол сөздерге шек қою мәнін үстейді. Мысалы: Мен саған тек қана бақыт тілеймін, Нәрешжан!
Ақ демеулігі – қолданылу мақсатына қарай әрі күшейту, әрі шектеу мәніндегі шылау сөз. Мұндай сөздерден тек шектеу мағынасын аңғаруға болады. Мысалы: Жабырқап жатыр жусап жаратылыс.
Екеш демеулігінің мағынасы түгіл, тұрсын шылауларынан өзгеше. Бұл демеулік негізгі мағыналы сөзге қомсыну, кемсіну, мұқату сияқты грамматикалық мән үстейді. Дегенмен, негізгі қияметі шектеумен үйлесіп жатады. Мысалы: Оны бала екеш бала да біліп алған.
Ұқсамалар – таза грамматикалық тұлғалар. Олар жеке ешбір мағынаны білдіре алмайды. Тілде мұндай тұлғалар жеке қолданылмайды. Мысалы, Базарға барып ет-пет алып келмеймісің,-деді кемпір.
Тілімізде (әсіресе ауыз екі сөйлеу тілінде) мұндай тұлғалар кез-келген зат есім сөзге тіркеліп жасала береді. Бірінші компонент толық мағыналы болғандықтан, екінші мағынасы жоқ қосалқы сөзге мән берілмейді де, ол жасанды күйінде ұқсамалар ыңғайымен қолданылады. Мысалы, абақты-сабақты, аға-саға, ағайын-сағайын.
Түгіл демеулігі есім сөздер мен етістіктерге тіркесіп, болымсыздық - шегеру мағынасын білдіреді. Мысалы: Дорбаны сатып тыныштықсыз бір ай түгіл, жыл өтті.
Тұрсын (тұрмақ) демеуліктерінің де мағынасы түгіл сияқты. Мысалы: Ойын-күлкі тұрмақ, дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртабада қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақпенен ләззаттануы.
Көмекшілер. Көмекшілер - өз табиғатында негізгі сөздерге тіркесе қолданылып, соларға абстракты грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер. Бұл топқа негізінде көмекші есімдер мен көмекші етістіктер және септік шылаулары мен біраз демеулік шылаулары жатады.
Көмекші есімдер. Көмекші есімдер - өз атауынан көрініп тұрғандай, қолданылу мақсатына қарай лексикалық мағынасы бірде түгел сақталып, бірде солғындап барып грамматикалық мағынаға ауысып кететін сөздер. Көмекші есім мағынасында қолданылатын сөздер сан жағынан онша көп емес: алды, арты, асты, үсті, жаны. Мысалы, Желсіз түнде жарық ай. Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Көмекші есімдер тарихи тұрғыдан алғанда, тілдің даму барысында орын, мекен сияқты заттық ұғымдардан шыққан. Сол себепті олар белгілі бір заттың, не заттық құбылыстың не уақыт, мерзім немесе уақиғаның іші, сырты, маңы, ортасы т.б. сияқты ұғымдарды білдіру дәрежесіне көшіп кеткен. Сондықтан да олар негізгі сөздермен тіркесіп барып қана сөйлемнің күрделі мүшелерінің құрамына ене алады.
Көмекші есімдер мағына жағынан бірнеше топқа бөлінеді:
Белгілі бір мекенді аталған затқа алыс не жақындығы тұрғысынан анқытап көрсету. Мұндай көмекші есімдер қатарына жаны, маңы, түбі, шеті сияқты есімдер жатады. Мысалы, Қара тастың жанында біз – піл мен үш жасар баладай екенбіз ғой өзі.
Мекендік ұғымды заттардың аралық қатысы тұрғысынан анықтап көрсету. Мұндай көмекшілерге арасы, ортасы сияқты есімдер жатады. Мысалы, Бұлар ағаш ортасындағы кішкене алаңға шықты.
Мекендік ұғымды заттың ір түрлі тарабына (шар тарабына) байланысты анықтап көрсету. Мұндай көмекші есімдер қатарына алды, арты, үсті, беті, бойы сияқты есімдер жатады. Мысалы, Ауылдың орта шеніндегі бір үйдің алды үйме-жүйме болған кісі.
Кейбір көмекші есімдер заттың өз шеңберін ғана қамтитын мекендік ұғымды білдірсе, кейбірі заттың басталар шегін аңғартатын мекендік ұғымда айтылады. Мұндай көмекші есімдер қатарына іші, басы сияқты сөздер жатады. Мысалы, Дүкен іші лық толған адам. Абай төбенің басына шықты.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Аяқ қосалқылар
2. Шектемелер, олардың түрлері
3. Демеуліктер, олардың түрлері
4. Тежеу мағыналы шектемелер
5.Қана (ғана) тежеу демеулігі
6. Ақ демеулігі
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Екеш демеулігінің мағынасы
2. Ұқсамалар
3. Түгіл демеулігі
4. Тұрсын (тұрмақ) демеуліктері
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Көмекшілер
2. Көмекші есімдер мен көмекші етістіктер
3. Септік шылаулары мен демеулік шылаулары
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№40 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Есімдердің аналитикалық қосалқы морфема сөзөзгерімі
Коллоквиум тапсырмалары
Сөз таптарының аналитикалық сөзөзгерім жүйесі
Сын есімдік аналитикалық сөзөзгерім
Сапалық сын есімнен жасалған аналитикалық форманттар
Қабыса байланысып сын есімдік аналитикалық сөзөзгерім құбылысы
Сан есімдік аналитикалық сөзөзгерімдер
«Бір» есептік сан есімінің қолданылуы
Болжалдық сан есімнің қолданылуы
Бөлшектік сан есімнің қолданылуы
Үстеулік аналитикалық сөзөзгерімдер
«Бойы» сөзінің қолданылуы
Еліктеуіш сөздердің аналитикалық сөзөзгерімдері
№41 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Көмекші етістіктердің аналитикалық қосалқы морфемалы сөзөзгерімі
2. Жоспары:
1. Негізгі көмекші етістіктер
2. «Жазда» көмекші етістігі
3. Теориялық мәлімет.
Сөз таптары тұрғысынан келгенде, көмекші етістіктер етістік сөздердің негізгі лексикалық мағынасынан ауытқып, грамматикалық мағынаға ие болған немесе түгелдей грамматикалық мағынаға ауысып кеткен сөздер.
Көмекшілер дегенде, әдетте олар сөз таптары тұрғысынан қаралып, әр түрлі сөз таптарына жатқызылып келеді. Егер сөздің құрылым тұрғысынан қарасақ, әр түрлі көмекші сөздер жеке бір негізгі сөздің жетегінде жұретін, негізгі сөздің көмекшісі ретінде қолдынылатын сөздер. Ондай сөздердің жеке лексикалық мағынасы, дербес морфологиялық өзгерімі, сол сияқты дербес синтаксистік қызметі де болмайды. Міне, осындай сипатты сөздер – көмекші сөздер деп аталады. Біз ондай сөздерді көмекшілер деп атаймыз. Көмекшілер іштей есім көмекшілер, етістік көмекшілер және септік, демеулік шылаулар деген жіктерге бөлінеді.
Сөздің қосылма морфемалар арқылы жасалатын аналитикалық түрінде, көмекші етістіктердің атқаратын қызметі ерекше. Таза көмекші етістік қазақ тіліндек бір ғана «е» деп айтуға болады. Оның өзі де жеке айтылмайды. Тілімізде ол еді, екен, емес деген сөзқолданыстардың құрамында, солардың түпкі түбірі ретінде ғана қолданылады. Дегенмен тілімізде бұдан басқа да толып жатқан көмекші етістіктер мағынасында қолданылатын сөздер бар. Олар «е» етістігіндей емес, өз табиғатындағы негізгі етістіктер мағынасынан, яғни қимыл, іс-әрекетті тікелей білдіру қасиетінен ауытқып, негізгі лексика-грамматикалық мағынасында емес, абстракты-грамматикалық мағынаға ауысқан сөздер. Мысалы, қал, сал етістіктерді алып қарайық. Егре қал сөзін сен осы жерде қал, ол үйінде қалды деген ыңғайда қолдансақ, қал етістігінің негізгі лексика-грамматикалық мағынасы анық көрініп тұрар еді. Сол сияқты, егер мына орамалды қалтаңа сал десек, бұл да таза лексика-грамматикалық мағынада айтылар еді.
Ал егер осы екі сөзді шөлдеп қалды, талып қалды немесе айта салдыбере салды каүйінде қолданатын болсақ, алғашқы лексика-грамматикалық мағынасынан ауытқып, көмекші етістік мағынасына көшер еді. Міне, осындай көмекші етістік мағынасында айтылатын сөздер негізінде мына сияқты етістіктер: ал, бар, бол, жүр, жатыр, кел кет, көр, таста, тұр, өт, шық, қыл т.б. мысалы, Оқытушылардың бәрі де оқып шығып, жұмыстың жақсылығын мойындады
Етістіктің таза аналитикалық тұлғасын құратын көмекші етістіктер еді, емес екен. Бұл үш түрлі қолданыстың түпкі түбірі – е көмекші етістігі. Бұл түпкі түбір өзінің негіөзі етістік қасиетінен көптеген заманнна бұрын айрылып қалған. Тарихи тұрғыдан оның негізгі тұлғасы «ер» болған. әуелі осы тұлғадан айрылып, «е» тұлғасына көшу жолында бұл етістік нағыз көмекші етістік дәрежесіне өткен. Сол себепті де қазіргі қазақ тілінде ол тек қана көмекші етістік түрінде, онда датек еді, екен, емес тұлғасында танылады. Дегенмен қазіргі қазақ тілінде бұл көсемшелердің етістіктің аналитикалық тұлғасын жасауда атқаратын қызметтері біркелкі емес. Мысалы еді (е+ді), екен (е+кен) көмекші етістіктері негізгі сөзге тек шақ (өткен, келер шақ) және жақ категориясына байланысты грамматикалық ұғымдар үстейді. Мысалы, Төрегелді кеңсе терезесінен ішке үңіліп еді, жездесінің жанында мұғалім жігіт отыр екен.
Емес (е+мес) көмекші етістігі өздігінен ешбір шақтық мағына үстей алмайды. Оның шақтық мағынасы өзі тіркесіп айтылған негізгі сөзінің тұлғасына байланысты болады.мысалы, Мертігіп, жараланғандар да аз емес.
Бұл аталған үш тұлғадағы «е» көмекші етістігінен басқа тағы да бір ерекше жасалған көмекші етістік бар, ол – «жазда» етістігі. «Жазда» көмекші етістігі тарихи тұрғыдан жазу (хат жазу мағынасында емес) болып табылады. Мысалы, жазылып түсу, жайылып жату, жазылу сияқты ұғымдармен байланысты болуы керек. Бірақ ондай ұғым қазіргі қазақ тіліндегі «жазда» сөзінің қолданыс мағынасында жоқ. Мысалы, Әкесінің хабарын естігенде талықсып кете жаздады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Көмекші етістіктер туралы
2. Көмекші сөздер, түрлері
3. Есім көмекшілер, етістік көмекшілер
4. Септік, демеулік шылаулар
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. «е» көмекші етістігі
2. қал, сал етістіктерді
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Емес (е+мес) көмекші етістігі
2. . «Жазда» көмекші етістігі
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№42 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Көмекші етістіктердің аналитикалық форманттары
Жаттығумен жұмыс
108-жаттығу. Көмекші етістіктердің қандай грамматикалық мағына беріп тұрғанын санамалап, негізгі етістіктеп қандай қосымшалар байланыстырып тұрғанын (астын сызу арқылы) көрсетіңіз, олардың қай категория екенін айтыңыз. Олардың сөз формасына қатысын түсіндіріңіз.
Үлгі: жұмбақ болып қалды – көсемшенің –ып формасы арқылы көмекші «қалды» етістігі негізгі «жұмбақ болу» етістігімен тіркесіп, аналитикалық формант жасап тұр.
Сайлаушы төре жұрт көзіне шешілмейтін бір жұмбақ болып қалды. Егер көңілді кірбің ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап, ағындап шапқылар еді, әлденеңе, әлдекімге душар болуды іздер еді. Ұлың үшін сені айыптай алмаймыз. Көкейдегі арманын айта білгенде ғана, мұрат-мақсаттарын көркем кестелегенде ғана, ақынның бедел-абыройы арта түспек. Бұл жердің жайын біле бермейтін адамдарға орталықтан шалғай жатқан ауыл сүлбесі тым көңілсіз болып көрінетін. Алматы көктемінің салқындау ауа райы екі-үш күннен бері маужырап тұр. Ұзын, тұмсықты, қара қоңыр құстар көгілдір айдынды қақ жарып, жағаға қарай қиқулап жүзіп келеді.
№43 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Септік қосалқы шылаулар
2. Жоспары:
1. Атау септікті сөзбен тіркесетін шылаулар
2. Барыс септікті сөзбен тіркесетін шылаулар
3. Шығыс септікті сөзбен тіркесетін шылаулар
3. Теориялық мәлімет.
Септік шылаулар қосалқы морфемалардың көмекшілер деп аталатын аяқ қосалқылар тобына жатады. Септеуліктер – тілімізде қолданылу мақсатына қарай объекті мен объектінің арасындағы әр алуан грамматикалық қатынаст арды білдіру үшін қолданылатын және белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздер.
Септік шылаулар әдетте өзара бағыныңқылық қатынастағы сөздерді бір-бірімен ұштастыру үшін жұмсалады. Сол себепті де олар сөз бен сөздің арасындағы әр түрлі мезгілдік, себептік мекендік т.б. сияқты грамматикалық қатынастарды білдіреді.
Септік шылауларға тән қасиет - өзінің тіркескен негізгі сөзінің белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруын талап етуі. Ондай белгілі бір грамматикалық тұлғада айтылатын сөздер зат есім, есімдік, етістіктің есімше түрі және қимыл атаулары болады.
Септік шылаулардың бәрі бірдей барлық септік жалғауларын қажет ете бермейді. Олар өз мағыналарына сай келетін септіктерді ғана таңдап алады. Олар:
Үшін, туралы, жөнінде, жайлы, сияқты, секілді, тәрізді т.б. шылаулар атау септікті сөзбен тіркесіп, сондай сөздердің ғана қосалқы сыңары бола алады. Мысалы, Жара басты кеудені, Жаудан өлді ар үшін. Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы біраз сөз жазып қалдырайын.
Дейін, шейін, қарай, салым сияқты шылаулар барыс септікті сөзбен тіркесіп, сол тұстағы сөздердің ғана қосалқы мүшесі бола алады. Мысалы, Соңғы жылдарға дейін түйе еті өндірілмей келді. Биылғы жылдың жазына шейін бітіру керек.
Кейін, бері, соң сияқты шылаулар тек шығыс септік тұлғалы сөздердің қосалқы көмекшісі болып қолданылады. Мысалы, Орынбайдан кейін домбыра Ешниязға келді. Бәтестің жылын бергенде сөйлесіп ек, содан бері тұйық жатырмыз.
Бірге, қатар, қабат сияқты шылау сөздер көмектес септік жалғаулы сөздердің ғана қосалқы көмекшісі болып айтылады. Мысалы, Сәттібек ауылдарымен бірге отыратындарыңыз аз ғана жылқылары жүйрік болады. Оқу мен қабат ұйым жұмысын дұрыстап алғанша тыным таппады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Септік шылаулар
2. Септеуліктер туралы
3. Септік шылаулардың жұмсалуы
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. Септік шылауларға тән қасиет
2. Үшін, туралы, жөнінде, жайлы, сияқты, секілді, тәрізді т.б. шылаулар 3. Дейін, шейін, қарай, салым сияқты шылаулар
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Кейін, бері, соң сияқты шылаулар
2. Бірге, қатар, қабат сияқты шылау сөздер
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
№44 ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Септік шылаулардың мағынасы
Жаттығумен жұмыс
151-жаттығу. Септеулік шылауларды тауып, олардың қай сөз табына тіркесіп, қай септікте тұрғанын, мағынасын түсіндіріңіз.
Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады. Әсіресе, елде қандай проблемалы жәйттер тұрғанын, асыра сілтеу, өтірік белсенді, көз бояушылық жөнінде көптеген мәселелер қозғалды. Танк атакасын тойтарғаннан кейін, Ержанның көңілі бірленгендей болып еді. Бұлар әр нені әңгіме етіп, опыр-топырдан оңаша, шетке таман шығып кетті. Мана түстен кейін Естай оны моншаға апарып, таза киім-кешек әперіп, мұнтаздай ғып киіндіріп қойған. Осылайша кедей ауылдың жігіттеріне зорлық істеп зығырын қайнатып отырды да, ақыры Абыралы жағы атқа қонып, құдық үшін ұрыс салды. Ел түгел жиналып, бірер күн еру ьолып естерін жинаған соң, сәрсенбінің сәтіне жиын басталды. Осылайша көшіп келген алғашқы жылы жаз бойы қыстауда боп, қара күзге дейін шөп шапқан пішеншілермен бірге жүріп күн кештік. Тұман арқылы көрінгендіктен қызғылт жақтан кішкене жұлдыздар түнде жарқырайтын қасқырдың көзін есіме салды. Сұлулық атаулы дәл қазір соның дидарына келіп ұялағандай, шапақ тобы сезіледі.
№45 ОБСӨЖ
1. ТАҚЫРЫБЫ: Демеулік қосалқы шылаулар
2. Жоспары:
1. Көңіл-күйді білдіретін демеуліктер
2. Модальдық демеу қосалқылар
3. Теориялық мәлімет.
Демеуліктер - өз атынан көрініп тұрғандай, тек қана өздері тіркескен сөздерге әр түрлі қосымша грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Дегенмен, демеуліктердің бол қызметінің ішінен біздің көңіл аударатынымыз – олардың қосылма көмекші морфема ретінде қолданылуы болмақ. Осы мақсатқа байланысты демеуліктердің ішінен тек – ай, ау, қой (ғой), екеш, мыс сияқты түрлеріне тоқталамыз.
Жалпы алғанда, демеулік шылаулар өзара сұраулық, күшейтпе, тежеу, қарсылық, көңіл-күй, модальдық деген ұғымдарға бөлініп жатады. Солардың ішінде біздің назар аударатынымыз көңіл күйі мен модальдық демеулік қосалқы шылау сөздер болады.
1. Көңіл күйін білдіретін демеулік қосалқылардың қатарына –ай, -ау шылау сөздері жатады. Мысалы: Алда, үйің күйгір-ай! Ойбай-ай, құдай-ай, обал-ай!
Кейбір зерттеушілер «ай» демеулігін одағайлар ыңғайымен қарастырады. Олардың пікірінше «ай» - күшейту мәнін білдіру үшін айтылатын одағай болып табылады. Біз егер «ай» көмекші морфема ыңғайында, көңіл күйін байқататын сөздің соңына тіркеліп, қосалқы шылау сөз ыңғайында қолданса, олар одағайлар ретінде емес, ал қосалқы шылаулар ретінде қарастырылуы керек деп ойлаймыз. Мысалы: Сол мүмкіндікті пайдаланған әкем борышқорлардың бересілерін әлденеше еселеген түрде сыпырады – ай кеп! Әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?
-ау демеулік шылауының жөні басқа. Бұл өзі тіркескен сөзіне күшейткіш мән (таңдану, таңырқау) үстейді де, жеке қолданылмайды. Мысалы, Шұға десе – шұға, ой шіркіннің өзі де келбетті еді-ау. Апырай, Армановтың мінезі қызық-ау, тез құбылады, жібектей есіліп отырып, кенет сұстана қалады.
-ау демеулік шылауы көңіл күйін білдіретін болғандықтан кейде күдіктену мен қауіптенуді, кейде жорамалдау мен топшылауды, өкінішті, күйінішті, ренішті, армандау, сағыныш мағыналарын беру үшін қолданылады: Көтерген құрбылардың мәртебесін, Көзімнен қызық күндер бір-бір ұшты-ау.
2. Модальдық демеу қосалқылар - әдетте, негізгі сөзге сөйлеушінің субъективті түрде араласып, айтқан ойын не пікірін құптай түсу, қолдану мәнінде айтылатын қосалқы шылау сөздер. Мұндай қосалқылар тек қой (ғой) шылаулары арқылы беріледі. Мысалы: Әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. Шәкизат қой, жаным-ау? – деп қалды Сұлтанмахмұт.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Демеуліктер, олардың түрлері
2. Демеулік шылаулардың ұғымдары
3. Көңіл күйін білдіретін демеулік қосалқылар
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1. «ай» көмекші морфемасы
2. -ау демеулік шылауы
6. Студенттің үй тапсырмасы:
1. Модальдық демеу қосалқылар
2. қой (ғой) шылаулары
7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Грамматика. А., 2003.
2.Қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 2001.
3.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 2000.
4.Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 2003.
Қосымша:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1956-1993.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі . А, 1953.
3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А; 191092.
4. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А, 1957.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі . А., 2001.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Бекітемін»
кафедра меңгерушісі_______
доцент Л.У.Әбенова
«____»_______2009ж.
Қорытынды бақылауға арналған тестілік емтихан сұрақтары
Факультет: «Филология»
Кафедра: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Мамандық: 050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Пән атауы: Морфемалар жүйесі
Кредит саны:2
Курс: 2, семестр 4
Топ – Қт –17
Тест сұрақтарының саны: 350
Құрастырған: Қалыбекова Ш. Ж.
Жетісай -2009ж.
1.Белгілі бір ұғымның атауы.
А) сөз
Ә) белгі
Б) таңба
Д) әріп
2.Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым –қатынасқа түспей, жеке дара тұғандағы нақтылы я негізгі мағынасы.
А) Лексикалық мағына
Ә) граматикалық мағына
Б) Симантикалық мағына
Д) Фразеологиялық байлаулы мағына
3. Әрбір тілдің өзіне тән граматикалық амал –тәсілдерінің жиынтығы.
А) тілдің грматикалық құрылысы
Ә) тілдің лексикалық құрылысы
Б) тілдің фонетикалық құрылысы
Д) тілдің семасиологиялық құрлысы
4. Сөз және оның формалары туралы ілім.
А) Морфология
Ә) Синтаксис
Б) Лексика
Д) Фанетика
5. Сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым.
А) Синтаксис
Ә) Морфология
Б) Лексика
Д) Фанетика
6. Бөлек алғанда белгілі нәрсенің атауы ретінде лексикалық мағынаға ие болып, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін сөз бөлшегі.
А) түбір сөз
Ә) қосымша
Б) жалғау
Д) жұрнақ
7. Негізгі түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы сөз.
А) туынды сөз
Ә) қосымша
Б) жұрнақ
Д) жалғау
8. Негізгі түбір сөзді табыңыз.
А) Бас
Ә) Басшы
Б) Басшылық
Д) Басқар
9. Сөздің тұлғалық өзгерісі қанша жолмен жасалады.
А) 2
Ә)3
Б) 4
Д) 1 ғана жолмен
10. Жалпылық мағына беретін қос сөздердің сыңарлары өзара мағыналық жағынан өте жақын болғандықтан қос сөздер.
А) Қайталама қос сөздер
Ә) Қосарлама қос сөздер
Б) Мәндес қос сөздер
Д) Қайшы мәнді қос сөздер
11. Екі кейде оданда көп сөздер бірігіп бір ұғымды білдіріп, бір сұраққа жауап беріп тұрған сөздер.
А) Бірікккен сөздер
Ә) Қосарланып біріккенсөздер
Б) Кіріккен сөздер
Д) Қос сөздер
12. Жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзге жалғанып, сөздің лексикалық мағынасын өзгертетін я сөздің грамматикалық мағынасын түрлендіретін сөз бөлшегі.
А) Қосымша
Ә) Түбір
Б) Негіз
Д) Сөз
13. Қосымшалар мағынасы мен атқаратын қызметіне қарай неше түрлі болады.
А) 4
Ә) 2
Б) 3
Е)6
14. Сөздердің лексикалық мағына ыңғайластығымен морфологиялық тұлға және синтаксистік қызметінің ұқсастығына қарай топталуы.
А) сөз таптары
Ә) көмекші сөз
Б) үстеуші сөз
Д) модаль сөз
15.Жеке тұрғанда беретін дербес лексикалық мағынасы бар өзіне тән морфологиялық тұлғалық жүйесі бар сөйлемде өз алдына мүше болып қызмет атқаратын сөздер.
А) негізгі сөз
Ә) туынды сөз
Б) көмекші сөз
Д) шылау сөз
16.Жеке дербес лексикалық мағына бере алмайтын тұлғ,алық өзгерістерге ене алмайтын сөздер
А) көмекші сөз
Ә) атауыш сөз
Б) одағай сөз
Д) үстеу сөз
17.Және, мен, пен туралы ғана сөздері мағыналық жақтан қай сөз таптарына қатысты.
А) Көмекші сөздер
Ә) Атаушы сөздер
Б) Үстеуші сөздер
Д) Одағай сөздер
18.Тұлғалық өзгерістерге түсіп. Сөйлемдегі сөздер мен граматикалық байланысқа ене алмай тек айтылған ойға біреудің көзқарасын көрсету үшін енгізіліп, қыстырылып тұрады да, сөйлемге мүше алмайтын сөздер
А) қысқарған сөздер
Ә) көмекші сөздер
Б)модаль сөздер
Д) атаулы сөздер
19.Етікші,тұзшы сөзіндегі –ші(-шы) жұрнағы.
А)Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақ
Ә)Етістіктен зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақ
Б) Есімнен сын есім тудыратын өнімді жұрнақ
Д) Есімнен етістік тудыратын өнімсіз жұрнақ
20. Түбір сөзге жалғанып, белгілі мекеменің атын білдіретін жаңа сөз тудыратын жұрнақ.
А) –хана
Ә) –ист
Б)-изм
Д) –шілік
21.Түбір сөзге жалғанып, өзі жалғанған сөздің бастапқы лексикалық мағынасына қосымша кішірейтушілік ұғымын тудыратын қатар.
А) –шақ, -шек, -ша, -ше, - қан,
Ә)-лық, -лік, -дық, -дік
Б) –дас, -дес, -тас, -тес,
Д) –лдірік, -ілдірік
22.Етістіктентуынды зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар
А)-ма,-ме, -ба,-бе,-па,-пе,
Ә)-шы,-ші,
Б)-шылық,-шілік
Д)-лас,-лес,-дас.-дес
23.Зат есім сөзі бір түрлі нәрсенің біреуі емес, бірнешеуі екендігін көрсететін болса, оны
А) көптік жалғау
Ә) зат есімнің көпше түрі дейді
Б) жіктік жалғау
Д) зат есімнің септелуі
24. Жалғаулардың орналасу тәртібі
А) әуелі сөзге көптік жалғау кейін басқаны
Ә) әуелі сөзге жіктік жалғау
Б) әуелі сөзге септік жалғау
Д) әуелі тәуелдік жалғау жалғанады
25. Тәуелдік жалғаулары зат есім сөздерінде неше түрде қолданылады.
А) 2
Ә) 3
Б) 1
Д) 4
26.Бір заттың бірнеше заттың бір адамға меншікті, тән, тиісті екендігін көрсететін тәуелдік жалғаудың түрі.
А) оңаша тәуелділік
Ә) ортақ тәуелділік
Б) жай тәуелділік
Д) күрделі тәуелділік
27. Тілдің сөздігін тексеретін ғылым
А) Лексикалогия
Ә) граматика
Б) Фанетика
Д) стелестика
28. Тілдің морфологиялық құрлысын зерттейтін ғылым
А) Морфлогия
Ә) Фонетика
Б) Синтаксис
Д) Лексикалогия
29. Лексикалогия, граматика салаларының тексеру обьектісінің негізі
А) сөз
Ә) сөйлем
Б) дыбыс
Д) әріп
30. Септік қосымшаларының тікелей затесімдердің және басқа есім қызметінің атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғанатын
А) жай септеу
Ә) ортақ тәуелдеу
Б) оңаша тәуелдеу
Д) тәуелді септеу
31. Септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөзднрдің тәуелді түрлеріне жалғануы
А) тәуелді септеу
Ә) жай септеу
Б) ортақ тәуелдеу
Д) оңаша тәуелдеу
32. Арнаулы қосымшасы болмайтын септік.
А) атау
Ә) ілік
Б) шығыс
Д) көмектес
33. Бұл септіктегңі сөз әрқашан етістік мүше мен тікелей де жанама да байланысып, негізінде қимылдың бағытын,мақсатын білдіреді.
А) барыс
Ә) шығыс
Б) атау
Д) жатыс
34.Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемді тура толықтауыш болып қызмет атқарады.
А) табыс
Ә) шығыс
Б) көмектес
Д) жатыс
35.Бұл септік менгеру я меңгерілу жағынан тікелей етістікке қатыспайды, әрқашан соңғы тәуелдеулі есім сөз бен я субстантивтенген сөзбен байланысты болады.
А) ілік
Ә)табыс
Б) атау
Д) шығыс
36.Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік мағына береді.
А) жатыс
Ә) ілік
Б) атау
Д) шығыс
37.Тек баяндауышқа ғана тән жалғау
А) жіктік
Ә) септік
Б) тәуелдік
Д) көптік
38.Тілдің сөздігін тексеретін ғылым.
А) лексикалогия
Ә) грамматика
Б) фонетика
Д) стилистика
39.Тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылым
А) грамматика
Ә) Фонетика
Б) лексикалогия
Д) морфология
40. Лексикалогия,грамматика салаларын тексеру обьектісін негізі.
А) сөз
Ә) сөйлем
Б) дыбыс
Д) әріп
41.Қыр-сыры мол күрделі тілдік котегория.
А) сөз
Ә) сөйлем
Б) дыбыс
Д) әріп
42. Дыбыстық комплекс дегеніміз не?
А) сөздің сыртқы дыбыстық жайылымы
Ә) бір ұғымның атауы
Б) сөздің ішкі мазмұны
43.Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатнасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы.
А) лексикалық я тура мағына
Ә) грамматикалық мағына
Б) ауыспалы мағына
Д) фразеологиялық мағына
44.Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал- тәсілдерінің жиынтығы
А) тілдің грамматикалық құрлысы
Ә) тіілдің лексикалық құрлысы
Б)тілдің фонетикалық құрлысы
45. Грамматика ғылымы неше салаға бөлінеді.
А) 2
Ә) 4
Б) 5
Д) 3
46.Морфология және синтаксис қай ғылымның салалары
А) грамматика
Ә) Фонетика
Б) Лексикология
Д) Онамастика
47.Сөз және оның формадары туралы ілім.
А) морфология
Ә) лексика
Б) синтаксис
Д) фонетика
48.Сөз тіркесі туралы сөйлем туралы ғылым.
А) синтаксис
Ә) фонетика
Б) морфология
49. Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін ясөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатнасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы.
А) грамматикалық мағына
Ә) грамматикалық форма
Б) грамматикалық котегория
50. грамматикалық мағына қандай сөздердің сөйлесуі арқылы туады.
А) шылау
Ә) одағай
Б) атауыш
51.Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына не деп аталады?
А) грамматикалық мағына
Ә) грамматикалықформа
Б) грамматикалық котегория
Д) лексика семантикалық бірлік
52.Сөздің лексика я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері
А) морфемалар
Ә) формалары
Б) қосымшалар
Д) жалғаулар
53.Түбір морфема
А) сөздің әрі қарай бөлшектеугекелмейтін ең түпкі негізі
Ә) қосымшалардың түбірге қосылуы
Б) сөзге сөз қосуы
Д) бір сөзден жаңа форма тудыруы
54.Жалғау деп нені айтадй?
А) сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар
Ә) сөзбен сөзді байданыстыратын қосымша
Б) сөздердің тіркесуі
Д) сөздердің бірігуі
55.Құрамы жағынан жұрнақтар нешеге бөлінеді
А) 2-ге
Ә) 3 –ке
Б) 4-ке
Д) бөлінбейді.
56.-ыңқы, -ғылықты, -ынды жұрнақтары құрамдық жағынан жұрнақтардың қай түріне жатады?
А) құранды жұрнақ
Ә) жалаң жұрнақ
Б) омоним жұрнақ
Д) антоним жұрнақ
57.-ырқан, -іркен жұрнағы қандай жұрнақ?
А) етістік тудыратын жұрнақ
Ә) есім тудыратын жұрнақ
Б) үстеу тудыратын жұрнақ
Д) еліктеуіш сөз тудыратын жұрнақ
58. Сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай жұрнақтар нешеге түрге бөлінеді.
А) 2-ге
Ә) бөлінбейді
Б) 3-ке
Д) 4-ке
59.Сөз тудыру жағынан өнімді жұрнақтар не деп аталады?
А) тірі жұрнақтар
Ә) өлі жұрнақтар
Б) көп мағыналы
Д) омоним
60.Сөздердің сөз тіркестері арқылы
берілу жолы
А) морфологиялық тәсіл
Ә) лексикалық тәсіл
Б) синтаксистік тәсіл
Д) аралас тәсіл
61.Менің атам тәуелдеудің қай түріне жатады.
А)оңаша
Ә) ортақ
Б) жіктеу
Д) көптеу
62.Қимылдың бағытын білдіретін септік
А) барыс септік
Ә) жатыс септік
Б) шығыс септік
Д) табыс септік
63.Сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет ететін септік
А) табыс септік
Ә) жатыс септік
Б) барыс септік
Д) шығыс септік
64. Қимыл іс-әрекеттің шыққан орнын білдіретін септік
А) шығыс септік
Ә)табыс септік
Б) жатыс септік
Д) көмектес септік
65.Жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы.
А) 2 саладан
Ә) саласы жоқ
Б) 1 саладан
Д) 3 саладан
66.Морфологиялық тәсіл дегеніміз не?
А) түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жасалуы
Ә) түбірлердің қосарлануы
Б) түбір сөздердің бірігуі
Д) қосарлануы арқылы
67.Белгілі формалардың жүйесі
А) сөз
Ә) түбір
Б) қосымша
Д) жұрнақтар
68.Жалаң сөз дегеніміз не ?
А)құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздер
Ә) ең кемінде 2 негізгі түбірі бар сөздер
Б)сөздің қосарлануы
Д) біріккен сөздер
69.Тіліміздегі сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2-ге
Ә)3-ке
Б) бөлінбейді
Д)4-ке
70.Түбір сөзінің екінші атауы
А) негіз
Ә) түбірлес сөз
Б) қос сөз
Д) жұрнақ
71.Бір түбірден туған туынды сөздер.
А) түбірлес сөз
Ә) негіз
Б) біріккен сөз
Д) қысқарған сөз
72.Жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер
А) туынды сөз
Ә) негізгі сөз
Б) түбір сөз
Д) қосымша
73.Фонетикалық фактор деп нені айтады?
А)күрделі сөздердің компанентерінің әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауын айтамыз
Ә) ассимляция
Б) диссимиляция
Д) ықшамдау
74.Жай сөз тіркестерінің лексикалану, дилексикалану құбылыстарын не деп атайды.
А) лексика-симантикалық
Ә) грамматикалау
Б) лексикалану
Д) делексикалану
75.Күрделі сөздің құрамындағы көмпаненттің дыбыстық өзгерістің нәтижесінде бастапқы өз мағынасында ада –күде айрылуын не деп атаймыз?
А) делексикалану
Ә) лексикалану
Б)идиомалану
Д) түбірлену
76.Сексен қандай сөз?
А) біріккен сөз
Ә) қос сөз
Б) қосымша
Д) жұрнақ
77.Қосарлама қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді
А) 2-ге
Ә) 3-ке
Б)4-ке
Д) бөлінбейді
78.-Еке ненің жұрнағы
А) зат есімнің рең мәнін білдіретін
Ә) сын есімнің
Б) етіс
Д) есімдік
79.Ымқыр сөзіндегі –қыр ненің жұрнағы.
А) етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ
Ә)есімнен есім тудыратын жұрнақ
Б)есімнен етістік тудыратын жұрнақ
80.Жолдама сөзіндегі –ма қандай жұрнақ
А) етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ
Ә) есімнен есім тудыратын жұрнақ
Б) есімнен үстеу тудыратын жұрнақ
Д) үстеуден еліктеуіш тудыратын жұрнақ
81.Кішілеу сөзіндегі -леу қосымшасы ненің жұрнағы.
А) шырай
Ә) етіс
Б) есімше
Д) көсемше
82.-қыз(-кіз,-ғыз,-гіз) ненің жұрнағы
А) етіс
Ә) есімдік
Б) үстеу
Д) еліктеуіш
83.-тыр, -тір етістік қай түрінің жұрнағы
А) өзгелік
Ә) өздік
Б) ортақ
Д) ырықсыз
84.Таран сөзіндегі-ан жұрнағы қай сөз табына қатысты
А) етістік
Ә) есімдік
Б) сын есім
Д) зат есім
85.Септік қосымшаларының тікелей зат есімдердің жіне басқа есім қызметінің атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын не деп атаймыз?
А) жай септеу
Ә) оңаша септеу
Б) тәуелді септеу
Д) ортақ септеу
86.Жай септеуде неше түрлі форма неше түрлі жалғау бар?
А)7-түрлі форма ,6 түрлі жалғау
Ә) 2 түрлі форма, 3 түрлі жалғау
Б) 2 түрлі форма, 4 түрлі жалғау
Д) ешқандай форма да,жалғауда жоқ
87.Лексикалық мағынаны айқындайтын саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздер менқарым-қатнасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағына не деп аталады?
А) грамматикалық мағына
Ә) лексикалық мағына
Б) грамматикалық котегория
Д) грамматикалық тәсіл
88.Граматикалық котегориялар іштей қалай бөлінеді:
А) морфологиялық және синтаксистік
Ә) синтетикалық және аналитикалық
Б) морфологиялық және лексикалық
Д) лексикалық және грамматикалық
89.Сөз дегеніміз не ?
А) белгілі бір ұғымға берілген атау
Ә) дыбыс
Б) әріп
Д) әр түрлі мағына
90. Сөз туралы пікір айтқан ғалым.
А) В.В винаградов
Ә) Крушевский
Б) А. Байтұрсынов
Д)А . Хмель
91.Лексикалық мағына дегеніміз не?
А) сөздердің ешқандай байланысқа түспей ұрғандағы мағынасы
Ә) әріппен сөздердің жиынтығы
Б) сөздердің байланысуы
Д) фонемалар
92.Грамматикалық категория нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
Б) 6
Д) 5
93. Грамматикалық категория ішінара қандай болады?
А) морфологиялық синтаксистік
Ә) фанетикалық
Б) синтаксистік грамматикалық
Д) фанетикалық , морфологиялық, синтаксистік
94.Морфемалар дегеніміз не?
А) сөздің лексикалық я грамматикалық бөлшектері
Ә) сөздің ең түпкі мағынасы
Б) сөздердің байланысуы
Д) түбірге қосымшаның жалғануы
95.Қосымша морфемалар нешеге бөлінеді ?
А) 3
Ә4
Б)6
Д) 2
96.Фонема дегеніміз не ?
А) сөз бен оның мағынасымен тұлғысын ажыратуға себі бар
Ә) сөздердің тіркесуі
Б) морфемалар жиынтығы
Д) морфемалардың тіркесуі
97.Жұрнақтар нешеге бөлінеді.
А) 2
Ә) 3
Б)6
Д) 8
98.құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар нешеге бөлінеді .
А) 2
Ә)6
Б) 4
Д)3
99.-шылық,-шілік жұрнағы құрамы жағынан қандай жұрнақ?
А) құранды жұрнақ
Ә) сөз тудырушы жұрнақ
Б) жалаң жұрнақ
Д) сөз түрлендіруші жұрнақ
100.-кер,гер жұрнағы қандай жұрнақ?
А) омоним жұрнақ, өнімді жұрнақ
Ә) өлі жұрнақ, өнімді жұрнақ
Б)омоним жұрнақ, өнімсіз жұрнақ
Д)тірі жұрнақ, өнімсіз жұрнақ
101.-ыс, -іс, -с жұрнағы омоним жұрнақ бола ала ма?
А) болмайды
Ә) болады
Б) мүлде болмайды
Д) дұрыс жауабы жоқ
102.-р, -ыр, -ар, -ер жұрнақы етістіктің қай етіс формасы
А) өзгелік етіс
Ә)өздік етіс
Б)ырықсыз етіс
Д) ортақ етіс
103.Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
А) –ынды,-інді
Ә) –ғыш, -гіш
Б) тай, -тей, -шақ ,-нан
Д)-лық, -лік
104. Зат есімнің реңк мәнін тудырып тұрған сөзді көрсет?
А) құлыншақ
Ә) бозбала
Б) әншілер
Д) кітаптың
105.ЕКі ,үш сөздерден құралып, суреттеме атаулар есебінде қызмет ететін тіркестерді табыңыз
А) таулы-жер
Ә) азды-көпті
Б) әдемі тау
Д) алып бала
106. Есімдіктерге
жалғанып, олардан белгілі бір жаққа –дық жұрнағының қатысын білдіретін туынды есімдерді табыңыз?
А) ондық, жүздік
Ә) Менің, сенің
Б) мендік, сендік, өздік
Д) алпыстық, айттық
107.-ымды,-імді жұрнақ құрамына қарай қандай жұрнақ?
А) құранды жұрнақ
Ә) Жалаң жұрнақ
Б) сөз түрлендіруші жұрнақ
Д) барлығы дұрыс
108.-кент, -стан жұрнақтары қандай атауларға жалғанады
А) жер-су аттарына
Ә) адам аттарына
Б) өнеркәсіптер
Д) жеміс атауларына
109.-қалақ, -келек,-ғалақ,-гелек жұрнақ құрамына қарай қандай жұрнақ
А)Құранды жұрнақ
Ә)жалаң жұрнақ
Б) құранды да жалаң жұрнақ
Д) сөз түрлендіруші жұрнақ
110.Грамматикалық котегориялар нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 4
Б) 3
Д) 6
111.Грамматикалық құбылыстар
А) грамматикалық мағыналар мен формалар
Ә) сөз тіркесі
Б) сөз ,сөйлем
Д) синтаксис ,морфология
112. Сөздің лексикалық неграмматикалық мағынасын білдіреітін
А) морфема
Ә) жалғау
Б) түбір
Д) жұрнақ
113. Түбірге қосылып оған жаңа мағына беруші
А) қосымша морфема
Ә) түбір
Б) морфема
Д) жұрнақ
114.Морфтың фонологиялық құрылымы
А) морфонология
Ә) түбір
Б)қосымша
Д) жалғау
115.Морфаналогия толық негізде
неше міндетті негізге алады№
А) 3
Ә) 2
Б) 4
Д) 6
116.Формасы бар мағыналары бір-бірінен алшақ жұрнақтар
А)омоним
Ә) өлі жұрнақ
Б) тірі жұрнақ
Д) көне жұрнақ
117.Бірлік сөзі қай жұрнақтан жасалған
А) есептік зат есімнен заттық ұғым тудырушы
Ә) тірі жұрнақ
Б) өлі жұрнақ
Д) етістіктен зат есім тудырушы
118.Қазақ тілінде жинақтау саны қанша?
А) 7
Ә) 6
Б) 8
Д) 9
119.-кіл қосымшасы тек қандай сандарға ғана жалғанады?
А) 3-4
Ә) 5-6
Б)1-2
Д)7-8
120.Сөз мағанасынасынақарай жұрнақ пен түбірді ажырат
А) егін-ші
Ә) ег-інші
Б) е-гінші
Д) егі-нші
121.Лексикалық мағына дегеніміз.
А) сөздердің ешқандай байланысқа түспей тұрғандағы негізгі мағынасы
Б) Тілдердің грамматикалық құрылысын тану
С) тікелей сөйлемдей сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағына
Д) Грамматикалық құрылысын тануда оның негізгі мәселелері
122.Лексикалық мағынаны айқындайтын саралай түсетін сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынаны не дейміз.
А) грамматикалық мағына
Б) лексикалық мағына
С) грамматикалық категория
Д) грамматикалық тәсілі
123.Грамматикалық мағынаның қалай не арқылы білдіретін сыртқы жолы.
А) грамматикалық тәсілі (формасы)
Б) грамматикалық мағынасы
С) грамматикалық категориясы
Д) лексикалық мағына
124.Грамматикалық категория
А) тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына
Б)негізгі сөздерге шылау сөздердің бірлесуі арқылы жасалады
С) лексикалық мағынаны айқындай е саралай түседі
Д) грамматикалық мағынаны қалай не арқылы білдіреді
125.Грамматикалық катнгориялар ішінара қалай болып бөлінеді.
А) морфологиялық және синтаксистік Б) синтетикалық және аналитикалық
С) морфологиялық және лексикалық Д) лексикалық және грамматикалық
126.Жеке сөздердің өзгеруі арқылы туатын жалпы грамматикалық мағыналарды қалай атаймыз.
А) морфологиялық категория
Б) синтаксистік категория
С) грамматикалық категория
Д) лексикалық категория
127.Сөздердің лексикалық е грамматикалық бөлшектерін, мағыналарын білдіретін бөлшектер.
А) морфемалар Б) қосымшалар
С) түбірлер Д) морфтар
128.Морфемаларды нешке бөлеміз.
А) 2 Б) 4
С) 5 Д) 3
129.Түбір морфеманы көрсет.
А) бос Б) білім
С) бостық Д) достық
130.Қосымша марфема іштей қалай болып бөлінеді.
А) жалғаулар, жұрнақтар, қосалқы сөздер
Б) жұрнақтар, сөздер, сөз тіркестері
С) морфемалар, түбірлер
Д) түбірлер, жұрнақтар, морфемалар
131.”Сөздердің жасалуына, сөздердің тіркесуіне дыбыс пен буынның атқаратын қызметі”- ненің міндеті болып табылады.
А) Морфопологияның негізгі міндеті
Б) морфологияның міндеті
С) грамматиканың міндеті
Д) лексикалогияның міндеті
132.Лексикалық мағына жағынан жаңа сөз тудырмай сөздерге әр қилы эмоциялық әсер экспресивті рең және қосылыстарды көрсет.
А) –тай,-ақан,-қай,-сымақ,-ене;
Б) –шық,-шік,-пат;
С) –лық,-лік,-дық,-дік;
Д) –қы,-кі,-ғы,-гі,-лы,-лі,-ты;
133.Төмендегі жұрнақтардың қайсысы қатыстық сын есім жасауға себін тигізеді.
А) –қы,-кі,-ғы,-гі,-лы,-лі,-ты;
Б) –шық,-шік,-пат;
С) –қылт,-гілт,-ғылт,-кілт;
Д) –мақ, -мек, -бақ, -бек;
134.Зат есімнің реңк мәнін тудыратын – сымақ; формасы өзі жалғанған сөзге қандай мағына береді.
А) кекету
Б) еркелету
С) кішірейту
Д) есірту
135.Топтау сан есімді көрсет.
А) 10-10-нан
Б) 2 - еу
С) 15-26
Д) 10-шы
136.Сөз дегеніміз не.
А) белгілі атауға берілген ұғым
Б) терминді білдіреді
С) сөз бейнесі
Д) зат пен құбылыстың атауы
137.Сөзсіз сөйлем құрауға бола ма.
А) болмайды
Б) болады
С) мүмкін емес
Д)Барлығы дұрыс
138.Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не.
А) сөздің ешқандай байланысқа түспей тұрғандағы негізгі мағынасы
Б) сөздің қосымша жаланған категория
С) сөздің өзгеруі арқылы туатын категория
Д) жалпы грамматикалық мағына
139.Грамматикалық категория дегеніміз не.
А) лексика – грамматикалық категориялары қарым-қатынасқа түскен сараланған жалпы грамматикалық мағына
Б) лексика және морфологиялық категорияларды айтамыз
С) сөз тіркесімен грамматикалық мағынаны айтамыз
Д) барлығы дұрыс
140.Морфемалар дегеніміз
А) лексвика – грамматикалық топтар туралы ілім
Б) сөздің түпкі мағынасы
С) қосымша жалғанған грамматикалық мағына
Д) дыбыстар жиынтығы
141.Грамматикалық категория нешеге бқлінеді.
А) 2
Б) 3
С) 5
Д) 4
142.Грамматикалық катигорияларды ата.
А) морфологиялық, синтаксистік
Б) лексика, семантикалық
С) лексика, аналитикалық
Д) ешқайсысы дұрыс емес
143.Морфемалар мағынасына қарай нешеге бөлінеді.
А) Түбір морфема, қосымша морфема
Б) афикстік және инфикстік морфема
С) Жұрнақ және жалғау
Д) жұрнақ және қосалқы сөздер
144.Жұрнақтар ерте кеш шығуына байланысты жұрнақ нешеге бөлінеді.
А) көне жұрнақ, жаңа жұрнақ
Б) өлі, тірі жұрнақ
С) жалаң және құрамды жұрнақ
Д) құнарлы және құнарсыз жұрнақ
145.Құрамды жұрнақ дегеніміз не.
А) мағынасы бір бүтін бола тұратын екі я бірнеше сөздерден тұратын жалаң жұрнақ
Б) мағынасы екі сөзден құралған
С) бір немесе екі сөздің жиынтығы
Д) сөздің лексикалық түпкі мағынасы
146.-лі,-ым,-ім етістіктен зат есім жасайтын қандай жұрнақ.
А) өнімді
Б) өнімсіз
С) жалаң
Д) құрамды
147.Салт етістік қандай септікті талап етеді.
А) табыс
Б) атау
С) ілік
Д) жатыс
148.-мақ,-мек,-бек,-бақ,-пақ,-пек формалары етістіктен қандай зат есім жасайды.
А) туынды
Б) негізгі
С) күрделі
Д) барлығы дұрыс
149.Қосымша морфема нешеге бөлінеді.
А) 3
Б) 4
С) 5
Д) 2
149. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтарды ата.
А) –еке,-қа,-ке;
Б) –ыс,-іс,-с;
С) –ым,ім,-м;
Д) –шақ,-шек;
150.Еркелету, аялау, кішірейту тәрізді қосымша мағына жағынан сөзді көрсет.
А) Димаш
Б) Ботакөз
С) інішек
Д) апай
151.Киім – кешек атауларына байланысты талғаусыз жалғана беретін есімдерден сын есім тудырушы жұрнақты ата.
А) –шаң,-шең;
Б) –дан,-ден,-тан,-тен;
С) –қы,-кі,-ық,-ік;
Д) –ынды,-інді, -нды,-нді;
152.-ыншы, - інші мағына жағына қандый сан есім.
А) реттік сан есім
Б) есептік сан есім
С) жинақтық сан есім
Д) топтау сан есім
153.Алтау алты болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. деген мақалдағы кездесетін қандай қандай сан есім, мағына жағынан қарағанда:
А) жинақтау сан есім
Б) топтау сан есім
С) реттік сан есім
Д) бөлшектік сан есім
154.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді.
А) 6
Б) 2
Достарыңызбен бөлісу: |