Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет3/3
Дата29.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#12692
1   2   3

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.


Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау: СӨЖ, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), коллоквиум (К), глоссарий (Г) т.б. оқытушыға тапсыру кестесі әр аптаның

Сенбі - 1100– 1200 – 6 ауд.
күндері жүргізіледі.

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ






Тақырыптар


Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Дыбыс пен фонеманың ерекшеліктері (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)

1 - апта

4 б.

Глоссарий,


семинар, консультация

2

Құранды дауыстылар туралы фонетист ғалымдардың пікірі

2 - апта

4 б.

Тест тапсырмалары

3

Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

3 - апта

4 б.

Семинар

Сұрақ-жауап



4

Тыйым сөздердің тағылымдық мәні

4 - апта

4 б.

Коллоквиум

5

Фразеологизмдердің мақал-мәтелге қатысы

5 – апта

4 б.

Семинар

Сұрақ-жауап



6

Эмоционалды-экспрессивті зат есімдер

6 – апта

5 б.

Реферат

7

Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі

7 – апта

5 б.

Семинар




Барлығы:




30 балл



1 ОБСӨЖ


1. Тақырыбы: Дыбыс пен фонеманың ерекшеліктері (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)

2.Сабақ түрі: Семинар.

Жоспары:
1. Фонема туралы түсінік.
2. Дыбыс пен фонеманың ерекшеліктері (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)


3. Теориялық мәлімет:

Тілдегі сөздер бір-бірінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларын да, морфемаларды да ажыратады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және т.б. формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп, бір-бірінен сөздерді ғана емес, сонымен бірге, сөздің формаларын және морфемаларды ажырататындығын көреміз.

Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема – сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.

Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пән емес, тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі түрлі жағы (аспектісі). Сонымен фонема деген ұғым сөз мағынасын, сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғыммен байланыстырылады.

Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге, екі дыбыстан да (мысалы, жоғарыда аталған дифтонгта) құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады. Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана ц дыбысы түрінде айтылады.

Дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті, мағына ажыратушы қызметі (мысалы, орыс тілінде) тек жуан дауыссыздар мен жіңішке дауыссыздаға ғана байланысты емес, сонымен бірге, дауыссыздардың қатаң, ұяң түрлеріне де байланысты. Мысалы, орыс тіліндегі кость (сүйек) – гость (қонақ), қазақ тіліндегі күл – гүл, тән – дән, қас – қаз деген сөздердің мағыналары бірінде қатаң, екіншісінде, ұяң дауыссыздың келуі арқылы өзара бір-бірінен ажыратылады.

Мағына ажыратушылық қызметіне қарап, фонемалардың өзара ұқсастығы мен жақындығы жоқ екен деп түсінуге болмайды. Бір-біріне қарама-қарсы дыбыстардың топтарының өзі де, мысалы, п – б, т – д фонемалары, ажыратушылық (различительные) қызметімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге, өзара ұқсастық жақтарымен де сипатталады. Жұп-жұбымен қосақталып келген бұл фонемалардың алдыңғы сыңарлары қатаң дауыссыздар да, соңғы сыңарлары ұяң дауыссыздар. Бұл олардың айырым жақтары. Жұбымен қосарланып келген п – б фонемаларының екеуі де ерін дыбыстары болса, тд фонемаларының екеуі де тіс дауыссыздары, екеуі бірдей шұғыл дауыссыздар (эксплозив) тобына енді. Бұл – олардың ұқсас және жақын жақтары.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Фонема дегеніміз не?

2. Фонема мен дыбыстың айырмашылығы.

3. Фонема теориясының алғаш рет негізін қалаған лингвист кім?

4. Дауыссыз дыбыстардың фонемалық қысиеті, мағына ажыратушы қызметі.

5. Фонема теориясын зерттеуші ғалымдар.

6. Фонология дегеніміз не?

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Фонема және дыбыстың айырмашылықтары мен ұқсастықтарынан мәлімет беру.

2. Жаттығу жұмыстарын орындау

6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Фонема туралы түсінік.
2. Дыбыс пен фонеманың ерекшеліктері (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)

7. Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.

2 ОБСӨЖ


1. Тақырыбы: Құранды дауыстылар туралы фонетист ғалымдардың пікірі

2. Сабақ түрі: Тест.

Тест сұрақтары:
1. «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» атты еңбектің авторы кім?

А) Ә.Жүнісбеков

В) Ж.Аралбаев

С) Ө.Айтбаев

Д) С.Мырзабеков

Е) А.Ысқақов

2. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

А) Екіге


В) Үшке

С) Төртке

Д) Беске

Е) Алтыға

3. «ә» дыбысы қай буындарда көп қолданылады?

А) Бірінші

В) Екінші

С) Үшінші

Д) Төртінші

Е) Бесінші

4. «ы» дыбысы жазылмайтын, бірақ айтылатын сөз қайсы?

А) берік


В) жорық

С) лақ


Д) тарақ

Е) қайрақ

5. А,Ә,О қандай дауыстылар?

А) Қысаң дауыстылар

В) Ашық дауыстылар

С) Еріндік дауыстылар

Д) Езулік дауыстылар

Е) Жуан дауыстылар

6. Орфографияға сай жазылған сөзді табыңыз.

А) Құбұлту

В) Өйткөні

С) Көркейту

Д) Көңүрсиді

Е) Көнөтөз

7. Әліпбидегі алтыншы әріпті белгілеңіз.

А) С


В) В

С) Ғ


Д) Г

Е) Д


8. Жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Қаздар

В) Етікші

С) Мұғалім

Д) Ауылдас

Е) Батырлық

9. Жуан дауыстыларды белгілеңіз.

А) о, і, и

В) ұ, и, ә

С) а, о, ұ

Д) ы, і, е

Е) и, о, і

10. “Ә” қандай дыбыс, табыңыз.

А) Жіңішке, ашық

В) Жуан, езулік

С) Еріндік, жуан

Д) Ашық, еріндік

Е) Қысаң, езулік

11. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз

А) Жібек


В) Көңіл

С) Ауыл


Д) Қағаз

Е) Құлұн


12. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А) Көзғарас

В) Көз ғарас

С) Көзқарас

Д) Көзкарас

Е) Көз-ғарас

13. Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз

А) Құс шаруашылығы

В) Құс саруашылығы

С) Құш шаруашылығы

Д) Құж шаруашылығы

Е) Құж жаруашылығы

14. Ілгерінді ықпалды табыңыз

А) Таң жарық

В) Дүйсенбек

С) Теледидар

Д) Тілеуқабыл

Е) Жанармай

15. Дұрыс жазылған сөз

А) Миллиграммға

В) Классқа

С) Донбассқа

Д) Металлды

Е) Граммдап

3 ОБСӨЖ

1. Тақырыбы: Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

2. Сабақ түрі: Семинар.

Жоспары:
1. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату

2. Омонимдердің пайда болу жолдары
3. Теориялық мәлімет:

Сөздің көп мағыналылығы мен омоним

Тіліміздегі кейбір сөздер бір емес, бірнеше мағынада қолданыла береді. Мыс. Бас деген сөз 1) адамның дене мүшесі, 2) таудың шыңы, ең биік жері, 3) бұлақтың шығар жері, 4) іс-әрекет болып жатқан жер (жұмыс басы), т.б мағыналарда жұмсалады. Әрине, ол мағыналардың бір-бірімен байланысы да бар. Міне, осындай сөздің бірнеше мағынаны білдіре алуын – сөздің көп мағыналылығы немесе полисемия деп атайды.

Бірақ әртүрлі мағына білдіргенімен, бірдей айтылатын сөздердің барлығы да көп мағыналылыққа жата бермейді. Мыс: Балаға ат қойылды. Ат арқандаулы тұр. Сен мылтық ат деген үш сөйлемдегі ат сөздері әртүрлі мағына береді. Бұл сөздердің білдіретін мағыналарының арасында байланыс жоқ, олар кездейсоқ қана айтылуы жағынан ұқсас келген. Сөйтіп, айтылуы бірдей болғанымен, мағынасы басқа-басқа болатын сөздерді омоним сөздер деп атайды.



4. Бақылау сұрақтары:

1. Лексика туралы түсінік

2. Омоним дегеніміз не?

3. Полисемия

4. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырат

5. Омонимдердің пайда болу жолдары



5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарынан мәлімет беру.

2. Жаттығу жұмыстарын орындау

6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату

2. Омонимдердің пайда болу жолдары

7. Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.

4 ОБСӨЖ



1. Тақырыбы: Тыйым сөздердің тағылымдық мәні

2. Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум сұрақтары:


1.Тыйым сөздер дегеніміз не?

2. Тыйым сөздер тіл білімінде не деп аталады?

3. «Аталардың аты» әңгімесінің мазмұны.

4. «Аталардың аты» әңгімесінің тағылымдық мәні.

5. Жыртқыш аңдарға байланысты тыйым сөздер.

6. Әдет-ғұрыпқа байланысты тыйым салынған сөздер.

7. Тіліміздегі табудың қолданылуы.

8. Тыйым салынған сөздердің тағылымдық мәні.


3. Тапсырма: Коллоквиум сұрақтарына жазбаша жауап дайындау. Тыйым сөздердің мағынасын ажыратып, оларды есте сақтап жүру.

5 ОБСӨЖ



1. Тақырыбы: Фразеологизмдердің мақал-мәтелге қатысы.

2. Сабақ түрі: Семинар

Жоспары:

1. Фразеологизмдер.

2. Мақал-мәтелдер.
3. Теориялық мәлімет:

Тұрақты тіркестер. Қазақ тілінде, басқа тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы, Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен таңдырды. Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардағы жеке сөздердің тіке мағынасына сәйкес ұғымда жұмсалған: үрейін ұшыру – қатты қорқыту; есінен тандыру – есін шығару. Бұлардың бір сөзін мол мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды (болса, үрейім қалмады, зәрем ұшты (қатты қорықтым), есімнен шығып кетті (ұмытып кеттім) сияқты өте аз кездеседі). Бұл жағынан ол тіркестерді құс ұшты, балапан ұшты, қарға ұшты; үйден шықты, кеңседен шықты деген сөз тіркестерімен тең қоюға болмайды; алдыңғылар тұрақты тіркестер де, соңғылары – еркін тіркестер.

Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер де сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркесінің де құрамында айтылады. Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті.

Тұрақты тіркестер екі түрлі болады:

а) Идиомалық тіркестер: қабырғаңмен кеңес (ойлан), қой аузынан шөп алмас (жуас), беті бері қарады (айыға бастады), салы суға кетіп отыр (көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), тісқаққан (ысылған).

Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.

ә) Фразалық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразлық тіркес болады: Таяқ жеу (соғылу), бас көтеру (қарсылық ету), жаны ашу (аяу), үрейін ұшыру (қатты қорқыту), есіне салу (ұмытқанын қайта айту).

Тұрақты тіркестегі сөздердің өзара байланысу амалдары мен синтаксис тік байланыс формалары қазақ тілінің осы күнгі грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейді. Бірақ олардың синтаксистік құрылысы сіресіп “қатып қалған болады да, қызметі мен мағынасы мүлде өзгеріп кеткен болады”.

Фразалық тұрақты тіркестердің бірқатары (мысалы, тіс қаққан, жіпсіз байлау, таяқ жеу, жаны ашу) сол құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығы берік сөздерден құралса, бірқатары бірқатары кейде тұрақты, кейде еркін тізбек ретінде айтылатын сөздерден де құралады. Мысалы, тісін қайрау – біреуге қаһарын тігу және тура мағынасы (мысалы, Ол ұйықтап жатып тісін қайрайды); қолына алу – бірдеңені істеуге кірісу (мысалы, Ол бұл жұмысты қолына алды) және тура мағынасы (мысалы, Қағазды қолына алды).

Фразалық тұрақты тіркестің құрамы құбылып, өзгеріле бермейді. Бірақ бір сөз әр түрлі фразалық тіркестің құрамында келе беруі мүмкін. Мысалы: күлкі болу, ұят болу, алаң болу, мәз болу, тісін қайрау, тісін қадау, тісін батыру.

Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір - дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.

Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады.

Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.

Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде, әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Фразеологизм туралы түсінік

2. Фразеологизмнің түрлері

3. Фразеологизмдердің мақал-мәтелге қатысы.

4. Фразеологизмге мысал келтіріп, мағынасын ажырат.

5. Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері.

6. Мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері.

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Фразеологизм туралы түсінік беру.

2. Фразеологизмдердің мақал-мәтелге қатысы.

3. Мақал-мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктерінен мәлімет беру



6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Фразеологизм мен мақал-мәтелдерді конспектілеу.

2. 50 фразеологизм тіркес жазып, мағынасын ажырату.

7. Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.

6 ОБСӨЖ



1. Тақырыбы: Эмоционалды-экспрессивті зат есімдер

2. Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум сұрақтары:
1. Жалпы есімдерден жасалған сөздер

2. Адамға байланысты айтылатын сөздер

3. Эмоционалды-экспрессивті зат есімдер жасайтын сөздер

4. Үлкен тұтып құрметтеу я сыйлау тәрізді эмоциялық әсер, экспрессивтік рең бере қолданылған формалар.

5. Кіші тұтып еркелету тәрізді эмоциялық әсер, экспрессивтік рең бере қолданылған формалар.

6. Кем тұтып қомсыну тәрізді эмоциялық әсер, экспрессивтік рең бере қолданылған формалар.

7. –шық (-шік), -ша (-ше), -сымақ, -й, -еке, (-ке), -тай, -жан, -қан, -қай, -ш (-ыш, -іш), -кен жұрнақтары арқылы сәл ерекше сезіми рең беріле айтылған формалар
3. Тапсырма: Коллоквиум сұрақтарына жазбаша жауап дайындау. Эмоционалды-экспрессивті зат есімдердің жұрнақтар арқылы жасалуына бірнеше сөздер тізіп жазу.
7 ОБСӨЖ

1. Тақырыбы: Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі

2.Сабақ түрі: Семинар.

Жоспары:

1. Көмекші есімдердің сипаттамасы

2. Көмекші есімдердің дербес мағынада қолданылуы

3. Түрлі қосымша мағынада қолданылатын көмекші есімдер

4. Шылау сөздерден айырмашылықтары
3. Теориялық мәлімет:

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады. Бірақ сан жағынан аз болғанымен, бұл сөздердің қолданылу өрісі аса кең, атқаратын қызметтері өте зор. Ал бұл сөздердің қолданылу өрісінің кең болуы да, атқаратын қызметтерінің мол болуы да олардың тілімізде алатын орындарының ерекшеліктерімен байланысты.

Көмекші есімдер кәдімгі зат есімдерше қолданылады, ондайда көмекші есімдердің негізі зат есімдерден ешқандай айырмашылығы болмайды. Демек, ондай жағдайда бұл сөздердің бойында зат есімдерге тән семантикалық дербестік те, морфологиялық жағынан дәл сол зат есімдердей түрлену қабілеті де толық сақталады. Мысалы: Сыртын көріп ішінен түңілме (мақал); Ол қанша артта қалса да, пікірі алда (Ғ. Мұстафин); Сырттан аяз, іштен жалын шарпиды (С. Мұқанов).

Дәл осы зат есімдер көмекші есімдер есебінде, демек, семантикасы солғындаған дәнекер сөздер есебінде жұмсалғанда, лексикалық мағыналары солғындауымен байланысты, синтаксистік дербестіктерінен айрылады да, тек морфологиялық жағынан түрлену қасиеттерін ғана өз бойларында сақтайды. Мысалы: Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп кетіп, шатасты да жүрді (С. Торайғыров); Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес (Абай). Осы мысалдағы даудың ішіне, ой артынан деген тіркестердің бәріне де іш, арт сөздері лексикалық мағыналары толық сақталған зат есімдер есебінде емес, ақиқат мағыналары солғындаған көмекші есімдер ретінде қолданылған. Осыған сәйкес, бұл сөздердің бәрі де сол сөйлемдерде жеке-дара мүше емес, өздерінен бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшелердің құрамына енетін көмекші компоненттер есебінде қызмет етіп тұрды да, олардың әрқайсысы семантика жағынан сол негізгі өздердің мағыналарына өзінше әр қилы қосымша мағынлр үстеп тұр.

Көмекші есімдердің негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбінесе көлемдік және мезгілдік мағыналарды білдіретін барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік формаларында қолданылады.

Көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын, мекен жайларына байланысты, демек, белгілі бір заттың, не нәрсенің, заттық құбылыстың, не уақиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсіз. Көмекші сөздердің мағыналары қаншалықты солғындағанымен де, шылау сөздердегідей я бүтіндей, я жартылай жоғалып кетпейді, керісінше, не жартылай, не бүтіндей олардың (көмекші есімдердің) бойларында сақталып отырады. Мысалы, үшін, дейін септеуліктерін, ғой, ма (ме...) демеуліктерін алсақ, олардың мағыналары тиісті атаушы (негізгі) сөздерге тіркеспей, жеке-дара тұрғанда, тіпті айқын аңғарылмайды. Ал, үсті, іші, сырты, арасы сияқты көмекші есімдерді алсақ, олар тиісті сөздерге тіркеспей-ақ, жеке-дара тұрып та, белгілі бір көлемдік қатынастармен байланысты ұғфмдарды білдіре алады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Көмекші есімдердің сипаттамасы

2. Көмекші есімдердің дербес мағынада қолданылуы

3. Түрлі қосымша мағынада қолданылатын көмекші есімдер

4. Шылау сөздерден айырмашылықтары

5. Көмекші есімдердің септелуі

6. Көмекші есімдердің қызметі

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Көмекші есімдердің жасалуынан мәлімет беру.

2. Көмекші есімдердің шылау сөздерден айырмашылықтары.

3. Жаттығу жұмыстарын орындау



6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Көмекші есімдердің жасалуын конспектілеу.

2. Көркем әдебиеттерден көмекші есімдерді табу.

7. Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.


ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ






Тақырыптар


Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Сан есімдердің жасалу ерекшеліктері

8 - апта

4 б.

Реферат

2

Қазақ тіліндегі қалып етістіктері

9 - апта

4 б.

Семинар

Сұрақ-жауап



3

Жіктік жалғаудың қысқа түрі

10 – апта

4 б.

Реферат

4

Шылаулардың емлесі. Дефис арқылы жазылатын шылаулар

11 – апта

4 б.

Семинар

Сұрақ-жауап



5

Жай сөйлемнің күрделену жолдары

12 – апта

4 б.

Реферат

6

Қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты

13 – апта

5 б.

Семинар

Сұрақ-жауап



7

Бөгде сөз және оның түрлері

14 – апта

5 б.

Тест тапсырмасы




30 балл




8

А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

15 – апта




Реферат















8 ОБСӨЖ



1. Тақырыбы: Сан есімдердің жасалу ерекшеліктері

2. Сабақ түрі: Реферат

Реферат тапсырмалары:


1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі

2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі

3. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі

4. Есептік сан есімдердің жасалу ерекшеліктері.

5. „Бір” сөзінің ерекшеліктері

6. М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесіндегі реттік сан есімдер.

7. Жинақтық, топтық сан есімдердің жасалу ерекшеліктері.

8. Болжалдық, бөлшектік сан есімдердің жасалуы.


3. Тапсырма. Жоғарыдағы тақырыптар бойынша қалаған тақырыпқа реферат жұмысын жазу және қорғау. Сан есімнің емлелерін жаттап алу.
9 ОБСӨЖ
1. Тақырыбы: Қазақ тіліндегі қалып етістіктері

2. Сабақ түрі: Семинар.

Жоспары:
1. Қалып етістіктерінің сипаты

2. Қалып етістіктерінің өзіндік ерекшеліктері

3. Грамматикалық қызметі


3. Теориялық мәлімет:

Адамзат атаулының қай-қайсысы болсын я жатқан, я тұрған, я жүрген, я отырған жағдайда ұшырасады және олардың амал әрекеті сол аталған қалыптың бірінде жүзеге асады. Осындай табиғи күй жағдайлардың атауы есебінде жұмсалатын етістіктер қалып етістіктер деп аталады. Оларға жатыр тұр, жүр, отыр етістіктері жатады. Біріншіден, бұл төрт етістік (жатыр, тұр, жүр, отыр) өзді-өзіне тән түпкілікті лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық лабораториялық формаларда түрленіп, синтаксистік қызмет түгел атқарып отыратын негізгі етістік есебінде қолданылады. (ат қорада тұр, сіз жүре беріңіз, сәби төсекте жатыр, үлкендер есік алдында отыр т.б.)

Екіншіден, бір төрт етістіктің әрі жетекші етістік ретінде қызмет атқару қабілеттері де түрлену жүйесінде бірыңғай болғанымен олардың лексикалық мағыналары, басқа-басқа, мысалы, Найзатастың басында бір кісі тұр, Найзатастың басында бір кісі отыр, Найзатастың басында бір кісі жүр. Найзатастың басында бір кісі жатыр дегендердей төрт етістіктің мағынасынан төрт түрлі қалып ашық түсініледі. Тыныш тұрған адам едім, тыныш отырған адам едім, тыныш жүрген адам едім, тыныш жатқан адам едім деген сөйлемдерде де қалып етістіктерінің амалдары, орындары, қызметтері бірдей болғанымен, олардың сипаттамалары басқа-басқа. Сондай-ақ Абзал сурет көріп тұр. Абзал сурет көріп жүр. Абзал сурет көріп отыр. Абзал сурет көріп тұр. Абзал сурет көріп жатыр десек те, суретте Абзал-субъект, амал процесі - көр бәрінде де біреу-ақ, бірақ процестің өту, қалыпты сипаты бөлек-бөлек. Екеуі соңғы етістіктерден айқын көрінеді. Қалып етістіктерінің семантикалық айырмашылықтары олардың жетекшілік қызметі ғана емес, көмекшілік қызметіне де не тежеп, не парықсыз қолданбайтындай шетке қояды. Мысалы, жаңбыр жауып тұр немесе жаңбыр жауып жатыр деуге де болады. Әрине, екеуінің мағынасынан да туу процесінің жақында я алыста болуын білдіру жағынан айырмашылық бар. Дегенмен, жаңбыр жауып жүр, я жаңбыр жауып отыр деуге болмайды. Ендеше бұл етістіктердің қай жерде қолданылмау машығына қатысты ерекшеліктері, ең алдымен, олардың семантикалық сипатына байланысты.

Үшіншіден, тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері әрдайым бұйрық райдың екінші жағына тән мағынаны білдіріп, сол қызметте жұмсалса, қалып етістіктері әрі бұйрық райдың екінші жағының айнасы түрі есебінде (сен тұр, сен отыр, сен жүр, сен жат,) әрі ашық райдың үшінші жағының формасы есебінде қызмет етеді (ол тұр, ол отыр, ол жүр, ол жатыр).

Төртіншіден, тіліміздегі өзге етістіктердің негіздері жіктік жалғауды тікелей қабылдамаса, қалып етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап, нақты осы шақ қызметті атқара береді. Мысалы, мен тұрмын, сен тұрсың. Осы ерекшелік олардың аналитикалық етістік құрамында көмекші болғандар да сақталады. Мысалы, мен түстеніп тұрмын, сен күліп тұрсың.

Бесіншіден, логикалық және практикалық талапқа қарай тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнақтары қосыла береді, ол қалып етістіктерімен өзге етіс формалары жасалғанмен (отырғызды, жүргізді) өздік етіс жасалмайды (тұрғызды, отырғызды емес).

Алтыншыдан, тіліміздегі басқа етістіктердің негіздеріне толымсыз көмекші етістіктер жетіспейді. Ал қалып етістіктері негіздеріне бұл көмекшілер тіркесе береді. Мысалы, тұр еді, жүр еді, отыр еді, жатыр еді, тұр екен, жатыр екен, жүр екен, (келе еді немесе оқы екен дейді) Бұл төрт етістіктің өздерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге, бір жағынан, амал әрекеттің даму кезеңі (фазасын) өту сипатын білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан, етістіктің нағыз осы шақ категориясын қарауға негіз болады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Қалып етістіктерінің сипаты

2. Қалып етістіктерінің өзіндік ерекшеліктері

3. Грамматикалық қызметі

4. Қалып етістіктерінің осы шақ формасында қолданылуы.

5. Қалып етістіктерінің рай формасында қолданылуы

6. Қалып етістіктерінің жіктелуі

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Қалып етістіктерінің сипаты мен өзіндік ерекшеліктерінен мәлімет беру.

2. Жаттығу жұмыстарын орындау

6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Қалып етістіктерінің сипаты

2. Қалып етістіктерінің өзіндік ерекшеліктері

3. Грамматикалық қызметі



7. Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.

10 ОБСӨЖ



1. Тақырыбы: Жіктік жалғаудың қысқа түрі

2. Сабақ түрі: Реферат.

Реферат тапсырмалары:


1.Жіктік жалғаудың ықшамдалған түрлері

2. Жіктік жалғаудың болымсыз түрде қолданылуы.

3. Жіктік жалғаудың қолданылмайтын жағдайлары.

4. Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы.

5. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі.

6. Ы.Алтынсаринның «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі жіктік жалғаудың қысқа түрінің қолданылуы.

7. І.Жансүгіровтің «Малта» өлеңіндегі жіктік жалғаудың қысқа түрінің қолданылуы.

8. Ш.Құдайбердиевтің «Қасқыр, түлкі, бөдене» өлеңіндегі жіктік жалғаудың қысқа түрінің қолданылуы.

9. Ш.Құдайбердиевтің «Еріншек» өлеңіндегі жіктік жалғаудың қысқа түрінің қолданылуы.
3. Тапсырма. Жоғарыдағы тақырыптар бойынша қалаған тақырыпқа реферат жұмысын жазу және қорғау.
11 ОБСӨЖ

1. Тақырыбы: Шылаулар

2. Сабақ түрі: Семинар.

Жоспары:

1. Шылаулардың емлесі. Дефис арқылы жазылатын шылаулар

2. Омоним шылаулар
3. Теориялық мәлімет:

1. Септеулік шылаулар мен жалғаулық шылаулардың барлығы өзі қатысты сөздерден бөлек жазылады. Мысалы: Бүгін екеуі жиналыстан кейін кезіге алмады. Дауыл күші жуан теректі де құлатады.

2. Демеулік шылаулардың бір тобы өзі қатысты сөздерден бөлек жазылады да, басқа бір тобы дефис арқылы ажыратылады:

а) бөлек жазылатын демеуліктер: ма (ме,ба,бе,па, пе), ғана (қана), ғой (қой), ші. Мысалы: Қалай, жұмыс жақсы ма? Жаңа ғана өздері келген қалаға таңдана қарасты.

ә) дефис арқылы жазылатын демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, -мыс, -міс, -ды, (-ді, -ты, -ті). Мысалы: Қызу жиналыстан кейін тыныштық орнаған кабинетте үш –ақ адам қалды.

Жалғаулық шылаулардың ыңғайластық түріндегі да/де, та/те шылаулары мен демеулік шылаулардың күшейту мағынасын білдіретін да/де, та/те шылаулары бір-бірімен омоним шылаулар болады.

Демеулік шылаулардың күшейту мағынасын білдіретін –ау шылауы мен болжалдық мағынасын білдіретін –ау шылауы бір-бірімен омоним болады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Шылау дегеніміз не?

2. Шылаудың түрлері.

3. Шылаулардың емлесі.

4. Дефис арқылы жазылатын шылаулар.

5. Омоним шылаулар.

6. Шылаулардың қызметі.

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Шылаулардың емлесі. Дефис арқылы жазылатын шылаулардан мәлімет беру.

2. Омоним шылауларды бір-бірінен ажырату.

6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Шылаулардың емлесі. Дефис арқылы жазылатын шылауларды конспектілеу.

2. Омоним шылаулар.

7. Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.

12 ОБСӨЖ



1. Тақырыбы: Жай сөйлемнің күрделену жолдары

2. Сабақ түрі: Реферат.

Реферат тапсырмалары:
1. Сөйлемнің құрамы туралы түсінік.

2. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

3. Жай сөйлемнің түрлері

4. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.

5. Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуы.

6. Жай сөйлемдердің есімше арқылы құрмаласуы.

7. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.

8. Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы.

9. Жай сөйлемдерді құрмаластыруда интонацияның ролі.

10. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі.


3. Тапсырма. Жоғарыдағы тақырыптар бойынша қалаған тақырыпқа реферат жұмысын жазу және қорғау.
13 ОБСӨЖ

1. Тақырыбы: Қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты

2.Сабақ түрі: Семинар.

Жоспары:

1. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің түрлері

2. Жанаса байланысқан сөз тіркестері

3. Қабысу мен жанасудың айырмашылығы, ерекшеліктері


3. Теориялық мәлімет:

Қабысу – бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен атау тұлғада тұрып байланысуы.

Қабыса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе есім сөздерден , кейде етістіктерден де бола береді.Мыс: еңбекші халық, алтын сағат, мына кітап, күткен күн, екі ешкі, жақсы оқиды, таза сөйлейді.

Қабыса байланысқан сөздердің көпшілігі сөйлемде тұрақты орынға ие болады да, ол орыннан ажыратуға көне бермейді.

Қабысудың жай және күрделі түрі бар.

Дара ұғымды сөздің қабыса байланысуы жай қабысу болады: мөлдір су ағаш күрек.

Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары бірнеше сөзден құрылса, мұны күрделі қабысу дейді: төрт бөлмелі үй, үш қабатты үй.

Сөздердің байланысу ыңғайына қарай қабысу тікелей қабысу және сатылай қабысу болып екіге бөлінеді.

Бағыныңқы сыңардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мұны тікелей қабысу дейміз. Мысалы:


Мөлдір таза ауа (мөлдір ауа, таза ауа);
Ұзын сұлу кірпік (ұзын кірпік, сұлу кірпік)
Алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өз ара жік жазбай келесі сөзбен тіркеседі. Мұны сатылай қабысу дейміз. Мысалы:
Қой көзді бала, тез өнетін тұқым,
алтын сырғалы қыз, сегіз жылдық тәжірибе
Тікелей қабысу қабысудың жай түріне, сатылай қабысу қабысудың күрделі түріне жатады.
Жанасу – орны жағынан басыңқы сөзбен қатар тұратын атау тұлғадағы бағыныңқы сөздің алшақ тұрып –ақ еркін байланысуы.

Мыс. Қар жапалақтап жауды. Малшылар жайлаудан кеше келді.

Бұл сөйлемдерде жапалақтап жауды, кеше келді деген жанаса байланысқан сөздер . Алдыңғы сөйлемдегі жапалақтап деген сөзді бір інші орынға қойып, жапалақтап қар жауды десек те, екі сөздің өзара байланысы бұзылмайды. Осы сияқты , 2- ші сөйлемдегі кеше деген сөзді өз орнынан алып, сөйлемде әр орынға қоюға болады.

Мыс: Кеше малшылар жайлаудан кеді; Малшылар кеше жайлаудан келді; Жайлаудан малшылар кеше келді.

Жанасудың жай және күрделі түрі болады.

Жай жанасудың бағыныңқы сыңары дара мағыналы бір-ақ сөзден жасалады: жапалақтап жауды, кеше келді.

Жай жанасудың бағыныңқы сыңары көбінесе үстеу (әсіресе мезгіл үстеуі), көсемше кейде басқа сөз таптарынан да болуы мүмкін.

Күрделі жанасудың бағыныңқы сыңары көбінесе септеулік шылаулар мен көмекші есімдер қатысты күрделі сөздерден жасалады.

Мысалы: Есік алдында екі ат байланған. Қойлар беткейге таман ығысты.

Жанаса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе көбінесе етістік болады.

Жіктелген есімдер мен қимылдың сапасын білдіретін кейбір сөз таптары да жанасуда басыңқы сыңар бола алады.

Мысалы: Мен ертеден жұмысшымын. Сен әлі жассың. Биыл сіз отыз бірдесіз. Қазір біз алтаумыз.

Қабыса байланысқан сөздердің арасына сөз қоюға болмайды, ал жанаса байланысқан сөздердің арасына сөз қоюға болады, өйткені жанаса байланысқан сөздер алшақ тұрып та жақын тұрып та байланыса береді.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің түрлері

2. Жанаса байланысқан сөз тіркестері

3. Қабысу мен жанасудың айырмашылығы, ерекшеліктері

4. Қабысу туралы мәлімет

5. Тікелей қабысу

6. Сатылай қабысудың жасалуы

7. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері

8. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

9. Жанаса байланысқан есімді сөз тіркестері

10. Жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестері

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің түрлері

2. Жанаса байланысқан сөз тіркестері

3. Қабысу мен жанасудың айырмашылығы, ерекшеліктері



6. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Қабысу мен жанасудың айырмашылығын, ерекшеліктерін ажырату

2. Қабысу мен жанасуды конспектілеу.

7. Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Ф. Ш. Оразбаева т.б. (Бірлескен авторлық) Қазіргі қазақ тілі. 2005.

  2. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). А., 1998.

  3. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі. А. “Білім” 1994

  4. Ш.Бектұров, А. Бектұрова. Қазақ тілі. А., 1990.

  5. Ешмұхамедов Ә. Қызықты грамматика. А., 1995.

  6. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

  7. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. Қазақ тілі. А., 1993

  8. Н. Оралбаева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі . А.,1993

  9. С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. А.1993

  10. М.Қараев. Қазақ тілі (фон.лек., морф., синт.), А., “Ана тілі” 1993

  11. М.Дастанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау. А. “Рауан” 1991

  12. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (фонетика, лексика). А., 1999.

  13. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау жүргізу. Әдістемелік көмекші құрал. А., 1997.

  14. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 1996.

  15. Сыздықова Р. Сөз сазы. А.,1995.

  16. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. А., 1997.

  17. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. А. 1974, 1989, 1991

  18. І.Кеңесбаев, А.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі (лекс. фонет.) 1975

  19. Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы: Ана тілі, 1996.

  20. Қобланова А., Сөз этикеті. А., 2001.

14 ОБСӨЖ



Тақырыбы: Бөгде сөз және оның түрлері

Сабақ түрі: Тест.

Тест сұрақтары:
1. Төл сөз дегеніміз не?

А) Бөгде сөздің айтылуы

В) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі

С) Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі

Д) Бөгде біреудің сөзі өзгертіліп берілетін сөз

Е) Мағынасы сәл өзгеріске түсіп айтылатын сөз

2. Төлеу сөз дегеніміз не?

А) Бөгде сөздің айтылуы

В) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі

С) Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі

Д) Бөгде біреудің сөзін өз сөзінде өзгертпей беретін сөз

Е) Мағынасы сәл өзгеріске түсіп айтылатын сөз

3. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Туған жер – алтын бесік.

В) – Білмеске сөзің қор боп кетер,- деген М.Дулатұлы.

С) Бала жігіт бұйрықты екі етпейді.

Д) Бұл – ойланатын нәрсе.

Е) Әркім - әуелі өз ауылының баласы.

4. Төл сөздің тыныс белгісінің дұрыс қойылуын табыңыз.

А) – Шырағым, жол болсын!-деді.

В) – Шырағым, жол, болсын.-деді.

С) «Шырағым, жол болсын»-деді.

Д) «Шырағым, жол болсын»!-деді.

Е) – Шырағым, жол болсын» деді.

5. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

А) Ол: «Арман халіңіз қалай»? деді.

В) Ол, «Арман, халіңіз қалай? деді.

С) Ол: «Арман, халіңіз қалай?»-деді.

Д) Ол: «Арман халіңіз қалай»?-деді.

Е) Ол, «Арман, халіңіз қалай»?-деді.

6. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

А) маған


В) мені

С) өзінің

Д) оның

Е) оған


7. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сен дегенде сөз бар ма?

В) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

С) Балалардың соңғы ермегі – «Ақсүйек», «Соқыр теке».

Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл», - дейді.

Е) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

8. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны – ашық буын.

В) Ұста: «Бұны қайдан көрдім?» - деп ойлады.

С) «Қол ұстау, шаш сипау» деген ырымдар осы.

Д) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқыдың ба?

Е) Сен дегенде ойым таза.

9. Төлеу сөзді табыңыз.

А) Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты.

В) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті.

С) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті.

Д) «Білмегенді біле бер»,-дейді Шәкәрім.

Е) Марат ертең өзінің қалаға баратынын айтты.

10. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?

А) көсемше жұрнағы жалғанады.

В) көмекші есімдер жалғасады.

С) «екенін» көмекші етістігімен жалғасады.

Д) сол қалпында сақталады.

Е) есімше жұрнақтары жалғанады.


15 ОБСӨЖ

Тақырыбы: А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы.

Сабақ түрі: Реферат.

Реферат тапсырмалары:
1.А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы.

2. А.Байтұрсыновтың қазақ жазуына қосқан үлесі.

3. А.Байтұрсыновтың өмірбаяны.

4. А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы туралы алғашқы басылымдары.

5. Төте жазуда қолданылатын таңбалар

6. А.Байтұрсыновтың латын әліпбиі мен араб жазуының айырмашылығы жөніндегі пікірлері.



7. А.Байтұрсынов – қазақ жазуын зерттеуші.
3. Тапсырма. Жоғарыдағы тақырыптар бойынша қалаған тақырыпқа реферат жұмысын жазу және қорғау.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті



«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі_______

доцент Л.У.Әбенова

«____»_______2009ж.

Қорытынды бақылауға арналған тестілік емтихан сұрақтары
Факультет: «Филология және психология»

Кафедра: «Тілдер»

Мамандық: 5В 011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Пән атауы: Нормативті қазақ тілі

Кредит саны: 1

Курс: 1, семестр 1

Топ – Қт –19

Тест сұрақтарының саны: 160


Құрастырған: Нұрбек М.

Жетісай -2009ж.

1-нұсқа


  1. Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.

А) Жұлдыз, планета

В) Аспан, жер

С) Адам, кісі

Д) Жуан, жуықта

Е) Құн, табыс


  1. Қимылдық мағынаны білдіріп тұрған сөздерді көрсетіңіз

А) Жаз, бақ, көлік

В) Төрттен бір, екеу


С) Түсіп, тұрған

Д) Әлдекім, тіреу

Е) Сабақ, емтихан


  1. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

А) Мақсаттың үйі

В) Арбада отыр

С) Жанған науқан

Д) Колхозды байыту

Е) Тас диірмен


  1. Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз.

А) Қатар – қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым

В) Көшенің арғы шетінде телефон – автомат тұр

С) Жел саябырлаған сияқты, – екпіні әлі қатты.

Д) Халықаралық қарым – қатынас қалыпқа келіп қалды.

Е) Бұл сессия көпке созылмайды


  1. “ Ә ” қандай дыбыс.

А) Ашық, еріндік

В) Жуан, езулік


С) Жіңішке, ашық

Д) Қысаң, езулік

Е) Еріндік, жуан


  1. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрі.

А) Граммы

В) Грамы
С) Граммі

Д) Грамі

Е) Грамми



  1. Бірыңғай мүшені көрсетіңіз

А) Ол мен айтқан жерге кетті

В) Дәптерді, оқу құралдарын, қосымша оқулықтарды әкеліңдер.


С) Тосын келген оқиға аузымызды ашқызды.

Д) Еріншектің ертеңі бітпес.

Е) Емтихан тапсыру – жауапты кезең.


  1. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

А) Ақ көбейді

В) Жүйрік – ақ екен.


С) Ойылға таман жылжу

Д) Сең үстінде кету

Е) Жаңбыр жауды


  1. Сөйлем қай қатарға тән.

Оның мұртын балта кеспейді.

А) Жайылма

В) Тұрақты сөз тіркесі
С) Жақты

Д) Сөз тіркесі

Е) Атаулы


  1. Қаз МУ – сөзі қай қатарға жатады.

А) Күрделі сөз

В) Дара сөз


С) Дерексіз сөз

Д) Туынды сөз

Е) Жалпы сөз


  1. “ Қалаған ” сөзіндегі буын үндестігіне ықпал жасаушы дыбысты көрсетіңіз.

А) қ

В) а
С) л

Д) ғ

Е) н


  1. Кісі аттарын қысқартып жазарда қойылатын белгі.

А) Сұрау белгісі

В) Леп белгісі


С) Нүкте

Д) Көп нүкте

Е) Қос нүкте


  1. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Зор, көл

В) Ұт, ұқ


С) Тос, төр

Д) Аға, босаға

Е) Атақ, жан


  1. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз.

А) Он бес, қырық үш

В) Жүзінші, екінші


С) Ешқандай, ешбір

Д) Ойпырай, туу

Е) Әлдебіреу, әрқайсысы


  1. Үстеуді табыңыз.

А) Жыбырла

В) Қараңғы


С) Бүгін

Д) Ұр


Е) Сарт - сұрт

  1. Антонимдік жүпты көрсетіңіз.

А) Жайылу – шашырау

В) Жарасты – жағдайлы


С) Іш пысу – мезі болу

Д) Жалтақ – именшек

Е) Табиғи – жасанды


  1. Туынды етістікті табыңыз.

А) Сұра

В) Бол
С) Айт

Д) Жырла

Е) Дос


  1. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз

А) Бүгін кешке жиналыс болады.

В) Азаматқа еңбегі үшін берілуі.

С) Ол қайта-қайта қарады.

Д) Мәнсіз өмір қуаныш әкелмейді.

Е) Өңі күрең тартқан.


  1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Адам көркі – жүз, жүздің көркі – көз.

В) Ежелден тұлпар мінп, ту ұстаған елміз.

С) Әулие көмек берер деп,

Басына халық түнепті.

Д) Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді.

Е) Тіл өнері – дертпен тең.



  1. Еліктеуіш сөзден жасалған етістікті табыңыз

А) Күлдір, орғыз

В) Күзде, бүгін

С) Селтеңде, ербеңде

Д) Күліп, барды

Е) Жаңа, таза


  1. Матаса байланысқан тіркес қайсы?

А) Кешегі жұмысы

В) Мырзаның назы

С) Мырзаға келу

Д) Ақылды мырза

Е) Мырзамен бірге


  1. Зат есім жұрнақтарының бөліну түрін көрсетіңіз

А) 1

В) 2


С) 3

Д) 4


Е) 5

  1. Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Айтшы, күнім, айтшы

В) Күн батып барады.

С) Қош, қалқам!

Д) Қар астында шықырлаған жер үйлер

Е) Не сездің?


  1. Қосарлану арқылы жасалған сын есімді көрсетіңіз

А) Қараңғы үңгір

В) Үлкенді-кішілі үйлер

С) Жып-жылмағай киінген

Д) Өрілген кірпіш

Е) Жасыл орман, көк сай


  1. Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыз әріпті қойыңыз.

...ариза

А) с


В) қ

С) т


Д) ф

Е) к


  1. Орфоэпиялық нормаға сай сөз.

А) Атта

В) Дұрыс


С) Әркім

Д) Бұрын


Е) Кеңесбек

  1. “Еңбекшілер” деген сөздің қай буынына екпін түсіп тұр.

А) Ең

В) бек


С) ші

Д) лер


Е) Еңбек

  1. Септеулік шылауды көрсетіңіз

А) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.

В) Я ұл, я қыз болсын,

Ұрпақ болса болғаны.

С) Егер жолым болып кетсе,

Бәріңе жақсылық болады.

Д) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.

Е) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.


  1. Жатыс септігіндегі сілтеу есімдігі

А) Осыны

В) Осыдан

С) Осында

Д) Бұнымен

Е) Есінде


  1. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз

А) Лағыл тас, қаңғы бас.

В) Әскер басы, теле хабар.

С) Фото сурет, қара халық.

Д) Сапар нама, іс жүргізуші.

Е) Ала бұға, жек көру.


  1. “Тазалық – саулық негізі,

Саулық байлық негізі” бұл мақалада нені айтып тұр.

А) Егіншілік

В) Батырлық
С) Ас, тағам

Д) Ынтымақ

Е) Денсаулық


  1. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысты өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Кел

В) Бар
С) Тап

Д) Айт

Е) Жүр


  1. Интонация арқылы байланысқа сөздерді табыңыз.

А) Екі үшты жауап

В) Машинаның сайманы


С) Қоралы қой

Д) Бұл үлкен сенім

Е) Көркейген өмір


  1. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің жалғаулықтары.

А) Әрі, және, да, де

В) Өйткені, сондықтан, себебі


С) Дегенмен, әйткенмен, алайда

Д) Сонша, сол, сондай

Е) Кейде, бірде, біресе


  1. Одағайдың қай түрі, белгілеңіз.

Тәйт, екінші мынандай мінез көрсетпе

А) Шақыру

В) Ренжу
С) Тыйым салу

Д) Қапалану

Е) Бұйыру


  1. Көптік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз

А) Оған, сен, мені

В) Саралар, кітаптар, тастар


С) Келемін, менмін, оқисың

Д) Кітабым, кітабың, қызы

Е) Сөйлем, көшірме, оқушы


  1. Тұрлаулы мүшелер арасына қойылатын сызықшаны анықтаңыз

А) Ол – ғарышкердің жүзіне тағы көз жіберді

В) Атамның бар еңбегі – кітап оқу


С) күндіз-түні ағылып жатыр

Д) Болар-болмас жай

Е) – Жазған болар?


  1. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз

А) Ақ көбейді

В) Жүйрік-ақ екен.

С) Ойылға таман жылжу.

Д) Сең үстінде кету

Е) Жаңбыр жауды.


  1. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Оның жақсы оқығысы келеді

В) Не ексең, соны орасың


С) Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?

Д) Өнер алды қызыл тіл

Е) Қызарып атқан таң


  1. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз

А) Сана

В) Қызметкер


С) Боран

Д) Белдік

Е) Кітап
2-нұсқа


  1. Анықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз

А) Олар үш – үштен орналасты

В) Он екі оқушы келді


С) Екіден бірі келмеген

Д) Бесеуі кешігіп қалды

Е) Саған сөз берілді


  1. Сөйлем соңынан нүктенің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз

Шаңқай түс

А) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем

В) Бұйрықты сөйлем
С) Хабарлай айтылған жайылма сөйлем

Д) Хабарлай айтылған толымды сөйлем

Е) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем


  1. Ашық буынды көрсетіңіз

А) Жасқаншақ

В) Басшы
С) Серік

Д) Төрт

Е) Шағала



  1. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз

А) Конт - ракт

В) Көк – серке


С) Кеу - ек

Д) Өрт - ену

Е) Пар - ақ


  1. Көп нүкте орнына екі буыннан тұратын лайықты сөзді қойыңыз

... жігіт.

А) Ақылдырақ

В) Өте ақылды
С) Ақылды

Д) Ап - ақылды

Е) Батыр


  1. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз

А) Бақытын тауып, өмірі арайлап жүре берді.

В) Ертемен қарсы алдым таң арайын.


С) Көкжиек қызыл арай нұрға бөленді.

Д) Күн арайлап нұр шашты.

Е) Таң арайлап атқанша әдемі түс көр.


  1. Күрделі сөзді табыңыз

А) Жақсылықты армандау

В) Жүрегі тас төбесіне шығу

С) Құлап қала жаздады

Д) Тоғыз қабатты үй

Е) Қиындыққа төзу


  1. Сөйлем құрай алу қабілеті бар сөйлем мүшесі

А) Анықтауыш, бастауыш

В) Анықтауыш, толықтауыш

С) Толықтауыш, баяндауыш

Д) Бастауыш, баяндауыш

Е) Баяндауыш, анықтауыш


  1. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз

Мәссаған

А) Негізгі одағай

В) Дара одағай

С) Біріккен одағай

Д) Қос сөз

Е) Қысқарған түрдегі одағай



  1. Күрделі сөзді көрсетіңіз

А) Білім

В) Жаз


С) Биыл

Д) Жаздық

Е) Жаздай


  1. Қиысуды табыңыз

А) Жолда жатты

В) Әдейі бармау

С) Сіздер жеткіншексіздер

Д) Түнімен жүрді

Е) Ермек үшін жазды


  1. “Байшұбар” қандай жалқы есімге жататынын көрсетіңіз

А) Кісі аты

В) Ит аты

С) Шығарма аты

Д) Түйе аты

Е) Мінетін ат


  1. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Менің арзан сөзді айтқым келмейді

В) Айнала жым - жырт

С) Ер болып, ер жетерсің қарағым

Д) Күн де батты

Е) Қуыршақпен ойнады


  1. Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз

А) Биік

В) Көкшіл

С) Кіп - кішкене

Д) Орасан - зор

Е) Тым әдемі


  1. Үстеудің қызметі

Өле -өлгенше сенімнен шығармын – ау!

А) Бастауыш

В) Баяндауыш

С) Анықтауыш

Д) Пысықтауыш

Е) Толықтауыш



  1. Орфоэпиялық заңдылыққа сәйкес жазылған сөзді табыңыз

А) Көз бояу

В) Атты кісі

С) Есікті ашшы

Д) Құсша ұшу

Е) Жазушы


  1. Тұйық буын мен бітеу буыннан жасалған сөзді табыңыз

А) Аспан

В) Сана


С) Сатқын

Д) Кербез

Е) Кереге


  1. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз

А) Жұрт айтты – көне берді

В) Аяғы жоқ, - жүреді, ауызы жоқ сөйлейді

С) Ағаш арасын қаратса - жоқ

Д) Алыс – берісіміз көп, ағайын адамбыз

Е) Қарқалы деген округінің әміршісі Құнанбай мен осы Майыр.


  1. Өздік етіс болып тұрған сөзді табыңыз

А) Тарандық, түйіндік

В) Жаздыр, алғыз

С) Кіріс, керіс

Д) Қосылды, суық

Е) Сөйлес, барғыз


  1. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша

А) Ыс

В) Кеш


С) Ар

Д) Қалы


Е) ды

  1. Сау болғың келсе спортпен шұғылдан, суға жүз

Сөйлемдегі омоним болатын сөзді табыңыз

А) Сау болғың

В) Сау болғың келсе

С) Сау, жүз

Д) Спортпен шұғылдан

Е) Суға жүз



  1. Көсемше тұлғалы сөз тіркесінің ішіндегі дұрысын табыңыз

А) Жүре жатыр

В) Жүре кел

С) Жүре бер

Д) Жүре бол

Е) Жүре ал


  1. Сөздердің қосымша арқылы байланысын көрсетіңіз

А) Арман үшін аттану

В) Ер азамат

С) Үш дәптер

Д) Биік дәреже

Е) Көлдің жағасында


  1. Сөйлем – құрмаластың қай түрі

Көптік қайда болса, тоқтық сонда

А) Қимыл – сын бағыныңқы

В) Мезгіл бағыныңқы

С) Шартты бағыныңқы

Д) Мақсат бағыныңқы

Е) Себеп бағыныңқы



  1. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз

А) Түу, бұлар деген - нар жігіттер ғой!

В) Абай, сіз сырқатсыз ғой

С) Сонымен, сізді бір арнаға салды ау деймін

Д) Амал қанша, бағыт барар жол екі басқа

Е) Екі аптада сабақ бітеді


  1. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз

А) Балаға

В) Ертеңгіміз

С) Арманды

Д) Қарашашпен

Е) Үшінші


  1. Дыбыстық еліктеуіш сөзді табыңыз

А) Кілт

В) Селт


С) Қылт

Д) Шолп


Е) Жылт

  1. “Ғана” шылауының жіктелу түрін көрсетіңіз

А) Ғанасы

В) Сен ғана

С) Ғанамен

Д) Ғанамысың

Е) Ғанамен тіркесті мысал ойла


  1. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А) Көзқарас

В) Көз ғарас

С) Көзқарас

Д) Көзкарас

Е) Көз-ғарас


  1. Жалпы есімді табыңыз

А) Қарға

В) Сауысқан

С) Құс

Д) Қарлығаш



Е) Бұлбұл

  1. Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсетіңіз

А) Қызға

В) Баланың

С) Баланікі

Д) Баладан

Е) Баласы


  1. Екінші, ел алатын тәсілді айтыңыз. Қыстырма сөз қай сөз табынан, анықтаңыз

А) Сан есім

В) Реттік сан есім

С) септік сан есім

Д) Болжалдық сан есім

Е) Жинақтық сан есім


  1. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз

А) Ор, өз

В) Боса, баға

С) Зор, көл

Д) Ық, ін

Е) Бел, тау


  1. Дұрыс тасымалданбаған сөз

А) Ер - мек

В) Қа - нат

С) Жа - па

Д) Өнер - паз

Е) Ө -мір


  1. Салыстырмалы шырайды табыңыз

А) Жақсылық

В) Жақсырақ

С) Жақсыда

Д) Жақсы


Е) Жап - жақсы

  1. Мына сөздің ішінен синонимдерді табыңыз

А) Бұлт, жел

В) Қатар, қарға

С) Көмір, ағаш

Д) Шыны, әйнек

Е) Ұстаз, арай


  1. Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолдану қай қатарға тән

А) Ресми тіл

В) Ауызекі тіл

С) Публицистикалық тіл

Д) Ғылыми тіл

Е) Көркем әдебиет тілі


  1. Толықтауышты анықтаңыз

А) Әжесі шебер әңгімеші екен.

В) Оспан мынау қимылға тіптен сүйсініп кетті.

С) Арада жүздеген, мыңдаған жылдар өтті.

Д) Тозған шелек

Е) Партизан бала осы ғой?


  1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

А) Аспан ашық, айнала тып тыныш.

В) Он бесінде олсаң, еңбегіміз өнімді болсын, қамбамыз жеміске толсын.

С) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.

Д) Сіздерге бар айтарым сол – сағат төртте осында келіңіздер.

Е) Мен аққала жасап жүрмін.


  1. Күрделі сөздердің қайсысы біріккен сөз?

А) Бес-алты

В) ТМД


С) Атшабар

Д) Туынды

Е) Есті
3-нұсқа
1. Сан есімнің емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз.

А) Жетіеу.

В) ХХІ-ғасыр.

С) Алтау.

Д) Алтыау.

Е) Екіеу.

2. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Оз, өш.

В) Тау іші.

С) Сан-сапа.

Д) Ти, қора.

Е) Оң қол.

3. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсетіңіз.

А) Сағы-нышпен.

В) Еркін-дік.

С) Ба-лалы.

Д) Студ-енттер.

Е) Си-рек.

4. Орфографияға сай жазылған сөзді табыңыз.

А) Құбұлту

В) Өйткөні

С) Көркейту

Д) Көңүрсиді

Е) Көнөтөз

5. Буын үндестігіне сай сөзді табыңыз.

А) Ғарышкер

В) Балалық

С) Телефонмен

Д) Дәріхана

Е) Ізденімпаз

6. Қате жазылған сөзді табыңыз.

А) Полюске

В) Металлға

С) Парашютті

Д) Грамдап

Е) Класқа

7. Сын есімнің жай шырайын белгілеңіз.

А) Жала


В) Кең

С) Құлалау

Д) Әдемілеу

Е) Тұщырақ

8. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шіркін, қазақтың келіндері-ай!

В) Абылғазы, қайдан келдің?

С) Білімді адамды алған жөн

Д) Біздің халық, оның айтуынша, ақын халық екен

Е) Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ

9. Әліпбидегі алтыншы әріпті белгілеңіз.

А) С


В) В

С) Ғ


Д) Г

Е) Д


10. Жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Қаздар

В) Етікші

С) Мұғалім

Д) Ауылдас

Е) Батырлық

11. Жуан дауыстыларды белгілеңіз.

А) о, і, и

В) ұ, и, ә

С) а, о, ұ

Д) ы, і, е

Е) и, о, і

12. Дара сөзді көрсетіңіз.

А) Бақа-шаян

В) Балалық

С) Қора-қора

Д) Ақсақал

Е) Шегара

13. Зат есімнің білдіретін мағынасын анықтаңыз.

А) Заттың іс-әрекетін білдіреді.

В) Орынбасарлық қызмет атқарады.

С) Заттың санын білдіреді.

Д) Заттың атын білдіреді.

Е) Заттың сынын білдіреді.

14. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) Қайсыбір

В) Ешкім

С) Кімде-кім

Д) Әлдекім

Е) Кімдер

15. Мөлшер үстеуін табыңыз.

А) Анағұрлым

В) Өте

С) Ауызба-ауыз



Д) Жылдам

Е) Қыстыгүні

16. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Сен отыр

В) Мектепке қарай

С) Мен келдім

Д) Мал мен бас

Е) Орманға таман

17. Дұрыс жазылған еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.

А) Арыс-арыс

В) Ыңық

С) Тырыс


Д) Саңқ

Е) Гүріс


18. Шақыру одағайын табыңыз.

А) Ойпырым-ай

В) Бәрекелді

С) Пәлі


Д) Қап

Е) Шөре-шөре

19. “Ә” қандай дыбыс, табыңыз.

А) Жіңішке, ашық

В) Жуан, езулік

С) Еріндік, жуан

Д) Ашық, еріндік

Е) Қысаң, езулік

20. Ұяң дауыссызды табыңыз.

А) Ә


В) В

С) Р


Д) Х

Е) Т


21. Тұйық буынды табыңыз.

А) Ата-баба

В) Ас үй

С) Ас-су


Д) Ат-тон

Е) Алша


22. Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.

А) 2 м


В) Сулық

С) Келісім

Д) Тұрмыс

Е) Таулы


23. Реттік сан есімді табыңыз.

А) Елуден

В) Жүз елу

С) Екеу


Д) Он бір інші

Е) Бестен үш

24. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінетінін айтыңыз:

А) 3


В) 6

С) 8


Д) 2

Е) 7


25. Туынды етістікті табыңыз.

А) Сұра
В) Бөл

С) Күл

Д) Кел


Е) Жиыс

26. Сұраулық шылау қатысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

А) Сен сен(бе)

В) Өтірік айт(па)

С) Сенейін(бе) сенбейін(бе)

Д) Жаман әдетке үйрен(бе)


Е) Сен әкел(ме)

27. Еліктеу сөзбен қатар тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Анда-санда келіп тұр

В) Құрт-құмырсқа көп

С) Үйді-үйімізге тараймыз

Д) Алба-жұлба

Е) Жалп-жалп етті

28. Еріндік дауыстыны табыңыз.

А) і

В) э


С) ы

Д) а


Е) у

29. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Жусаннан аласа

В) Суыққа шыдамды

С) Жерден алып, жерге салды

Д) Қара шұбар

Е) Жүк тиеу

30. Топтау сан есімді табыңыз.

А) Он жетіде

В) Отыз-қырықтан

С) Жүз мыңға таяу

Д) Ондаған

Е) Бес-алтыларда

31. Дефиспен жазылатын шылаулар тобын көрсетіңіз

А) ғана, сайын, тәрізді

В) және, мен, бен, пен

С) не, немесе, яки

Д) ау, ақ, мыс, міс, ды, ді

Е) да,де, та, те

32. Одағайдың қай түрі, белгілеңіз

Тәйт, екінші мынандай мінез көрсете

А) Шақыру

В) Қапалану

С) Бұйыру

Д) Ренжу

Е) Тыйым салу

33. Бітеу буынды сөздерді көрсетіңіз

А) Жаз, аудан

В) Жайлау, төрттік

С) Шындық, жәрдемдесу

Д) Ұялшақ, жиналыс

Е) Саяхат, бұлттану

34. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз

А) Қиян-гескі

В) Көрік

С) Бұрыш


Д) Көкшетау

Е) Отырыс

35. Ілгерінді ықпалды табыңыз

А) Атың кім?

В) Шөп шабу

С) Дауыссыз

Д) Көбіне

Е) Он бес

36. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз

А) –мен


В) –ды

С) –паз


Д) –хана

Е) –кер


37. Табыс жалғауын табыңыз

А) Озды


В) Жалғады

С) Қатысты

Д) Тыныштығын

Е) Сөйлейді

38. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз

А) Әп-әдемі

В) Көкшілтім

С) Көгірек

Д) Аса алкен

Е) Қалалық

39. Жалпылау есімдігін табыңыз

А) Түнгі


В) Дәнеңе

С) Түгел


Д) Құсбегі

Е) Мейірлі

40. Туынды үстеуді табыңыз

А) Биыл


В) Әттең

С) Әрең-әрең

Д) Ерте

Е) Бұлбұлша


4-нұсқа

1. Мекен үстеуді табыңыз.

А) Амалсыздан

В) Әрмен


С) Әжептәуір

Д) Анағұрлым

Е) Кенеттен

2. Шылауды табыңыз.

А) А-а, сіз бе едіңіз?

В) Тек, тыныш отыр

С) Уа, қандай дауыс?

Д) О, сұлу сезім!

Е) Жоқ, бізге барады

3. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз.

А) ү,о

В) е,и


С) ұ, у

Д) ы, і


Е) а, ә

4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті көрсетіңіз.

Биік ...ау, бітпейтін ...ау.

А) с, ж;


В) қ, б;

С) т, д;


Д) ж, қ;

Е) л, б;


5. Қате тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

А) Жү-зі


В) Ер-лік

С) О-ю


Д) Ба-ла

Е) Ер-тең-гі

6. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.

А) Қа-рағ-ай

В) Қар-а-ғай

С) Қа-ра-ғай

Д) Қарағ-ай

Е) Қара-ғай

7. Есептік сан есімді көрсетіңіз.

А) Бесеу


В) Екі жарым

С) Ж? з


Д) Бес-бестен

Е) Он үшінші

8. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.

А) Ықыласпен

В) Тауды

С) Көлге


Д) Мақтаншақ

Е) Өзеннің

9. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.

А) Ағаш, адам, уақыт

В) Мың, жиырма, жеті жүз

С) Әдемі, жақсы, таза

Д) Бүрсігүні, орысша, бұрын

Е) Бойшаң, ұйымшыл, ауылдық

10. Сын-қимыл үстеуді табыңыз.

А) Емін-еркін

В) Әдейі

С) Таңертең

Д) Біраз

Е) Тыста


11. Қай сөйлемде “ма” бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

А) Ертеден кешке дейін далада ойна(ма).

В) Бүгін театрда койылым бола(ма).

С) Ережені тез оқы(ма).

Д) Кітапты шала оқы(ма).

Е) Біреудің бермесін қиылып сұра(ма).

12. Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз.

А) Тарих


В) Аудан

С) Семей


Д) 10 км

Е) Береке

13. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

А) Ақ көбейді.

В) Жүйрік-ақ екен.

С) Ойылға таман жылжу.

Д) Сең үстінде кету.

Е) Жаңбырдан соң.

14. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

А) Арми-я

В) Қара-ңғы

С) Тас-ала

Д) Ал-МУ

Е) Тасба-қа

15. Жай шырайды көрсетіңіз.

А) жаман жазды

В) жаман жығылды

С) жаман кісі

Д) жаман орындапты

Е) жаман қатты сағындым

16. Ілік септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Қорғасын заводы.

В) Кітап оқыдым.

С) Жол бойы әңгімелесті.

Д) Көлге дейін.

Е) Әңгіме тыңда.

17. Бітеу буынды сөзді табыңыз.

А) Ал


В) Қас

С) Шағала

Д) Ат

Е) Буын


18. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) Әлдене, әлдекім

В) Дәнеңе, дәнеме

С) Күллі, бүкіл

Д) Сол, ол

Е) Анау, мынау

19. Қосымша қанша болатынын көрсетіңіз

А) 5


В) 4

С) 1


Д) 2

Е) 3


20. Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз

А) Шілде


В) Таразы

С) Көлік


Д) Ақпан

Е) Тараз


21. Жұмы...шымен сөйлесу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойыңыз.

А) с


В) ш

С) т


Д) ң

Е) з


22. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз

А) Өсімтал, балгер, сәнқой

В) Ағаштан, киімге, қардан

С) Жұмысшы, қайыққа, әсемпаз

Д) Желге, бұлтты, тілді

Е) Дәптерге, өсімдіктен, өнерлі

23. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.

А) Екі бүтін оннан үш

В) Жиырма

С) Жүздеген

Д) Екеу

Е) Он үшінші



24. Тәуелденіп келген сұрау есімдігін көрсетіңіз

А) Кейбір, біреу

В) Ешкім, әлдеқашан

С) Ғой, бірақ

Д) Алма, нарық

Е) Кімім? кіміңіз?

25. Күрделі үстеуді табыңыз

А) Бүрсігүні

В) Шапшаң

С) Әдейілеп

Д) Жоғарыдан

Е) Құсша


26. Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз

А) Осы арадан ұзап кет(пе)

В) Аузыңды ашып есіне(ме)

С) Қатарыңнан қал(ма)

Д) Жақанды көрдің (бе)?

Е) Тісіңді шықырлат(па)

27. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз

А) жиырма

В) ұстаз

С) қарш-қарш

Д) әдейі

Е) біреу


28. Күрделі етістікті белгілеңіз

А) Мен келдім

В) Бес-тақ сан

С) Ұшақ көтерілді

Д) Табысты еңбек

Е) Нұрбек құлап қала жаздады

29. Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз

А) Көмір


В) Тұрғылықты

С) Бұлбұл

Д) Партизан

Е) Дос

30. Ашық буынды сөзді табыңыз


А) Алаша

В) Жаңбыр

С) Мектеп

Д) Орман


Е) Дәптер

31. Тасымалдауға болмайтын сөзді көрсетіңіз

А) Жаздық

В) Күллі


С) Табыс

Д) Ақылды

Е) Сия

32. Тек орыс тілінен енген сөздерде жазылатын әріпті белгілеңіз



А) ә

В) э


С) ы

Д) ұ


Е) а

33. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз

А) Жібек

В) Көңіл


С) Ауыл

Д) Қағаз


Е) Құлұн

34. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз

А) Жүзсе

В) Сөзшең

С) Жеңісбек

Д) Көп ойнау

Е) Жазса

35. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз

А) Астана

В) Қарағанды

С) Ауызекі

Д) Халық

Е) Сызғыш

36. Шығыс жалғауында тұрған сөзді табыңыз

А) Ертеңге

В) Сенбілікке

С) Дәрігерін

Д) Ертеңнен

Е) Арбашықпен

37. Жай шырайды көрсетіңіз

А) Қызылдау алма

В) Қызыл алма

С) Өте қызыл алма

Д) Қызғылт алма

Е) Қып-қызыл алма

38. Қате жазылған тыныс белгісін анықтаңыз

А) ХХІ- ғасыр

В) 10-сынып

С) Телефон-автомат

Д) 21-том

Е) 30-40

39. Септелу кезінде түбірі өзгеріске ұшыраған есімдікті көрсетіңіз

А) Оған

В) Кейбіреу



С) Қайсыбір

Д) Әлдекім

Е) Әлдеқалай

40. Сын-қимыл үстеулерінің сұрағын анықтаңыз

А) Қалай? қандай?

В) К!мше? қайтіп?

С) Қанша? қаншалық?

Д) Қашан? қай уақытта?

Е) Неліктен? не үшін?
М А З М Ұ Н Ы

1.Алғы сөз

2.Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

3.Бірінші аралық бақылау (7-ші апта)

3.1. Дыбыс пен фонеманың ерекшеліктері (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)

3.2. Құранды дауыстылар туралы фонетист ғалымдардың пікірі

3.3. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

3.4. Тыйым сөздердің тағылымдық мәні

3.5. Фразеологизмдердің мақал-мәтелге қатысы

3.6. Эмоционалды-экспрессивті зат есімдер

3.7. Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі

4. Екінші аралық бақылау (14-ші апта)

4.1. Сан есімдердің жасалу ерекшеліктері

4.2. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері

4.3. Жіктік жалғаудың қысқа түрі

4.4. Шылаулардың емлесі. Дефис арқылы жазылатын шылаулар

4.5. Жай сөйлемнің күрделену жолдары

4.6. Қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты

4.7. Бөгде сөз және оның түрлері

4.8. А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы



5. Қорытынды бақылауға (емтихан) арналған тест тапсырмалары (160 тест)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет