Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет3/8
Дата10.04.2017
өлшемі2,44 Mb.
#13626
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8

Семинар



Тақырыптар


Сағат

саны

Бақылау

түрі

Өткізі-летін

күндер

Ұпай

саны

1

Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы, шекарасы, шеткі нүктелері

1

картамен жұмыс

1 апта


2.0

балл


2

Қазақстанның территориялық зерттеу тарихы

1

картамен

жұмыс


2 апта

2.0

балл


3

Қазақстанның рельефі және геологиялық текто-никалық құрылымы

1

Картамен

жұмыс


3 апта


2.0

балл


4

Қазақстанның климаты

1

картамен жұмыс

4 апта


2.0

балл


5

Қазақстанның ішкі сулары

1

Картамен

жұмыс


5 апта


2.0

балл


6

Қазақстанның топырақ-өсімдік жамылғысы және жанурлар дүниесі


1

Картамен

жұмыс


6 апта


2.0

балл


7

Қазақстанның табиғат зоналары

1

Картамен

жұмыс


7 апта


3.0

балл


І. Аралық бақылау 15 балл

Бірінші аралық бақылау



Картамен жұмыс

1-апта. Бағалау балы. 2.0




Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы, шекарасы, шеткі нүктелерін контур картада кескіндеу

1.Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағын картада кескіндеу.


2. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтайтауларына дейін 3000шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігіндеТянь-Шань тауларына дейін 1600 шақырым жерге созылып жатқан картада кескіндеу.
3. Қазақстанның солтүстік ендігі (55° 267 с. е.) Мәскеу мен Қазан қалаларының ендігінде, ал оңтүстігіндегі шеткі нүктесі (40° 56/ с. е.) Мадрид, Стамбул, Баку қалалары орналасқан ендікте жатқандығын картада кескіндеу.
4. Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам, оның 12000 шақырымы құрлықпен, ал 3000 шақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қыр­ғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседігін картада кескіндеу.

Картамен жұмыс
2-апта. Бағалау балы. 2.0
Тақырыбы: Қазақстанның территориялық зерттеу тарихы
1.Ертедегі грек жазбаларында қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпаларды «сақтар» деп атаған. Сақтар Жетісу мен Сырдария өзендері алабында өмір сүрген, Жайық, Жем және Сырдария өзендері туралы мәліметтерді картада кескіндеу.

2.Қазақ жерін басып өтетін Ұлы Жібек жолы ғасырларда шығыс пен батыс елдерінің сауда-саттық, мәдени байланыс жасаған, Қытай жерінен басталған Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азиядан Үндістан, Иран, Түркия, Египет (Мысыр), Сирия, Византияға дейінгі жерлерді картада кескіндеу. Жібек жолының бір тармағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды, екінші тармағы Қастек асуы, Қаскелең, Алмалық, Талғар арқылы, өтіп Жоңғар қақпасына, Бесбалыққа, Дунхуанға, одан әрі Кіші Қытайға жолдарын картада кескіндеу.

3. IXX ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді. Гректердің Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне құяды деген жорамалдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын картада кескіндеу.

4. XIX ғасырдың I жартысында Бұхар хандығымен сауда-саттықты күшейту үшін орыс елшісі А. Негридің ұйымдастыруымен құрылған экспедиция қазіргі Батыс Қазақстан жері арқылы өтіп, бүл жердің табиғат жағдайлары мен байлықтарын сипаттап жаз­ды. Каспий теңізі жағалауы мен Үстірт, Арал теңізі, Қызылқұм шөлдеріне толық сипаттама берді.(картада кескіндеу).

5. Қазақ жерін географиялық тұрғыдан зерттеуде Л. И. Шренк, А. И. Бутаков, К. М. Бэр, Н. А. Северцов, П. П. Семенов, Ш. Уәлиханов, И. В. Мушкетов, А. С. Берг, т. б. Ғалымдардың жолдарын картада кескіндеу.

6. П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің жорықтарын картада кескіндеу. Шоқанның Қашғария сапары картада кескіндеу

Картамен жұмыс

3-апта. Бағалау балы. 2.0
Тақырыбы: Қазақстанның рельефі және геологиялық тектоникалық құрылымы


1. Физикалық картадан Қазақстан жері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай бірте-бірте төмендейтінін картада кескіндеу.
2.Геологиялық құрылымдар даму жасына қарай негізгі 4 типке бөлінеді.Кембрий дәуіріне дейінгі қатпарлы облыс (ежелгі платформа) Батыс Қазақстан жерінің солтүстік бөлігін алып жатқан Шығыс Еуропа платформасын картада кескіндеу.
3. Палеозой эрасы қатпарлығының облыстары. Сарыарқаның шығысы мен солтүстік батысы, Тянь-Шань тауының батысы мен солтүстік бөлігі, Мұғалжар, Жоңғар Ала-тауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтай тауларын картада кескіндеу.
4.Мезозой эрасы қатпарлығының облыстары. Маңғыстаудағы Қаратау жотасы мен Іле, Торғай ойыстарын картада кескіндеу.
5. Кайнозой эрасы қатпарлығының облыстары. Бұл геотектоникалық даму Қазақстан жерінде әлі аяқталмаған. Кайнозой эрасында пайда болган шөгінділер палеогендік (Шу, Іле, Зайсан, Үстірт,Арал маңы мен Торғай жазығында кездеседі) және неогендік, антропогендік (төрттік) деп бөлінеді. Антропогендік шөгінді Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады деуге болады. Ал альпілік тау түзілісі кезеңінде жер қыртысында әр түрлі жарылу туғызып, жазық жерлерде қазіргі өзен аңғарлары пайда бола бастаған. Кейбір жерлерде қатпарлы аймақтар - Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань екінші рет көтерілгендігін картада кескіндеу.
Картамен жұмыс
4-апта. Бағалау балы. 2.0
Тақырыбы: Қазақстанның климаты
1.Қазақстанның климаты оның, географиялық орнына, күн радиациясына, ат­мосфера циркуляциясына байланысты қалыптасады, еліміздің климаты континентті. Күн радиациясын жер бетіне таралуын географиялық ендікке байланыстылығын картада картада кескіндеу.

2.Климаттық картада қысымы бірдей жерлерді қосатын сызықты изобарларды картада кескіндеу.

3.Бүкіл республика климатына тән нәрсе ауа температурасының бір тәулікте және жыл бойы өте құбылмалы болатындығы. Қазақстанда ең суық ай — қаңтарды картада кескіндеу.

4. Қазақстандағы ең жылы кез — шілде айы. Шілдедегі орташа температура — солтүстікте +20°С, ал оңтүстікте +30°С-ке жоғарылайды. Таулы аудандарда биіктеген сайын темпе­ратура төмендейді. Алматы қаласында +22,3°С болғанда, сол мезгілде Медеуде +18,5°С. Мыңжылқыда 3016 м биіктікте небары +8,4°С болады.

Республикамыздың жазық жерлерінде шілде айының орташа температурасы +18°С, +29,3°С мөлшерінде ал көпшілік жерінде жоғары температура +42°С, +44°С, ал қиыр оңтүстікте +47°С-ке жететіндігін картада кескіндеу.

5. Республикамыздың аумағында жауын-шашынның таралуы ауаның температурасына, атмосфера циркуляциясына, жер бедеріне тығыз байланысты. Жауын-шашын тау мен қыраттың жел жақ беткейлеріне молырақ, ал ық жағына азырақ ең аз түсетін жері (100 мм шамасында) — Балқаш көлі жағалауы мен Арал теңізі маңындағы Қарақұм өңірі. Маңғыстау түбегінде 150 мм, ал түбекке жақын жатқан шөлді ауданда 100-125 мм мөлшерінде ылғал түседігін картада кескіндеу.

Картамен жұмыс
5-апта. Бағалау балы. 2.0

Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары
1. Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа белінеді: Солтүстік Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы картада кескіндеу.

Бұқтырма өзені- Ертістің оң жақ саласын картада кескіндеу.

Ертістің сол жақ салалары Есіл мен Тобыл өзендерін карада кекіндеу.

Каспий теңізі алабы. — Жайық. Жем өзендерін картада кескіндеу.

Арал теңізінің алабы. Сырдария, Арыс және Келес,

Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге құядығын картада кескіндеу.



Балқаш алабы. Балқашқа құятын ағысы қатты тау өзендері-Іле, Шарын, Шелек, Қаскелең, Күрті, Түрген өзендері. Қаскелең өзенінің салалары — Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендері. Шарын, Ше­лек және Қаскелең, Қаратал өзендеріе картада кескіндеу.

Сарыарқадан бастау алатын көптеген шағын
өзендердің ішінен
Аягөз ғана Балқашқа жетіп құятынын картада кескіндеу.

Алакөл тобына жататын өзен- Тентек өзенін картада кескіндеу.

2. Қазақстан жеріндегі Каспий, Арал теңіздері, Балқаш сияқты ірі көлден басқа да аумағы әр түрлі кішігірім көлдер мен көлшіктерді картада кескіндеу.

3. Жер асты сулары таралуын картада кескіндеу.

Қазақстан жері тұщы сумен қатар, құрамында минералды тұздар мен газдар, басқа да активті еріген заттары бар емдік суға бай. Сарыағаш, Алмаарасан, Барлықарасан, т. б. Курорттарды картада кескіндеу.

4. Қазақстанның таулы бөлігінде мұздықтардың үш түрі бар:

аңғарлық мұздықтар (аңғарлық, қарлы аңғарлық, аспалы аңғарлық, қазан шұңқырлық).

may беткейлік (шлейфтік, қарлық, қар аспа­лы, беткейлік) мұздықтар.

денудациялық беткейдегі (жұмыр, төбесі тегіс шыңдарда).

мұздықтарды картада кескіндеу.


Картамен жұмыс
6-апта. Бағалау балы. 2.0
Тақырыбы: Қазақстанның топырақ-өсімдік жамылғысы және жанурлар дүниесі



  1. Казақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлілігін, Қазақстан аумағындағы 4 табиғат зонасына (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) сәйкес жазық жер­лерде қара топырақ, қызыл қоңыр топырақ және қоңыр топырақ, сұр топырақ түрлері таралғандығын, оңтүстікке таман шөл зонаның қоңыр және қоңыр сұр топырағы шөлді аудандарда ойпаңда жиналған саздан түзілген тақыр жерлер топырағы, Қазақстанның шөл және шөлейт зонасында құм және құмды топырақ таралған картада кескіндеу.



  1. Орманды дала зонасының өсімдігі алуан түрлі, онда шоқ-шоқ.болып өсіп тұрған ормандарды, сонымен қатар, дала,шөл,шөлейт өсімдіктерін картада кескіндеу.



  1. Орманды дала зонасында орманды да, даланы да мекендейтін жануарларды кескіндеу.


4.Дала зонасы жан-жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделгенін картада кескіндеу.
5.Шөлейт зонада бауырымен жорғалаушылар да көптеп кездеседі.

Тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейтіндігін картада кескіндеу.
Картамен жұмыс
7-апта. Бағалау балы. 3.0

Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары

1.Орманды дала зонасы картада кескіндеу

2. Дала зонасын картада кескіндеу

3. Шөлейт зонасын картада кескіндеу

4.Шөл зонасын картада кескіндеу

5. Биіктік белдеулер зонасын картада кескіндеу


ОБСӨЖ

Бірінші аралық бақылау




р\с

ОБ-

СӨЖ

Тақырыптар



Апта реті





Бақылау түрі

Ұпай саны

1

2

Қазақстанның физико-географиялық жағдайы және сағаттық белдеулер

1 апта

Консультация

Тест


1.0 балл

2

4

Қазақстан аймағының зерттелуі және ХІХ ғасырға дейінгі және орыс саяхатшылары

2 апта



Үй жұмысы

Тест


1.0 балл

3

6

Қазақстанның жер бедері


2 апта

Тест

1.0 балл

4

8

Қазақстанның жер бедері


3 апта


Үй жұмысы

Тест


1.0 балл

5

10

Шығыс Еуропа және Батыс Сібір жазығы

4 апта

Реферат

Тест


1.0 балл

6

12

Тұран жазығы және Үстірт, Торғай үстірті

4 апта

Тест

1.5 балл

7

14

Бетпақдала, Сарыарқа жазығы

5 апта

Глоссарий

Тест


1.5 балл

8

16

Орал және Алтай тауы

6 апта

Тест

2.0 балл

9

18

Сауыр-Тарбағатай және Жоңғар Алатауы

6 апта


Глоссарий

Тест


2.0 балл

10

20

Тянь-Шань тауы мен Қазақстанның климаты

7 апта


Тест

3.0 балл

І-аралық бақылау 15 балл



Консультация
1-апта. Бағалау балы -1.0

Тақырыбы: Қазақстанның физико-географиялық жағдайы және сағаттық белдеулер

1. Қазақстанның физикалық георафиясының шекараласатын мемлекеттерін, географиялық орындарын, мұхиттардан алыс жатқандығын, геологиялық құрылысы, жер бедерінің әр түрлілігі, климаты, пайдалы қазбалары, ішкі сулары,өсіміктер мен жануарлар дүниесін сипатталады.

2.Қазақстанның қиыр солтүстік,оңтүстік, батыс,шығыс нүктелерінің координаталарын, сонымен солтүстік ендіктегі алып жатқан градустары, шығыс бойлықтағы қай градус аралығында жатқандығы.




3.Қазақстанның меридиандар бойынша, қай сағаттық белдеуде орналасқандығы.

4. Жергілікті уақыты, белдеулік, декреттік уақыттарды картада көрсете білу.



Т Е С Т

1-апта

Тақырыбы: Қазақстанның физико-географиялық жағдайы және сағаттық белдеулер
1. Қазақстанның жалпы аумағы қанша?

А).2724,9мың км

Б). 2512,7мың км

В). 1521,5мың км

Д). 2633,3мың км

Е). 2724,5мммың км



2. Қазақстан жер көлемі жөнінен қай елден кейінгі 9-орында?

А). Аргентина

Б). АҚШ

В). Канада



Д). Үндістан

Е). Аустралия



3. Қазақстан қай елден 9 есе үлкен?

А). Италия

Б). Англия

В). Франция

Д). Германия

Е). Жапония



4. Қазақстан батыстан шығысқа қарай қанша км?

А). 3000


Б). 2800

В). 2000


Д). 2500

Е). 3300


5. Қазақстан батыстан шығысқа қарай қай таулардың етегіне дейін созылып жатыр?

А). Алтай

Б). Тарбағатай

В). Тянь-Шань

Д). Жоңғар Алатауы

Е). Қызылқұм шөлі



6. Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша км?

А). 1650


Б). 1600

В). 1500


Д). 1670

Е). 1550


7. Қазақстанның солтүстігі қай жазықтан басталады?

А). Батыс Сібір жазығы

Б). Алтай

В) Шығыс Еуропа жазығы

Д). Қызылқұм шөлі

Е). Тянь-Шань



8. Қазақстан оңтүстігінде қандай тау жүйесі созылып жатыр?

А). Тянь-Шань

Б). Алтай

В). Ұлытау

Д). Тарбағатай

Е). Қызылқұм шөлі



9. Қазақстан Еуразия материгінің қай бөлігінде орналасқан?

А). Орталық

Б). Солтүстік

В). Оңтүстік

Д). Батыс

Е). Шығыс



10. Қазақстан қай белдеуде орналасқан?

А). Қоңыржай

Б). Тропиктік

В). Полярлық

Д). Субтропиктік

Е). Субполярлық

11. Қазақстан құрлықта қандай мемлекеттермен шекаралас

А). Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан

Б). Туркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Иран

В). Ресей, Қытай, Қырғыз, Өзбекстан, Монғолия

Д). Қырғызстан,Тәжікістан, Иран, Пәкістан

Е). Қытай, Иран, Монғолия, Пәкістан



12. Қазақстан қай материкте орналасқан?

А). Еуразия

Б). Солтүстік Америка

В). Азия


Д). Европа

Е). Австарилия



13. Қазақстан шекарасының ұзындығын анықтаңыз?

А). 15000 км

Б). 25 км

В). 2500 км

Д). 17000 км

Е). 13400 км



14. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды?

А). 02.03.1992ж

Б). 10.12.1993ж

В). 29.12.1992ж

Д). 17.12.1991ж

Е). 08.03.1994ж



15. Қазақстан қай жылы егемен мемлекет болды?

А). 16.12.1991ж

Б). 25.10.1917ж

В). 02.03.1992ж

Д). 29.12.1994ж

Е). 17.12.1995ж



16.Қазақстандағы ең биік шың.

А). Хан Тәңірі

Б). Талғар

В). Ұлытау

Д). Боқтыбай

Е). Сарыарқа



17. Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер.

А). Қарақия

Б). Қауынды

В). Каспий маңы

Д). Тұран ойпаты

Е). Батыс Сібір



18. Қарқия ойысы қайда орналасқан?

А). Каспий маңы ойпатында

Б). Арал маңы

В). Маңғыстау түбегінде

Д). Алтайда

Е). Қауындыда



19. Қазақстанның аласа таулары

А). Маңғыстау және Мұғалжар

Б). Алтай және Мұғалжар

В). Тарбағатай және Тянь-Шань

Д). Сарыарқа және Алтай

Е). Жоңғар және Іле Алатау



20. Қазақстан нешінші сағаттық белдеуде орналасқан

А). 3,4,5

Б). 1,2,3

В). 6,7,8

Д). 9,10,11,

Е). 12,13,14



21.Сағаттық белдеулер қай бағытта орналасқан

А). меридиан

Б). параллель

В). координата

Д). экватор

Е). полюстік


Үй жұмысы
2- апта. Бағалау балы –1.0


Тақырыбы: Қазақстан аймағының зерттелуі және ХІХ ғасырға дейінгі және орыс саяхатшылары



1.Қазақ жері туралы алғашқы мәліметтер


жинағын ғалымдардың
жолдарын карта бойынша айта білу.

2.Әбу-Насыр Әл-Фарабидің еңбектеріндегі Қазастанға қосқан


географиялық еңбектерін картада таба білу.

3.ХІХ ғасырға дейінгі зерттеушілердің жолдарын, еңбектерін

карта бойынша шолу.



4.П.П.Семенов-Тянь-Шаньский және т.б зерттеушілерді

Т Е С Т

2-апта

Тақырыбы: Қазақстан аймағының зерттелуі және ХІХ ғасырға дейінгі және орыс саяхатшылары
1.Қазақ жерін зерттейген орыс ғалымдар.

А). П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.Потанин, Обручев, Мушкетов

Б). М.Поло, В.Докучаев, И.Д.Черский, С.Крашениников

В). Ф.Магелан, Х.Колумб, М.Лазерев, Ф.Беллинсгаузен

Д). М.Сомов, Х.Лаптев, С.Челюскин, В.Беринг

Е). Х.Колумб, В.Беринг, Обручев, М.Сомов



2. 22 жасында орыс география қоғамына мүше болған қазақ ғалымы.

А). Ш.Уалиханов

Б). Қ.Сәтбаев

В). Ә.Марғұлан

Д). Әл-Фараби

Е). М.Әуезов



3. Қырғыз халқының «Манас» эпосын алғаш рет қағазға түсірген саяхатшы-ғалым.

А). Ш.Уалиханов

Б). Семенов-Тянь-Шанский

В). Пржевальский

Д). М.Әуезов

Е). М.Маклай



4. Шоқанның орыс саяхатшы досы.

А). Н.Потанин

Б). А.С.Пушкин

В). М.Маклай

Д). Л.С.Берг

Е). Семенов-Тянь-Шанский



5. Еуропалықтарға белгісіз Қытай жеріне саяхат жасап, Іле, Жоңғар Алатауын зерттеген саяхатшы ғалым.

А). Ш.Уалиханов

Б). Семеов-Тянь-Шанский

В). Пржевальский

Д). Потанин

Е). В.Докучаев



6.Ш.Уалиханов қай таудың табиғатын зерттеді?

А). Жоңғар Алатауы

Б).Алтай

В). Ұлытау

Д). Мұғалжар

Е).Тарбағатай



7.Шоқан қай жылы патшалық Ресейдің географиялық қоғамын басқаратын П. П.Сменов Тянь-Шанскиймен кездесті.

А).1856 ж

Б).1857 ж

В).1855 ж

Д).1840 ж

Е).1845 ж



8. Семенов Тянь-Шанский Шоханды қай жылы қай жылы орыс география қоғамына толық мүше етіп қабылдады.

А).1857 ж

Б).1855 ж

В).1860 ж

Д).1853 ж

Е).1854 ж



9. Шохан Семенов Тянь-Шанскийдің тікелей басшылығымен қайда сапар шегеді.

А).Қашқария

Б).Алматы

В).Қытай


Д).Ресей

Е).Монғолия



10. Шоханның “Алтын шар” атты еңбегі қайда жарық көрді.

А).Лондонда

Б).Парижде

В).Римде


Д).Мадридте

Е).Астанада



11. Ш.Уалихановтың “Алтын шар” еңбегі қай жылы, қай жерде жарық көрді.

А).1865 ж

Б).1864 ж

В).1855 ж

Д).1866 ж

Е).1867 ж



12. Шоханның 1865 ж Лондонда қандай еңбегі шықты.

А).Алтын шар

Б).Күнделік дәптерлер

В).Жоңғария очерктері

Д).Шаман діні

Е).Тау қырғыздары



13.Арал теңізін зерттеген ғалымдар:

А). Северцов, Берг, Краснов

Б). Семенов, Мушкетов, Арсеньов

В). Уалиханов, Борщов, Рубрук

Д). Глинка, Герасимов, Недструев

Е). Арсеньев, Рубрук



14. Қазақстанның ірі аймақтарын зерттейтін ғылыми экспедициялар қай ғасырдан бастап ұйымдастырылды.

А).ХХ ғ 20 ж

Б).ХХ ғ 30 ж

В).ХІХ ғ 20 ж

Д).ХІХ ғ 30 ж

Е).ХV ғ 20 ж



15. Н.Н. Баранскийдің жетекшілік етуімен Қазақстанды қанша экономикалық ауданға бөлді.

А).5


Б).4

В).3


Д).2

Е).6


16. И.В.Мушкетов қай жылы Жоңғар Алатауына саяхат жасады.

А).1875 ж

Б).1877 ж

В).1879 ж

Д).1878 ж

Е).1875 ж



17. И.В.Мушкетовтың Қазақстан мен Орта Азияның физикалық географиясымен геологиясына арналған “Түркістан” атты еңбегі қашан шықты.

А).1880 ж

Б).1887 ж

В).1885 ж

Д).1880 ж

Е).1875 ж



18. А.Гумбольт Алтайға саяхат жасау негізінде қандай еңбегін жазды.

А).Орталық Азия

Б).Қырғыз-қазақ

В).Арал теңізі

Д).Түркістан

Е).Қашқария сапары



19. Қ. Сәтбаев қай жылы геологиялық ғылымдар институтының директоры болып тағайындалды.

А).1941 ж

Б).1940 ж

В).1935 ж

Д).1937 ж

Е).1945 ж



20. Әбу- Насыр Әл-Фарабиді замандастары құрметтеп, кім деген ат берді.

А).Екінші Аристотель

Б).Ойшыл

В).Ғұлама

Д).Бірінші Аристотель

Е).Даңқы асқан



21. Әбу-Насыр Әл-Фараби қанша ғылыми еңбек жазған.

А).164-астам

Б).150-астам

В).165-астам

Д).162-астам

Е).155-астам



22. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті болған академик.

А).Сәтбаев

Б).Уалиханов

В).Гумбольдт

Д).Баранский

Е).Потанин



23. Қазақстанның климаты туралы алғашқы еңбек қай жылы жарық көрді.

А).1927 ж

Б).1930 ж

В).1928 ж

Д).1933 ж

Е).1929 ж



24. Л.С.Бергтің 1908 ж қандай еңбегі жарық көрді.

А).Арал теңізі

Б).Каспий теңізі

В).Балқаш көлі

Д).Түркістан

Е).Алакөл


Т Е С Т
2 апта. Бағалау балы –1.0

Тақырыбы: Қазақстанның тектоникалық-геологиялық құрылымы
1. Ғылымда тау жынысының жасын анықтайтын екі әдіс бар.

А). салыстырмалы, абсолюттік

Б). жылдық, ғасырлық

В). эралар, дәуірлер

Д). сағаттық, минуттық

Е). жауаптың барлығы дұрыс



2. Палезойда пайда болған тау жасалуы.

А). Герцен

Б). Мезозой

В). Калдан

Д). Альпілік

Е).Байкал



3. Қазақстан жеріндегі ең алғашқы тау жасалу қашан басталды?

А).Байкал тау жасалуында

Б). Альпілік тау жасалуында

В). Калдан тау жасалуында

Д). Герцен тау жасалуында

Е). Альпі тау жасалуында



4. Кембрийге дейінгі қатпарлыққа жатады:

А). Каспий маңы ойпаты

Б). Сарыарқа

В). Тянь-Шань

Д). Алтай

Е). Алатау



5. Калейдон және Герцен қатпарларына жататын тауды атаңдар

А). Тянь-Шань

Б). Мұғалжар

В). Каспий маңы ойпаты

Д). Маңғыстау тауы

Е). Жоңғар алатау



6. Кайнозойда Қазақстанның тау жүйелері

А). Екінші рет қайта көтерілді

Б). Төмен түсті

В). Өзгеріссіз қалдыру

Д). Көтерілді

Е). Жылжыды



7. Жоңғар Алатау қандай қатпарлылық кезеңінен пайда болған

А). палезой

Б). кайнозой

В). мезозой

Д). протерозой

Е). кембрий



8. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым

А). сейсмология

Б). экология

В). биология

Д). метеорология

Е). геология



9. Белгілі жердегі төбенің биіктігін өлшейтін құрал

А). нивелир

Б). компас

В). теодолит

Д). барометр

Е). планшет



10. Эндогендік процестер – бұл

А). жер сілкінісі

Б). жел

В). өсімдік



Д). Су

Е). ауа


11. Верный қаласындағы күшті жер сілкінісі болған жыл

А). 1887ж

Б). 1884ж

В). 1886ж

Д). 1888ж

Е). 1889ж



12. 1966 жылы қатты жер сілкінісіне ұшыраған Өзбекстандағы қала

А). Шыршық

Б). Ташкент

В). Бекабад

Д). Бұқара

Е). Самарқанд



13.Жалпы жер бетінде неше сейсмологиялық белдеу бар?

А). 2


В). 3

Б). 4


Д). 5

Е). 6


14.Тау жынысы пайда болғаннан бергі жылдар саны қалай аталады.

А). Абсолюттік жасы

Б). салыстырмалы жасы

В). геологиялық жасы

Д). геотектоникалық

Е). тектоникалық



15.Жер қойнауындағы сенімді уақыт өлшеуіш элемент

А). Уран


Б). гелий

В). қорғасын

Д). телий

Е). ванадий


16.Жердің пайда болу тарихы неше кезеңге бөлінеді?

А). 2


Б). 5

В). 6


Д). 10

Е). 7


17.Жердегі органикалық дүниенің алғашқа дамуы

А). ең ежелгі кезең

Б). орта кезең

В). жаңа кезең

Д). кайнозой

Е). палеозой



18.Қазақстан жеріндегі алғашқы тау түзілу процестері қашан пайда болған

А).Каледон


Б). Герцин

В). Альпілік

Д). байкал

Е). архей



19.Жер бедерінің қалыптасуында неше тау жасалу процестері болған?

А).5


Б). 4

В). 3


Д). 7

Е). 2


20.Геохронологиялық кестедегі ең ұзақ эра мен дәуір қайсы?

А). Палеозой

Б). мезозой

В). архей

Д). кайнозой

Е). Протреозой



21.Геолгиялық құрылымдар даму жасына қарай неше типке бөлінеді?

А). 4


Б). 5

В). 6


Д). 3

Е). 2


22. Палеозойда қанша жыл....

А). 345 млн.

Б). 356 млн.

В). 366 млн.

Д). 435 млн.

Е). 600 млн.



23. Мезазойда тау түзілген бе?

А). түзілмеген

Б). түзілген

В). мұз басқан

Д). Су басқан

Е). ойыстар пайда болған



24.Геотектоникалық қозғалыстар қай эрада аяқталған?

А). мезозой

Б). кайнозой

В). архей

Д). протрезой

Е). палеозой



25.Қазақстан қайсы сейсмикалық белдеуде

А). Альпі -Гималай

Б). Тынық мұхитының

В). Альпілік

Д). Атлан мұхиттық

Е). Жерорта теңізі-Азия сейсмикалық



26. Жер бетіндегіең апатты жер сілкіну нешінші жылы болды?

А). 1960


Б). 1956

В). 1965


Д). 1970

Е). 1968


27.1887 жылы Верныйда болған зілзаланың күші қанша бал болды?

А). 9-10 балл

Б). 7-8 балл

В). 6-7 балл

Д). 5-6 балл

Е). 4-5 балл



28. Қазақстандағы ең төмен жатқан жердің абсолюттік тереңдігі (м)

А).- 132м

Б). - 60м

В). - 5м


Д). - 50м

Е). - 37м



Үй жұмысы

3 – апта. Бағалау балы – 1,0

Тақырыбы: Қазақстанның жер бедері

1.Республиканың қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына, жер бедерін түзуші факторларға тікелей байланыстылығын, Қазақстан жер бедерінің едәуір белігі жазық келетіндігі, оның оңтүстік-шығысы мен шығысында ғана биік тауларды толық сипаттама беру.


2.Каспий маңы ойпаты Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Каспий маңы ойпаты — еліміздегі ірі жазықтардың бірі.
3.Тұран ойпатының солтүстік бөлігі ғана Қазақстан аумағына сипаттама.
4.Қазақстанның аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Ойпат оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс келеді.
5. Батыс Сібір ойпаты Қазақстан аумағында Ертіс бойы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.
6.Қазақстан жерінің көп бөлігін үстірттер мен қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Бетпақдала, Жем, Торғай үстірті (Торғай төрткүл өлкесі) және Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі. Қыраттар негізінен жазық (горизонталь) бағыттағы шөгінді жыныстардан түзілген, көбінесе ойпаттар мен аласа таулы аймақтар аралығында кездеседі.
7.Қазақстан жеріндегі аласа таулар жүйесіне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады.
8. Қазақстан жеріндегі биік тауларға республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысына орналасқан Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай таулары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет