Сабақ барысында ұйымдастыру Биология пәнінің мұғалімі: Муканова Г. К



бет5/5
Дата10.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#190927
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақта пайдаланатын рефлексия түрлері

3. Іс-әрекет рефлексиясы
Жеке жазба жұмыс рефлексиясы.
Бұл жұмыс сабақтың соңғы этапы, қорытынды. Өткізу түрі – тестер, мини - шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. Тәсілдерге тоқтасам:
1. «+; - ; қызықты» Оқушылар бір жағында(+)белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, келесі бетінде (-) белгісі, қандай сұрақтарға жауап алмағанын; және қызықты болған мәліметтерді жазады. Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.
2. «Телеграмма»
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын ағылшын сабағы туралы ата-аналарына телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады..
3. «Өзіме хат» жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
4. «Эссе». Ой толғау.
5. «Диаграмма» Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған.
6. «Уақыт шкаласы» мәтіндегі хронологиялық даталарды есте сақтау үшін қолданылады,
7. «Бағдаршам». Бақылай-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
8. «Піл» Оқушыларға пілдің суретін салғызып, жинап алады. Суретке қарай талдайды (құлақ – жақсы тыңдады, көз – суреттен жақсы есте сақтайды...)
9. «10 ұпай». Өзінің, сыныптастарының іс-әрекеттерін 10 балдық жүйемен бағалау.
10. «Пантомима» . Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті, басы төмен-қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.
11.Жүргізілген жұмыстар бойынша көңіл – күйді талдау мақсатында өткізілетін әңгіме. Бұндай әңгімелесу барысында балалар өздерінің алған әсерлері бойынша ойларын бөліседі, жетістіктері мен қынжылатын жайларды талдайды, бірін- бірі тыңдап үйренеді, өз іс- әрекеттерін талдап үйренеді.
12. Тазалық экраны, бұнда ортасында күн бейнеленген сурет, жан – жағында оқушылардың фотографиялары ілінеді. Стрелканың бағыты бүгінгі ең белсенді және тиянақты болған оқушыны нұсқайтын етіп қойылады.
13. «Тілшілер» ойыны, оның мәнісі - орта және жоғары буын оқушылары күнделік жүргізеді. «Тілші» өз жазғанын оқиды, ал басқалары оған өз көзқарастарын айтады, тілшінің деңгейін анықтайды.
14. Әр түрлі тесттерді қолдану.
15. Мұғалімнің педагогикалық күнделігін оқу.
16. «Адамдар теңізі» психологиялық этюді, ойынға қатысушылар белгіленген кеңістікте бірнеше минут бір- бірінің көздеріне қарап, қолдарын бір- бірінің қолдарына тигізіп жүреді. Содан кейін шеңбер құрып отырып, алған әсерлері мен сезімдерімен бөліседі.
17. «Отырмақ», ойынға қатысушылар жұптасып бір – біріне қарсы қарап отырып, кезекпен ең жақсы және ең жаман нәрселер туралы айтады; одан кейін шеңбер құрап отырып, әңгіме тыңдаушының тыңдай білуі айтылады.
18. «Жәрмеңке», әр мүшесіне 6 қасиет жазылған кеспелер беріледі, оны жариялайды (батылдық, махаббат, мейірімділік, белсенділік, қолдау, мойындау т.б.). Қатысушылар әркімнің өзіне қажет деген қасиеттерін бір-біріне береді.
19. Психологиялық этюд, оның барысында ойынға қатысушы «Қазір және осы жерде мен іздеймін (сеземін, ойлаймын т.б.) ... ».
20.« Эстафета» ойыны барысында қатысушылар үшке бөлінеді: әңгімелеуші, тыңдаушы, бақылаушы; әр қайсысы осылардың барлығында да болуы керек.
11.«Сурет шеберханасы» - әр қатысушының алдында альбомның беті жатады. Ол бет екіге бөлінеді: сол жағында өзінің жақсы жақтарын суретпен салып көрсетеді. Ал оң жағында өзінің ұнамайтын жақтары бейнеленеді. Содан кейін шеңберге отырып, кімнің қандай сурет салғандығын әңгімелейді. Суретінің әр бөлігінен бір детальді бөліп алып, сол бойынша әңгімелейді
«СМС» жазу.Сабақ қалай өткені туралы .

Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл 21 ғасыр талабы.


Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді ұнемі қажет етіп отырады. Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға, сөйлеуге , өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады.
Рефлексиялық-бағалаушылық процесінде өзіндік ой-пікір, әрекеттерді, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады.
Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.


Рефлексия түрлері











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет