Сабақ барысында оқушылардың бір-біріне деген алақан жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін»



Дата18.06.2020
өлшемі15,04 Kb.
#73796
түріСабақ
Байланысты:
өзін-өзі тану
!10-ОШ ТЖБ Информатика 7-сын қаз Обновлен, 1 Информатика 6 сынып Компьютерлік ойындарды әзірлеу Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу Сабақ жоспары, 00043618-d8ad8d67, с одаренными 2, с одаренными 2, терінің маңызы мен құрылысы. (3), форма оценки, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, 1 Информатика 6 класс Как работает компьютер Поурочный план, А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, 9 сынып тарбие са5аты

«Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ.

Курс тыңдаушысы: Узембаева Ж.М.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі

Өмірді тану –өзіңді танудан басталады. Демек, оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуде аталмыш пәннің атқарар маңызы зор екендігі айтпаса да түсінікті.

Сабақ барысында оқушылардың бір-біріне деген алақан жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі —  «өзін-өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық.

«Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп,мінез-құлқын тәрбиелеуге,жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын жеке тұлға қалыптастыруға негізделген.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі - өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет