2.Сабақ басталаралдында қауіпсіздік талаптары 2.1 Спорттық киім және табаны тайғақ емес спорттық аяқ киім кию.
2.2Тіреуіштердің бекіткішін және футбол қақпасының тіреуіштері, баскетбол шитінің және басқа да спорттық жабдықтардың сенімді орнатылғанын тексеру.
2.3 Спорттық алаңда немесе еденде заттардың болмауын және тазалығын тексеру.
2.4 Жаттығуды өткізіп, спорт залдың ауасын жақсылап тазарту.
3. Сабақ кезінде қауіпсіздік талаптары 3.1Ойынды бастау, ойында үзіліс жасау және ойынды тек сабақ жетекшінің рұқсатымен (сигналымен) тоқтату.
3.2 Қозғалмалы ойындарды өткізу ережелерін қатаң сақтау.
3.3Ойыншылардың қол мен аяқпен ұрылу және итеруден, соқтығыстан сақтану керек.
3.4 Құлау кезде жарақат алмау үшін жиналу қажет.
3.5Сабақ жетекшінің барлық жолдауын (сигналдарды) мұқият тыңдау және орындау.
4. Сабақ аяқталған кезде қауіпсіздік талаптары 4.1 Спорттық жабдықтарды орына апару және спорт залда сулы жинастыру жасау.
4.2 Спорт залды мұқият тексеру.
4.3 Спорт киімді және спорттық аяқ киімді шешіп, душқа түсу немесе бет пен қолды сабынмен жуу.
Денешынықтыру сабағында оқушыларды осы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сол ережелерді мұғалім да, оқушы да сақтауы тиіс. Қауіпсіздік ережелері тек қана дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, түрлі мектепшілік жарыстарда, көкке шығу т.б. іс – шараларға негізделіп жасалған.
Осындай үлкен жауапкершілікті дене шынықтыру мұғалімдері атқарады. Әрбір сабақта келген оқушылардың ешқандай жарақат алмай, аман – есен болу үшін қауіпсіздік ережелерін қа
таң түрде сақтайық.