Сабақ Бастауыш сынып мұғалімі: Аимбетова Г. А. Әйтеке би кенті 2015 жыл



Дата25.12.2016
өлшемі50,31 Kb.
#4364
Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп

(сайыс сабақ )

Бастауыш сынып мұғалімі: Аимбетова Г.А.

Әйтеке би кенті – 2015 жыл

Тақырыбы: «Қыс кереметі»

Мақсаты: Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын арттыру
Формасы: сайыс

Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік

Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3 «Д» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Қыс кереметі» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Кіріспе: Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.  Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мезгілдің кереметтері туралы сайысымызды бастаймыз.

Шын жүйріктер сыналады жарыста


Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысмыздың әділ қазылар алқасымен таныс

болайық:


Оқу ісінің меңгерушісі: Қабыл Гүлмира

Бастауыш сынып мұғалімдері: Тілеуқабыл Маржан, Маханова Индира



Сайысқа қатысушылар:

3 «Д» сынып оқушылары: Өтеген Арайлым, Орналы Дина, Шалқарбекқызы Мереке, Қылышбай Фариза, Толыбай Әлім, Нысаналы Арайлым

Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1-айналым. «Біз білеміз ...» (құрастырылып шыққан сурет бойынша білетіндерін айту) 2-айналым. «Біз жырлаймыз ...» (қыс мезгілі туралы тақпақтар айту) 3-айналым. «Біз тапқырмыз ...» (жұмбақтар шешу)
4-айналым. «Біз ақынбыз ... » (өлең құрастыру)
5-айналым. «Біз айтамыз ... » (сурет бойынша мәтін құрастыру)
6-айналым. «Біз шеберміз ...» (топтың атын түрлі түсті қағаздардың көмегімен аппликациялау) 7-айналым. «Қыс қызығы» (стикерлер арқылы өз ойларын жинақтап қорытындылау)

Сайысымызды бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алайық. (Шырша мен аққаланың суреттері бейнеленген төсбелгінің біреуін таңдап алып, соның атауы жазылған топқа орналасу)

- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші айналымына кезек береміз.

1-айналым. «Біз білеміз ...» Әр топқа сурет қиындылары беріледі, 1 минут уақыт ішінде қиындылардан тұтас сурет құрастыру керек және сол сурет бойынша білетіндерін айту қажет. (тұтас сурет: аққала мен шырша) Аққала мен шырша туралы видеоролик көрсету

2-айналым. «Біз жырлаймыз ...» Қыс мезгілі туралы тақпақтар айту және айналымның шарты бойынша бірінде айтылған тақпақты екіншісі қайталауға болмайды.

3-айналым. «Біз тапқырмыз ...» Әр топқа жұмбақтар беріледі, сол жұмбақтардың дұрыс жауабын табуы керек.

1.Ақ сақалды атаны-ай,  2. Бес ін,бес іннің,
Мінезінің шатағы-ай (Қыс) Аузы бір ін. (Қолғап)


3.Қанаты жоқ ұшады, 4.Жазда болмайды,
Аяғы жоқ желеді, Қыста болады.
Аузы жоқ ұлиды. (боран) Терезеге қонады,
Әсем ою ояды (қырау)

5.Ақ көбелек қонды, 6.Қолы жоқ сурет салады,
Құстар енді тонды.   (Қар) Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

1.Табаныма байлаймын 2. Қыста ғана болады

Қос аяқпен айдаймын /шаңғы/ Ұстасаң қолын тонады /  Қар/

3.Шелек қалпақ басында, 4.Отқа жанбас, суға батпас / мұз/

Сәбіз екен танауы 5. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ:

Қыста қардан туатын Қыста жер бетін басады, Тауып көрші сен оны ( аққала)  Жазда сайға қашады. (қар)



6. Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ..
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.
                                   (Коньки)

                                                   


4-айналым. «Біз ақынбыз ...»

Топтарға өлең құрастыру үшін дайын ұйқастар беріледі, 3 минуттың ішінде өлең шығару керек.



.......................... салқындайды, 
.......................... сықырлайды, 
............................аппақ боп
........................... жылтырайды. 


.......................... ойнаймыз, 
.......................... тоңбаймыз, 
...........................шаттанып
........................... тоймаймыз. 


5-айналым. «Біз айтамыз ...» Қыс мезгілі туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру

6-айналым. «Біз суретшіміз ...»

Топтың атын түрлі түсті қағаздардың көмегімен аппликация жасау 7-айналым. «Қыс қызығы» (стикерлер арқылы өз ойларын жинақтап қорытындылау)

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру, оқушыларды марапаттау

Қорытынды:

Жарайсыңдар барлығың да өренім,


Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер

- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет